Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гауар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

Іі. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыптық сипаты

2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары

Әбіш Кекілбайұлының шығармаларының негізгі арнауы – белгілі тарихи жағдай мен оған тап болған жеке адам, олардың бір-біріне тигізетін ықпалы, соларға берілетін бүгінгі күннің бағасы. Ә. Кекілбайұлының көркемдік түрлілігінің қуаты мен қасиеті ежелгі аңыздар мен әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізе отырып, тарихи-философиялық тұрғыдан екшей алуына, сол әңгімелерден күллі адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып, өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіретіндігінде. Кекілбайұлы көтерген тақырыптың бірі - әділеттілік пен сүйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарым-қатынасты суреттейтін, көпшілікті өлшеусіз қайғы-қасіретке, алапат ойран-сұмдықтарға бастайтын шегі – шеті жоқ билік пен қара басының қамын күтпеген билік иесінің ештен кеш болса да райынан қайтуы. Ол шығармашылық пен қоғамдық өмір тыныс-тіршілігін жіктеген емес.

Әбіш Кекілбаев егеменді еліміздің барлық саяси өмірі мен қоғамдық тыныс-тіршілігінің ыстық-суығын бастан аяқ атқарысып келе жатқан айтулы азамат. Сондықтан да оның публицистикасында тәуелсіздік тақырыбының көрінуі заңды. Әбіш Кекілбай сезімнің емес, терең ойдың, ақыл-парасаттың иесі болғандықтан, оның шығармашылығында тәуелсіздіктің, қоғам өмірінің, егемендіктің көрінуі-заңды әрі керек те [2].

Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Бұл – қоғам өмірі їшін маңызды мәселелерді талқылау. Публицистикалық стильде қоғамдық-саяси мәселе әр сипатта қарастырылады. Осы тұрғыда Әбіш Кекілбайұлы шығармашылығы қазіргі қазақ публицистикасындағы тілдік категориялар мен нормалардың қолданыс табуын қазақ публицистері қатарында орны ерекше.

Тұтас бір халықтың тарихы мен тағдыры, заман келбеті, саяси, әлеуметтік жағдай, алапат қырған соғыстар, әдет-ғұрып, салт-сана, тақ таласы мен бақ таласы, қызғаныш пен кїндестік, бірлік пен дїрдараздық, достық пен жауластық, сан түрлі, сан мінезді қаптаған кейіпкер Ә. Кекілбаев шығармаларынан ерекше орын алған. Ұлттық мүдде мен азаттық, халық тағдырына байланысты ұлы идеяларды негізінен тарихи жағдай, уақыт ұсынады. Оның кейде сол халықтың өрлігіне, ерлігіне, намысқойлық қасиеттерін де суреттей білген.

Әбіш Кекілбай тілі – аса көркем, публицистикалық жанрлар стилі аясына сыймай, газет тілі заңдылықтары шеңберінен шығып, кейбір ресми қасаңдықты сырып тастайтын тіл. Жалпы, қазақ тіл білімінде қоғамдық лексиканың негізі болып табылатын мемлекет қайраткерлері тілі осы кезге дейін арнайы, жан-жақты зерттелген емес [2].

Ә. Кекілбаев әлеуметтік-экономикалық тақырыпта айрықша қалам тартқан азамат. Сондықтан да оның тілдік құралдарды пайдалануына қоғам дамуындағы құбылыстар ерекше әсер етіп отырған. Публицистің қайсыбір шығармасы да әділет пен шынайылықты ту ете отырып, қоғамдық өмірдің әрбір қырын кеңінен қозғай жазуға негізделгендігі байқалады. Сол шығармалары арқылы оның тілдік ерекшеліктерінің өзіндік сипаттары айқындалады. Оны тек туындыгер көсем сөздерін мұқият оқып, зер сала қараған адам ғана байқай алады.

