Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФС ЛК КАЗ 2014.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

1.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. – Алматы, 2000.

2.ҒабитовТ. Философия және мәдениеттану –Алматы, 1998.

3.Сәбитов С. Батыс Европалық философиясының антологиясы-Алматы, 2001

4. Философиялық сөздік. – Алматы,1997.

5.Тұрғынбаев Ә. Философия. 2001.

6.Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы-2004.

7. Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. ӘФМ. 20 томдық.Т.4. А. 2006.

8. Ортағасырлық діни философия. ӘФМ. 20 томдық.Т.5. А. 2006.

Д.5. Қайта өрлеу және Жаңа заман философиялары.

1. Қайта өрлеу дәуірінің философиялық ойларының негізгі тенденциялары.

2. Жаңаеуропалық философияның негізгі белгілері.

Дәріс мақсаты: XIV – XVIII ғасырлар арасындағы батысевропалық философиясының жалпы сипатын, басты мәселелерін ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар: Гуманизм, пантеизм, антропоцентризм, деизм, идол, гелиоцентризм, механицизм, ренессанс, натурфилософия, ,утопия, индукция,дедукция, монада, рационализм, эмпиризм,сенсуализм.

Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің философиясы.

Қайта өрлеу (Ренессанс) дәурінің филсофиясы XIV-XVI ғ.ғ. қамтиды. Ренессанс орта ғасырлардағы теоцентризм ілімінің орнына антропонцентризм принципін қойды. Қайта өрлеу философиясы гуманистердің пайда болуымен басталады. Гуманистер – ол ғалым адамдарының ұйымдары. Олар антикалық қолжазбалар іздеумен, оларды аударумен, популяризациялаумен, нағыз антиканы қайта құрумен айналысты. Италиядағы гуманизм бағытының негізін салушы – Франческо Петрарка. Оның шығармашылығында тіл мәдениетінің өзгеруі, құндылықтардың жаңа сатысы, жаңа христиандық айқын байқалады. Атаққа тірек болу, жалғыз дәстүрге адалдық мәдениеттің барлық байлығын зерттеумен алмасты. Гуманизм адамға кең көзқарасты жаңа идеяларға жол ашу, дәстүрді таңдау бостандығын берді.

Пико дела Мирандоланың атақты «Адам қадір-қасиеті туралы сөзі» гуманистің антропоцентрлік ойларды түсіндіреді. Ол адал бостандығын керемет анықтамасын берді. Ол қазіргі заманның философиялық антропология негізінде жатыр. Әлемдегі барлық негіздің табиғаты бар, оның басынан аяғына дейін өмірін, өмір сүру тәсілін және негізін анықтайды, тек қана адамның ешқандай табиғаты жоқ. Адамның «табиғаты» - тәуелсіз болу, яғни өзін-өзі құру, өзіңнің «негізіңді» анықтау.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы социал-утопистік көзқарастарымен әйгілі. Томас Мор – утопиялық коммунизмнің негізін салушы. Оның өмірге деген көзқарастары «Мемлекеттің ең ташама құрылысы Утопия аралы туралы өте пайдалы, әрі қызықты, шынымен де алтын кітап ...», «Утопия» сөзінің мағынасы – «Жоқ жер». Кітапта Утопия аралығындағы адамдардың идеал өмірі туралы баяндалған. Оның негізгі белгілері – антииндивидаулдылық, ұжымдық, жеке меншікті жою, тұтыну теңдігі. Мор алғашқы христиандық ілімге және практикаға, Платонның идеалды мемлекет туралы теориясына сүйенеді.

Томаззо Кампанелла инквизиция түрмесінде 27 жыл өткізді. Онда ол өзінің әлемге әйгілі «Күн қаласы» атты «Утопиялық социализмінің» екінші классикалық трактатын жазған.

ХVI ғасыр дін көтерілісі болды. Гуманизм интеллектуалды элитамен байланыстырылды. Реформация католиктік шіркеуге үлкен соққы берді, нәтижесінде христиандықта үшінші негізгі ағым – протестанттықтың пайда болуына әкелді. Католик шіркеуін екіжүзділік және сатқындық үшін жек көрген Мартин Лютер 1517ж. Реформацияны бастады, ол Виттенберг шіркеуінің есіктеріне тезис қатарларын іліп қойған болатын. Оның басты тезисі: тек қана сеніммен құтылу. Адамға құтылу үшін Библия ғана қажет. Протестанттықтың келесі бір принципі – барлығының киелілігі. Құдай алдында барлығы тең. Соның салдарынан руханият жойылмаса да, олардың құқығы мен саны азайды. Протестанттық моральда алғашқы буржуазиялық белгілер көрінеді.

