Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умит диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің персоналын басқару жағдайын талдау

2.1. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің дамуы негізінен 4 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең- мемлекеттік қызметтің ымырашылдық мерзімі (1991-1995ж.ж.)

  • Тәуелсіздік жағдайындағы мемлекеттің жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері.

  • Коммунистік идеологияға қатысы жоқ азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу мүмкіндігі.

  • Кәсіптік білімі мен тәжірибесі жоқ қызметшілердің едәуір құрамының мемлекеттік аппаратқа келуі.

  • Экономикалық құлдырау және құқықтық вакуум жағдайында сыбайлас жемқорлықтың, патронаждың, кадр жеткіліксіздігінің пайда болуы.

Бұл жылдары елдің ұлттық ерекшеліктерін және саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық ахуалын ескере отырып байқау мен қателер жіберу тәсілімен Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іздестіру кезеңі өтті.

Екінші кезең- мемлекеттік қызметті институттандыру кезеңі. (1995–1999 ж.ж.)

Бұл кезең елімізде 1995 жылы Ата заңымыз қабылданып, 26 желтоқсан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығының баспада жарық көруіне тұспа – тұс келеді. Осы Жарлықта мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін тұрғызу, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін заңды рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен құқықтық ережелерінің, олардың әлеуметтік қорғалуы шараларының айқындалуы негізге алынған. Мемлекеттік лауазымдар: премьер министр лауазымынан бастап селолық округтердің жетекші маманына дейінгі лауазымдарды жеті санатқа бөлуі, мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дайындығы деңгейіне қарай біліктілік сыныптары дәрежесінің берілуі жасақталған.

Мемлекеттік қызмет туралы Жарлық қабылданғаннан кейінгі өткен кезеңдерде мемлекеттік қызмет институтын қалыптастыру тәжірибесін талдау барысында бірқатар проблемелар анықталды. Мемлекеттік қызметке іріктеуде патронаждау тәжірибесінің жалғасуы, кадр тұрақтылығының төмендігі, басшылардың ауысуы кезеңінде аппарат қызметкерлерінің себепсіз орын ауыстыруы, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, атқарылатын тапсырмалардың шектен тыс болуы және т.б.

Осы аралықта Қазақстанда бірінше рет «мемлекеттік қызмет» деген түсінік пайда болды, мемлпкеттік органдардың ұйымдық құрылымы және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережелері, міндеттері мен құқыфқтары заңдық тұрғыдан бекітілді, мемлекеттік қызметке орналасудың және одан шығу мәселелері қаралды.

Үшінші кезеңде- мемлекеттік қызметте реформаның тереңдетілу кезеңі. (1999-2007 жж)

Бұл кезеңде Агенттік өзінің өмір сүру кезеңінде Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жаңа редакцияда жобаларын әзірлеп шығаруға ат салысты.

Бүгінгі күні он жылдан астам уақыт бойы жүзеге асрылып келе жатқан 23 шілде 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен 20 астам нормативтік актілер қабылданып, іс жүзінде жұмыс жасауда, олар:

  • Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарына және санаттар тобына бөлінуі.

  • Жұмысқа түсу кезінде конкурстық іріктеу және саяси басшылықтарды ауыстыруда әкімшілік лауазымдардың тұрақтылық кепілдігі.

  • Мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялау институтын енгізу.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.

  • Әрбір мемлекеттік лауазымға тек біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызметке қабылдау және мансаптық жоғарылау.

  • Бұрынғы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болған тәртіптік кеңестерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында тәртіптік кеңестерін құру.

Осы жылдар аралығында жүргізілген реформалардың нәтижесінде, осы кезеңнің басында мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі қалыптастырылды.

Төртінші кезең- мемлекеттік қызметтің жаңа концепциясы

2008 жылдың 17 маусымында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» туралы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың баяндамасында үндестірілді. Оның негізі:

  • АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің халықаралық тәжірибелерін зерттеу;

  • Қазақстандық ерекшелігімізді, көзқарасымызды, әлеуетіміз бен әлсіз жақтарымызды ескеріп еліміздің жаңа моделін жасақтау. Мемқызм жана модели

Осылайша төрт кезең Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заңнамалық қалыптасуын толықтай сипаттайды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң мемлекеттік басқару жүйесін іске асыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды – заңдық база әзірленген, кадрларды ротациялау және іріктеу механизмдері қалыптасқан, мемлекеттік қызметшілермен жұмыс бойынша арнайы ведомство құрылған, мемлекеттік сектор қызметшілері қатарындағы тәртіпті нығайту бойынша шаралар, олардың біліктілігін жоғарылату және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері кеңейтілген. Алайда, мемлекеттің қаншалықты тырысқанына қарамастан, мемлекеттік басқару тиімділігі әлі де қалтықсыз емес.

Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет сапасы және оны жоғарылату жөніндегі мәселе туындайды. Басты назар оның сыртқы құрамына түседі (нашар кадрлық саясат,жеткіліксіз әкімшілік бақылау, сыбайлас жемқорлық).

ҚР мемлекеттік қызмекерлер санын қысқарту Республика Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі Қаулысы негізінде іске асып, 1 қара­шадан бастап күшіне енді. Жұ­мыстан қысқартылғандарға жұмыс тәжірибесіне байланысты өтемақы беріледі. Жұмыс өтілі 3 жылдан жоғарыларға 4 айлық мөлшерінде жәрдемақы, ал 3 жылдан төмен болса, 1 айлық мөлшерінде жәрдемақы алады.

Осыған сәйкес, республикадағы мемлекеттік қызметшілердің 2012 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына штатық саны 98980 адамды құраған, солардың ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер 3 116 адамды құраған. Әйелдердің үлесі өз кезегінде 46 055 адам (53%).

Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жөніндегі Жарлығы күшіне еніп, шенеуніктер саны 15 пайызға —  15 мыңнан аса мемлекеттік және 10 мыңнан аса күштік құрылым қызметкері қысқарды.

2001 жылы олардың саны 62 мың болса, 2010 жылы 102 мыңнан асып жығылған. «10 жылда мемлекеттік қызметкерлер санының 50 пайызға көбейгені жұмыс ауқымының артқандығына байланысты емес. Сондықтан мемлекеттік шенеуніктерді 15 пайызға қысқарту туралы саяси шешім қабылданған болатын» (http://www.aktobegazeti.kz/?p=9348)

ҚР-дағы Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар жағдайы жайлы салыстыру мәліметтерін 4-кестеде бейнеленген, яғни 2011, 2012, 2013 жылдар бойынша салыстырмалы талдау нәтижесін көре аламыз. Жазу керекпа

Кесте 4 - Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар жағдайы (http://anticorruption.gov.kz/kaz/about/analiz_deyatelnosti_agentstva/monitoring_gos_sluzhby/?cid=0&rid=7575)

Мемлекеттік қызметшілер

саны

2010

2011

2012

2013

2014

штат бойынша

90730

91559

98980

97 839

факт бойынша

87389

87422

86385

86887

2014 сурау график

Мониторинг мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамын, сондай-ақ персоналды басқару саласындағы қазіргі ахуалды айқындауға бағытталған.

2015 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 99 318 бірлікті құрайды (саяси – 406 бірлік, «А» корпусы – 513 бірлік, «Б» корпусы – 98 399 бірлік).( http://anticorruption.gov.kz/kaz/infocentre/news/?cid=0&rid=7886)

Кейбір елдерде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін шенеуніктер ғана жатқызылса, басқаларында – барлық мемлекеттік сектордағы жұмысшылар жатқызылатындығын атап өту қажет.

Мысалға, Ұлыбритания мен Германияда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды, ал Францияда олардың қатарына полицияның және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшылары жатқызылған. Бұл әдістемелік айырмашылық мемлекеттік қызметшілер санын талдауға да әсерін тигізеді.

Халықаралық стандарттарды салыстыру және шетелдік сарапшылардың бағалау қорытындылары Қазақстанда ықшам мемлекеттік аппарат қалыптастырылғанын көрсетеді.

Экономикалық белсенді халықтан мемлекеттік қызметшілер санының үлесін талдау, бұл көрсеткіштің Қазақстанда бар-жоғы  -ды көрсетеді. Бұл ретте, бір мемлекеттік қызметшіге 171,6 жуық адам келеді.

ЭЫДҰ-ның 9 елінде (Австралия, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Франция, Жаңа Зеландия, АҚШ) орташа алғанда бір мемлекеттік қызметшіге 116 адам келеді, ал экономикалық белсенді халықтан мемлекеттік қызметшілер санының үлесі 2,43%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызметтің сапалық көрсеткіштері. Қазақстанда мемлекеттік қызметте гендерлік баланс сақталуда: қызметшілердің 54,2%-ын әйелдер құрайды, 45,8%-ын – ерлер.

Әйелдердің үлесі орташа еуропалық көрсеткіштен 3,5%-ға артық екендігін атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің 89,7%-ы жоғары білімді, бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Салыстыру үшін: АҚШ, Австралия, Канада сияқты бірқатар дамыған елдерде, мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарын иелену үшін жоғары білім тіпті қажет етілмейді.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің орташа жасы 39 жылды құрайды.

Бұл ретте, ең қыруар жік – 30-40 жас, 31%-ға жуық. 30 жастан кіші – 25%, 40-50 – 22%. 50 жастан астам – 22%.

