Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KDS_800.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
☆

783. «Диспансерлік бақылаумен қамту толықтығын» көрсеткішін есептеу үшін нені білу қажет?

А. Барлық тіркелген аурулар түрінің саны, диспансерлік бақылауда тұрғандар саны.

Б. Диспансерлік бақылауда берілген ауру түрімен тіркелгендер саны, диспансерлік тіркеуде тұрған аурулардың жалпы саны осы аурумен сырқаттанып тіркелгендер саны.

В. + Диспансерлік бақылауда берілген аурумен тіркелгендер саны, осы аурумен сырқаттанып тіркелгендер саны.

Г. Диспансерлік бақылауда берілген аурумен тіркелгендер саны, емхананың қызмет аймағындағы халық саны.

Д. Диспансерлік бақылауда берілген аурумен тіркелгендер саны, медициналық байқауда анықталған аурулар саны.

785. Аурухана жұмысының көрсеткіштеріне жатпайды?

А. Летальдік.

Б. + Жалпы өлім көрсеткіші.

В. Төсек айналымы.

Г. Орташа жылдық төсекті пайдалану.

Д. Стационарлық науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.

786. Төсек қорын пайдалану көрсеткішіне аталған көрсеткіштердің қайсысы жатпайды?

А. Төсек айналымы.

Б. Жоспар бойынша төсек күндер санын орындау пайызы.

В. Науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.

Г. + Летальдік.

Д. Орташа жылдық төсекті пайдалану.

787. Ауруханалық көмектің сапасын бағалау үшін аталған көрсеткіштердің қайсысы қолданылады?

А. + Летальдік.

Б. Орташа жылдық төсекті пайдалану.

В. Науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы.

Г. Төсек айналымы.

Д. Жоспар бойынша төсек күндер санын орындау пайызы.

788. Дәрігерлердің диагноз қоюының сапасын аталған көрсеткіштердің қайсысы сипаттайды?

А. + Клиникалық және патологанатомдық диагноздардың сәйкестігі (немесе сәйкессіздігі).

Б. Стационардағы науқастың емделуінің орташа ұзақтығы.

В. Летальдік.

Г. Орташа жылдық төсекті пайдалану.

Д. Операциядан кейінгі летальділік.

789. «Орташа жылдық төсекті пайдалану» көрсеткішін есептеу үшін қажет?

А. Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндерінің саны, ауруханада емделген науқастардың жалпы саны жылдық төсек саны.

Б. + Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндер саны, орташа жылдық төсек саны.

В. Ауруханада емделген сырқаттар саны, орташа жылдық төсек саны,

Г. Емделген сырқаттар саны, төсектердің орташа жылдық саны.

Д. Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндерінің саны, төсек күндердің жоспарлы саны.

790. «Төсек айналымы» көрсеткішін есептеу үшін қажет:

А. Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндер саны, орташа жылдық төсек саны.

Б. Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндер саны, ауруханада емделген науқастар сырқат саны.

В. Ауруханадан шыққан науқастар саны, жоспарлы төсек-күндер саны.

Г. + Ауруханадан шыққан науқастар саны, орташа жылдық төсек саны.

Д. Емделген науқастар саны, науқастардың нақты түрде өткізген төсек күндер саны.

791. «Науқастың төсекті пайдалануының орташа ұзақтығы» көрсеткішін есептеу үшін қажет:

А. Ауруханадан шыққандар саны, орташа жылдық төсек саны.

Б. Орташа жылдық төсек саны, жоспарлы төсек-күндер саны шыққандар саны.

В. + Науқастардың өткізген төсек-күндер саны, ауруханадан шыққандар саны,

Г. Науқастардың ауруханада өткізген төсек-күндер саны, орташа жылдық төсек саны.

Д. Науқастардың нақты түрде ауруханада өткізген төсек – күндер саны, науқастардың жалпы саны.

792. «Летальділік» көрсеткішін есептеу үшін қандай мәліметтер болу қажет?

А. Өлген науқастардың саны, орташа жылдық төсек саны.

Б. Ауруханадан шыққандар саны, орташа жылдық төсек саны.

В. Барлық аурулардан өлгендердің жалпы саны, орташа жылдық төсек саны.

Г. Өлген науқастар саны, ауруханадан шыққандар саны.

Д. + Ауруханада өлгендер саны, ауруханадан шыққандар саны.

793. Жалпы практикалық дәрігер деген:

А. Амбулаторлық-емханалық немесе ауруханалық мекемеде медициналық көмек көрсететін дәрігер.

Б. Шұғыл және жедел жәрдем көрсететін дәрігер.

В. Терапиялық және педиатрлық көмек көрсететін дәрігер қарамастан көп профильді медициналық көмек көрсететін дәрігер.

Г. + Тіркелген тұрғындарға жасына жынысына және ауру түріне қарамастан көп профильді медициналық көмек көрсететін дәрігер.

Д. Қабылдауда және үй жағдайында медициналық көмек көрсететін дәрігер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]