Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553 Кб
Скачать
☆

4.2.1 Атмосфералық ауаны қорғау.

Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:

- ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;

- ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;

- ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану;

- химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;

- мониторинг жүргізу.

Мұнай өндірісіндегі жағымсыз әсерді азайту үшін келесі шаралар орындалуы керек:

- мұнайды жинаудың арынды жүйесін герметизациялау;

- мұнай өнімдерін жинау және дринаждауға ЕПП-16 дренаждық сыйымдығын қолдану;

- СНИП Ш-42-80 сәйкес құбырлардың пісірілген қосылыстардың тігістерін бақылау;

- сырттық (изоляциялық жабын) және ішкі коррозияны басу (ингибиторды БР-2,5 блогымен енгізу).

4.2.2 Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану.

Мұнай кен орнын игеру кезінде мұнаймен қоса қабаттық су алынады. Судың сипаттамалары 2.3-тарауда көрсетілген. Қарастырылып отырған сулар құрамы бойынша бірдей.

Қабат қысымын ұстап тұру үшін қабатқа су айдау ағын суларды утилизациялаудың мәселесін шешер еді, бірақ кеніштердің суарынды режиміне байланысты қабат қысымын ұстап тұру қажет емес.

Өрт жағдайында резервуарларды суытудан қалған ағын сулар, жаңбыр сулары және еріген қар сулары құдыққа ағып, одан әрі жылжымалы құралдармен тұндырғыш-сыйымдылыққа жеткізіледі.

Су ресурстарын және іргелес жатқан территорияны өндіріс объектілерінің кері әсерінен қорғау үшін келесі шараларды орындау керек:

- суды есепке алуды және оны қолдануды бақылауды суөлшегіш аппаратураны қолдану арқылы қамтамасыз ету;

- барлық өндірістік ағын суларды, сонымен қатар мұнаймен қоса табылған суды жинау, тазалау және утилизациялаудың герметизацияланған жүйесін құру;

- технологиялық алаңда бордюрлар мен жаңбырқабылдағыш-тарды салу.

4.2.3 Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау.

Топырақпен жер қойнауын қорғау үшін жобада келесілер қарастырылған:

- ҚР нормативтік актлерін және заңдарын сақтау;

- қалықтар шығармайтын және қабат флюидтеріңнің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар констукциясын және технологиялық құрылысын қолдану;

- улылығы аз бұрғылау ертінділерін және жуу сұйықтарын, сондай-ақ табиғи негізді ертінділерді қолдану;

- нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;

- өндірістік операциялар аяқталғанан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

- мониторинг жүргізу.

Геологиялық ортаға әсер ететін мүмкін негативті әсерлер:

- кен орынды пайдалану кезінде және ұңғыларды бұрғылау кезінде – жыныстардың мұнаймен, қабат сулармен, бұрғылау ерітінділерінің токсикалық реагенттерімен ластануы тау жыныстардың табиғи жату жағдайын бұзу.

- автокөліктің қозғалысы кезінде топырақ түзуші субстраттардың бұзылуы, рельефке әсер етуі, топырақты ластауы.

Мұндай негативті әсерлерді азайту үшін келесі шараларды іске асыру керек:

- ластану потенциалы және қоршаған ортаға әсері минимал материалдарды, техникалық құралдарды, технологиялық процесстерді қолдану;

- ұңғыларды пайдалану кезінде ластаушы заттардың көлемін минималдау;

- қауіпсіз көму үшін максималды утилизациялау, қайта өңдеу.