- •Мазмұны
- •1 Мектепке дейінгі шақта –ойын баланың басты іс әрекетінің теориялық негізі
- •1.1 Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
- •1.2 Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы
- •2 Мектепке дейінгі шақта –ойын баланың басты іс әрекетінің практикалық негізі
- •2.1 Практика жүзінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
2 Мектепке дейінгі шақта –ойын баланың басты іс әрекетінің практикалық негізі
2.1 Практика жүзінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру
Балалардың күнделікті оқу материалын қабылдауын қызықты да тартымды ететін, олардың шығармашылық ізденісін шыңдай түсетін, оқу үрдісінің бірден – бір тиімді тәсілі – ойын технологиясы болып табылады.
Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоцианалды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде баланың өзінің нақты өмір талабын, шынайы табиғатын танытады. Бұл баланың оқиғаға деген ынтасын арттырып, ойлауқабілтін, қиялын дамытады. Ойын – шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элкониннің айтқан ойы оралады: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс – әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып – білуге бағалауға үйренеді».
Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: өткізілу орынын, уақытын, қатысушыларды айқындаудан басталады.
Ойынды әрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді, өйткені қызығушылық – шарттылық жағдаят туғызу арқасында әрекет ойын өзгешелігіне айналады. Сондықтан мен керекті шарттарды не арқылы туатынын ескере отырып, ойындарды топтарға бөлемін.
Дидактикалық мақсаттарына байланысты, сабақтың құрыламына қарай ойнау әрекеттерінің модулі.
Ойындар
Қорыту ойындары
Жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған ойындар.
Бекітуге арналған ойындар
Алған білімдерін тексеруге, бақылауға арналған ойындар
Басқа жағдайларда мен ойындарды олардың мәнді ойын негізіне қарай сұрыптаймын:
Ойынның негізі
Кешенді ойын
Ережелі ойындар
Рольдік ойындар
Мектепке дейінгі жастағы баланың адамдар арасындағы қарым – қатынасты танып білетін кезі. 5-6 жаста бала өте сезімтал келеді. Үйдегі жайсыздықтар: әке мен шешенің нашар қарым – қатынасы баланың бойында теріс мінездерді қалыптастырады. 5 жаста бала басқа адамдардың, көркем шығармадағы кейіпкерлердің, құрдастарының қимыл – әрекеттеріне баға беруге даярлана бастайды. Бұл – жақсылық пен жамандықты, достықты, жәрдем беруді, т.б мәселелерді байқаған кезі. Жанындағылармен қарым – қатынаста әдеп ережелерін сақтап, өзіне ұнаған балаға ойыншығын беріп, онымен ойнап жәрдемдеседі. Ал кітап оқып бергенді әбден жақсы көреді. «Бұл не?», «Ол не?» деген сұрақтарын беруден жалықпайды. Ата – ана осының бәріне шыдап, бәріне толық жауап беруге тырысуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі мезгілден бастап адамның болашақ тағдырын бағыттайтын, оның басқа адамдарға деген қарым – қатынасы қалыптасады. Есейген сайын оны өзгертуге мүмкіндіктер болып тұрғанына қарамастан, уақыт өткен сайын сол мүмкіндіктерді пайдалану қиынға соғады. Өйткені жас балаға өзгелермен қарым – қатынас орнату, оларға деген көзқарасын қалыптастыруды жоқтан бастауына тура келеді.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олар ұйымдастырушылық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетіп, ойынды өз беттерімен ұйымдастырумен бірге, ұжымда қалыптасқан тәртіп ережелері мен мінез-құлық нормаларын сақтауға дағдыланады.
Әрбір ойын мүшесі жұрт алдындаы жауапкершілікті терең сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, не мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, көркемөнер үйірмесінің белсенді мүшесі, спорттық ойындар мен жарыстардың озат қатысушысы бола алады сол себепті де, біз балалар ойынын адамгершілік тәрбие беру құралы етіп алып отырмын. Демек, балалардың ойын әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық, көзқарас жүйесін орнықтыру болып табылады.
