- •1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
- •1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
- •1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
- •2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
- •3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтер бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама – қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:
Σ Α = Σ MK + M.
Қаржылық қорытынды есеп беру деп – кәсіпорынның
(шаруашылық жүргізуші субъектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштерінің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвестрлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың концептуалдық негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік –құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне-құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына – тіркелген жеріне, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына – олардың құзіретіне сәйкес тапсырады.
Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі мың теңге.
Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есеті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.
Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есепбі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады.
Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:
Бухгалтерлік баланс
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
Қаржылық қорытынды есепке түсіндірме хат.
Төменде субъектінің қаржылық қорытынды есепті құру (жасау) бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі келтірілді.
Кесте 2- Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есеп
