- •Мазмұны
- •1 Мектепке дейінгі шақта –ойын баланың басты іс әрекетінің теориялық негізі
- •1.1 Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
- •1.2 Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы
- •2 Мектепке дейінгі шақта –ойын баланың басты іс әрекетінің практикалық негізі
- •2.1 Практика жүзінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қорытынды
Ойын-бала өмірінің ажырамас бөлігі.
Бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндеті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады.
Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған аң баға беру, баланың дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу әрбір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»,-деген даналық сөзі ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті-ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның атқарар рөлі өте жоғары.
Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ең негізгі іс – әрекеті- ойын. Оқытып – үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс – әрекетінен таным іс – әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайлы түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай, іріктелініп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және тәрбиешілердің тәжірбелерінде пайдаланылып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайды, олардың бәрі дәрлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай – ақ балалардың ( негізінен 6 жасарлар) жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді.
Сондықтан белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін және пайдалану әдістерін әртүрлі дидактикалық тұрғыдан жүзеге асырамыз.
Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез – келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. бірақ ойын процесі мен оқу процесі бір –біріне етене ұластырып, ұйымдастырған жөн.
Бала ойын іс- әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс – әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.
Ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетіп игеруіне, шеберлік танытуына ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне балаларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықтанған ойынды алып, тек қана орындай алатын іс – әрекетімен шектеу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқаруды сипаты мен жолдары да жан – жақты ойластырылуы керек.
Мектепке дейінгі шақта ойын іс –әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.
