Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аль-Һарамейн ОТЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Қорыта келгенде, нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің негізгі қозғаушы күші – бұл кәсіпкер. Яғни осы кәсіпкерлердің қызметі қаншалықты нәтижелі болса, соншалықты олардың экономикасының дамуы арқылы нәтижесінде еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен айналысады. Соған қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері туризмді әзірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне және жоғарғы табысқа қызығыды.

Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агенттіктердің халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

Қазақстаннның туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп кету тәртібін жеңілдетуі, кедендік шараларды бір тұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу. 2010-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның туристік бет-бейнесін көтеруде қабылданған үкімет қаулысы 2010 жыл 26 қазанында Қазақстанға туристерді тартудың қызметін және елдердің халықаралық туристік нарыққа қатысуын қарастырған. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

- туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру;

- Республиканың туристік әлеуетін дамыту;

- мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және үтымды пайдалану;

- туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру;

- Халықты ынталандыру;

- мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру;

-орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту.

Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыруда Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеумен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп жақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік элеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиттер ТІЗІМІ

  1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы. 2012 жыл 28 қаңтар

  2. Юданов А.Ю. Конкуренция: теория и практика: Учебное пособие; 2-е изд., с испр. и доп. – М.:Ассоциация авторов и издателей «Тандем», Изд-во «ГНОМ-ПРЕСС», 2009

  3. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Е. Т., Жұмағалиева Ж. Г. / Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001

  4. Шим Джей, Сигел Джоэл. Методы управления стоимостью и анализ затрат. Пер. с англ. М.: Филин, 2002

  5. Балашов В. Можно ли управлять себестоимостью? // Азия: экономика и жизнь.-2000, №45

  6. Насырова М. Р., Токсанбай С. Р., Кулпыбаев С. К., Гуляева С. П. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық. – Алматы, 2003.

  7. Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері. – Орал, 2001.

  8. Ворст, Ревентлоу. Экономика фирмы.- М: Высшая школа, 2003.

  9. Брызгалин А.В., Берник В.Р., Головкин А.Н. Профессиональный комментарий к Положению о составе затрат по производству и реализации продукции (работ, услуг), включаемых в себестоимость продукции (работ, услуг) и о порядке формирования финансовых результатов, учитываемых при налогообложении прибыли. - Екатеринбург, 2001.

  10. Сергеева О.А. Учет затрат на производство и калькулирование продукции себестоимости продукции, работ и услуг.//Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №4, апрель, 2003 г.

  11. Багиев Г.Л., Тарасевич В.М. Маркетинг. СПб: СПБУЭФ, 2009

  12. Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы маркетингтің дамуы. // Вестник КазНУ: серия экономическая. – 2004

  13. Голубков Е.П. Маркетинг - стратегии, планы, структуры. - М.: Дело, 2008

  14. Шеденов У.К., Ильясов Д.Қ. Теория маркетинга и менеджмента в сфере услуг. Алматы: Қазақ университеті, 2006

30