Қайта өрлеу философиясына өзіндік үлесін қосқан ойшыл Николай Кузанский. Гуманизмнің басқа өкілдеріне қарағанда Кузанский математика және жаратылыстану ғылымдарының саласына көп көңіл бөлген және өзіндік христиандық натуралистік пантеимзнің негізін салушы. Дүние құдайда өмір сүреді, құдай дүниеде өмір сүреді, құдай шексіз актуальды болғандықтан, дүние – шексіз, яғни онда әр түрлі шекаралардан өтуге болады. Осылайша, еуропалықтардың дүниетанымында ұлы революция басталды - аристотель-птолемейлік христиандық әлемнің геоцентрлік бейнесінен өту: Жер дүниенің орталығы емес, қозғалмайтын жұлдыздардың соңы емес. Дүние шексіздігінен таным процесі шексіздігі келеді.

Гелиоцентрлік жүйе идеясы ежелден белгілі, дегенмен оны алғашқы ғылымға енгізген Коперник болды (1543). Коперниктің философиялық дүниетанымдық теориясы мынада жатты: ол шіркеу беделіне қарсы шығып, соның салдарынан шіркеу монополиялық шындықтан айрылды. Қозғалыс және Күн тоқтауы жайында айтатын Інжілдің өзі күдікке шалынды.

«Қасиетті Жазуға нақты қарсы келетін философиялық тұрғыдан жалған жан еретикалық» деген атаумен Коперниктің ілімі 1616 жылы шіркеумен қатаң шектелді.

Галилейдің еңбектерінде гелиоцентризімге теоретикалық дәлелдемелер жасалды, ғылыми динамиканың (антиперипатетикалық) негізі қаланды. Галилей дүниенің механикалық суретінің негізін (механицизм) және табиғаттың жаңа эксперименталды-математикалық әдісін қалаған. Иезуиттердің бағасы бойынша оның іс-әрекеті «Лютер және Кальвиннің жазуларынан да өткен сорақы». «Галилей идеясы» европалық өркениеттің дамуында анықтаушы рол атқарды.

Жаңа заман философиясы.

Жаңа заман философиясы жаңа ғылыми әдістің туу қажеттілігі туралы сұрақ қоюдан басталады. Дәлірек айтатын болсақ, барлық ғалымдар бірегей және дүние туралы толық ақиқат білім бере алатын әдіс. (4, 152б.)

Рационализм – жаңа заман философиясының ағымы, оның өкілдері барлығын тәжірибеден тыс ойлау арқылы тани аламыз деп қарастырды. Классикалық рационализмнің негізін қалаған Рене Декарт. Декарттың әдістемесі айқындылық принципі немесе интеллектуалды интуиция - классикалық рационализмнің орталығы. Шындықтың жалғыз критерийі – зерде, зердемен айқын және түсінікті ойлау – нағыз болмыс болып табылады. Декарттың дүниетанымындағы өзекті тезис Cogito ergo sum /«ойлаймын ендеше өмір сүремін»/ қағидасы. Декарттың онтологиялық жүйелеу рационализмі, субстанциялық жанды мойындау, осыдан Декарт дүниетанымы дуализмге келеді, жан және материя тәуелсіз дербес өмір сүреді деп таниды.

Декарттың ізбасары - Бенедикт Спиноза, рационалистік пантеизмнің негізін салушы. Спинозаның субстанциясы – ол табиғат ретінде түсіндірілген Құдай немесе Құдай ретінде танылған табиғат. Субстанция шексіз атрибуттардан тұрады, «олардың әрбіреуі мәңгі және шексіз мәнді бейнелейді». Спинозаның дүниетанымындағы басты мақсат – адамды құлдықтан құтқару жолдарын көрсету, бостандыққа апаратын жолды анықтау. Адам ақылымен істеген істері анықталған кезде ғана нағыз еркін болады. Соған байланысты ақыл-себеп пен салдарды танып білу, онда табиғат пен өз істерінің мәңгілік кажеттіліктерін танып біле алады, осы қажеттіліктен туындаған сана еркіндік болады. Басқаша айтқанда, адамға еркіндік «құдайға сенушілік» арқылы келеді.

Вильгельм Готфрид Лейбниц универсалды ғылымның данышпаны болған. Өз заманындағы ғылымның дамуына үлес қосқанына қарап, оның дүниетанымын Аристотельмен салыстыруға болады. Лейбництің негізгі еңбегі философиялық «Монадология», «Адам ақылының жаңа тәжірибелері», «Теодицея». Лейбництің монадологиясы – ол рационалды метафизиканың өзгеше жүйесі, индивидуалды принципке негізделген. Көрінбейтін метафизикалық индивидуалды тірі ағзалар «монада» деген атау алған. Бұл өзін-өзі ұжымдастыратын «жандар». Әр монада барлық дүнеиені құрайды. Кеңістік және материя Лейбництің айтуынша кеңістік және материя – континуум, материя көптеген шексіз монададан құралған. Лейбниц – метафизикалық плюрализмнің классигі, ол бойынша субстанциялар – шексіз көп.

