Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
attachment (8).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
990 Кб
Скачать
☆

5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

  1. Қазақстанда маркетингттің қалыптасуы және даму ерекшеліктері- Эссе

  2. Тұтынушы сұранысын талдау жүйесі – Жағдайлық тапсырма

  3. Жылжымайтын мүлік нарығын талдау - Эссе

  4. Қазақстандағы ұялы байланыс жүйесі нарығын талдау – Эссе

  5. Сервистік қызмет көрсету және оның артықшылықтары - Жағдайлық тапсырма

  6. Көрсетілген қызметтер маркетингі- Жағдайлық тапсырма

  7. Банк маркетингі - Жағдайлық тапсырма

8.Туризм саласындағы маркетинг ерекшеліктері (Қазақстан мысалында) – Эссе

  1. Халықаралық маркетингті сегменттеу- Жағдайлық тапсырма

5.2 Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары Тақырып: Маркетинг тұжырымдамасы және концепциясы

1-тапсырма

Маркетинг тұжырымдамасы ұзақ дамудан өтті. XX ғасырдың басында ғана ол өндірісті және өнімді өткізу ісін басқарудағы ерекше көзқарас ретінде қалыптасты. Алайда адамзат тарихында сатушының нарықтағы сауатты іс-қимыл танытқанының мысалы көп. Италльяндық Франческо Пеголоттидің (XIV ғасырдың ортасы) «Әр алуан елдер, тауар өлшемдері және жер шарының бөліктерінде көпес білуге тиіс басқа заттар туралы, яғни сауда дәстүрлері, ақша бағамы, бір елдің тауары өзге елдің тауарына қалай сәйкес келеді және бір тауар екіншісінен несімен артады, тауар иесі оны қайдан алады және оны қалай ұзақ уақыт сақтауға болатыны жайында кітап» атты трактатында мынадай сөз бар:

«Нағыз және адал көпестің бойында не болуға тиіс?

Адал бол да, байсалды бол.

Бәрін алдын ала біліп қой.

Уәде берсең қайткенде де орында.

Әдемі де әсем болуға тырыс-

Сауданың талабы осындай

Арзанға алып, қымбатқа сат.

Сыпайы бол, бекерге долданба,

Шіркеуге бар, кедейлерді жарылқа,

Қымбаттағанда дереу сат.

Ойын мен озудан қашанда алыс бол.

Есепте, қате жібермеуге тырыс.

Аумин».

Мынадай сұратқтарға жауап беріңдер:

  1. Қалай ойлайсыз, осы ертеде айтылған сөз бүгін мәнін жойды ма?

  2. Маркетингтік ойлаудың бүгінгі түсініктемесімен ұқсас тұстары бар ма?

Тақырып: Рынокты сегменттеу

2-тапсырма

Бүгінгі таңда Қазақстанда делдалдық тәжірибесі кең тарады. Және делдалдық операциялар арасында бірінші қатарға келешегі жағынан қарағанда станоктар рыногы шықты.

Делдалдар осындай рыноктарды іздеудің кейбір жалпы принциптерін тапты.

  1. Станоктарды кәсіби кадрлары бар «ескі» кәсіпорындарға ұсынудың қажеті жоқ.

  2. Кәсіпорындарға кәсіби станоктарды ұсынудың қажеті жоқ. Одан да қосалқы станоктарды ұсынған жөн.

  3. Станоктарға тапсырыс берушінің қарқынды еңбек етуіне және төлеуге қабілеттілігіне кепілдік беретін тұрақты өткізуі бар өндіріске бейімделу қажет.

  4. Импорт бойынша станок сатып алғанда бұрынғы социалистік елдердің арзан жабдығына көңіліңізді аудару қажет емес.

  5. Импорт станоктары жөніндегі мәміле барысында тікелей өнімді шығарушыға шығудың қажеті жоқ, өйткені ол қымбатқа түсуі мүмкін.

Аталған принциптерді талдап, шектеулердің себебін түсіндіріп көріңіз. Делдалдық қызметтің тиімділігін арттыру үшін тағы не ұсынуға болады, қалай ойлайсыз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]