- •І. Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығының бастапқы кезеңі
- •1.1. Әбіш Кекілбаевтың жазушылық жолындағы сындарлы кезең
- •Іі. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыптық сипаты
- •2.1. Тәуелсіздік жылдарындағы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тәуелсіздік идеяларының негізгі бастаулары
- •2.1. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қорытынды
Бұл тақырыпты зерттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, драматург, сыншы, философ, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері, әлемнің көптеген елдеріне танымал болған Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы, қоғамдағы орны мен жан-жақтылығы, шебер саясаткер ретіндегі рөлі, мемлекет көлеміндегі атқарып жатқан іс-әрекеттері, ұлт пен халық жағдайына, тіліне деген оның жанашырлығы көрсетілді. Оның ел көлемінде, ұлтаралық қатынастың нығаюы мен жалпы әлеуметтік шеңберіндегі атқарған, атқарып жатқан еңбегі аз емес.
Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев терең мазмұнды ой-пікірлерін, қоғамдық-саяси көзқарастары мен ой толғаныстарын, дүниетанымын ғылыми философиялық тұрғыдан зерттеп, сараптау қажеттігін заңды құбылыс. Ойшыл философтың қоғам мен мемлекет қайраткері ретінде және зор шығармашылық еңбегі арқылы халқымыздың әлеуметтік және рухани дүниесіне, мәдени өміріне қосқан үлесі зор. Оның қаламынан туған дүниелерде қамтылған ұлттық болмыс мәселелері: мәдениет пен тіл, діл мен дін, тұрмыс-салт пен тарихи жады және болашақ, сонымен қоса басқа да сан алуан идеялары автордың дүниетанымдық көзқарас ерекшеліктерінің күрделілігі мен ауқымдылығының айғағы. Әбіш Кекілбайдың еңбектері тарихи сырға толы әрі ерекше мәнге ие. Қаламгер әр түрлі тақырыпты жан-жақты талқылап, жеткізе біледі. Оның балалық шағынан бастап, есейіп, мемлекет қайраткері санатына келген тұсының өзінде жадынан бір сәтке де шығармашылығы қалған емес. Бала күнгі қиыншылықтарын өз шығармаларында тұлға өмірімен сипаттай білді. Соғыс зардабын тартқан ауыл бейнесін, азып-тозған ауыл тұрғындарының сипатын ерекше суреттеп, оған жан бітірді. Оның шығармалары жан-жақты тақырыптарға арналып жазылған. Тіпті, «Абылай хан» пьесасының өзі шетелдік жазушылардан кем қалмады. Әбіш Кекілбай шығармаларының негізгі тақырыптары тәуелсіздік, елдік, әділеттілік, бостандық, дін, діл, мәдениет пен өркениет, әлеуметтік және экономикалық жағдай, жалпы әлемдік даму, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен менталитеті тұрғысында жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Әбіш Кекілбаев туындыларын философиялық деңгейде байыптау қазақ философиясының тұтастығы мен мирасқорлығын көрсете келіп, халқымыздың дүниетанымдық ерекшеліктері арқылы әлемдік мәдени кеңестік бірлігінен орын алады және өзінің ой кешу дәрежесі бойынша халқымыздың рухани болмысын бүкіл әлемге таныстырудың тұлғасы ретінде танылады. Тек қана қазақ жерінде емес, сонымен бірге шетелдік деңгейде танымал болған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызды алар орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. - Алматы 2002ж, ІI-том.
Кекілбай Ә. Махаббат мұнарасы. – Алматы: Раритет, 2005ж.
Кекілбай Ә. Ханш – Дрия хикаясы. – Алматы: Атамұра, 2003ж.
Кекілбай Ә. Шандоз. - Алматы: Арыс, 2004ж.
Кекілбай Ә. Азаттықтың ақ таңы. - Алматы:Қазақстан,1998ж.
Дүйсенбаева Ж. Кекілбай прозасы халық аңыздар және көркемдік шешім. - Алматы: 1999ж.
Джуанышбеков Н. А.Кекильбаев: очерк жизни и творчества. - Алматы 2004г.
Кекілбай Ә. Заманмен сұхбат. - Алматы: Жазушы, 1995ж.
Кекілбай Ә. 12 томдық шығармалар жинағы. - Алматы: 1989ж, ІI-том.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 10-томдық, - Алматы: 2005ж, ІХ-том, Кеңес дәуірі (229-757б).