Эмпиризм – жаңа заман философиясындағы бағыт. Оның негізін салушылар дүниені тәжірибе арқылы танып біле аламыз деп анықтаған. Эмпиризмнің негізін салушы – Френсис Бэкон. Оның еңбектері «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида» деген атпен жарық көрген. Бэкон эксперименталды индукция әдісін жасаған. Оның белгілі афоризмі «Білім - күш» қағидасы. Бэкон сцеинтизмнің негізін қалаушы ретінде Европа философиясында танылған, оның жолын қуушылар үлкен ғылымды ерекше күш деп санаған, «алтын ғасырға» жетелей отырып, адамзаттың барлық мәселелерін шешеді деген.

Томас Гоббс Бэконның шәкірті, ұстазының көзқарасын жүйелендірді. «Левиафан» еңбегінде жаңа мемлекет және құқық теориясының негізін жасаған барлығына қарсы соғыс (адам адамға қасқыр), «жаратылыстану құқығы» және «азаматтық жағдай» (қоғамдық келісім) ұғымын қалыптастырған.

Жаңа мемлекет және құқық теориясын негізін жасап, Джон Локк «эмпиризмді» сенсуалдық таным теориясына, «идеяны» генетикалық теорияға толығымен айналдырды. Өзінің «Адам санасының тәжірибесі туралы» басты еңбегінде алдына күрделі мақсат қоя отырып, адам ұғыну қабілетін, жұмысының «механикасын зерттеу» мүмкіндік жерінің шегін анықтап көрсетті. Адам санасын таза тақтамен, бос біліммен салыстырып, адам ойының басты идеяларын күрделендіру барлық мәселелерді қадаммен зерттеуге тырысты. Қарапайым қабылдаушылықтар «дүние», «жан», «құдай» идеяларымен табылады.

Джордж Беркли философиясының ерекшелігі эмпиризм принципін қолдаудан тұрды. Ол жаңа ғылыми негізге нгегізделді. «Заттар» бұл сезіну комплексы, идеялар комплексы. Әлем ол «менің» өз сезінуім. Заттар тек «мен» ойлағаннан кейін ғана өмір сүреді. Барлық заттардың «болуы» бұл тәжірибеде қабылданудан болу. Бұл бағыт философияда субъективті идеализм атауына ие болды. Ол эмпиризм принципін қолданды. Беркли философиясы христиандық-мистикалық эмпиризм.

Давид Юмның өзінің «Адам санасы туралы зерттеулер» атты басты еңбегінде Локктың басты принципінен барлық керек нәтижелерді жасап, «эмпиризм» идеясының бір тектілігін анықтады. Юм эмпиризм жақтаушыларына «таза тәжірибені» танимыз, білмегенімізді біле алмаймыз, бірқалыпты болуды көздейді деп айтады. Тәжірибеде тек «перцепциялар» ғана берілген, ал перцепциялардың себептеріне қатысы жайында тәжірибе ештеңе айтпайды. Бұл Юм агностицизмінің мәні. Сезімдердің себебі, тәжірибенің негізі неде деген сұраққа ол білмеймін деп жауап береді. Және те ешкім білмейді, біле алмайды да. Метафизика ғылым ретінде мүмкін емес. Біз дененің субстанциясы жайлы, жан туралы, Құдай туралы, мәңгілік өмір жайлы ештеңе де біле алмаймыз. Юм классикалық британ эмпиризмнің дамуын аяқтайды және ХІХ-ХХ ғғ. позитивизмнің теориялық негізін қалайды.

Қайта өрлеу (Қайта жаңғыру, франц. Ренессанс ) дәуірінің басты сипаты антропоцентризм болды.Қ.ө.философиясына пантеизм (бәрі құдай, яғни табиғат пен құдайды теңестіру), секуляризация(діннен алшақтау) тән. Қ.ө.дәуірінде антика мәдениеті қайта жаңғырды. Шартты түрде XV-XVIғ.ғ. атайды. Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды.

Бірінші бағыт адамның бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелді (Н.Кузанский, Пико делла Мирандолла , Леонардо да Винчи, Мишель Монтень).

2.Әлеуметтік философия ( Т.Мор,Н. Макиавелли, Т. Кампанелла. ). Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып ртырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрды (Т.Мор, Т.Кампанелла).

3.Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиандық діннің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер етті, революциалық жаңалықтар ашты. ( Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей).

Н.Кузанский ( 1401-1464 жж.), кардинал. Негізгі еңбектері : « Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы », «Құдайдың көріпкелдігі туралы».Кузанский бойынша , әлем қарама-қарсы заттардан тұрады олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады.Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда,материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамиды. Бұл ретінде адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және олар құдайдың көрінісі болып табылады.Бірақ өзінің ақыл-ой ,іс-әрекеті арқасында құдаймен қатар тұрады.Адам дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды.Ақыл-ойда табиғаттың заңдылықтарын білуді үздіксіз толықтырып отыру қажет.Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті,адамды өз ақыл-ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.

