- •1. Кен орынның геологиялық сипаттамасы.
- •1.2.1 Стратиграфия.
- •1.2.2 Тектоника
- •1.5.1 Қабаттағы мұнай мен газдың физикалық, химиялық қасиеттері.
- •Тербелмелі-станокты жөндеуге жəне қызмет көрсетуге арналған
- •II. Техника қауіпсіздігі және қоршағаны ортаны қорғау бөлімі
- •2. 1.Тербелмелі-станокті пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау.
- •4.1.3 Апаттар.
- •4.2 Биосфера компоненттерін қорғау бойынша инженерлік-техникалық шаралар.
- •4.2.1 Атмосфералық ауаны қорғау.
- •4.2.2 Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану.
- •4.2.3 Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау.
- •4.2.4 Жануарлар әлемін қорғау.
- •4.3 Мұнай қалдықтарын жою.
- •3.2. Мұнай, газ өндіру кәсіпорнындағы өрт қауіпсіздік шараларының техника қауіпсіздігі.
II. Техника қауіпсіздігі және қоршағаны ортаны қорғау бөлімі
2. 1.Тербелмелі-станокті пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау.
Көп жағдайларда тербелмелі-станоктің электр қондырғыларында электр жетегінің торабы істен шығады. Ал қозғалтқыштың гидроқорғанышы ондай жөндеу жұмыстарына аз ұшырайды. Қозғалтқышты жөндеу сипаттамасы шығарушы орамның жөндеу, орамның статорын бөлек алмастырып тұру, ротордың подшибниктерін алмастыру. Шыңырау жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы шабарханалар болады. Электр қозғалтқыштарын жөндегенде қозғалтқышты айырып тастау керек. Жөнделген қозғалтқыш арнайы қабырғада немесе іске қосылған сорапта тексеріледі. Жұмыс дөңгелектерінде сақиналарды алмастырады, егер жұмыс дөңгелегі өзі тозған жағдайда немесе бағыттаушы аппарат істен шықса, оларды толығымен ауыстырады. Жақсы жабдықталған шеберханада қондарғалардың схемасы көрсетілген стендалар болады. Онда жөнделген қондырғыларды тексеру үшін арнайы суреттері кездеседі.
4.1.3 Апаттар.
Негізгі ластаушы көздерге кен орында технологиялық бұзылыстар және жабдықтар сынуы нәтижесінде болатын апаттар жатады. Әсер ету масштабы елеусіз оқиғалармен өте үлкен қалдықтар тастау аралығынада.
Өндірістік апаттар: жабдықтар сынуын болдыратын және қайтадан орнына қою керек құлаған заттар немесе бұрғылау ертінділерін, химикаттарды, қалдықтарды және бұралқы суларды жою барысындағы сәтсіздіктер, мұнайды және мұнай қосылыстарын жою барысындағы сәтсіздіктер. Бұрғылау ертіндісінің түпте жұтылып кетуі. Қабат флюидтерінің жоюдың мүмкін еместігі.
Апаттық жағдайлар: табиғи апаттар, өрт, жарылыс, қауіпті химиялық заттарды жоюдың мүмкін еместігі, ұңғыманы басқаруда болатын апаттар.
4.2 Биосфера компоненттерін қорғау бойынша инженерлік-техникалық шаралар.
Барлама бұрғылаудың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге қолданылатын шаралар кешені жобада қарастырылған.
Негізгі қоршаған ортаны қорғау шаралары келесілер:
- ұңғыма конструкциясы;
- бұрғылау қондырғысының конструкциясы;
- бар қауіптерді ескеріп тиімді жабдықтарды таңдау;
- жұмыс барысын бақлаудың бекітілген процедураларын қолдану;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
- қалдықтарды басқаруды жоспарлау;
- мұнай төгілген кезде жұмыс жасау шараларын жоспарлау.
Қоршаған ортаға әсерді төмендету бойынша шаралар қоршаған ортаға әсер ету көздерін анықтауға бағдарланған. Олар қалдық әсерлерді төмендетуге қолданылады. Ұңғымалар қоршаған ортаға болатын әсер елеусіз болатындай етіліп жобаланған. Қоршаған ортаға минималды әсер ететін бұрғылауға пайдаланудың экологиялық талаптарына сәйкес жабдықты таңдау және қоршаған ортаға ең аз зияны бар жабдықтарды қолдануды қамтамасыз ететін жұмыс барысын бақылау процедуралары кіреді.
Атмосфераға зиянды заттардың тасталуын бақылау үшін жобаның барлық сатысында қозғалтқыштарды сәйкесті жағдайда ұстау керек.
Мұнай төгілулерін болдырмау үшін бағалау нәтижелерінде анықталған қауіпке негізделген қабат флюидтерімен жұмыс жасау жазбаша процедураларына қарау керек.
Қалдықтарды ұстау және теңіз ортасы ластануының алдын алу қалдықтарды басқарудың дайындалған жоспарын талап етеді.
