- •Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуі
- •6 Кесте
- •7 Кесте
- •2. Сорғыштың арыны (h), 3. Қуаты (n), 4. Толық пайдалы жұмыс коэффициенті (пжк) 5. Айналым саны (n), 6. Сұйықты сорудың вакуумометрлік биіктігі.
- •Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
- •8 Кесте
- •Арынды мұнаралар
- •Арматура.
- •1. Жинап әкететін жүйе. 2. Ағызып әкететін жүйе.
- •10 Кесте Ағынды лас су шығын мөлшері
- •Дәріс мазмұны:
- •Халқы аз елді мекендерде суды тазарту жүйелері.
- •11 Кесте
- •12 Кесте
- •Сүзгілеу алаңдарына ағынды сулардың жүктеме нормасы (орташа жылдық атмосфералық жауын-шашын биіктігі 300-500м аудандары үшін)
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Ағынды суларды жергілікті тазарту. Беттік ағынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.
- •Жеке тазарту қондырғылары.
- •Бақылау сұрақтары:
Арынды мұнаралардың құрылымы мен жабдықталуы
Арынды мұнаралар сумен жабдықтау жүйесінің кез келген нүктесінде орналасуы мүмкін.Олардың жабдықталуы, жұмыс ерекшелігі орналасу орнына өте байланысты болады.
Мұнаралар, әдетте, бактен және оны көтеріп тұратын конструкциядан тұрады.
Арынды мұнаралар багінің сыйымдылығы мен орнатылатын биіктігі сумен жабдықтаудың жалпы есептеулеріндегі белгілі болғандықтан, оларды жобалаған кезде конструкциялық жағынан толықтырылып отырады. Мұнаралар багі көбіне дөңгелек түрде болады, ал оның диаметрі мен биіктігі технологиялық және сәулеттік-құрылыс жағы ойластырылып анықталады. Қалада орналастырылған арынды мұнаралар өз айналасындағы үйлердің сәулетіне лайықты болуы тиіс.
Бактерді көбінесе болаттан немесе темірбетоннан дайындайды. Олардың биіктігінің диаметріне қатынасы 0,5...1 аралығында болады. Бактегі суды қатпаудан, қызып кетпеуден және ластанудан сақтау үшін бакті шатырмен жауып қоюға болады. Шатыр жеңіл құрылыс материалдарынан жасалады. Бак пен шатыр арасы “a” адам жүре алатындай (0.7 м-ден кем болмауы ) болуы тиіс. Бақылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бәктің төңірегіне саты қойылуы керек.
Ауа райы қолайлы жағдайларда шатырды құрудың керегі де жоқ. Егерде бак ішіндегі судың алмасуы өте жақсы болса, онда өте суық аудандарда мұнараны шатырсыз құруға да болады. Кейінгі кездері арынды мұнаралар, әсіресе, олардың ішіндегі үлкендері шатырсыз құрылуда. Шатырсыз мұнаралар багінің үсті жабылып, сырты гидроизоляциялық материалдармен оралады. Арынды мүнараларда конструкциялық әр түрлі тәсілдермен құрастыруға болады. Шетел практикасында бактердің ғажайып басқа түрлерін де кездестіруге болады.
Арынды мұнаралардың тіреуіштері болаттан, темірбетоннан, кірпіштен жасалынуы мүмкін. Олар жеке тіреуіштер немесе бүтін қабырға түрінде болады. Сумен жабдықтауда көп таралған түрі темірбетонды арынды мұнаралар. Сонымен қатар, багі болаттан немесе темірбетоннан жасалып, тіреуіштері қыштан жасалынатын мұнаралар да болады. Көп уақытқа дейін болаттан жасалған Шуков атындағы мұнаралар құрылып келді.
Уақытша жұмыс істейтін және ауылды сумен жабдықтау жүйелерінде бәгі металдан, ал тіреуіштер ағаштан жасалатын мұнараларды да қолдануға болады.
Диаметрі едәуір үлкен болатын бактерді көтеріп тұратын тіреуіштер әсіресе, темірбетоннан немесе қыштан істелінген кезде жер беті мен тәк арасында үлкен дөңгелек кеңістік пайда болады. Осы кеңістікті тиімді пайдалану, ол да өте бір қызығарлық нәрсе. Бұл жерге кеңсе, қойма немесе шетелдерге ұқсас ресторан, қонақ үй, кино көретін орындар ұйымдастыруға болады.
Бак астындағы бос кеңістікті пайдалануды ойластырған кезде санитарлық жағы естен шықпауы тиіс.
Багы мен тіреуіштері темірболаттан жасалынатын арынды мұнаралар ТМД елдерінде жиі қолданылады. Тіреуіштер тұтас қабырға немесе тіреуіштер түрінде жасалынуы мүмкін.
Жеке тіреуіштердің арасы жеңіл материалдармен (шлак, қуыс кірпіш) толтырылады. Бак және тіреуіштерге орнатылатын болса, онда жабдықталған құбырлар қаптама ішіне құрылады. Қаптаманың іші құбырларды суықтан және ыстықтан сақтайтын материалдармен толтырылады. Сондықтан қаптамада бақылау терезелері қондырылады да, ал бақылау жүмыстарын жүргізу үшін қаптаманы бойлай иір саты орнатылады. Ол саты бакке шығу үшін де пайдаланылады. Жылу сақтаушы материал әрдайым құрғақ болуы шарт. Мұндай қаптамалар болаттан жасалған арынды мұнараларда шартты түрде пайдаланылады.
Төменде берілген 8-кестеде ТМД елдеріндегі қолданылатын арынды мұнаралардың өлшемі берілген.
Тіреуіштері ағаштан жасалынған мұнаралар уақытша және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жүйелерінде қолданылады. Олардың сыйымдылығы 100 м – ден аспайды.
Арынды мұнаралар жұмыс орнына қарай әртүрлі құбырлармен және арматуралармен жабдықталады.