Н.Коперник (1473-1543 жж.). Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы». Астроном .Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушысы. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болдыҚайта өрлеу дәуірінің аса бір көрнекті өкілі Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Негізігі еңбектері: «Ғалымның шексіздігі және басқа әлемдер туралы», «Себептілік,бастама және біртұтастық туралы». Бруно бойынша,табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ.Ол кеңістікте де , уақытта шексіз,ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі.Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Әлем мен құдай –бір, деп санады.Әлем – универсум ,жалғыз ғана мәнділік,сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп ,олар үздіксіз үздіксіз өзгерісте болады.Ол философиялық танымның мақсаты құдайды емес,табиғатты танып –білу деп есептеді,мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты.Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра тоырып ,ол сыртқы дүниені ,табиғатты бейнелейді деп есептеді.Бірақ,ол сезім мен ақыл-ойды бір-бірімен қарама-қарсы қойды: сезімдік қабылдау –танымның сенімсіз негізі,тек ақыл-ой нағыз білімнің көзі деп есептеді.

Г.Галилей (1564-1642жж.) теориялық жаратылыстанудың негізін салды.Телескопты ойлап тапты.Телескоп көмегімен айды зерттеді.Юпитер спутниктерін ашты.Коперниктің гелиоцентрлік теориясын ақиқаттығын көрнекті түрде дәлелдеді. Табиғаттың кітабы үшбұрыш,дөңгелек,тік бұрыш тәріздес .Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ ,таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек.

Бұл дәуір қоғамның мәні, адамның табиғаты туралы да жаңа түсініктер тудырды.Түрліше қияли теориялар мен ілімдер пайда болды. Солардың бірі - утопиялық социализм. Оның негізін салушылар ағылшынның қоғамдық қайраткері,гуманист Томас Мор және итальяндық философ Томмазо Кампанелла. «Утопия» грек. шын мәнінде жоқ деген мағынаны білдіреді. «Утопия» деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Т.Мор қолданды.Ол мінсіз қоғам орнаған ойдан шығарылған аралды осылай атады.

Мор өзінің «Утопия» деген еңбегінде және Кампанелла «Күн қаласы» деген кітабында болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайындағы армандарын қияли баяндап берді: ол қоғамда жеке меншілік пен қанау жоқ,адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді,еңбек барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен еңбек етеді,оқып білім алады,дене еңбегі мен ой еңбегі дұрыс ұштастырылып ұйымдастырылады. Т.Кампанелла схоластикаға қарсы шықты .Ол өзінің еркін ойлығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады.27 жыл түрмеде отырды.Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. Макиавелли (1469-1527 жж.) итальян ойшылы. Негізгі еңбегі: «Тақсыр». Оның пікірі бойынша ,қоғам құдайдың құдіретімен емес,табиғи себептерге байланысты дамиды.Тарих дамуының негізіне материалдық мүдде мен күш алынған. Макиавеллидің еңбегінің маңызы мемлекетті алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап,оның заңдарын теологиядан емес,ақыл парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында.

Жаңа заман философиясы

XVI-XVII ғғ. Батыс Европадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап,капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп,жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. Батыс Европада буржуазиялық революцияның алғы шарттары пайда болды. XVIғ.аяғында Нидерландияда , XVII ғ. ортасында Англияда буржуазиялық революциялар жүзеге асты. Батыс Европа елдері үшін XVII ғасыр- капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар – XVI ғғ., XVII ғасыр – рационализмнен туып , қалыптасу кезеңі болса , XVIII ғасыр – ағартушылық ғасыры, ал XIX ғасыр – классика ғасыры болды. XVII ғасырдағы ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып – білуге деген құлшысының жемісі болды.Ғылымдардың дамуы ең алдымен материалдық өндіріс практикасына негізделді.

Жаңа заман философиясында екі негізгі бағыт болды: Эмпиризм– эмперио – тәжірибе - білім тәжірибеге сүйенеді деп есептейтін ілім. Рационализм таным білім процесі ақыл-ойдан басталады деп есептейтін ілім.

Жаңа заман философиясында материалистік немесе эмпиризм бағытының негізін салушы Ф.Бэкон (1561-1626 жж.) - ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері : «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида». Ф.Бэкон – материалист, сондай-ақ ол – эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция(ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы). Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Оның пікірі бойынша,адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеруі.Оның негізгі принцип– «Білім-күш». Ол үшін ғылым заңдарын танып білу , соларға сәйкес әрекет ету. Табиғаттың сырын заңдылықтарын білген адам өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болды. Материяның қасиеттері көп , солардың ішінде негізгі – қозғалыс – материяның кеңістіктегі орын ауыстыруы Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет: 1) адам табиғатына тән елес(тек елестері), 2) әркімнің өзіне тән елес, 3) базар елестері, 4) театр елестері. Олардан құтылудың басты жолы – тәжірибе жасау, нақты зерттеу жүргізу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тесере білу.

