- •1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
- •1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
- •1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
- •2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
- •3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС шығыстар қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте шығарылған шығыстар мен табыстардың нақты баптары бойынша алынған қаржы сомаларының арасындағы тікелей салыстырулардың негізінде танылады. Бұл процесс әдетте шығындар мен табыстардың (кірістердің) салыстырылуы деп аталады. Ол бір операциядан немесе басқадай оқиғалардан тікелей және бірлесіп туындайтын таза табыс пен шығыстардың бір уақытта немесе құрамдастырылған түрде танылуын болжайды; мысалы, сатып - өткізілген тауардың өзіндік құнын құрушы шығыстардың әр түрлі компоненттері сол кезде осы тауарларды сатудан алынған табыс (кіріс) ретінде танылады. Бірақ, салыстырмалық принципінің қолданылуы баланста активтер немесе міндеттемелердің анықтамасына сәйкес келмейтін баптарды тануға (есепке алуға) мүмкіндік бермейді.
Жалпы табыс – ақша түрінде есептелген кәсіпорындар мен ұйымдардың тауар өндіріп сатудан және қызмет көрсетуден алынған жылдық табысы. Жалпы табыс өнім және қызметтен шығындарының айырмашылығы ретінде анықталады. Жалпы табыс еңбекақы мен таза табыстың қосындысына тең.
Таза табыс – кәсіпорынның салықтарын шегергеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде алынатын табыс. Негізгі абсолютті көрсеткіштерді талдасақ, оларға жататындар:
Өнімді өткізуден түсетін түсімдер (ӨӨТ);
Жалпы табыс (ЖТ) = ӨӨТ - ӨӨҚ (өнімнің өзіндік құны);
Негізгі қызметтен түсетін табыс; НҚТ = ЖТ – КШ (кезең шығындары), КШ – ға жалпы административтік шығындар, өткізу бойынша және пайыздарды төлеу бойынша шығындар жатады.;
Негізгі қызметтен тыс табыстар – бұл өндірістік қызметпен байланысты емес табыстар;
Салық салынғанға дейінгі табыстар (БТ) – ол жалпы ұйымның негізгі қызметінен түсетін табыстар қосылған негізгі қызметтен тыс табыстар, НҚТ + НҚ тыс Т;
Салық салынғаннан кейінгі табыстар = 5 пункт – салық сомасы;
Төтенше жағдайлардан түсетін табыстар (ТЖТ);
Таза табыс ТТ = 6n ± ТЖТ (Ш).
Қарыздарды басқару кезінде бұл көрсеткіштерден басқа келесідей көрсеткіштер пайдаланылады:
Қосылған құн; ҚҚ = ӨҚ (өндіріс көлемі) – МШ (материалдық шығындар); МШ – ға материалдар, шикізаттар, отын, энергия жатады;
Нәтиженің брутто мөлшері; НБМ = ҚҚ – ЕА (еңбек ақысына кететін шығындар);
Нәтиженің нетто мөлшері; ННМ = НБМ – ҚШ (қайта құру шығындары).
Нетто нәтиже бұл кәсіпорынның пайыздарды, салықтарды төлегенге дейінгі табыс мөлшері. Салыстырмалы көрсеткіштерге табыс нормасы немесе рентабельдік көрсеткіштер жатады. Олар нәтижені шығындарға бөлу арқылы есептеледі.
(Нәтиже / шығындар) * 100%;
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС шығыстардың танылуы, яғни есепке алыну кезеңін анықтау үшін «шығындар» (құн), «жұмсалған қаржылар», «шығыстар» және «төлемдер» деген терминдердің өзара байланысын қарастыру қажет.
Шығындар (құн) – белгілі бір мақсатпен жұмсалған ресурстар сомасының ақшалай өлшемі.
Жұмсалған қаржылар – шығындардың пайда болуымен байланысты активтердің (әдетте ақшаның) азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі (жиірек кездесетіні төленуге тиісті шоттар). Кезең ішінде жұмсалған қаржылар осы есепті кезеңде сатылып алынған барлық тауарлардың, пайдаланылған қызметтердің құына тең.