Әбіш Кекілбайұлының шығармаларының негізгі тақырыптары мемлекет, оның құрылымы мен тәуелсіздігіне арналған. Қоғамның саяси-мәдени салаларында елеулі өзгерістер еніп, мемлекетіміз іргелі ел болып қалыптасқан тұсында ұлттық мәдеиетіміздің, дїниетанымымыздың дамуында әдеби дәстїрлер өз септігін тигізді. Ұлтымыздың егемендікке қол жеткізіп, көгімізде халқымыздың көк байрағы желбіреуіне ат салысқан зиялылармен бірге, бүгінгі заман келбетіне келелі қоғамдық қызметімен танымал тұлға, қазақ халқының ұлы ойшыл жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Әбіш Кекілбайұлының рухани өміріміз бен тарихымыздан алар орны ерекше.

Әбіш Кекілбаев шығармашылығымен, әлеуметтік қызметімен таныса отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы їлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, ақын, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы деген ұғымдар легі қалыптасады. Оның дїниетанымында қамтылған мәселелерді қарастыру арқылы: қоғамдық-саяси көзқарастар эволюциясы, қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері, шығыс мәдениеті, сана және тіл, ұлттық болмыс, адамгершілік, гуманизм және т.б. їлкен әлеуметтік-философиялық мәні бар халқымыздың көкейкесті мәселелерінен хабардар боламыз. Сондай-ақ, оның қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетіне, әдебиетіне ықпал деңгейінің кїштілігімен көзге тїседі.

«Абылай хан» атты драмалық дастанында қаламгер болмысының жаңа бір қырынан танылуы деуге болады. Онда басқа да бірқатар өлеңдерінде кездесетін философиялық тұжырымдар мен диалектикалық категориялардың ғылыми тағылымдылығын, құндылығын дїниетанымымызға қосқан їлес деп білеміз. Ұлттық мїдде, азаттық пен еркіндік идеясы, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатнастар, адамның қоғамдағы алатын орны, тарихи процестер ұлы ойшылдың туындылары мен ой толғаныстарының арқауы.

Әбіш Кекілбаев «Үркер» (1981ж), «Елең-алаң» (1984ж) сияқты шығармаларында тұтас бір кезеңнің саяси мәдениеттік бейнесін, халқымыздың жан сақтау, аман сау болу идеясын, саяси мұраттарын тұтас ұлт алдында «болу немесе болмау» мәселесі тұрғанын қарастырған. Осы романдарында жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық кїресінің қолбасшыларының бірегейі әйгілі «Аңырақай» шайқасының бас сардары, халқымыздың Ресеймен бірігуі арқылы ел-жұртымыздың өміршеңдігі мен тұтастығы жолындағы елеулі іс-әрекеті мен танымал тарихи ірі бейне Әбілхайыр ханның тұлғалық болмысын, образын сомдау қаламгердің рухани дїниемізге қосқан қомақты үлесі деп түсінуге болады. Тарихи кезеңнің тұтас болмысын қоршаған ортаның қоғамды материалды және идеалды дүниелерді субъектінің, жеке адамның жан дүниесі мен санасы арқылы бейнелеуі ғұламаның дүниетанымының тереңдігінің белгісі. Сондай-ақ, «Аңыздың ақыры» (1971ж) деген романында өткен кезеңіміз бен түрліше дәуірлердегі аса шеберлікпен суреттелген. Бұл шығармадағы өміршінің мінез-құлық білімін тїбегейлі суреттеу ұлттық психологиялық ойлылық пен парасаттылық тәрізді қасиеттерді бейнелеп, дала даналығының данышпандығын ұсынады. Сонымен бірге «Тасбақаның шөбі», «Көлденең көк атты» әңгімелері мен «Күй», «Ханша дария хикаясы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Бәйгеторы», «Бір шоқ жиде» атты повестерінде адам өмірінің әлеуметтік болмысын, өткен мен бїгіннің және болашақтың маңызды мәселелерін, адам психологиясының алуан иірімдерін, мұрат-мүддесін, салт-дәстїрін нанымды қозғай білген. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан моральдық бейнесі аты аңызға айналған батырларымыздың ерлігі, сөз зергері билеріміздің ғұмырнамалық тұжырымдары ойшылдың шығармаларында әфсаналық желілерімен байланысып, өмір шындығының өз їйлесімін тауып жататындығын аңғаруға болады [3].

Философ-жазушы болмыс мәселесін, табиғат жаратылысын, адам санасына тәуелсіз объективті дүниелердің өмір сүруін, адамдардың әлемдегі тіршілігін және олардың қоршаған ортаға әсер ету белсенділігін, ықпал жасауға қабілеттілігін өз шығармаларында шебер пайдаланған. Яғни, ол субъект пен объект арақатынасы адам және әлем, индивид және қоғам оның өмір сїру қағидалары, ұлттық болмыс туралы толғаныстар жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мәселелері, дәстүр сабақтастығын өз шығармаларында жан-жақты қамтылған.

Әбіш Кекілбеавтың «Сайранқұмарлық санаға түсу» деген қоғамдық ой-толғанысқа толы мақаласында «Өнер қашанда әлеуметтік зұлымдыққа емес, әлеуметтік ізгілікке қызмет ету арқылы өседі. Біз көркем шығармалы мақсат деп осыны ұғамыз. Ұлы мұраттарды тек талантты шығармалар ғана қорғай алады... Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсісінің азаттығы керек.

Ал, тәуелсіздік шекарасын өрелі азаматтық сана мен биік рухани мәдениет қана айна қатесіз анықтай алады»,-деп тұжырым жасауы соның айғағы.

Әбіш Кекілбай тәуелсіздік туралы салмақты, салиқалы ойлары да аз емес. Бїгінгі публицистикаға қойылатын талап-шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт. Жалпы, публицистикалық стильде қоғамдық-саяси мәселе әр сипатта қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда Әбіш Кекілбай шығармашылығы қазіргі қазақ публицистикасындағы тілдік категориялар мен нормалардың қолданыс табуын нақтылай зетрттеп, қарастыратын нысан болатындығы анық. Өйткені қазіргі қазақ публицистері шоғырында Ә.Кекілбайдың дара қолтаңбасы, тілдік-стильдік ерекшеліктері айрықша байқалады.

Оның «Бір шөкім бұлт» (1960ж), «Дала балладалары» жинағында, «Кїй», «Бәсеке», «Ханша-дария хикаясы», «Шыңырау» (1967ж), «Бәйгеторы» атты тарихи хикаялар автордың ел өмірі мен халық тағдырына тарих көшінің алуан-алуан тереңінен зер салуға, көп жәйттерді салыстыруға, түсінікпен қарауға солардың әр алуан әлеуметтік-қоғамдық шындықтарына көз жеткізуге, соның қатпар-қатпар қыртыстарындағы небір ащы да, небір жасампаз да жақтарынан мейлінше сіңімді тағылымдар алуға баршамыздың назарымызды аударады. Әбіш Кекілбаевтың екі романында «Үркер», «Елең-алаң» тарихилық сипат басым. Ол халықтар тарихының даму бағытына әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да їмітті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді [3].

Қоғамымыз қайшылықты даму барысында тәуелсіздікке қол жеткізіп, қоғамның саяси-мәдени салаларына елеулі өзгерістер еніп, мемлекетіміз іргелі ел болып қалыптасуда. Ұлттық мәдениетіміздің, дүниетанымымыздың дамуына, ұлттық болмысымыздың рухани мұрасының сақталуына әдеби дәстүрлер де өз септігін тигізуде. Ұлтымыздың егемендікке қол жеткізіп, көгімізде халқымыздың көк байрағы желбіреуіне ат салысқан зиялылармен бірге, бїгінгі заман келбетінде келелі қоғамдық қызметімен танымал тұлға, қазақ халқының ұлы ойшыл жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Әбіш Кекілбаевтың рухани өмірімізден, тарихымыздан алар орны ерекше.