Р. Декарт (Картезий) (1596-1560) - француз ойшылы. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Философия бастамасы».Ол өз заманының философиясы мен білімдерінің жай-күйіне риза болмай, оны ешбір күмән туғызбас білім негізінде қайта құруға ұмтылған. Мұнда күмәнсіз тұжырым есебінде ол: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» деген пікірді алған. Математиканы білімнің идеалы есебінде санап, философияны да осы математикаға сай түрде құрмақ болған. Егер Бэкон бұл жолда тәжрибеге сүйенсе, Р.Декарт ақыл-ойға жүгініп, дедуктивтік әдісті(ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы,”туа біткен идеялар”) ғылыми танымның басты әдісі деп санаған. Ол аналитикалық геометрияны жасаған және механиканың негізін қалағандардың бірі болып табылады. Сонымен бірге ол физиканың, психологияның, физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан. Оның философиялық көзқарасына дуализм тән, ойткені ол үшін ойлау мен материя бір-біріне тәуелсіз екі бөлек субстанцияны құрайды.Декарт: Адам- ақыл-ойы бар зат.

Бэконның материализмін қорғаушы, одан әрі дамытушы Томас Гоббс (1588-1679 жж.)-ағылшын.Негізгі еңбектері: «Левиафан», «Адамзат туралы ілімнің философиялық элементтері». Қияли метафизиканы жойып, философияны тек танымның жолына қарай алғашқы бұрушылардың бірі. Оның ойынша философия себептерді олардың салдарынан, немесе салдарларды олардың себептерінен дұрыс ой түйіндеу арқылы тану деп түсінді. Сол себепті оның мақсаты: салдарларды алдын ала көре білуге, сол арқылы оны пайдалануға үйрету. әлем механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Материя мәңгі бірінші,ал жеке денелер екінші. Ал қозғалыстың барлық формаларын бір ғана механикалық формаға жатқызады. Қозғалыс деп ол дененің кеңістікте жай орын ауыстырып жылжуын түсінді. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптасады. Таным дегеніміз – олардың бір-бірімен қосылуы және бір бірімен ажырауы. Ол таным процесінің бірден бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алды деген тұжырым жасады. Материя және денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы ( қосу, алу, бөлу, көбейту). Гоббстың философиясында негізгі орын алатын саяси ілім,”қоғамдық шарт ”теориясы, оның негізгі принципі: «Адам адамға қасқыр», «Бәрінің бәріне қарсы соғысы».

Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) - нидерланд ойшылы. Негізгі еңбектері: «Этика», «Құдай-саяси трактат», «Саяси трактат», «Зердені жетілдіру туралы трактат». «Этика» - Спинозаның ең басты шығармасы саналады. Мқнда оның метафизикасының басты мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. «Этиканы» Спиноза геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған. Спиноза философиясының негізгі өзегі құдай мен табиғатты бір нәрсе деп тану, сондықтан да табиғат жаратылған емес, мәңгі бар, оны ғылыми тұрғыда тануға болады. Бұл пантеистік пікір болатын.Таным процесі үш сатыдан тұрады. Біріншісі – сезімдік таным, екіншісі-рационалдық таным, үшіншісі-интуиция. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Г.Лейбниц (1646-1716 жж.) - неміс ойшылы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер», «Монадология». Г.Лейбництің философиялық ілімін монадалар туралы ілім немесе «монадология» деп атайды. Дүниенің негізін шексіз көп монадолар, яғни бір-бірімен алдын-ала берілген гармониялық қатынаста болатын рухани субстанциялар құрайды. Монадалар субстанция ретінде бір-біріне тәуелсіз, бірақ әрбір монадаға белсенділік тән: ол түйсінеді, қабылдайды, оған ұмтылыс тән, ол өзінің ішкі принципі бойынша әрекет жасайды. Монада біртұтас, ол бөлшектенбейді, ол бөліктерден құралмаған, сонымен бірге ол ешқандай да механикалық себептермен түсіндіруге болмайтындай құбылып, өзгеріп, сан қилы күйге түседі. Әрбір монада бір-біріне тәуелсіз болғанымен, құдай біртұтас дүниені жаратқанда монадалар қызметін алдын ала үйлестіріп қойған, сондықтан олардың әрекеті шашыраңқы емес, өзара жарасымды келеді.

Дж.Локк (1632-1704 жж.) – ағылшын. Философ. Эмпирикалық философияның негізгі өкілі. Философияның өзекті мәселесін таным теориясымен шектеген алғашқы ойшылдардың бірі. Таным теориясын сананың эмпирикалық көріністеріне құрған. Дж.Локктың таным теориясы негізгі үш қағидадан тұрады:1.адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжрибе арқылы пайда болады.2.адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе ақ қағаз сияқты, ол тек тәжрибе арқылы мазмұнға толады. 3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын таза түйсік.Танымның негізі ретінде түйсікті мойындау сенсуализм деп аталады.

