Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аль-Һарамейн ОТЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552 Кб
Скачать
☆

1.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау

Тәуекелділік топтастырылуы бойынша шығу тегі бойынша, функционалдық түрлері мен кәсіпкерліктің салалары бойынша, сақтандыру деңгейі бойынша, жіберілу деңгейіне байланысты және т.б жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты топтастыру түрі таңдалады. Көрнектілік үшін кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлерін бірінші кесте түрінде бейнелеуге болады .

Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирмалар өзінің қызметі барысында кездесетін тәуекелділіктің нақты түрлері бар:

• құқықтық тәуекел - заңдық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы қажетті өзгерістермен байланысты;

• инвестициялық тәуекел техника- экономикалық көрсеткіштердің сапасыз талдауларымен, жоба құнының көзделмеген өсуі, қоршаған орта туралы заңдардың қатаңдығымен байланысты;

• сақтандырушы тәуекел сақтандыру қорын құрумен және оны басқарумен,

және де жеке мүлікпен, ақшалай қаражатпен, персоналмен байланысты;

• инновациялық тәуекел осы сферадағы белгісіздіктерден пайда болады (идеяларды ойлап табудан бастап, оны тауарлар, қызметтер және жұиыстар түрінде немесе технологиялар сапында жүзеге асырып, соңында сәйкес өнімді нарыққа өткізуге дейін).

Көлеміне байланысты кәсіпкерлік тәуекелдер үш түрге бөлінеді:

• локальды тәуекел–жеке фирманың тәуекелі (компаниялар, бірлестіктер, олардың бөлімшелері);

• салалық тәуекел – саланың мамандануына байланысты тәуекел;

• мемлекеттік тәуекел – мемлекеттегі әлеуметтік саяси жағдайлардың нашарлауымен, инфляцияның өсуімен, төлемсіздік мәселесімен, заңнамалардың орындалмауымен байланысты болады.

1 Кесте «кәусар саяхат» жшс-нің кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері

Топтастыру белгісіне қарай

Тәуекелдің түрлері

пайда болу сферасы бойынша

сыртқы, ішкі

шешім қабылдау деңгейі бойынша

кәсіпорын деңгейінде, салалық, мемлекеттік

кәсіпкерлік қызметтің түрлері

бойынша

өндірістік, инновациялық, қаржылық коммерциялық, ақпараттық, әлеуметтік, экологиялық, саяси

уақыттың әсер ету ұзақтығына байланысты

қысқа мерзімді тәуекелдер,

тұрақты тәуекелдер

шарлардың деңгейіне қарай

өтелетін тәуекелдер, өтелмейтін тәуекелдер

тәуекелдердің әсер ету объектілері бойынша

тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтірілген тәуекелдер, мүліктік тәуекелдер

тәуекелдердің әсер ету нәтижесінде пайда болатын жоғалтулар бойынша

уақытты жоғалту бойынша тәуекелдер, қаражаттарды жоғалту бойынша тәуекелдер

сақтандыру мүмкіндіктері бойынша

сақтандырылатын, сақтандырылмайтын

Кәсіпороында пайда болу табиғатына байланысты тәуекелдердің келесі түрлері бар:

• субъективті тәуекел - кәсіпкердің жеке тұлғасымен байланысты болады.

Мұндай тәуекелдің пайда болуына тәуекелділікке дұрыс дамымаған қабілеттілігі себеп, соның ішінде тәжірибесінің, білімінің, кәсібилілігінің жетіспеушілігі, нарықтағы тәртіпті бұзуы және т.б.

• объективті тәуекел ақпараттың жеткіліксіздігі, нарықтық конъюнктураның, заңдылықтардың, несиелеу жағдайларының, салық салудың, инвестициялаудың және т.б. күтпеген кезде өзгеруімен байланысты болады.

Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесідей болады :

• сыртқы тәуекел саясаттағы күтпеген өзгерістермен, өндірістің макро жағдайындағы үлкен аймақтардағы апаттық жағдайларымен, валюталық тәуекелмен және т.б. байланысты;

• ішкі тәуекел кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдер, өндірістік, қаржылық, сақтандыру және т.б.

Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша тәуекелдің келесі түрлері бар:

• сақтандырылатын тәуекелдер сандық анықтама беруге жататын және сақтандыру қаупін өз мойнына алатын ұйымдарды сақтандырумен байланысты;

• сақтандырылмайтын тәуекелдер деңгейін бағалау мүмкін емес форс -мажорлық тәуекелдер жатады. Сонымен қатар, сақтандыру қаупін өз мойындарына алуға даяр емес жағдайдағы кең көлемді тәуекелдер.

Нарықтық экономикаға тән тәуекелдің факторлары:

  1. Дайын өнім бағасы;

  2. Сатып алынатын шикізат бағасы.

Дайын өнімге деген бағаның тұрақты бола бермейтіндігіне байланысты, өнімді өткізуден түскен табыстың алдын ала анықтай алмау тәуекелділікті туғызады. Баға тәуекелінен болатын зиянды келесі шаралармен төмендетуге болады:

  • тұрақтандыру қорын құру арқылы баға тәуекелінің өзін-өзі сақтандыруы арқылы (компанияның ішкі ресурстарын тұрақтандыру фондын құру және шикізат пен дайын өнімді басқару арқылы);

  • фьючерлік және опциондық келісім-шарттармен тәуекелді хиджерлеу (Яғни бұл сатылып алынатын шикізат бағасына алдын ала келесім-шарт жасап қою)

Тәуекелдің ішкі факторларына келесілер жатады:

  1. Персоналдың біліктілік деңгейі. Осы тәуекелділікті жою немесе оның әсерінен болатын зиянды келесі шаралар арқылы азайтуға болады:

- әрдайым жүйелі түрде басқарушыны және техника-инженерлік персоналды оқыту, олардың біліктілік деңгейін арттыру.

2 Өндірістік факторларға байланысты тәуекелдік. Жою шаралары:

- күмәнді техникалық шаралардан, құрылғылардан, технологиядан бас тарту;

- өндірістік және технологиялық тәртіпті қатаң ұстану, мониторинг, бақылаулар жүргізіп отыру;

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану, жаңа технологияларды енгізу.

3. Компанияның қаржылық жағдайына байланысты тәуекелдік. Оларды жою шаралары:

- көзделмеген шығындар мен зияндарды жабу мақсатында резервті капитал құру;

- қаржы менеджментінің біліктілік деңгейін көтеру, қаржы менеджерлерінің квалификациялық деңгейін жоғарылату және т.б

Кәсіпорын ұсынған өнімдер Қазақстан Республикасының барлық нормативтік талаптарына жауап береді және қоршаған ортаға үйлесімді сәйкес келеді.

Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері «экономикалық тиімділік» түсінігінің нақты мәнін ашуды талап етеді. Экономикалық тиімділік кешенді түсінікпен анықталады, атап айтқанда:

  • берілген көлемдегі шығындар мен өнім шығарудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, ресурстар үйлесімділігін білдіретін, өндіріс тиімділігі. Бұл инженер - технолог түсінігіндегі тиімділік. Мысалы, берілген стандарттарға сәйкес, материал жоғалтулармен және тұрып қалудың ең төменгі деңгейін, ресурстарға бағаның тағайындалған мөлшері мен өндірістік технологияны таңдап, тиімділікті қарастыруды қажет етеді.

  • өнім қүрылымының тиімділігі, яғни оптималды үйлесімділікпен тауар өндіру;

  • тұтыну тиімділігі. Бұл - тұгынушының өз табысын қалауынша қанағаттануға жүмсап, табыс деңгейін тауар бағасымен сәйкестендіруді сипаттайды.

Жоғарыда көрсетілгендердің бәрі осы уақыттағы ресурстарды пайдалану тиімділігі мен тәуекелдікті қамтамасыз етеді. Динамикалық тиімділік өндірістің немесе тұтыну өсімінің оңтайландырылуын талап етеді. Динамикалық тиімділікке ұмтылу (статистикалықтан айырмашылығы) қиындықтар туғызады -қаржы құралдарын ағымдағы тұтынушылар және инвестициялау арасындағы бөлуді жатқызуға болады.