Бұл жас құрамы баланстандырылғанды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте орнын басушылықтың сақталғанын көрсетеді.

5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің саны 30%-ды құрайды, 5 жылдан 10 жылға дейін – 24%, 10 жылдан астам – 46%.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 10,5 жылды құрайды. Соңғы екі жылда ол бір жылға өскен, яғни тұрақтылық тенденциясы көрінуде.

Еліміз тұрақты даму кезеңінде болғандықтан, қазіргі таңда Қазақстанда күрт жасарту тренді байқалмайды, жастардың мемлекеттік органдарға келуі табиғи қарқынмен өтуде, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатарынан.

Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін бұл бағдарлама түлектерінің саны 2012 жылдан бері екі есе ұлғайды.

Өткен жылы оңтайландыру өткізілген мемлекеттік органдар бойынша кадрлар мониторингі оң нәтижелер көрсетті.

Мысалы, орталық мемлекеттік органдарда бірінші басшылар саны 2 есе оңтайландырылды (17 министрден, агенттіктердің 8 төрағасынан және Президентке есеп беретін мемлекеттік органдардың  8 басшыларынан (БП, ҰҚК, Ұлттық банк, Сырбар, Президенттiң Күзет қызметi, Ұлан, МҚІА, ЭСЖҚА), 12 министр және Елбасына есеп беретін  6 басшы қалды.

Жауапты хатшылар саны 2 есеге азайды (20-дан 10-ға). Комитеттердің саны 27%-ға қысқарды (48-ден 35-ға).

Қажетті басшы буын санын нақты анықтау жұмысты тиімді ұйымдастыруды жоғарылатуда маңызды рөл атқарады.

Оңтайландырудың қорытындылары бойынша олардың саны қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдарда 22%-ға қысқарды (8792-ден 6851-ге дейін).

Бұрындары еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер саны 100 мыңнан асып жығылатын. Бірнеше рет қысқартулардан кейін олардың саны жоғарыдағы көрсеткіштен біршама төмен түсті. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 39 жасты құрайды. Олардың жалпы санынан 75 131 адамның жоғары білімі бар, 11 954 адамның орта кәсіби білімі бар, орта білімдісі – 273 адам. Шамамен 60 этностың өкілі мемлекеттік қызметте жұмыс жасайды екен. Жоғарыдағы көрсеткішті пайыздық есеппен шаққанда мемлекеттік қызметкерлердің 90%-ға жуығы жоғары білімділер болып табылады. Қаншалықты білімді болғанымен, олардың басым бөлігі мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші өте төменгі деңгейде.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі «ҚАЗТЕСТ» 2006 жылы құрылған. TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген отандық бағалаушылық жүйе.    Қазтест жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі – қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары, жетік деңгейлері негізге алынды. Деңгейлік шкала бойынша белгілі бір көрсеткішке жеткен және өз көрсеткішін көтергісі келетін тест тапсырушылардың даярлық курсында оқуға және ниеттенген деңгейге жетуіне мүмкіндігі бар. Қазтест жүйесінің мақсаты: «Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау».    Қазтест жүйесі бойынша, тестіленуші тілді білу деңгейінің пайыздық көрсеткіші анықталатын 150 минут ішінде орындалатын 150 тапсырманы орындауы керек. Тест тапсырмалары мүмкін болатын жауаптардан бір дұрыс жауапты таңдау нысанында ұсынылады.

Қазтесттің бір жылдығын қорытындылайтын болсақ, еліміздің барлық облысындағы бірнеше мемлекеттік қызметкерлермен қатар әртүрлі жоғары оқу орындары мен білім беру мекемелерінің, денсаулық және банк саласының қызметкерлерін қоса есептегенде, тестілеуден өткендердің саны 15 мыңды құрады. Сонымен қатар, көптеген облыстарда мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін меңгеруде және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын өз нәтижесін беруде.( http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/3277-kaztesttin-wynaiy-maksaty-ne

Апай сурау Тиімді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті қалыптастырудың мақсаты - «Қазақстан-2050» стратегиясында негізгі басымдықтардың бірі ретінде қаралып отыр. Онда Елбасымыз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек деп атап өткен болатын. Стратегияда мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойылды, осыған сәйкес, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметті кейбір облыстар мысалында қарастыратын болсақ.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кадрлар мониторингі

Шығыс Қазақстан облысы кадрлар мониторингінің мемлекеттік қызметшілер саны бойынша штаттық саны- 8136 бірлікті құраса, нақты саны- 7541 бірлікті құрап отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің мамандықтары бойынша экономикалық және заңгерлік білімі барлар көш бастап тұр.

Жалгасын табу