Психиканың қалай қалыптасуын түсіндіру үшін Локк идеялардың екі түрін қарастырды. Олар:Бірінші сапалы идеялар. Денелердің түр, сан, қозғалыс, тыныштық сияқты қасиеттері жатады. Олар тек қана тәжірибе арқылы қалыптасады, ой белсенділігін талап етеді.Екінші сапалы идеялар. Денелердің иіс, бояу, дәм сияқты қасиеттері жатады. Рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар.

Сапаны осылайша екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты.Осы кезеңде суб.идеалистік көзқарас ұстанған ағылшын ойшылдары Беркли, Юм болды.

XVII-XVIII ғасырлар өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар – П.Гассенди (1592-1655), Вольтер (1694-1778). Жан-Жак Руссо (1712-1778), И.В.Гете (1749-1832) т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. дамуы және олардың адам санасына ғылыми ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Олар діни соқыр сенімге қарсы тұрып, ғылымның еркін дамуын, еркін ой болуын жақтады. Олардың басты мәселелері – адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.

Ф.Вольтер (1694-1778), француз ойшыл. Негізгі шығармалары: «Философиялық хаттар», «Метафизика туралы трактат», «Ньютон философиясының негіздері», Вольтер көбінесе әлеуметтік-саяси, әлеуметтік философия саласында ой түзген. Француз ағартушыларының бас тұлғасы деуге болады. Философияда Вольтер деизмді қолдады, яғни жалпы мағынада жаратушының барлығын мойындау, ол табиғаттың алғашқы қозғаушы күші, бірақ қоғам өміріне араласпайды деген мағынаға саяды. Оның ойынша ол күштің табиғатын, қандай екенін, атрибуттарын біле алмаймыз. Ол жеке оқшау нәрсе емес, барлық нәрселерде, барлық құбылыстарда. Декарттың туа бітті идеялар туралы қағидасын мойындамай, ол Локктың сенсуалистік таным теориясына жақын көзқарастарды ұстанды. Ұғымдар, идеялардың бастау көзі түйсіктер мен сезімдерде екендігін жақтайды.

Ж.Ж.Руссо (1712-1778) – француз ойшыл. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы».Оны қызықтырған көбінесе әділетті қоғамдық құрылыс, қоғамның, мемлекеттің түпкі табиғаты, этикалық, эстетикалық тәрбие, ғылым мен мәдениеттің тарихтағы ролі. Руссо қоғамды, мемлекетті адамдардың өзара келісімінің нәтижесі деп қарайтын бағыттың өкілі. «Адам ерікті, бас бостандығы бар болып туылған, бірақ ол барлық жерде құрсаулы»,-дейді философ. Руссо қоғам заңдарын бәрінен жоғары қояды.Адам бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекеленген жігер-еркін біріктіреді. Сөйтіп мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әдептілік сақтау. Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өміріне мемлекеттік құқық, тәрбие, т.б. тұрғысынан үлкен әсер етті. Философияда Руссо негізінде деист болған; құдай бар, бірақ ол табиғаттың өз ішіндегі Рух, тек сол ғана бәрін жандандырып отырады, Рух сияқты жеке жандар да өлмек емес.Руссо тарихта алғаш болып өркениет пен мәдениетті қарсы қойды.

XVIII ғасырдағы француз материализмі. Өкілдері: Дидро, Ламетри,Гельвеций, Гольбах т.б. Бұл XVIII ғ. ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясы өкілдерінің бірі- Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751). Мамандығы – дәрігер. Ол Р.Декарт физикасын қолдаушы болған. Ламетри «Адам - машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжрибе арқылы зерттеуді талап етті.Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады деді. Ол органикалық дүние – жануар, адам – бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір – органикалық емес дүниеден, өсімдік – органикалық дүниеден, жануарлар - өсімдіктен, адам жануардан жаралғанын айтты. Бірақ адамды білімді машина деп санады..

Осы ғасырда Үлкен француз энциклопедиясы жасалды (тарихтағы алғашқы энциклопедия,ред.- Дидро).

Тестер:

1. Гуманизм идеяларын ең алғашқы қолданған ойшыл:

А) Франческо Петрарка С) Томазо Кампанелла

В) Николай Кузанский D) Томас Мор

2. Гуманизм идеяларына сәйкес ең басты құндылық:

А) ғылым С) космос

В) адам D) Құдай

3. Николай Кузан ұстанатын бағыт:

А) объективті идеализм С) натуралистік пантеизм

В) субъективті идеализм D) антропологиялық материализм

4. “Қарама-қарсылықтардың сәйкес келуі” идеясының авторы:

А) Николай Кузанский С) Галилео Галилей

В) Николай Коперник D) Джордано Бруно

5. Гелиоцентрлік идеяның негізін қалаушы:

А) Николай Кузан С) Галилео Галилей

В) Николай Коперник D) Джордано Бруно

6. «Күн қаласы» атты утопиялық шығарманың авторы:

А) Франческо Петрарка С) Томазо Кампанелла

В) Николай Кузанский D) Томас Мор

7. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы, белгілі суретші және мүсінші:

А) Жан Кальвин С) Томазо Кампанелла

В) Николай Кузанский D) Леонардо да Винчи

8. Неміс реформациялық қозғалысының белгілі қайраткері:

А) Жан Кальвин С) Томазо Кампанелла

В) Николай Кузанский D) Мартин Лютер

9. Реформацияның Швейцариядағы өкілі:

А) Жан Кальвин С) Томазо Кампанелла

В) Николай Кузанский D) Мартин Лютер

10. Европа философиясы тарихында саясатты моральдан ең алғашқы бөліп қарастырған:

А) Франческо Петрарка С) Томмазо Кампанелла

В) Николо Макиавелли D) Томас Мор

11. Жаңа дәуір философиясының басты сипаттамасы:

А) ғылымицентризм С) антропоцентризм

В) космоцентризм D) теоцентризм

12. «Cogito ergo sum» афоризмінің авторы:

А) Ф. Ницше С) А. Камю

В) Р. Декарт D) Ж.Ж. Руссо

13. Таным процесіне кедергі жасайтын «елестер» туралы жазған:

А) Т. Гоббс С) Ф. Бэкон

В) Р. Декарт D) Ж.Ж. Руссо

14. "Қоғамдық келісім туралы" трактатының авторы:

А) Т. Гоббс С) Ф. Бэкон

В) Р. Декарт D) Ж.Ж. Руссо

15.«Монадология», «Теодицея», «Метафизика туралы ойлау» шығармаларының авторы:

А) Т. Гоббс С) Ф. Бэкон

В) Р. Декарт D) Г. Лейбниц

16. «Tabula rasa» идеясын қолданған философ:

А) Дж. Локк С) Ф. Бэкон

В) Р. Декарт D) Г. Лейбниц

17. Жаңа дәуір философиясындағы дуалист:

А) Дж. Локк С) Ф. Бэкон

В) Р. Декарт D) Г. Лейбниц

18. Жаңа дәуір философиясындағы пантеизм өкілі, құдаймен табиғат тепе-тең, - деп есептеген философ:

А) Дж. Локк С) Б. Спиноза

В) Р. Декарт D) Г. Лейбниц

19. «Аззаттық – танылған қажеттілік», - деп есептеген ойшыл:

А) Дж. Локк С) Б. Спиноза

В) Р. Декарт D) Г. Лейбниц

20. «Адам табиғаты туралы трактат» шығармасының авторы:

А) Дж. Локк С) Б. Спиноза

В) Д. Юм D) Г. Лейбниц

Қосымша әдебиет:

Жаңа дәуірдегі француз философиясы. ӘФМ.7 т. А. 2006.

Д. 6. 18-19 ғғ. неміс философиясы. Марксизм философиясы.

1. Неміс классикалық философияның негізгі тақырыптары.

2. И. Кант – неміс классикалық философияның бастаушысы.

3. Марксизм философиясының қалыптасуы.

Дәріс мақсаты: неміс классикалық философиясы мен марксистік философияның жалпы сипатын, пайда болуының алғы шарттарын ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар: өзіндік зат, біздік зат, антиномия, априоры, апостериори,диалектика,объективтіидеализм,,субъективті идеализм,абсолют идея,формация,материализм, транценденталды

Неміс классикалық философиясы.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушысы – Иммануил Кант. Оның атақты еңбектері «Таза зердеге сын», «Практикалық зердеге сын», «Талқылау қабілетіне сын». Бұл еңбектерінде Кант трансцендентальды философия идеясын және жүйесін қарастырады. Трансцендентальды деп тәжіребиеге сүйенбейтін және тәжіребиеден тыс танымды айтамыз. Бұл сұрақтың төңірегінде И.Кант философияда «Коперникалық төңкеріс» жасайды.

Кант философияның негізгі сұрақтары туралы жазғаны: «Көптен бері ойлап жүрген жоспардың бірі – философияның маңызды мәселелерін қалыптастыру еді. Олар келесі сұрақтарға негізделеді: 1. Мен нені біле аламын? (метафизика) 2. Не істеуім керек? (мораль) 3. Не нәрсеге үміттенуім керек? (дін), және осыдан туындайтын 4-ші сұрақ: адам дегеніміз кім? (антропологияға мен жиырма жыл бойы оқыған дәрістерім арналады» ([7, 634]. «Кемелденген Канттың бірінші және соңғы сөзі – адам туралы. Кант критикасы тұлға өміріне қызығушылықтан туған. Коперниктік төңкеріс адам тағдыры туралы ойлаудан басталды» [8, 101]. Кеңістік пен уақыт мәселесін зерттей отыра, Кант олардың субъективті екенін көрсетеді және априорлығын дәлелдейді. Канттың ойынша біз феномен мен ноуменді айыра білуіміз керек: біздің танымымыз феномендермен (құбылыстармен), яғни «біз үшін зат»-пен шектелген, ал ноумендер - «өзіндік зат»-тар - әлемін тану мүмкін емес. Канттан кейінгі неміс ойшылдары ноумен мен феноменнің арасындағы дуализмді анықтауға тырысты.

