Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФС ЛК КАЗ 2014.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391 Кб
Скачать
☆

Табиғат туралы ғылымдар

Түсіндіру

Рух туралы ғылымдар

Түсіну

/Пайымдау/

5. В. Виндельбанд пен Г. Риккертің классификациясы: табиғат туралы ғылымдарға қатысты натуралистік дүниегекөзқараспен методологиясы туралы тезиске қарсы шығады.

Табиғаттану мен тарихи ғылымдар әр-қашанда өз-арасында принципиалды қайшылықта болу қажет. Оның себебі, олардың ұғым қалыптастыру айырмашылығында жатыр. Тарих өзінің мәліметтерін жалпы ұғымдық деңгейге келтірмейді.

Номотетикалық - идеографиялық, генерализациялау - индивидуалдандыру.

Құндылықтар, «тарихи индивидттер».

әдіс/құндылық

құндылықтан айырылған табиғат

мәдениет пен құндылықтарға қатынас

номотетикалық

генерализациялау

таза табиғаттану:

физика мен химия

құндылықты, генерализацияландыратың ғылымдар: экономика теориясы, әлеуметтану

идиографиялық

индивидуалдандыру

табиғаттану ғылымдардағы: «квазитарихи элементтер»: күн жүйесінің тарихы, биологиялық түрлердің тарихы

мәдениет туралы ғылымдар: тарих, әдебиеттану

6. Логикалық позитивизмнің /неопозитивизм/ (1920-50 жж.) классификациясы.

Екі мағынадағы сциентизм:

  • білімді тек ғылым нақты түрде береді;

  • барлық ғылымдардан «үстемді ғылым» - физиканың әдісіне сүйену қажет.

Формалды ғылымдар:

логика, математика жалған ғылымдар:

астрология, психоанализ

Фактуалды ғылымдар:

физика, биология, тарих т.б. Метафизика

Формалды

Табиғаттану

Әлеуметтану

Гуманитарлық

логика

математика

нақты

Конфигурациялық

экономика

әлуметтану

тарих

әдебиеттану

физика

химия

геология

ботаника

Әрине, бұл классификацияны біз «жұмысшы» түрінде қабылдаймыз, сонымен бірге, ол ғылымның негізгі типтік айырмашылықтарына сілтеу жасайды, сөйтіп, эмпириялық пен теориялық әдістерде қолданылатын пәндік айырмашылықтар мен нақты заңдылықтарына да назар аударады. Осы жағдайда, ядерлық физикамен әлде этология мен орта ғасыр сурет тарихының арасындағы айырмашылықтарды да анықтау қиын.

19 ғ. үшін ғылымдардың нақты және толық классификациясын жасау талпыныс үстемді болған. «Үлкен ғылым» 20 ғ. пайда болды, бір-неше мың пәндермен субпәндерді қамтиды, олар арасында әр-түрлі өзгеріске икемделген қатынастар да айқын. Сонымен қатар көп техникалық, қолданбалы ғылымдар туылды.

Ғылым философиясының өкілдерінің назарына көбінесе екі шекті ғылымдар түскен –физика мен тарих – бұл тарихи қалыптасқан жағдай.

Бірақта, әлеуметтік ғылымдар да қызықтырады, мысалы, экономика – методологиялық тұрғыдан ең дамыған ғылым. Әлде, лингвистика – гуманитарлық ғылымдардың «кішкентай ханшайымы» деп аталады.

Жаңалық ашу контексті – дәлелдеу контексті: ғылым философиясы ғалымдармен жаңа заң мен теорияларды ашу процесстерді зерттемейді, бұл «таным психологиясының» шеңбері. Оның мақсаты – білімді дәлелдеу процесі.

Тікшіл классификациясы, қазіргі ғылымның ұйымдастыру түрлері бойынша келесі 4 блоктан тұрады:

1. академиялық ғылымдар ғылым академиясы орта болған сон; фундаменталды табиғи ғылымдар /физика, химия, биология/ және гуманитарлық /тарих, тіл білімі, әдебиет/;

2. вуздық ғылымдар орталық вуз болған сон, ғылымдар фундаменталды және қолданбалыға бөлінеді; ғылыми зерттеу институттар, ғылыми лабораториялар.

