Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Игилик курсавой.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297 Кб
Скачать
☆

1.Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

1.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы

Қазіргі уакытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында- дерлік екі денгейлі банк жұйесі құрылып, белсенді тұрде одан әрі өрістеуде. Онын бірінші деңгейінде эмиссиялық, кадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету және сол сиякты басқа кызметгермен шұғыл-данатын, ал екінші деңгейінде клиентгерге қызмет көрсететін коммерциялык банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі

дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталык банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялык банк-терден кұрылған..

Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялык) деп бөлу Қазакстан мемлекетінің жаңа экономикалык механизмін құруға септігін тигізуде. Қазақстанда банк жүйесінін калыптасу және Қазақстан даму кезеңдері.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуел-сіздік алганнан сон КСРО Мембанкінін Республикалық Кенсесінің негізінде 2013 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде кұрылып, ал 2014 жылдың наурызынан Қазакстан Ұлттық банкі деп аталады.Ол республикадағы банк жүйееінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің 2013 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республи-касының Үлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар ¥лтгақ банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және ёасқа зандарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшы-лыққа алады.

Ұлттык банк - заңцы тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашута құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Үлтшқ банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқгы, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, ¥лттық банк те үкіметгің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкімет-тің өкілдік және атқарушы органдарының Үлттык банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің занды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Қазақстан Үлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Үлтгақ банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекеме-лерінің міндетгі түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Үлтшқ Бан-кінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахста-на" атты қазақ және орыс тщдерінде шығатын ресми басы-лымдарда жарияланады.

Ұлттык банктің иегізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сон-дықган ол:

- ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен ва-люталық қатынастарды ұйымдастырады;

- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;

- несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктін міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлтгық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

Үшіншіден, банктердің банкісі кызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта каржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттык банк — екінші деңгейдегі банктер үшін соңгы сатыдэғы не-сие беруші. Несиені ұлттык валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің баскармасы белгілеген тәртіппен жэне мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тэртібін анықтап, казақстандык теңгемен жүргізілетін банкаралык есептесуді өз уакытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің кызметін ұйымдастырады.

Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканын ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік калдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу. есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәр-тібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардын орьшдалуын бақылайды. Банктер мен олардын филиалдарының қызметін жерғілІкті жерде немесе аудиторлык ұйымдарды шакырып бақылайды. Үлттық банк өзінің бақылау кызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін жэне басқа күжаттарын тексереді.

Алтыншыдан, валюталык реттеу және валюталык бақылау кызметі. Оны атқару үшін ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, онын ішінде проценттік мөлшер деңгейінде шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидентгерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Ұлттық валютанын шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Зан күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өндеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылык капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан кұрылады.

Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Баскармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

Алтыннан, банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттык банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан; ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан; шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;

шетел вапютасындағы жай және аударым вексельден;

өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп аиырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлык емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттык банктің қаржылык жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылықк, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.

Ұлттық банктін басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы - Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және президенттен бір, Респубдика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.

Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға кызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Баскармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган - Директорлар Кеңесі. Директорлар Кедесі Президенттің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]