Оның шығармашылығымен, әлеуметтік қызметімен таныса отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы үлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, ақын, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы деген ұғымдар легі тізіліп қалыптасады. Кемеңгер ойшылдың туындыларының тек әдеби, тілдік зерттеулерден ғана көрініс тауып, философиялық талдауға жїйелі ұшырамауы, ондағы мәселелердің көлемділігі, күрделілігі арнайы зерттеуді қажет етеді. Оның дүниетанымында қамтылған мәселелерді қарастыру арқылы: қоғамдық-саяси көзқарастыр эволюциясы, қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері, шығыс мәдениеті, сана және тіл, ұлттық болмыс, адамгершілік, гуманизм және т.б. үлкен әлеуметтік философиялық мәні бар халқымыздың көкейкесті мәселелерінен хабардар боламыз. Содай-ақ, оның қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетіне, әдебиетіне ықпал деңгейінің күштілігімен көзге түседі. Бұл ретте оның прозалық шығармаларының алатын орны бір төбе. Жазушының «Бір шөкім бұлт» (1965), «Дала балладалары» (1966), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972), «Тыру-тыру тырналар» (1974), «Бір уыс топырақ» (1974), «Шыңырау» (1982) атты шығармаларынан шығыстың ойлау ерекшеліктері көрініс тауып, ежелгі ұлттық әсемдік дәстїр мен қазіргі парасат үрдісі ұштасып біріктірілген сипаты танылады. Бұл шығармаларында ұлы әлеуметтік идеялар халқымыздың тұрмыс-салты, арман-мұраты философиялық және психологиялық тұрғыдан терең суреттеліп, көрсетілген. Бұған алғашқы жарық көрген «Алтын шуақ» (1962) пен «Дїние ғапыл» (1999) атты шығармаларындағы көтерілген мәселелер дәлел.

«Дүние ғапыл» атты еңбегінде өлеңдер мен тағылымдық мәні зор «Абылай хан» (1999) атты драмалық дастанында қаламгер болмысының жаңа бір қырынан танылуы деп бағамдауға болады. «Абылай хан» дастанында және бірқатар басқа да өлеңдерінде кездесетін философиялық тұжырымдар мен диалектикалық категориялардың ғылыми тағылымдылығын, құндылығын дїниетанымымызға қосқан зор үлес деп ұғынған орынды. Сондықтан олар ғылыми-философиялық талдау жасауға молынан тұрарлық дүниелер. Ұлттық мїдде, азаттық пен еркіндік идеясы, қоғам мен адам орны, тарихи процестер ұлы ойшылдың туындылары мен ой толғаныстарының арқауы [4].

«Аңыздың ақыры» (1982) романында да өткен кезеңіміз бен түрліше дәуірлердегі әлеуметтік құрылым халқымыздың мәдениеті мен рухани дїниесі аса шеберлікпен суреттелген. Бұл шығармадағы өміршінің мінез-құлық білімін түбегейлі суреттеу ұлттық психологиядағы ойлылық пен парасаттылық тәрізді қасиеттерді бейнелеп, дала даналығының данышпандығын ұсынады. Автордың бұл және басқа туындыларында халықтық дїниетанымның көрініс беруі ғасырлар қорларының дәуірлік сипатын елестетіп, рухани мұраларының кїрделілігі мен құндылығын, құрылымдарының жүйелілігін елестетеді. Оның шығармаларының мазмұнынан жеке тұлғалардың психологиялық жан кїйзелісін шебер бейнелеуінен руханилық пен материалдылықты, жан мен тәнді, мәңгілік пен өткіншілікті, болмыс пен болмауды, трахи философиялық толғаныс пен дїниенің сыры туралы ой кешу дәрежесін көрсетеді.

«Аңыздың ақыры» алғаш рет «Махамбет мұнарасы» деген атпен жарияланған болатын. «Мені тарихи тақырыпқа итермелейтін оқиға емес, адам да емес, бағзыдан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті әлеуметтік проблема» - дей келіп, ол «Дала балладалары» аты шоғырлы повестері мен «Аңыздың ақыры» романында сол заманғы психологиялық жеке адам бейнесіне аса назар аударды. «Үркер» романы алғаш 1981 жылы «Жазушы» баспасында жеке кітап болып шығарылып, 1991 жылы «Жалын» баспасынан «Плеяды – созвездие надежды» деген атпен орыс тілінде басылды. Бұл – төрт бөлімнен тұратын тарихи роман [4].

Қазақстанның Ресейге қосылуын көркем бейнелейтін бұл екі романда «Елең-алаң» мен «Үркердің» заңды жалғасы болып отыр. Ондағы кейіпкерлер де, оқиға да ортақ. Романның бас кейіпкері - Әбілхайыр. Жазушы Әбілхайырды қол бастаған батыр, ел басқарған билеуші, халыққа, оның мїддесіне жақын жан ретінде көрсетуге тырысқан. Роман кіші жїздің ханы Әбілхайырдың Ресейге жіберген елшілерін кїтуінен басталады. Автор шегініс жасау нәтижесінде Әбілхайырдың монологімен көп сырды аша білген. Патшаға елші жіберу оған да оңай болмады. Кейіпкердің ішкі монологі арқылы автор қазақтардың ел болу, бірігу жолындағы ізденістерін шолады. Көлтөбедегі, Сарам мен Мәртөбедегі бас қосуларды еске алады, ол бір қазақ халқының мамыражай күйі сияқты еді. Тәуке жіберген елшілікті Гагрин: «Сібір губерниясынан қазақ ордасына шапқыншылық болмайды. Қол астындағыларға сіздермен тату-тәтті тұруға бұйрық берем»,2-деп шығарып салып еді. Ол кезде Әбілхайыр жас сұлтан болатын. Тәуке қайтыс болған соң жағдай өзгереді, қазақ жеріне көз салушылар көбейеді. Оған қарсы Болатхан әрекет ете алмайды. Әбілхайыр қазақтың басына түскен осы қиыншылықтар жөнінде ойланады. Жазушы осы ұзақ монолог арқылы Әбілхайыр бойындағы билік құмарлықтың да ояна бастағанын көрсете білген.

Әбілхайырды хан көтерген соң оның алдында қазақтың болашағы туралы шешім қабылдау міндеті тұрды. Жоңғарды жеңсең, ар жағында құжынаған қытай тұр. Ендеше, қазақ «ары тартса арба, бері тартса өгіз өлетіндігінің» кебін киіп тұрғанда не шешім жасаса да асықпау керек. Сол жолда ол Ақназар, Тәуекел, Тәуке, Қайыптардың да көкірегінде жүрген азулы империяға бодан болу жайлы ойларға да иек артады. Ендеше, Әбілхайыр тыңнан жол тауып отырған жоқ еді. Ол қазақты сан рет толғандырған ойға «тәуекел» деп бел буады. Жоңғардың шабуылынан шаршаған қазақты аман алып қалу үшін Әбілхайырдың орысқа елші жіберуінің себебін жазушы тарихи шындық негізінде ашқан.

Тәуке ханның тұсында оның кеңесшілері – қазақтың әйгілі үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке болса, Әбілхайырдың кеңесшілері – Бөкенбай, Есет секілді қазақ їшін жанын да арын да қия білетін халық ұлдары, ержїрек батырлары. Әбілхайырдың да қол бастаған батыр, соғыс техникасын терең меңгерген айлакер болғанын автор Сұғындық асуындағы жоңғарлармен болған соғыста жеткізе суреттеген. Ол хан болғаннан кейін де «бетегеден биік, жусаннан аласа» бола түседі. Себебі, «Әбілхайыр кімнің арқасында кім болғанын білмей жүр. Одыраңдаған оншақты батыры болмаса, шіркіннің шама-шарқын көрер едік»3,-деген сөздерді естіп жүреді. Сондықтан да ол алдымен батырлардың көңілін табуға тырысады. «Алаш» ұрандарының туын ұстаған Бөкенбайға ол еш жерде қарсы келген емес, керісінше, ол басшы да, қосшы да секілді. Ал, Тайлан секілді қарадан болуы – хан, сұлтан болса да қарапайымдылығының белгісі. Әбілхайырдың қарапайымдылығын ашу їшін олардың танысқандарын бергі өміріне шолу жасалады. Ескінің көзіндей болған Мәті ақсақалды сұлтанның іздеп барып, тїсін жорытуы да қазақтың болашағына жасалған болжам. «Заманына қарай амалы» дегенде Мәті ел бастаған ердің тїлкідей айлакер болуын мегзесе, ол - Әбілхайырға берген ақыл-кеңесі сияқты. Елшілер келгеннен кейінгі елші мен ханның, хан мен би-сұлтандардың бірін-бірі аңдып арбасуы да бїкіл қазақ атынан елші жіберген Әбілхайырға Кіші жїздің ішіндегі ауыз бірлігін сақтау да оңай болмағандығының көрінісі. Ол осы тұста Бөкенбай сынды батырларды пайдаланады [4].

Жазушы ханды хан еткен қара халық болса, ханға халық алдында есеп беріп, тізе бїктіріп отыруды да ұмытпайды. Орыстың елшісін қараламақ болып жапқан жалаға Әбілхайырдың өз басы тірлігуі – осының айғағы. Құмға шөге отырған Әбілхайырдың мїшкіл халі – оның халық алдындағы дәрменсіздігі. Хан сайлаған халық оны асауға байлап өлтіруге әзір. Осы оқиға арқылы біріншіден, халықтың, көптің кїштілігі, екіншіден, Әбілхайыр мен Тайланның арасындағы достық жарқын бейнеленген.

Роман қаршадай Ералының елшілікке аттануымен аяқталады. «Жол шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы еді! «Үміт артсаң үркерге қара!» деуші еді ғой»,- деп романды аяқтаған автор олардың алдынан їркердің тууын жақсылыққа жориды. Үркер – жарқыраған шоқ жұлдыз болса, елшілікке аттандырғандардың сол ісі қазақты адастырмайтынын аңдатады. Осыған дейін бірде қалмақ, бірде башқұрт, бірде жоңғарға үрке қараған қазақтың қарсы алдынан туған үміт отын автор осылай меңзеген. Романның негізгі идеясы да осы.

«Заманың түлкі болса – тазы боп шал» дегендей, түлкі заманда айлалы да ойлы болу їшін керек дегені. Жазушы бұл қасиеттердің бәрін де Әбілқайырдың бойына тани білген.

Таң ата, елең-алаң шақта көрген тїс рас болады. Төңірек жарық бола қоймаған алакеуім шақ. Қазақ пен орыс арасындағы шарт жасалғанмен, оның болашағы бұлыңғыр, анық емес дегенге мегзейді. Әбілқайыр үшін жұмбақ болған сол бір шақ – қазақ үшін де көп нәрсенің жұмбақ екенінің айғағы. Атып келе жатқан таң – қазақ алдынан туар күннің жарқын боларының белгісі. Романның негізгі идеясы осыған саяды.

«Үркер» де, «Елең-алаң» да реализмі бай шығармалар. Жазушы өмірде болған адамдарды, тарихта болған оқиғаларды екшеп алуға тырысқан. Оның көп ізденгендігі әрбір оқиғаны бїге-шїгесіне дейін тәптіштеп суреттеуінен көрінеді [5].

Шығарма қазақ халқының басынан өткен ХЇІІІ ғасырдағы тарихи оқиғаны белгілі тұрғыда саясаттандыра суреттейді. Оқиғалардың Әбілқайыр, Тевкелев көзімен суреттелуі олардың саяси көзқарастарын да ашады. Сондықтан да оны - тарихи әр қырынан зерделеп зерттеген саяси роман деуге болады. Автор қазақ халқы өз еркімен орысқа бодан болды деген ұстанымға сїйеніп, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси сан қырлы астарын ашуға тырысады.

Әбіш Кекілбаев драматургия жанрында да біршама үлес қосты. Оның әлем әдебиетімен тәржімалаған драмалық туындылары қазақ театрларында ана тілінде сөйлеп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Қазақтың М.Әуезов атындағы Ұлттық академиялық драма театрында және басқа да театрларда Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Кориолан», «Король Лир», Валехо Антонио Буэроның «Бүгін мейрам, бїгін той», А.Чеховтың «Ваня ағай» және Макс Фриштің «Ғылым қуған Дон Жуан» сынды драмалық туындылар репертуардан берік орын алса, жазушының «Абылай хан» атты халықтық-қаћармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған тұста жасалды. Туынды 1998 жылы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Әбіш Кекілбаев прозалық шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойы арман етіп аңсаған рухани тәуеліздігін негізгі мәселе етіп көтерсе, сол асыл армандарды енді сахнаға да алып келді. Шығарма жөнінде өнер сїйер қауымды елең еткізер пікірлер де айтылды.

Пьеса үш бөлімнен тұрады. Бірінші көріністе тарихтан өзімізге мәлім Сабалақ атымен жүрген жас Абылаймен кездесеміз. Ұрыс майданында жоңғар ханы Қалдан Шереннің батыр ұлы Шарышты өлтіріп, батырлығымен танылды.

Екінші көріністен аң аулап жїріп, қапияда кез болған ойраттардың тұтқынына тїскен батырдың жан арпалысына кездесеміз. Батырға көмекке келетін сұлу Кїлпаш оған көңілі кетіп, олардан Әмір Сана туады. Абылай зынданнан өзінің шешендігімен, тапқырлығымен құтылады. Драматург осы тұста сөз құдыретін таныта білген. Баласын өлтірген батырға бостандықты бергізген де сөз құдіреті. Бірін-бірі аңдыған екі батырды бәтуаға, сыйластыққа алып келу – драматург шеберлігі.

Үшінші көріністе оқиға шиыршық ата тїседі. Бұл көріністе қазақтың өз ішіндегі бітпес дауға кездесеміз. Қазақ шонжарлары қалмақ шапқыншылығынан қорқып, Әмір Сананы қайтаруды талап етеді. «Еркек тоқты құрбандық» деп тїсінген хан баласын Ресейге өткізіп жіберуге мәжбїр болды. Автор Абылай ханның түйдек-түйдек ойлары арқылы көпке ой сала біледі: «Сыртта – лаң, іште – жылан. Шытырман да шырғалаң. Алға тартсаң – алдыңнан, қияға тартсаң – етегіңнен. Жармасып жатқан жау өңшең». Бір жағынан орысы, бір жағынан жоңғары мен қытайы қысқанда да сол қазақтың өз ішінің дау-жанжалы біткен бе? Осындай сан сауалға жауап іздеген Абылай ханның түйінді шешімін:

Азаттықтың қамы їшін,

Болашықтың бағы їшін,

Ұлы жорық бастаймын,

Айналайын әлеумет! - дегенінен көруге болады. Пьесадағы Абылайдың ақылшысы әрі кеңесшісі болған Бұхар жыраудың бейнесі – Көмей әулие. Ол – ханға қашанда өктем сөйлеп, ақыл-кеңес беруден жалықпаған дана қарт. Әбіш Кекілбаев бұл пьесада қазақтың кешегісі арқылы бїгінін меңзейді. Ол Абылайдың аузына ел басының сөзін салса, жоғарыдағы мысалдар қазақты ел болуға шақырғаны даусыз. Пьесадағы толғаулы ойлар, асылдай сөздер – драматургтың қол жеткізген табысы. Бұл пьеса Кекілбаев шығармашылығының шарықтау биігін танытар туынды.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетінде поэзия, проза, дрматургия, сын, публицистика, аударма жанрларында зор үлес қосқан қырымды қаламгер. Оның поэзия жанрындағы алғашқы ізденістерінен батап, соңғы жылдары жазылған сыршыл лирикасы, әңгіме, повестері, романдары қазақтардың кешегі, бүгінгі өмірі жайында терең сыр шертеді. Оларда жасалған тарихи тұлғалар мен біздің замандастарымыздың толымды бейнесі оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық танытуда. Оның тілінің құмға да, тасқа да тіл бітірген образдылығы, елі мен жерін сүйген отаншыл азаматтың бүкіл шығармашылығының қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігін негізгі идея етіп ұсынуы да қолдау табуда [5].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]