3. қоғамдық ғылымдар, өздері қалыптасқан; ғылыми студенттік қоғамдар, семинарлар, рационализаторлар қоғамы;

4. соңғы кезде ғылымдардың бірігуі, интеграциясы, универсалды ғылымдарды қалыптастырды /кибернетика – бағдарламаларды өндеу және игеру туралы ғылым; қалаушысы Норберт Винер /1894-1964/ американдық ғалым, математик; синергетика - әлем өзідік құрылысқа дайын жүйе; дүниенің бейнесі кездейсоқтық себептермен негізделеді; флуктуация – ауытқу, толқу; бифуркация – екіге бөліну, осылардан жүйенің сапалық өзгерістері басталады; синергетиканың бастаушысы, физика мен химия салаларында әйгілі, атақты ғалым, Нобель премияның лауреаты Илья Романович Пригожин /1917-2003/; осы ғылымдармен тығыз дамитын жүйе туралы жалпы теория; бастаушы Аристотель; Платонның жүйелерінде айқын; қалаушысы Людвиг фон Берталанфи /1901-1972 /; әлем жүйелі жиынтықтардан тұрады, өзі жүйе; негізгі қасиеттері: біртұтас; структурлы, дискретті, бөлінеді; қоршаған ортамен байланысты; иерархиялық тәртіпке бағынады, субординация; өзгеше қиын, көп аспектілді. Ашық жүйенің мысалы – ғылым.

Түбінде ғылым ортақ және біртұтас жүйе. Ғылым білім жүйесі; өзгеше қызмет; әлеуметтік институт; өндіргіш күш; қоғамдық сананың түрі. Ғылым функциялары: мәдени-көзқарастық; өндіргіш күш; қоғамдық күш.

Ғылыми танымның ерекшеліктері.

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген жоспарлар мен багдарламалар қолданылады. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырылады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанмен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыруымен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер (мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер және т.б) өз шығармашылықтарында дәл логикалық, кіршікшіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симфонияларының бағдарламалардын оның музыкалық мәтінімен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл ұғымдарға бейнеленген білім көптеген ірі жазушылардың шығармаларының негізін құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков және т.б). Бұл ұғымдық және бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар әр түрлі «дозаларда» ғылыми шығармашылықта да, көркемдік шығармашылықта да кездеседі. Олар сонымен қатар әдеттік, кәдімгі санаға да тән. Бұл тұрғыдан философ – неопозитивистердің ғылыми білімнің ерекшелігін оның эмпирикалылығымен, яғни ғылымының бүкіл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірімен келісуге болмайды. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады. Теория деген не? Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындысы деп айтуға болады.

Танымның жалпы ғылыми әдістері.

Жюль Верннің атақты «Капитан Гранттың балалары» романының кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде өзінің серіктеріне құс жұмыртқасын дайындаудың жүзге жақын тәсілі болатынын айтқан еді. Әрине, бір ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тәсілдермен жетуге де болады. Оның ішіндегі жақсысын таңдау кейде экономикалық тиімділігімен, кейде техникалық мүмкіндіктерімен, ал кейде міндетті түрде аз уақытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болады. Бұл жағдайлардың барлығында мамандар не дайын, жинақталған тәжірибеге сүйенеді, не болмаса, берілген міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сәйкес әрекеттің тәсілін ойлап тапты.

Әр түрлі ғылымдардың өздерінің арнайы міндеттерін шешу үшін қолданылатын сан алуан тәсілдерінен өзге ғылыми білімінің өзін даярлайтын және құрылымын реттейтін барлық ғылымдарға ортақ кейбір ережелер мен процедуралар да бар. Олар жалпы ғылыми әдістерді құрайды.

Абстрактылықтан нақтылыққа көшу – ғылыми теориялар құрастырудың логикалық жалғастығын реттейтін жалпы әдіс. Ғалымдар көбіне оның барлық бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданылады. Бұл әдісті философиялық талдау және пайымдау оның қолданысын неғұрлым адекватты етуге ықпал етеді.

Ғаламның қалыптасуының ең маңызды сәттерін бөліп, тарихи сипаттамасын жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады. Мұнан шығатын қорытынды - зерттеудің тарихи және логикалық әдістерді, неокантшыл философтар Риккерт пен Виндельбанд және шыншыл рационализмнің көсемі Поппер айтқандай, бірін – бірі теріске шығармайды, керісінше бірін – бірі толықтырады.