Аталған ерекшеліктер кәсіпкерлік тәуекелдік жағдайын реттеу және алдын алуда маңызды, өйткені бұл процесте маңызды орынды, жақындап қалған қажетсіз қиын қыстау жағдайды қарастыратын стратегия алады; бұндай жағдайлардың туындау себептерін айқындау және оның құрамын бағыттау; мүмкін болатын зиянды санды және сапалы бағалау; кәсіпорынның келеңсіз жағдай кезіндегі қызметінің тактикалық нүсқаларын жасау және одан шығу.

Алайда, тәжірибиеде бұндай стратегиялар өте сирек жасалады, бұл басшылардың және менеджерлердің дәйекті стратегиялық шешімдер қабылдауға дайын еместігімен түсіндіріледі, шаруашылық құрылымда технологиялық сызба жобасының жоқтығы, стратегиялық жоспарларды іске асыру және бақылау, яғни стратегиялық басқару жүйесі.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 «Кәусар саяхат» ЖШС экономикалық жағдайын талдау

Маркетингтік бағдарлама бойынша жұмыс істейтін «АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» ЖШС-нің қызметіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық ақпараттар: олар демографиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық тенденциялар, табыстар, шығындар құрылымы, кәсіпорындар мен тұрғындардың сатып алу қабілеті, сонымен қоса бағаның жалпы динамикасы және де салық аймағындағы мемлекет саясаты, онымен ажырамас, заңдағы өзгерістер. Сонымен бірге бәсекелестер туралы ақпаратта әлеуметтік-экономикалық ақпаратқа жатады. кәсіпорынның маркетингтік қызметіне, қандай үлкен көлемдегі ақпаратты жинап өңдеп, талдау керек екендігін түсіну үшін , өнімнің тұтыну қасиетін зертеу технологиясына тоқтала кетейік. Ең оңайы жаңа бұйымның үлгілерін алу. Содан соң тұтынушылардың жаңа өнімге реакциясын байқаймыз, оның эксплуатациялық сапасы тұтынушылар тілегіне қаншалықты сай екенін көреміз. Мұндай тексеруді тек өз өніміміз бойынша ғана емес, бәсекелес фирмалар тауар бойынша жүргіземіз. Тұтынушылар өнімнің дәмі, иісі, түсі, өлшем келбеті эксплуатациядағы ыңғайлылығы және басқа да тұтыным қасиеттеріне әсері арнайы дайындалған әдістеме бойынша талданады. Соның да орамының қасиеттері сыртқы тартымдылық, қайталап қолдану мүмкіндігі бағаланады. Бірақ нарыққа жаңадан шығарылатын тауар сапасының маркетингтік концепциясын дайындау үшін бұл ақпарат жеткіліксіз. Нарықты зерттеу маркетингтік зерттеудің бір бөлігі болып табылады.

«АЛЬ-ҺАРАМЕЙН» кәсіпорынын SWOT- талдау :

Күшті жақтары:

1Топтасуы;

2 Қызмет көрсетуі.

Әлсіз жақтары:

  1. Менеджменттің төмен деңгейі;

2 Маркетингтік қызметтің төмен деңгейі.

Мүмкіндіктері:

  1. Билет (авиа, электронные, т/ж,);

  2. Біліктілік ;

  3. Клиенттік база (клиенттерге қосымша қызмет);

  4. Промоушн ;

  5. Желі (субагент, бартерлік қатынастар );

  6. Бизнестің жаңа бағыттары, әртаптандыру.

Мүмкін болатын қауіптер:

  1. Арап революциясы (Арап көктемі);

  2. Лицензия (тур-агенттер и туроператорлар);

  3. Қызмет көрсету сапасы;

  4. Менеджменттің тұрақсыздығы.

«Кәусар саяхат» ЖШС-де авиакассалар және туристік бөлімдер жұмыс жасайды. Олар толығымен өртке қауіптілік пен қарауылдық шыңыраулармен қамтамасыз етілген. Техникалық қамсыздандырылуы заманауи стандартттарға сәйкес AMADEUS, ABACUS жүйесімен жарақтандырылған.

