Нөмірін көрсетеді.
Логикалық (логические) Логикалык деректер 1 бит
OLE объектісі (объект Суреттер, диаграммалар ІГб-қа
OLE) жэне басқада OLE объектілері. дейін
2.4 Сүраныстармен жұмыс істеу
Кестелер мэліметтер базасының ең негізгі, кұнды объектісі болғандықтан, оған тек базаны қүрушы адам ғана қатынай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мэліметтер алу үшін сұраныстарды колдануы қажет. Мэліметтер базасын жобалаушы барлык кажетті сұраныстарды алдын-ала даярлап кояды. Егер колданушы өзіне қажет мэліметтерді таба алмаса, онда ол жаңа сұраныс дайындауды қажет етеді.
Егер бізге керек сүраныс мэліметтер қорында бар болса, оны Мэліметтер коры терезесіндегі Сұраныс панелін екі рет шерту әдісі арқылы таңдап аламыз.
Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау, ол үшін Мәліметтер қоры терезесінің сол жағындағы Сұраныс элементін таңдап алып, оң жақ терезедегі Конструкторлар режимінде сүранысты даярлау командасын таңдасақ, Үлгі бойынша сұраныс бланкі терезесі ашылады.
Үлгі бойынша сұранысты даярлау өте оңай жүргізіледі. Жанама менюдің көмегімен бланкінің жоғарғы бөлігінде қажетті кестелерді ашып алады. Соның ішінен құрылатын сұранысқа кажет өрістерді тышқанның көмегімен таңдап алады. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сүраныстың қүрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен сақтап кояды. Осылайша күрылған сүраныс - таңдамаға сүраныс деп аталады.
Сурет-2.4.1
Таңдамаға сұраныс нэтижесінде алынған мэліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сұрыптауды қолданамыз. Төменгі бланкінің сол жағында Сүрыптау деген жол орналасқан. Сол батырмаға екі рет басу арқылы ашылған тізімнен сүрыптау эдісін таңдап алуға болады: өсу немесе кему бойынша. Төменгі бланкінің Экранға шығару жолында жалпы жағдайда Барлык өрістер үшін экранға шығарылсын деген (V) жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мэліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сэйкес жалаушаны алып тастауға болады.
Сүрыптау шартын пайдалану мэліметтерді қандай да бір критерий бойынша сүрыптауды қамтамасыз етудің косымша кұралы болып Сүрыптау шарты есептеледі. Оған сэйкес келетін жол Үлгі бойынша сүраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналаскан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.
Есептеулері бар сүраныс - бұ_л сүраныс берілген өрістерде, кандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда кұрылады. Ол үшін мэліметтер базасын ашқан соң пайда болатын негізгі терезеден Сұранысты таңдап, оны Конструктор режимінде қүрамыз. Сүраныс конструкторы терезесінде өріс жолына сэйкес формуланы жазу кажет. Ең дүрысы, өрнектерді дайындауды
Тұрғызу терезесі төрт аймактан тұрады:
• бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады.
Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:
екінші аймақта сүранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;
үшінші аймақта — екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;
төртінші аймақта - үшінші аймактан таңдалынып алынган элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.
Өрнектерді тұрғызушы терезесін ашу үшін Сүраныс конструкторының аспаптар панелінде Тұрғызу батырмасын басамыз.
Өрнектерді тұрғызушы терезесіндегі формулаға стандарттық функцияларды енгізуге және ол туралы аныктама алуға болады. Қолданушы сол алынған функцияның мэндерін енгізсе болғаны.
Өрнектерді тұрғызушы терезесінде өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мэліметтер түптегі тізімінен (екінші аймақтан) Функция қаптамасын ашып, Енгізілген функциялар қаптамасын таңдап алу кажет. Ал ортаңғы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймактан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру батырмасын басу керек.
Мэліметтер қорын қолданушы тек дайын сүраныстармен жүмыс істей алады. Егер жобалаушы құрған сүраныста бағасы 80 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алуды ғана қарастырса, онда біз бағасы 400 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп ала алмаймыз. Өйткені оған сэйкес сұраныс дайындалмаған. Осы жағдайда параметрлі сүранысты пайдаланамыз, яғни параметрдің мэнін өзіміз енгізу арқылы, бағасы көрсетілген параметрден кем кітаптар санын шығарып аламыз. Параметрлі сүранысты күру үшін сүраныс бланкісінің төменгі жағында Экранға шығару жолындағы жалаушаны алып тастаймыз. Іріктеу шарты жолындағы сәйкес өрістің астына [Параметрді енгіз] деген мэтінді теру қажет.
Қорытынды сүраныс электрондық кестелердегі қорытынды функциялардың қолданылуындай қызмет атқарады. Топтау амалдарының көмегімен кайсібір өрісте қорытындылау функцияларын кұруды жеңілдетеді. Қорытындылау функцияларына - avg (орта мәнін табу), sum (қосындыны есептеу), max (ең үлкен мэнін табу), min (ең кіші мэнін табу), count (берілген аргументтер санын анықтау) т.б. жатады.
Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс конструкторының аспаптар панелінде Топтау операциялары батырмасын басып, сүраныс бланкісінің төменгі жағына Топтау операциясы жолын енгізу қажет. Қорытынды жүргізілетін өрістің үлшығында топтау операциясын таңдап аламыз.
Сүраныс құру үшін: мэліметтер қорын ашыңыз.
Сұраныс анықтамасын ашып, зерделеп алыңыз.
Қосымша сүраныска өтіңіз —> создать —> конструктор —> диалогтық терезедегі кесте қосу—> закрыть мэліметтер коры схемасы пайда
болады.Төменде конструкторлык сұраныс терезесінде кесте атын,
тиісті өрістерді қалыптастырыңыз. Екі рет кезегімен негізгі кестедегі есімдерді басып, ата-тегін алфавит бойынша орналастырыңыз.