Ғылыми әдістердің типологиясы.

Әдіс - дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Тағы бір көңіл бөлетін жәйт, зерттеуші ғылыми танымның әдістерін өз қалауы бойынша, қалай болса солай белгілей салмайды. Әдістер зерттелмек болып отырған объектіге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар негізінде таңдап алынады. Бүл тұрғыдан алғанда әдістер объективті сипатта болады, сөйте тұра олар адамның рухани қызметінің нәтижесі болып табылады жэне де ол тек адам санасында өмір сүреді. Сондықтан да әдіс объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін қүрайды.

Ғылыми танымның эдістері өте көп әрі сан салалы, себебі танып-білудің объектісі болып табылатын материалдық жэне рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлык әдістерін шартты түрде үш топқа белуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласында пайдаланылғанымен, таным процесінін барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар накты қүбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Мәселен, математикалық индукция әдісі - математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау әдісі - металлургияда, радиоактивті бөліну әдісі - ғарышты зерттеулерде пайдаланылады.

Материалистік диалектика бүкіл әлемді, дүниені біртұтас қарастырып, табиғаттың, қоғамның, адам ақыл ойының дамуындағы ен жалпыламалық заңдылықтарды зерттейтін бірден-бір ғылым болғандықтан, ғылыми танымның ең жалпылама әдісі рөлін атқарады.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириялық жэне теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дүрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен кырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көк-жиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артык емес.

Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде түжырымдалады.

Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең колданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мәні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Мәселен, бидайдың бір сортының өсіп-өну ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен күздегі жиын-терімге дейінгі аралықта дән топырақтан көктеп өсіп шыққаннан бастап, астықты орып алғанға дейінгі өзгерістері есепке алынып отырады. Сол негізде тиісті ғылыми қорытындылар жасалады. Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процесстерге араласуы. Зерттеуші объектіні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мумкін. Қажет болган жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады.

Осы заманғы кең пайдаланылатын әдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу дегеніміз - эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Модель (латын тілінен аударғанда үлгі деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектіміен ұқсастық қатынаста болатын, таным процесінде оның орнына пайдаланылатын, нақты өмір сүретін немесе ойша алынатын жүйе, кұбылыс.

Жүртшылыққа ежелден белгілі, көз таныс модельдерден географиялық картаны, глобусты, химиядағы қүрылыстық формулаларды, т.б. атауға болады.

Осы заманда адам миының кейбір әрекеттері электронды есептеу машиналарында модельденеді. Модельдерді материалдық (физикалық) және идеалдық (логикалық, ойша алынған) деп екі түрге бөледі. Материалдық модель зерттелетін объектпен физикалық жағынан ұқсас болады, көбінесе түпнұсқа жасалған материалдан (мысалы, агаш, темір, т.б.) құрастырылады. Идеалдық модельдер ой шеңберінде қүрылып, түрлі белгілер арқылы бейнеленеді. Мәселен, атомның планетарлық моделі, математикалық белгілер мен формулалар, сызбалар мен кестелер, т.б.

Ғылыми таным процесінде анализ (талдау, саралау) жэне синтез (қиыстыру, біріктіру) әдістері улкен рөл атқарады. Зерттелуге тиіс объектіні ойша түрлі құрамдас бөліктер мен жақтарға бөліп қарастыруды, сол негізде оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын аныктау әдісін анализ деп атайды. Мәселен, адам ағашты зерттеп білуі оның тамырын, дінін, бұтақтары мен жапырақтарын, түрін, сыр сипатын, т.б. ойша жіктеп қарайды. Байқап отырганымыздай, процесі анализбен шектелмейді. Объектінің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алғаннан кейін бастапкы түтастыкқа қайта көшу керек. Бұл синтез әдісі арқылы іске асырылады. Анализ және синтез адамның күнделікті практикалық іс-әрекеті негізінде өмірге келген әдістері.

Фактілерді анализ жасап талдағаннан соң теориялық синтезге көшу индукциялық әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген тұжырымдар негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция әдісі деп атайды. Бұған кереғар әдісті, яғни нәтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуді дедукция дейді.

Жоғарыда айтылғандай, адам сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдап, біле алады, ал оның ішкі мәнін, даму заңдылықтарын тек абстрактілі ойлау арқылы игеруге болады. Сонда абстракциялау дегеніміз зерттеуге жататын заттың, объектінің маңызды бір жағын, қырын ойша бөліп алып қарастыру. Ғылымға тән негізгі түсініктердің, категориялардын бәрі де осы абстракциялық ойлау әдісінің нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Абстракциялауды заттың, объектінің ішкі табиғатына үнілу жолындағы аралық бір сәт, кезең деп карау керек.

Осындай жекелеген абстракциялаудан әрі қарай ой жүйесі енді нақты затқа бағыт алып қозғалуға тиіс, сонда ғана таным процесі нәтижелі болмақ. Ғылымда бүл әдіс абстрактіліктен нақтылыққа қарай өрлеу деп аталады. Зерттеліп отырған объектіні жан-жақты даму устінде қарастыру үшін тарихи жэне логикалық әдістер қолданылады.

Тарихи әдіс мәні объектінің пайда болу, қалыптасу және даму жолын тарихи тұрғыдан барлық бұрылыстары мен кездейсоқтықтарын ескере отырьш, даму кезендерін хроникалық ретпен зерттеп шығуға келіп саяды.

Логикалық әдіс тарихи процесстің басты мазмұнын, өзегін қамтиды. Ол объектінің даму жолындағы елеулі, мәнді кезеңдерді, негізгі зандылықтарды көрсетеді. Сондықтан тарихи және логикалык әдістер өте байланыста болып, бірін-бірі толықтырып отырады. Мәселен, адамзат тарихы дүниедегі барлык халықтардың даму жолын, олардың үлттық, табиғи, т.б. ерекшеліктерін қамтиды. Дегенмен, олардың бәрінің дамуында ортақ мәнді жақтар мен зияндылықтар бар екені сөзсіз.

Осы заманғы ғылыми танымда жуйелік-құрылымдық әдіс кең қолданылады. Бұл әдіс зерттелетін объектіні өте күрделі, өзіне тән құрылымы, құрамындағы элементтердің жүйелі байланысы бар құбылыс ретінде қарастырады. Дүниедегі заттар, құбылыстар мен процесстер, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы ғылыми білім сан алуан түрде бейнеленеді.

Солардың ішіңдегі ең елеулісі - теория. Ғылыми теория зерттеліп отырған объектінің ішкі, қажетті жақтары мен байланыстарын, оның өмір сүру және даму зандылықтарын бейнелейді. Ғылыми теория мынадай міндеттер атқарады:

1)түсіндіру -объектінің болмысын, мән-мағынасын, даму зандылықтарын ашу;

2) болжау - теория зерттеу объектісінің ішкі табиғатын ашу арқылы оның болашақтағы даму бағытын көрсете алады;

3) методологиялық міндет - әрбір теория ғылымның сол саласының дамуына жол ашады, танымның ілгерілеуіне негіз болады;

4) практикалық міндет ғылыми теорияны жасау түпкі мақсат емес, ол практикада қолданылуға тиіс, қоғамдык дамуға, ғылым мен техниканың жетілдірілуіне пайда келтіруі қажет. Ғылыми теорияның құрылымына заттардың, құбылыстардың қасиеттері туралы пікір алмасу, ой жүгірту (суждение), түсінік (ең жалмы әрі маңызды қасиеттер мен байланыстарды білдіретін ұғым), тексеруден өтіп, жинақталған фактілер, сондай-ақ идеялар мен заңдылықтар кіреді. Теорияның қалыптасуы - ұзаққа созылатын, күрделі, қайшылыққа толы процесс. Теория - ғылыми танымның ең жоғарғы нәтижесі.

Ғылыми теорияның қалыптасу барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза - ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гипотеза бола алмайды. Бұл үшін, біріншіден, ол болжам ғылымның сол саласындағы осы уақытқа дейін белгілі ғылыми жетістіктерге қайшы келмей, керісінше, соларды әрі карай өркендету керек; екіншіден, ол болжамның ықтималдығы тиянақталған болуға тиіс. Гипотеза практикадан тексеруден өткен жағдайда немесе ақиқаттығы әбден дәлелденген мәселелерден туындап тұрған болса, ол ғылыми теорияға айналады.