Ал бұл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әркетіне сүйіспеншілігін арттыруға сай. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру балалардың адамгершілік тәрбие компоненттері мен ойын туралы таным түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға, үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітуге бағытталады.
Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял-қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт-дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұғыш этнограф-ғалымы Ш.Уәлиханов, көрнекті ағартушы –педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаевтың «Педогогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көсетілуімен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдр да әр қырынан ашылған. «Баланың маңайында сөйленетін сөздерде әдепті, сұлу болуға тиіс»,- деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне тоқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму ерекшеліктерін зерттеген ғалым Б.Баймұратова балалардың тілін дамыту мәселесін адамгершілік және эстетикалық тәрбиелермен тұтас қарастырған. Т.Иманбеков «Қазақ бала бақшаларындағы оқу-тәрбие жүргізілген зерттеу жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану» (5-7 жас 1995) деген тақырыптарда жүргізілген зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалар тәбиесінің әртүрлі салаларын ашып көрсетті.
Ә.С.Әмірова (1994) «Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» деген еңбегінде қазақ балалар әдебиеті шығрмаларын пайдалану арқылы баланы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырған.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет еткен ғалымдардың (Н.Нұрахметов, М.С.Сәтімбекова, Б.Б.Баймұратова, Ә.С.Әмірова, Ғ.Х.Дүкенбаева, Ф.Н.Жұмабекова, С.Ғ.Бәтібаева ) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы «Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.
«Балбөбек» бағдарламасының мақсаты-балабақша жұмысын тұжырымдамаға сай қайта құру, тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл-ой, дене, адамгершілік сапасын жақсарту, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау т.б. Ал бағдарламаның міндеті ата-бабадан мирас болған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың құлағына құйып, сана сезіміне сіңіру, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдылыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Аталмыш бағдарламаның негізгі артықшылығы:
-бұрынғы бағарламаларға қарағада баланы ұлттық санада тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуінде;
-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру арқылы апталық жүктеменің азаюы;
-бұрын соңды бағдарламада болмаған имандылық, экологиялық тәрбиелерінің жеке бөлім ретінде қарастырылуы;
-тәрие жұмысына және тәрбиешілердің шығармашылық мүмкіндігіне жол ашылуы.
Бағдарламаның мазмұнында балаларды адамгершілік тәрбие түсініктерімен таныстыру жұмыстары «Өнер көзі-халықта», «Әуенді қимыл-қозғалыс», «Тіл-халық қазынасы», «Экологияық тәрбие», «Еңбек», «Ойын» бөлімдерінде қарастырылған. Бағдарламада адамгершілік тәрбиесінің міндеттері төмендегідей сараланады.
Мектепалды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланы мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жадайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларын қалыптастыруда пайдаланатын ойын түрлері төмендегідей жүйеленген:
1. Мазмұнды – бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр мен қошақан, ботақан, соқыр теке, жырадағы қасқыр, жерден биік, су, ауа, ер.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстң мекенін тап, түсті тап, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылғы ойындар: лего және басқа конструторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
6. Драмалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.
7. ұлттық ойындар: орамал тастамақ, сақина салу, асық ойыны, бәйге, арқан тарту, алшы.
Мектепалды даярлық топ балаларының «жеке тұлға» ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамының жетілуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүгізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие еру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұстаздық шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қаситтерін дамытады. Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәриелеу, жеке басын жан-жақты дамыту бағытында меңгерілетін білім, дағдылар ойын арқылы іске асырылады.
Сонымен, 6-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрынғы көзқараста қалып қоймай, ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретн жұмыс мазмұнын, әдістері мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болсақ, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз.
Біз практика өту кезімізде өзара сөйлесуге жаттықтыратын рольдік ойындар қолдандық.
Ойынды өткізу барысымыз.
1. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Әркім ойша белгілі адамның өмірін таңдайды: әнші, актер...
Мақсаты: өзін таныстыру, бірін бірі таныстыру. Мысалы. Менің атым Джон Хенри, мен ағылшынмын, Лондонда тұрамын. ...Қатар тұрған тіл үйренуші оны келесі адамға таныстырады. Бұл Джон Хенри, оның ұлты ағылшын... Басқалар түрлі сұрақтар қояды: «Мамандығыңыз кім?»... танысу этикеттерін қолданады. «Өте жақсы», «Танысқаныма қуаныштымын».
2. Әрбір қатысушы: «Үй, пәтер» тақырыбы бойынша бір затты таңдайды. Не үшін таңдағанын білмейді. Мақсаты: өзін осы зат түрінде елестете отырып, соның атынан сөйлеу. Мысалы: мен телевизормын. Мен үлкенмін. Менің атым SONY. Мен мультфильмді, спорт бағдарламаларын жақсы көремін. Бұл ойында «үй, пәтер» тақырыбы бойынша лексика мен грамматикалық құрылымдар жаттықтырылады.
3. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Мұғалім доп лақтырады. Допты қағып алған адам сөйлейді. Мақсат: кімді қалай атайтынын әңгімелеу. Мысалы: менің атым Клара. Мамам мені Катя дейді. Ағам, інім...., достарым..., атам..., әжем... ал басқа ойынға қатысушылар «Ал досың сені қалай деп атайды?» деген сияқты сұрақтар беріп отырады.
4. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. Ол былай деуі мүмкін: «Кеше мен көшеде біреуді кездестірдім». Қатысушылар кім екенін анықтауға тырысады: «Сіз менің мамамды кездестірдіңіз», ... Мақсат: болжам, белгілерді айтып, қатысушыларды қызықтыру. 3-4 фразадан кейін жұмбақтың шешімін айтып, жаңа адамды жұмбақтауға кірісу. Мақсаты: өткен шақтың жасалу жолдарын бекіту. Ойынның әр түрлі варианттары болуы мүмкін. Мысалы: Мен кеше бір тамақ жедім... Кеше мен бір кино көрдім.
5. Еденге бормен үлкен цифр салу керек. Барлық қатысушылар циферблатты айнала тұрады. Мақсаты: белгілі бір сағатта немен айналысатынын айту: егер «А» ойыншы сағат 3-те тұрса, ол сол уақытта не істейтінін айтады. Осындай ретпен әр қатысушы өз жұмыс күнін айтып шығады. «Уақыт», «Жұмыс күні» тақырыптары жаттықтырылады.
6. Мұғалім қағазға 1 сұрақтан жазады. Қатысушылар жеребе түрінде бір-бір сұрақтан алады. Сұрақтар ерекше мазмұнды болуы қажет. Мысалы: Сіз асханада кітап оқисыз ба? Сіз дәріханада дәрі ішесіз бе? Сұраулы сөйлем түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жаттықтырылады.
7. Әрбір қатысушыда кішкене қол айна болуы қажет. Мақсаты: айнаға қарап, кімді көріп отырғанын айту. Мысалы: Бұл – қыз. Оның шашы қара, мұрны ұзын... «Мінез және портрет» тақырыбы жаттықтырылады.
8. Мұғалім үлкендеу қалтаға әр түрлі пішінді заттар салады. Қатысушылар қалтаға қолын салып, затты таңдайды. Қолын қалтадан алмай, оны сипаттайды. Мақсаты: сипаттаудың көмегімен қатысушылар затты анықтауы қажет. Мысалы: бұл үлкен, дөңгелек, резинадан немесе ағаштан жасалған. 3-4 қатысушы шешімді айтқан соң, заттар қалтадан шығарылады. Сын есім, затты сипаттау жаттықтырылады.
9. Топ мүшелері қағазға нені жақсы көретінін жазады. Мақсаты: кабинетте бір-біріне сұрақ қоя отырып, өзіне жақын адамды табуы керек. Мысалы: «Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көремін» деп жазады. Осыны сұрақ түрінде береді: «Сіз ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көресіз бе?» Сұраулы сөйлем түрлері жаттықтырылады.
10. Үстел үстінде әр түрлі заттардың әдемі суреттері жатыр (киім, машина, үй...). Әрбір қатысушы бір суретті таңдап, ауызша армандайды. ...сатып аламын... барамын... Мақсаты: арманнан бас тартқызу. Келер шақтың жасалуы жаттықтырылады.