Шығыстар – ағымдағы есептік кезеңге жатқызылған шығын баптары. Шығыстар ағымдағы кезең ішінде табыс табуға қажетті ресурстар болып табылады. Егер қаржы жұмсалатын болса, онда пайда болған шығындар активтерге не болмаса шығыстарға жатқызылады. Егер келешекте табыс әкелу қабілеті болса, онда шығындар активтерді көбейтеді. Басқаша жағдайда ол шығыстар, яғни, ағымдағы кезеңнің бөлінбеген табысының қысқаруы болып табылады.
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС төлеу – ақша қаражаттарының төленуі. Ақша қаражаттарының төленуі – бұл, қаржылардың жұмсалуы, бірақ кез келген нақты ақшамен төленетіндер, айталық, кредиторлық борыштардың қайтарылуы немесе акционерлерге нақты ақшамен дивидендтердің төленуі және т.б.
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС есепті кезеңде қандай шығындарды «шығыстар» деп есептеу керектігі айқындалған негізгі критерийден басқа, екі критерийді ескеру қажет:
Кәсіпорынның осы кезеңдегі қызметімен байланысты шығындар кезеңдік шығыстар болып табылады;
Алдағы кезеңдердің табыстарымен байланыстыруға болмайтын жұмсалған қаржылар ағымдағы кезеңнің шығыстары болып табылады.
Тікелей байланыс. Жоғарыда тауарлардың өзіндік құнының оларды сатып - өткізуден түскен табыспен байланысты туралы айтқан болатынбыз. Соған ұқсас, егер тауарды сатып - өткізген сатушыға делдалдық ақша төленетін болса, онда ол сол сатып - өткізуден табыс есептелген кезеңнің шығыстары ретінде есепке алынады. Сатушыға төленетін ақшаның шығыс ретінде танылу кезеңі, оның ақшаны алған кезеңінен басқа болуы мүмкін.
Есепті кезеңнің шығындары – белгілі бір есепті кезеңде орын алған қандай да болмасын табыс алу операцияларымен байланысты болмағанымен, сол есепті кезеңге жатқызылатын шығыстардың кейбір баптары. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде – дүкеннің кезең ішіндегі шығындары, ал өндірістік кәсіпорында – барлық өндірістік емес шығындар. Ондай шығыстарды кезеңдік шығыстар деп атайды.
Болашақ табыстармен (кіріспен) байланысы жоқ шығындар. Кезеңдік операциялармен байланысы жоқ шығындар бабы, егер ол қандай да бір болашақ кезеңмен байланысты болмаса, сол кезеңнің шығыстары ретінде көрсетіледі. Шығындар активтерге немесешығыстарға жатқызылады. Шығындар бабын актив ретінде есепке алу үшін, ол келешекте қандай да болмасын пайда әкелуге тиісті. Олай болмаған жағдайда, ол ағымдағы кезеңнің шығыстарына жатқызылады.шығындардың көптеген түрлері өздерінің табыстармен немесе тіпті осы есепті кезеңнің жалғасушы операцияларымен байланысты жоқтығына қарамастан ағымдағы кезеңнің шығыстарына апарылады. Егер, мысалы, активтер өртке ұшыраса немесе ұрланса, онда шеккен зиянның сомасы ағымдағы кезеңнің шығыстарына жатқызылады. Сол сияқты пайдалану қасиетін жоғалтқандығы мәлім болған активтер де шығысқа есептеледі.
Шығыстар және жұмсалған қаржалар.
Қаржылардың жұмсалуы ақша қаражаттарының төленуі, борыштардың пайда болуы (төленуге тиісті шот), басқа активтерге айырбастау жолдарымен жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл жұмсалған қаржылар не активтерге не болмаса шығыстарға апарылуы мүмкін. Мысалы, 2006 жылдың аяғында 50000 теңге нақты ақшаға материалдар сатып алынды, яғни ақша қаражаттарын басқа активке айырбастау жолымен барлығы 50000 теңге қаржы жұмсалды. Егер материалдар 2006 жылы пайдаланылмаса, онда биылғы жылы шығыс болған жоқ. Материалдар 2006 жылдың аяғңында актив ретінде көрсетіледі. Егер материалдар 2007 жылы өндіріске жұмсалса, онда 50000 теңге сол жылдың шығыны болып табылады.