Тәсіл – материалды әлде илеалды объект, оның танылатын объектпен бағыттық байланысының нәтижесі, мәселенің шешім негізін құрастырады. Сөйтіп, бұл ұғым заттық объектермен ассоцияланады және объектілердің орнын басатын /репрезентация/ және жиналған білімді концептуалдау /жүйелі түрге келтіру/ көрнекі елестер болып табылады.

Таным іс-әрекетің меңгеретін негізгі формасына әдіс жатады.

Ғылыми әдіс – зерттеушінің таным процесстерінің, операциялары мен процедураларының мазмұндық тұрғыда регламенттеуге арналған алдын-ала жазба бұйырықтардың жұйесі.

Әдіс классификацияның бір-неше түрі бар, оның ішінде: философиялық әдістер /зерттелетін реалдылықты анықтайтын, синтездейтін, фрагментациялайтын жалпы принциптер /диалектика және оның альтернативалары, яғни метафизика мен эклектика, структурализм, феноменологияның, инструменталды операционализмнің философиялық түрлері/.

Жалпы ғылыми әдістерге /бүкіл ғылыми салаларда қолдалынатын/ сапалық, сандық, структурлы-функционалды, жүйелік, кибернетикалық, бағдарламалық, синергетикалық түрлері жатады.

Нақты ғылыми әдістер /нақты ғылымда зерттеушінің таным іс-әрекетінің мазмұны мен ізгілігіне регламентация жасайды/: физикада - ядерлы-магнетикалық резонанс, калибровты әдіс, химияда - хроматографиялық әдіс, психологияда - интроспективті әдіс, тарихи зерттеулерде - герменевтикалық шеңбер. Осыған қарамай, дәстүрлі классификациялаудың түрлері келесі: формалды өлшемдер бойынша: жалпы логикалық әдістер; ал мазмұндық тұрғыдан: эмпириялық пен теориялық зерттеулер әдістеріне бөлінеді.

Жалпы логикалық әдістер:

Салыстырмалы – бұл әдістің мақсаты негізгі біртекті өлшемдер бойынша объектілерді салыстыру және олардың сапалы мен сандық қасиеттерін белгілеу.

Анализ – бұл таным бойынша, біртұтас объект ойлау әлде практикалық /материалдық/ түрде қосынды элементтерге /белгілірге, қасиеттеріне, қатыстарына / бөлшектелінеді және олар біртұтас объекттен тыс өзгеше зерттелуі қажет.

Синтез - бұл таным бойынша, объектің ойлау әлде практикалық /материалдық/ түрде алдын ала бөлшектелген қосынды элементтерін тұтастыру және біртұтас объектен тыс зерттеу процесінде пайда болған олар туралы нәтижелерді қолдану.

Абстракциялау - бұл таным бойынша, ойлау арқылы объектің кейбір белгілері мен қасиеттерінен көңіл сергіту және зерттеуде тек қажетті белгілеріне назар аудару.

Жалпылау - бұл таным бойынша, объектің белгілерінің, қасиеттері мен қатыстарының жалпы, біріктіретін жақтарын анықтау.

Индукция - бұл таным бойынша, ойлауды нақты ережелер бойынша жалпы тұжырымға /ережеге, қағидаға/ жеткізу.

Дедукция - бұл таным бойынша, жалпы ережелерден нақты тұжырымдарды шығару.

Аналогия - бұл таным, объектілердің нақты қасиеттерін, белгілірі мен қатыстарын жариялау және осы арқылы басқа белгілері /қасиеттері мен қатыстары/ туралы болжам ұсыну, сөйтіп, зерттелген объектің салыстырылған объектіге қарағанда ашылмаған құпия белгілері /қасиеттері мен қатынастары/ бойынша тұжырымдау.

Модельдеу - бұл зерттеу әдісі бойынша, зерттелетін объектті /оригиналды/ ауыстыратын модельді құру және зерттеу, сол туралы бағдарламаны оригиналға да қолдану.