Кәсіпорыннның жұмым істеу барысында жоғары білікті мамандар қызмет етуде. Олар халықаралық IATA дипломы мен кәсіби деңгейлерін үздіксіз жоғарылатуда. Агенттер: Эир Астана, Lufthansa, BMI, KLM, Egypt Air, Hahn Air, Sommon Air, Etihad Airways, Adria Airways, Austrian Airlines, Трансаэро, Аэрофлот, Turkish Airlines, Hainan Airlines, Scandinavian Airlines, Rusline, Белавиа, Аэросвит, «Сибирь» әуе жолдары, Синьзян әуе жолдары, Чехиялық әуе жолдары, Ресейлік әуе жолдары, Өзбек әуе жолдары, Украйндық әуе жолдары, Азербайжан әуе жолдары сияқты жетекші компаниялармен қызмет жасайды. Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.

Нарықтық зерттеу барысында келесілер: нарықтың мөлшері, оның негізгі тенденциясы, мерзімдік факторлар, нарыққа енгізілетін немесе ондағы тауарлардың потенциялды сатылу көлемі, тауарлардың тұтыным қасиеттері және де басқа да сипаттамаларының өзгерту тенденциясы, жасы, жынысы, жанұя мөлшері, тұтыну ерекшеліктері, табыс деңгейі бойынша тұтынушылар құрамы бойынша тұтынушылар құрамы, тұтынушылар мотиві, өнімнің сатылу көлемі, нарықтағы сол өнім үлесі, сонымен қоса фирманың бәсекелік қабілеттілігі және нарықтағы позициясы анықталады. Зерттеулер нәтижесін алғаннан кейін фирма маркетингтік концепциясын жасайды. Нарыққа тұтынушыларға арналған тауар енгізуде маркетингтің бағдарламасын тұрғындар қажеттілігіне, сатып алу қабілетіне бағыттылады. Осы жерден маркетингтік зерттеудің басқа элементі – сұраныс анықталады. Тұтынушылар сұранысы туралы ақпарат көздері және оны жинау әдістері әртүрлі болады. өңдеу, беру және сақтау объектісі болып табылатын мәліметтер ақпарат болып саналады. Сұранысты зерттеу және болжау үшін экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және т.б. ақпараттар қажет. Ақпарат шынайы, толық, үздіксіз, нақты және уақытылы толуы керек. Ақпараттың шынайылығы дегеніміз – процестің дамуын дұрыс көрсету, ішкі негізгі себеп-салдар құбылыстарды көрсету. Мысалы, тауар қорларының үлкен көлемі туралы мәлімет сұраныстың өзгерісін сипаттайтын ақпарат болып табылмайды. Сонымен қатар ол үздіксіздік уақытымен әртүрлі объектілерден келіп тұруы керек. Бұл үшін кәсіпорындарда маркетингтік ақпарат жүйесін құрады, соның үлгісі келесі түрде көрсетілген:

Сурет 1. Кәсіпорынның маркетингтік ақпарат жүйесінің үлгісі

Маркетингтік зерттеулерде алғашқы және екінші ретті деген ақпарат категориялары қолданылады. Алғашқы ақпарат жинауда келесі әдістер қолданылады: сұрау әдісі, байқау және эксперимент. Сұрау әдісі – бұл әдіс неғұрлым арзанырақ болғандықтан, әртүрлі мәселелерді анықтауда қолдануға болады. Қазіргі уақытта ең көп таралған алғашқы ақпарат жинау әдісі. Бұл әдістің мәні арнайы сұрақтарға жеке сұхбат алу, телефон арқылы сұхбат алу немесе сұрау парақтары арқылы жауап алу. Жеке сұхбатшілер алудан гөрі телефон, почта арқылы сұрау жүргізу арзанырақ болғанымен жеке сұхбат кезінде алынған ақпараттың маңызы көп жоғары. әсіресе сұрауды өте жауапты сұхбатлер жүргізсе. Келесі әдіс – байқау әдісі, өзі айтып тұрғандай байқау әдісі кезінде адамдардың тәртібі, іс-әрекеттері, реакциялары байқалады. Мысалы, тұтынушы тауарды сатып алу сәтін байқауға болады. Мұндай зерттеу барысында жасырын камера, магнитафон сияқты техникалар қолданылады. Бұл әдістің басты кемшілігі біз тек адамдардың тәртібін байқай аламыз, ол оның басында не тұрғанын білмейміз. Эксперимент әдісіне тоқтасақ, мағынасы жақсы бақылау жағдайында кең көлемді эксперимент жүргізу. Басқа әдістерге қарағанда эксперимент әдісі кезінде нарыққа шығарылған жаңа тауардың өміршеңдігін тәжірибеде көріп, оның өткізу техникасын дайындай аламыз. Мысалы, бөлшек сауда дүкендері торабының иесі жаңа өнімді әртүрлі бағада қояды, қандай баға жоғары жиынтық пайда әкелетінін көргісі келеді дейік. Ол үшін сауда алаңының мөлшері, клиенттер мөлшері және сыйлық өткізу көлемі жағынан тең келетін үш дүкенді алады. Осы дүкендерді кәсіпкер эксперимент нәтижесіне әсерін тигізетін факторларды бақылай алады. Әр дүкенде бір күнде жаңа саудаға қойылады. Айырмашылық тек бағада. Бір-екі жұмадан кейін әр дүкендегі өткізу мөлшері туралы ақпарат қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әртүрлі зерттеу фирмалары жүргізген эксперименттік сату тәжірибесінде жаңа тауарлардың жартысына жуығы бірінші нарықтық өтпей қалатынынын көрсеткен. Сонымен қатар шынайы нәтиже алуда тауарды нарықта сынау мерзімнің ұзақтығы маңызды болып табылады.