Біз практика өту кезімізде балаларды жан-жақты дамыту мақсатында түрлі ойын түрлерін өткіздік.
Мысалы «Кім шапшаң?» спорттық сайыс түріндегі ойын.
Сайыстың мақсаты: Балалардың дене шынықтыру жаттығуларымен айналасуын дағдыландыру. Белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бес уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.
Көрнекіліктері: Секіртпелер, туннельдер, велосипедтер және гимнастикалық матрацтар, ұрандар, жалаушалар, спотршылар суреттері және бейне таспа (слайд)
Сайыс барысы: Құрметті әріптестер және бүлдіршіндер! Бүгін сіздер №7, №8 мектеп алды даярлық топтар арасында өтетін «Кім шапшаң?» спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар!
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
- Ендеше, сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық. (Ортаға топтарды шақырады)
Жүргізуші: Үлкен спорттық сайыстар мен жарыстар еліміздің әнұранымызбен басталады. Сайысымызды әнұранмен ашайық. (Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Өнер қуып балалар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топты кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз – деп сайысқа қатысушы топтарын өздерін таныстырсын.
1. №1 топ «Толағай»командасы
2. №2 топ «Қыран» командасы
Жүргізуші: Қане! Балалар сайысқа түспес бұрын денемізді қыздырып, жаттығу жасап алайық. (Әуен бойынша қимыл жасайды)
Жүргізуші: Сайланар әділқазы сайыс барда,
Сараптар өнерлерін жарыстарда.
Әділ баға беруге шақырамыз,
Бүлдіршінді жетсін деп табыстарға,- деп әділқазылар алқасын сайлап алайық
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады (таныстыру)
1. «Секіртпемен секіру»
2. «Туннельден өт»
3. «Сұрақ-жауап»
4. «Кім бірінші?»
5. «Кім епті?»
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, №3 «Айгөлек» естиярлар тобының бүлдіршіндерінің өнерін тамашалайық.
Би: «Флешмоб»
1) «Секіртпемен секіру»
Шарты: Секіртпемен (скакалка) белгіленген жерге дейін секіріп барып, кейін қайтады.
2) «Туннельден өт»
Шарты: Туннельдін ішінен өтіп, межеге дейін барады. Қайтып келіп, қолындағы жалаушаны келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасады.
3) «Сұрақ-жауап»
1. Ми жұмысына арналған қазақтың спорт түрі? (тоғызқұмалақ)
2. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата. (көкпар, теңге алу, қазақша күрес, аударыспақ, алтыбақан, ақсүйек т.б)
3. 2014жылы Олимпиадада Қазақстанның қоржынына алғашқы болып алтын алған велошабандоз кім? (Александр Винокуров)
4. Ауыр атлетикадан алтын алқаға ие болған Қазақстандықтар? (Зульфия Чиншалло, Маия Манезо, Илья Ильин)
5. Денсаулық туралы мақал-мәтел білесіңдерме?
а) Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса жан тәтті.
ә) Жасырғанның жарасы асқынады
б) Дені саудың жаны сау.
6. Денсаулық туралы ережелерді ата.
а) Дұрыс тамақтанып, ұқыпты таза жүру.
ә) Тісті күніне 2 рет жуу.
б) Әрдайым спортпен шұғылдану.
в) Жыл бойы дәрумендерді жеу керек.
Би: «Шаляла» (№4 топ бүлдіршіндері)
4) «Кім бірінші?»
Шарты: Белгі берген кезде ойыншы велосипедіне мініп, кедергіні айналып келіп, орнына тұрады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. 1-ші келген команда жеңеді.
5) «Кім епті?»
Шарты: гимнастикалық матрасқа баспен айналып түседі, келесі бала ойынды жалғастырады.
Қорытынды бөлім:
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келдіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Сайысқа баға беріңіз.
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарады, жариялайды.)
Би: «Гуми-гуми» №3 топ тәрбиеленушілері
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Дұрыс айтқан ұлы Абай атамыз да – дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Дендеріңіз сау болсын!!!- деген сөздермен сабағымызды аяқтадық.
Практика өту кезімде мектепке дейінгі шақта – ойын баланың басты әрекеті екендігіне көзім жетті.