Эмпириялық зерттеу әдістері:

Бақылау – осы зерттеу әдістің негізінде мақсатқа бағынатын құбылыстар қабылдауы, рационалды білімнен айналып, осы процесті бағдарлау /не және қалай бақылау керек/ болады.

Сипаттама – бұл әдіс негізінде табиғи және жасамды тілдер арқылы бақылау мен экспериментте табылған нәтижелерді бекіту жатыр.

Өлшеу – бұл әдіс негізінде объектілерді ұқсас белгілер, қасиеттер мен қатыстарды эталон арқылы салыстыру және олардың сандық сипаттамаларын белгілеу жатыр.

Эксперимент – бұл әдістің негізінде жарияланған жағдайларда, айналғанда рационалды біліммен жетілген, объектке деген мақсатты ықпал жатыр.

Теориялық зерттеу әдістері:

Ойлау эксперимент – бұл зерртеу әдістің негізінде материалдауға келмейтін образдардың комбинациясы жатыр.

Идеалдау – бұл зерттеу әдістің негізінде объекттің реалды болу қажеттіліктерін шығару туралы елестердің ойлау құрылысы жатыр.

Формалдау – бұл зерттеу әдістің негізінде пәндік аймақ туралы жалпы таңбалы модельді құрастыру, соның құрылысы мен заңдылықтарын таңбалық операциялар арқылы айқындау жатыр.

Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияны құру тәсілі, сондай оның негізінде ақиқат түрінде дәлелсіз қабылдалынатын ережелер /аксиома әлде постулаттар/ жатыр, солардан кейін формалды-логикалық дәлелдеу арқылы келесі ережелерді шығару.

Гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – ғылыми теорияны құрастыру тәсілі, оның негізінде бір-бірімен байланысты болжау жүйерлерді құру, келесіде солардан дедукциялық жаюдан тәжірибенің нәтижелерімен салыстырылған бекітілімдерді шығару жатыр.

Математикалық гипотеза – бұл әдістің негізінде нақты математикалық құрылыстан /уравнение жүйесі, математикалық формализм арқылы зерттелген құбылыс аймағынан зерттелмегенге экстраполяция жасау жатыр.

Абстракциялаудан нақтылыққа жету – бұл зерттеу әдісі бойынша, нақты зерттелетін объектің негізгі қайшылығын қайталайтын бастаушы абстракцияны табу, соның теориялық шешімінің процесінде эмпириялық материалды ассимиляцияландыратын нақты қайшылықтардан шығуының мүмкіндігін ескеріп, зерттелетін объект туралы нақты-жалпы анықтама құрастырады.

Тарихшылдық пен логикалықтың бірлестігі – бұл әдістің негізінде объектілердің тарихи эволюциясын зерттеуі мен бір бағытқа салатын тарихи талдау арқылы логикалық тұрғыдан дәлелделген анықтама жүйесін біртұтас зерттеу ұстанымы жатыр.

Тестер:

1. Гносеология – это:

A) таным туралы ілім C) болмыс туралы ілім

B) ойлау туралы ілім D) адам туралы ілім

2. Платонның таным теориясы:

A) таным – бұл пікір C) таным – бұл сезім

B) таным – бұл факт D) таным – бұл еске түсіру

3. Дүниені ақыл-ой арқылы танып білуге болады, - деп есептейтін таным теориясы:

A) эмпиризм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

4. Дүниені тәжірибе арқылы танып білуге болады, - деп есептейтін таным теориясы:

A) эмпиризм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

5. Дүниені сезім арқылы танып білуге болады, - деп есептейтін таным теориясы:

A) эмпиризм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

6. Субъективті идеализмнің шекті формасы:

A) эмпиризм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

7. Таным процесін жартылай, не болмаса толық жоққа шығаратын философиялық ілім:

A) агностицизм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

8. «Ақыл-ойда алғашқы сезімде болмаған ештеңе жоқ», - деп есептеген ілім:

A) агностицизм C) рационализм

B) сенсуализм D) солипсизм

9. «Қабылдаймын, - демек өмір сүремін», - деп санаған ойшыл:

A) Бэкон C) Беркли

B) Декарт D) Спиноза

10. «Ойлаймын, - демек өмір сүремін», - деп санаған ойшыл:

A) Бэкон C) Беркли

B) Декарт D) Спиноза

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]