- •Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
- •6 Кесте
- •7 Кесте
- •2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
- •Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
- •8 Кесте
- •Арынды мұнаралар
- •Арматура.
- •1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.
- •10 Кесте Ағынды лас су шығын мөлшері
- •Дәріс мазмұны:
- •Халқы аз елді мекендерде суды тазарту жүйелері.
- •11 Кесте
- •12 Кесте
- •Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
- •Жеке тазарту қондырғылары.
- •Бақылау сұрақтары:
6 Кесте
Тұрғын үй аудандарының абаттандыру дәрежесі |
Су қолдану нормасы, л/тәу q |
1-дәреже. Ішкі су құбыры және сарқан су шығарушы құбырмен жабдықталған, шомылатын астауы жоқ үйлер |
125-160 |
2-дәреже. 1-дәреже + шомылатын астау және жергілікті сужылытқышпен жабдықталған |
160-250 |
3-дәреже. 2-дәреже + орталықтандырылған түрде ыстық сумен жабдықталған |
350-350 |
Сонымен, орташа тәуліктік шаруашылық-ауыз су шығыны тұрғындардың санына және суды тұтыну мөлшеріне байланысты мынадай формула бойынша анықталады;
Qорт.тәу=qн *Na/1000 , м3/ тәу,
мұндағы- Na - қала тұрғындарының саны, qн - бір адамға тәулігіне мөлшерленген су шығыны нормасы, л/тәул.
Су ең көп және ең аз қолданылатын тәуліктердегі су шығыны Qтәу.mах., Qтәу.min
Qтәу.mах=Ктәу.mах· Qтәу.ор
Qтәу.min=Ктәу.min· Qтәу.ор
Үйлердің жабдықталу дәрежесін, кәсіпорындардың жұмыс істеу режимін, халықтың тұрмыс ерекшеліктерін, су қолданудың жыл мезгілдері мен апта күндеріне байланысты өзгеруін ескеретін су қолданудың тәуліктік әркелкілік(қалыпсыздық) коэффициенттері тең:
К тәул.макс = 1,1 … 1,3; К тәул.мин = 0,7 … 0,9.
Су ең көп және аз қолданылатын сағаттардағы су шығыны
Су қолдану тәулік ішіндегі өзгеруін ескеретін сағаттық әркелкілік коэффициенттері төмендегідей формулалар бойынша анықталады:
Kсағ.max=αmax·βmax
Kсағ.min= αmin·βmin
α – үйлердің жабдықталу дәрежесін, кәсіпорындардың жұмыс істеу режимін және де басқа жергілікті жағдайларды ескеретін коэффициент:
макс = 1,2 … 1,4; мин = 0,4 … 0,6.
7 Кесте
β-елді мекендегі тұрғындар санын ескеретін коэффициент кестеден алынады.
Тұрғындар саны, мың.адам |
4-6 |
10 |
20 |
50 |
100 |
300 |
1000 және одан да көп |
макс мин |
1,4 0,25 |
1,3 0,4 |
1,2 0,5 |
1,15 0,6 |
1,1 0,7 |
1,05 0,85 |
1 1 |
Елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын санитарлық тазалықта сақтау жұмыстарына шығындалатын су көлемі көшелер мен алаңдарға себуге және жууға, сонымен қатар жасыл алқаптар мен гүлдерді суғаруға жұмсалатын су шығындарынан тұрады да, оны төмендегі мына формула бойынша анықтауға болады;
Qc = 10 *Fc* qн * n ,
мұндағы Fc -су себілетін көшелер, алаңдар, жасыл алқаптардың ауданы,га, qн -бір рет себуге немесе жууға кететін су мөлшері,л/м2, n-себу саны. Мұны жергілікті ауа райына байланысты белгілейді.
Егер жобалау кезінде су себілуге тиісті ауданның көлемі белгісіз болса, бұл жағдайда қажетті су көлемін сол аудандағы тұрғындар санын біле отырып анықтауға болады. Мекенжайдың географиялық орналасу орнына қарай әрбір адамға тәулігіне 50-90 литрдей су шығыны кететіндей етіп қабылдауға болады.
Өнеркәсіп орындарының сумен қамтамасыз ету жобасын жасағанда судың өндіріс қажетіне жұмсалатын шығыны технологиялық есеп негізінде қабылданады. Оларға қажетті су көлемі өндіріс орнының сипаттамасына және қабылданған технологиялық процестерге байланысты болады. Өндіріс орындарына берілетін су бұйымдарын шығаруға, су қондырғыларын салқындатуға, жууға, буды суға айналдыру процестерінде, айналмалы жүйелерде ысырапталынған судың орнын толтыруға және басқа көптеген құбылыстарда пайдаланылады.
Өнеркәсіп орындарындағы өндіріс мұқтажына жұмсалатын су мөлшерін пайдалану тәжірибесінен алынған әртүрлі өнеркәсіп салаларынан шығатын әр бұйымға мөлшерленген су шығынын қабылдай отырып анықтауға болады, яғни
Qө =Mө * qн /1000,
мұндағы qн -өнеркәсіп орындарында бұйым шығаруға кететін су мөлшері, Мө-өнеркәсіп орнының бір тәулікте шығаратын өнімі.
Қолданылған әдебиеттер:
1 нег. [195-200, 245-248]
Бақылау сұрақтары:
1.Су тұтынушылардың негізгі түрлеріне кімдер жатады?
2.Су тұтыну нормасы дегеніміз не?
3.Сағаттық біркелкісіздік коэффициент дегеніміз не?
4.Тәуліктік біркелкісіздік коэффициент дегеніміз не?
4-дәріс. Сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеу режимдері. Судың шығындалу кестесі.
Су құбыр жүйесінде негізгі қондырғылардың байланысы.
І-ші және ІІ-ші су көтеру насос (сорғы) станциялары.
Дәріс мазмұны: Жоғарыда сумен жабдықтау жүйелерін және олардың негізгі элементтерінің орналасу схемаларымен таныстық. Ғимараттар мен қондырғылардың өлшемі, сорғыштардың қуаты мен саны, резервуарлар мен мұнаралардың сыйымдылығы, құбырлардың диаметрлері олардан өтетін су шығынына және олардың жұмыс істеу тәртібіне тәуелді болады.
Елді мекендерде мұны шешу қиындау, себебі судың шығындалу кестесі адамдардың тұрмыс жағдайына байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады. Қалаларда ол мерекелердің өту және жолаушылардың келіп-кету кестесіне де байланысты болады. Жаңа елді мекендердің су жүйесін жобалағанда судың шығындалу кестесін сол мекенжай үшін ауа райы, тұрмыс жағдайы және өнеркәсіп өсуінің дәрежесі жағынан ұқсас келетін және бұрыннан сумен жабдықтау жүйесі бар қалалардың суды пайдалану режимінің мәліметтері негізінде анықтауға болады. Осындай мәліметтерге сүйене отырып , құрылыс ережелері мен қағидалары қала тұрғындары үшін сағаттық жоғарғы және төменгі шығындарды табу.
Сыйымдылықтардың көмегiмен сорғы станциясының жұмыс кестесiн реттеп отыруға болады, сонымен қатар олар магистралдық құбырдың диаметрiн кемiтуге мүмкiншiлiк жасап жалпы су тораптарының құнын азайтуға себепшi болады.
Суды алуы бойынша төмендегiдей жiктеледi:
арынды, 2-арынсыз.
4- сурет. Су мұнарасы мен сорғы арынының биіктігін анықтау сұлбасы
а — арынды мұнара тораптың басында орналасқан; б — арынды мұнара тораптың соңында орналасқан (контррезервуар)
Су мұнарасының биiктiгiн анықтау
Hб =z +Hсв +h-z3
мұндағы:: z- берiлген нүктедегi жер белгiсi
Нсв – берiлген нүктедегi тұтынушыларға керектi бос орын.
h - су мұнарасынан берiлген нүктеге дейiн магистральды су шығынадырының қосындысы.
Z3 – су мұнарасының маңындағы 3 нүктедегi жер белгiсi.
Айналмалы тораптағы ең биік нүкте су мұнарасының орналасу нүктесі болып саналады.
Екінші көтеру сорғы станциясындағы керектi берiлiс пен сорғы арынын таңдау
Сорғыға қажетті арын формуласы.
Hтр =Hг +h
Мұндағы: Hг - су берудiң геометриялық биiктiгi.
h- су құбырының паралель бөлігіндегі арын жоғалу
Геометриялық биiктiк келесі формуламен анықталады
Hг =z3 +Hб +hб -z1
Мұндағы: z3 – су мұнарасының жанындағы жер белгісі
Нб - мұнара биiктiгi
hб – мұнарадағы бак биiктiгi, 4 тен 5 м ге дейiн.
z1 – жер асты резеруарындағы сулардың деңгейлiк белгiсi.
Су қабылдағыштан тазарту құрылғыларына су сорғы станцияларының көмегімен жеткізіледі. Сорғы станциясының құрамына қозғалтқыш жетекті сорғылар, бақылау-өлшеу аспаптары орнатылған құбырлар және жаппа-реттеу арматуралары кіреді.
Арналу мен орналасуы бойынша сорғы станциялары І және ІІ көтеру станциялары болып бөлінеді. І көтеру станциясының сорғылары суды су көзінен алып, тазарту орындарына жеткізуге арналады. Егер су тазартуды керек етпесе, І көтеру станциясы су тарату тармақтарына немесе су резервуарларына су береді. І көтеру станциясының схемалары 5-суретте берілген.
5-сурет. 1-Су алу құрылғылары; 2- І-көтеру сорғы станциясы; 3-арынды құбырлар.
а) –жағалық біріктірілген станция түрі; б) жағалық жеке станция; в) – ағындық біріктірілген станция; г) – ағындық жеке станция.
ІІ көтеру сорғы станциялары тазарту құрылғыларынан кейін орнатылады, да тұтынушыларға таза су жеткізуге арналады. ІІ көтеру сорғы станциясын жинақты схемасының түрлері 6-суретте берілген.
6-сурет. 1- І-көтеру арынды құбырлары; 2 – І-көтеру сорғы станциясы; 3-таза су резервуары; 4- ІІ-көтеру сорғы станциясы; 5-су арынды құбырлар.
Сорғы станциясының негізгі жабдығы ретінде көлденең және тік ортадан тепкіш сорғылар, поршеньді сорғылар және т.б. қолданылады.
Сорғыш бекеттері. Су құбырының құрамына екі сорғыш бекеті кіреді. 1 деңгейлі сорғыш бекеті суды сутартқыштан сорып алып тазартқыш құрылымдарға айдайды, ал 2 деңгейлі сорғыш бекеті суды таза су резервуарынан магистралды құбырларға немесе мұнараға береді. Су құбырындағы максималды су шығынына /Qтәу.max/ және 2 деңгейлі сорғыш бекетінің манометрлік арынына байланысты арнайы әдебиеттерден қажетті сорғыштардың типі таңдалып алынады. Олардың техникалық сипаттамасы көрсетіледі.
Елді мекенді сумен жабдықтау үшін табиғи су көзінен елді мекендерге, мал шаруашылығына, фермаларға, жайлымдарға және басқада объектілерге суды арынмен береді, ол үшін сорғыштар және су көтергіштер қолданылады. Сорғыштар дегеніміз сұйықты бір нүктеден екінші нүктеге қысым айырымын жасау арқылы тасымалдауға арналған механизмді айтады. Сорғыштар жұмыс істеу принциптеріне сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді: динамикалық, көлемдік, үйкеліс сорғыштары, ауалық және тағы басқалар.
Сорғыш жұмысының негізгі сипаттамалары: 1. Сорғыштың өнімділігі (Q),
