Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умит диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

2.2. Мемлекеттік қызметтегі кадрларды іріктеу жүйесін талдау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан саясатының негізгі басымдықтарының бірі ол елімізде іске асырылып отырған мемлекеттік қызмет реформасы болып табылады. Бұл саладағы Қазақстанның жетістіктерін ТМД елдерінің барлығы мойындап, жүргізіліп жатқан реформаға шетелдік сараптамашылар да жоғары баға беріп отыр.   ТМД елдерінің ішінде егеменді еліміз алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңдылықты қабылдап, мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асыруды көздейтін, ашықтық және жариялық принциптеріне негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырды.  Біздің еліміздің аталған мәселедегі ілгерілеушілікке қарамастан, қол жеткен табыстармен шектеліп отырған жоқ. Одан әрі тиімді мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыруға қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

.2.3. Әйтеке би кентіндегі мемлекеттік қызмет персоналын басқару үдерісі

Мемлекеттік қызметтегі кадрлар санын Қызылорда облысының мысалында қарастырайық. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 1893 - бірлікті (2015 жылдың басында қосымша 102 бірлік берілді. Барлығы 1995 бірлік болды.) құрап отыр. Олардың 7-і саяси мемлекеттік қызметшілер, 1886 - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, оның ішінде – 8-і «А» корпусының қызметшілері. Облыстық деңгейде  437 қызметші және аудандық деңгейде 1456.

Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің гендердік-жас құрамы бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 51 % (нақты 409 адамның – 209-ы).

Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің нақты санының 29 жасқа дейінгілері - 83 немесе 20,5 %, 30-40 жас аралығындағылар - 150 немесе 36,8 %, 40-50 жас аралығындағылар - 91 немесе 22,4 %, 50-ден жоғары – 85 немесе 20,3%. 62-63 және 57-58 жастағы 2 қызметші, сондай-ақ, зейнет жасындағы 6 қызметші жұмыс жасайды. Орташа жас 37-ні құрайды. Барлық қызметшілердің жоғары білімі бар. Оның ішінде: жаратылыстану білімі – 0,5% (2); экономикалық білім – 45% (184); гуманитарлық -   2,4% (10); техникалық – 15,6% (64); заңгерлік білім – 14% (57); педагогикалық – 12,5% (51); мемлекеттік басқару – 0,5% (2); медициналық – 3,2% (13); ауылшаруашылық – 5,3% (22); мәдениет және өнер - 1% (4). Екі немесе одан да көп жоғары білімге ие – 93 қызметші 22,7% құрайды; 9 - қызметші ғылыми дәрежеге ие (2-доктор, 7-кандидат), «Болашақ» бағдарламасы бойынша – 3 қызметші және 12 мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.

Кадр ауысушылығы бойынша, 2014 жылы жергілікті атқарушы органдарда 259 мемлекеттік қызметші немесе жалпы штат санының 13,7 % түрлі себептермен ауысқан. Оның ішінде: мемлекеттік саяси лауазымға ауысуына байланысты – 2, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты – 16, теріс себептермен – 10, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты – 14, штат санының қысқартылуына байланысты – 5, өз тілегі бойынша – 208 және басқа да себептермен – 4.  

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 3216-сы жоғары білімді мамандар санатына кіреді. Олардың арасында 465-і екі және одан да көп диплом алған мамандық иелері болып келеді. Облыстық коммуникациялар орталығында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті-тәртіптік кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев осылайша мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арасында 4 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты бар. Олардың жас құрамы бойынша тоқтала кететін болсақ, жалпы мемлекеттік қызметшілердің 35 пайыздайын 30-40, төрттен бір бөлігін 40-50, тағы ширек бөлігін 50 жастағылар құраса, қалғанын 30-ға дейінгі жастар еншілейді. Қызметкерлердің орташа жасы 41-ді құрайды. Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілердің 37 пайызын экономистер құраса, заңгерлер 18, техникалық мамандық иелері 11,5 пайыз болып отыр.

Қазалы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны бүгінгі күнге 185 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде: “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны- 1, “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны- 184. Бос лауазымдар саны- 12. Бүгінгі күнге мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің нақты саны 173, оның 95- і аудан орталығында, 78-і Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде қызмет жасап келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік құрамы бойынша қазіргі кезде, жергілікті атқарушы органдарында қызмет жасайтын әйел адамдардың үлесі 27,2 %- ды (47) құрайды. Оның ішінде , басшы лауазымдардағы әйел адамдардың саны-7 немесе 4,0%.

Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейіне байланысты. Жоғары білімді -155 қызметші (89,6Ғ), арнаулы орта білімді барлар- 18 (10,4Ғ). Екі немесе одан да көп жоғары бөлімге 15 (8,7Ғ) қызметші бітірген.

Кадр ауысушылығына байланысты. Жыл басынан бері түрлі себептермен ауданның жергілікті атқарушы органдарында 15 мемлекеттік қызметші немесе жалпы штат санының 8.1% жұмыстан босаған.

Оның ішінде, басқа мемлекеттік органдарға ауысуына байланысты 5 қызметші, өз тілегі бойынша- 8, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты- 2 қызметші жұмыстан босаған.

Жыл басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілген конкурстар нәтижесімен 8 азамат мемлекеттік қызметке орналасса, кадр резервінен 3 азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасты. Сонымен бірге бос 2 ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлау өткізіліп, нәтижесімен 2 азамат ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

Жыл басынан бері жұмыс барысында жіберген кемшіліктері және лауазымдық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін 9 лауазымды тұлғаға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауға қатысты. Есепті кезеңде Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 23 қызметші біліктілігін арттырып, 17 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.

ҒҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралыҒ ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2014 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласында әкімдерге бюджет кіріс көздерінің түсуі мен қаржыландыруға берілетін бағдарламалар, сондай- ақ, мемлекеттік сатып алудағы түйіткілдер түсіндірілген семинар ұйымдастырылды. Семинарға өтті.