Канттың этикасы категориялық императив түсінігіне негізделген. Бұл – адамның қоғамдағы өз-өзін ұстау ережелері деп есептеуге болады. Адамның әр іс-әрекеті бүкіл қоғамға үлгі болу керек – осы максимаға сүйенсе адам категориялық императивті ұстанады.

Иоганн Готлиб Фихте философия тарихына субъективті идеалистік диалектиканың негізін қалаушысы ретінде кірді. Фихтенің философиясы бойынша Канттың «өзіндік заты» адамның «Мен» деген түсінігіне қатысты бола алмайды, өйткені ол тек ойлау қабылетіне тән түсінік. Фихте «Мен» және «Мен емес» категорияларын қарама-қарсы қоя отырып, оларды абсолюттік Мен-нің көрінісі деп есептейді. Жүйе түсінігі Фихте философиясында алғашқы рет даму ұғымымен байланыстырылады.

Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингтің философиясы әр түрлі көзқарастарды талқылай отырып, өзінің жүйесіне келген жоқ. Фихтенің философиясынан кейін Шеллинг диалектикалық натурфилософияға кез болды да, көзқарасын иррационализмге келтірді. Шеллинг бойынша танымның ең жоғары деңгейі – бұл өнер. Шеллингтің философиясын трансценденталды идеализм деп атауға болады.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель Шеллингтің философиясына анализ жасай отырып, ойлау мен болмыс және субъект пен объект категориясының абсолютті екенін айқындады. Гегельдің философиясы панлогизм формасындағы пантеизм болып келеді. Шын мәнінде Гегель абсолюттік идеализмнің нақты және жүйелі түрін жасады. Гегель идеализмінің диалектикалық мінездемесі бар, сондықтан Гегельді объективті дииалектиканың негізін қалаушы деп атайды. Оның атақты триадасы (үштігі) келесі элементтерден тұрады: тезис – антитезис – синтез. Гегельдің абсолюті - рух немесе тірі субстанция болып келеді.

Гегельдің идеализмі мен рационализмін Людвиг Фейербах сынға алды. Фейербахтың ойынша, табиғатты логикадан шығаруға болмайды. Табиғат рухтың бейнесі емес, керісінше, рух табиғаттан шығады деп есептейді. Сезім арқылы қабылданатын материалды дүние логикаданда, теорияданда әлде қайда толығырақ болып келеді. Фейербах философия тарихына антропологиялық материализмнің негізін салушы ретінде кірді. Анропологиялық материализм негізінде адам мен табиғат жатыр, сондықтан, Құдай емес, адам философияның басты мәселесі болу керек.

Неміс классикалық философиясы абстрактілі философиялық мәселелерді қарастырумен шектеледі. Неміс классикалық философиясында философия,ғылыми таным теориясы, методология,логика диалектика ретінде қарастырылып,дамыды. Неміс философиялық философиясы-И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель және Л.Фейербах ілімдерінен туатын философиялық кезең. Неміс классикалық философия ХУІІІ ғ. аяғынан бастап ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін созылады және ол марксизмге дейінгі философиялық ой-пікірдің дамуындағы ең жоғары саты болып табылдаы. Оның қайнар көздері-неміс ағартушылығының идеялық мұрасы, Декарттың, Спинозаның, Лейнбництің рациолнализмі.Неміс классикалық философиясының негізгі бағыттары: дуалистік (И.Кант), субъективті-идеалистік (И.Г.Фихте), объективті идеализм (Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель) және материализм (Л.Фейербах) көрініс тапқан.

Неміс классикалық философиясы негізін салушы И.Кант болды. Оның басты еңбектері: «Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» , «Әлемнің табиғи тарихы мен теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау».Канттың творчествосы екі кезеңге бөлінеді:сынға дейінгі кезең (1770 ж. Дейін),сын кезеңі. Бұл кезеңнен бастап адам қалай дүниені танып біледі деген мақсат қояды.Сынға дейінгі кезеңде Кант атақты астроном, биолог, табиғи зерттеуші идеясын дамытты. Күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болғаны жайында гипотеза жасады. Физикада Кант қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы туралы ілім жасады.

Канттың философиясы үш ілімге бөлінеді: этика, эстетика және таным білім теориясы. Кант философияда, таным теориясында «коперниктік төңкеріс» жасады. Кант таным объектісін оның субъектісінен бөлді. Субъектіде таным екі дәрежеде болады деп санайды. Олар эмприкалық (адамның психологиясының ерекшеліктері) және трансцендентальды.

Ол ой пікірлерді аналитикалық, синтетикалық деп екіге бөлді. Аналтитикалық білім жаңадан білім бермейді. Синтетикалық ойлар алдын-ала жасалған тәжірибеге сүйенген ой-пікірлер болуы мүмкін. Сыни кезіңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын адамның танып білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алу керек. Таным объектісін анықтау үшін Кант дүниені екіге бөледі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]