Екінші ретті ақпаратты қолдану үшін оның көзін табу керек. Екінші ретті ақпарат жинауда келесілер екскеріледі: ақпарат көзінің шынайылығы ақпарат жинаушы агент жағынан қатенің жіберілу мүмкіндігі ақпараттың мәселені шешуде қолдануға жарамдылығы. Екінші ретті ақпараттың келесі көздерін сынап көрсетуге болады: кәсіпорынның ішкі есебі, үкіметтік статистикалық басылымдар сауда ұйымдарының мәліметтері зерттеу ұйымдарының басылымдары, ғылыми және бизнес бойынша журналдар, энциклопедия және сөздіктердегі мәліметтер. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Өткені онда қарама-қайшылығы көп әлеуметтік-экономикалық объектіні, яғни нарықты алдын-ала болжау элементі бар. Жағдайлық талдаудың мазмұны мен формалары шаруашылық құрылымға, ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болады және маңызды түрде ерекшеленеді. Нарықтың ішкі және сыртқы жағдайларын, тауарды, тұтынушыларды, бәсекелестерді және басқаларын зерттегеннен кейін өндіруші кәсіпорынның және оның тауарының нарықтағы орнын жақсарта алады, нарықта нық тұра алады, сонымен бірге тұтынушылармен байланысты жақсартып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алады. Табысты ұлғайту, пайда алу, өткізу көлемін және сәйкесінше өндіріс көлемін ұлғайту. Нәтижесінде ол нарық жағдайында өмір сүруге және кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын дайындауға мүмкіндік береді.

Агенттік тораппен жұмыс жасау маркетинг бөлімінің маңызды мәселесі болып табылады. Агеттік торапқа турфирмамен келісім шартқа отырған барлық турагенттіктер, жеке кәсіпкерлер және ұйымдар кіреді. Маркетинг бөлімінің агенттік торапқа жауап беретін қызметкерлері агенттер туралы көрсеткіштер базасын жүргізуі тиіс.

Агенттік тораптың мүшелеріне турфирманың ұсынатын қызметтерінің пакеттері жіберіледі (каталогтар, брошюралар және олардың электрондық түрі т.б.). Агенттер барлық керекті ақпаратпен қамтылуы тиіс.

Сонымен қатар, маркетинг бөлімінің қызметкерлері агенттердің жұмысы нәтижелері туралы есеп жүргізіп отыруы тиіс.

Агенттік тораптың мүшелерінің жұмысын ынталандыру мақсатында бонустар жүйесі енгізілуі тиіс. әрбір жіберілген турист белгілі бір ұпай әкеледі. Үпайлардың белгілі бір мөлшері бонусиық жүйенің бірінші, екінші және үшінші орындарға шығуға мүмкіндік береді. Бүл коммисиондық марапаттаудың 3 деңгейін қарастыруға мүмкіндік береді. Төменгі деңгейдегі коммисиялық марапаттау 5 - 7 %, ең жоғары деңгейде - 10 - 12 %. Бонустарды санау және коммисиондық марапаттау мөлшерін орнату маркетингтік бөлімнің қызметіне кіруі керек.

Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады - біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады.