- •Мазмұны
- •1 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
- •2 Қаржы нарыгынын кызмет аткару механизми
- •1.Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
- •1.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы
- •1.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы және құрылымы
- •2 Қаржы нарыгынын кызмет аткару механизми
- •2.1. Қаржы нарығының құрылымы
- •2.2. Сақтандыру нарығының ерекшеліктері
- •2.3. Валюта нарығының қалыптасуы
- •Қорытынды
- •Пайдаланлған әдебиттер тізімі
Қорытынды
Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер. Қазақстан Республикасының зандары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық,сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.
Қазақстан Республикасындағы "резидент еместерге" жоғарыда республика "резиденттері" түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады. Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;
резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
ұлттық валютаның - теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жургізу,
кедендік және салык төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен ретгейді; алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
халықаралык есеп айырысуды ұиымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.
Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді.
Сақтандыру нарығы бойынша қызметтер көрсету саласы, яғни сақтандыру қызметтерін көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу аясы. Сақтандыру нарығы тәуелсіз сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларды тарту, ақшалай қаражатты сақтандыру қорларына жұмылдыру үшін бәсекелесуін көздейді.
Валюта нарығы дегеніміз-шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті
