Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_522.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
756 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. «Би Темірге бірінші толғауының» авторын көрсетіңіз.

A) Доспамбет жырау.

B) Қазтуған жырау.

C) Шал ақын.

D) Шалкиіз жырау.

E) Ақтамберді жырау.

2. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.

A) “Құлагер”.

B) “Заман адамы”.

C) “Жақсы мен жаман”.

D) “Ақ көйлек”.

E) “Асыл мен жасық”.

3. ’’Қазақ’’ газетінің редакторы кім екенін белгілеңіз.

A) М.Дулатов.

B) М.Сералин.

C) М.Көшімов.

D) Б.Өтетілеуов.

E) А.Байтұрсынов.

4. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) І.Жансүгіров.

C) Б.Майлин.

D) М.Жұмабаев.

E) Ж.Жабаев.

5. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Айман – Шолпан».

B) «Түнгі сарын».

C) «Еңлік – Кебек».

D) «Қарақыпшақ Қобыланды».

E) «Қарагөз».

6. Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі қалай аталатындығын табыңыз.

A) Буын.

B) Ырғақ.

C) Шумақ.

D) Ұйқас.

E) Бунақ.

7. Бөрідей жұрт ұсылып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп, жылаған көзден жас өрер, - деген үзінді алынған жырды белгілеңіз.

A) «Тоныкөк» жыры.

B) «Оғыз қаған жыры».

C) «Күлтегін» жыры.

D) «Алып-Ер Тұңғаны жоқтау».

E) «Қорқыт ата кітабы».

8. Еркек қойды “қоздатып”, хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкерін белгілеңіз.

A) Қожанасыр.

B) Алдар көсе.

C) Аяз би.

D) Асан қайғы.

E) Жиренше.

9. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы сиқырлы сыбызғышыны анықтаңыз.

A) Қаракөзайым.

B) Жәдігер.

C) Алпамыс.

D) Байбөрі.

E) Кейқуат.

10. Ы. Алтынсариннің ²Әке мен бала² әңгімесіндегі ұстанған қағидасын табыңыз.

A) Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың.

B) Кем-кетікке жәрдем беруді ұмытпа.

C) Ауырды жеңілдету өз қолыңда.

D) Есектің артын жуып, мал тап.

E) Бағып-қағуда көп мағына бар.

11. Абай өз өлеңдерін қай жылдан бастап өз атымен жариялай бастағанын анықтаңыз.

A) 1885 ж.

B) 1889 ж.

C) 1884 ж.

D) 1886 ж.

E) 1887 ж.

12. ²Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады²,- деп бастап, тән құмары мен жан құмарын көрсететін Абайдың нешінші қарасөзі екенін табыңыз.

A) Оныншы.

B) Он тоғызыншы.

C) Жетінші.

D) Отыз бірінші.

E) Төртінші.

13. Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал, Ақан серінің портрет галереясын жасайтын шығарманы атаңыз.

A) І.Жансүгіров «Әншіге».

B) А.Байтұрсынұлы «Ақын ініме».

C) С.Сейфуллин «Көкшетау».

D) М.Жұмабаев «Көкшетау».

E) Ж.Аймауытов «Әнші».

14. ’’Абай жолы’’ эпопеясының "Жұт" деген тарауында Абай қай қырынан көрінгенін белгілеңіз.

A) Халық қамқоры.

B) Заманмен тілдесуі.

C) Қайғылы күйге түсуі.

D) Сүйсінуі.

E) Шабыт үстінде.

15. “Оянған өлке” романындағы бір-бірімен бақталас қазақ байларын белгілеңіз.

A) Игілік пен Сандыбай.

B) Омар мен Жұман.

C) Омар мен Күреңкөз.

D) Жұман мен Игілік.

E) Бұланбай мен Сүгірәлі.

16. ’’Миллионер’’ туындысының авторын табыңыз.

A) М.Әуезов.

B) Ғ.Мүсірепов.

C) С.Мұқанов.

D) Г.Сланов.

E) Ғ.Мұстафин.

17. ²Қас батырдан қорқақ туады,

Қас шеберден шорқақ туады,

Қас жорғадан жортақ туады²,- деген үзіндідегі бағалай сөйлеудің жасалу жолын көрсетіңіз.

A) Екі нәрсені салыстыру жолымен жасалған.

B) Сөзді ауыс мағынада қолдану арқылы өрнектелген.

C) Сауал қою арқылы пайымдалған.

D) Тура мағыналы сөздерден туындаған.

E) Келемеж, келеке түрінде көрініс берген.

18. Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерін белгілеңіз.

A) «Мен – қазақпын».

B) «Құстар қайтып барады».

C) «Ақ бантик».

D) «Менің Қазақстаным».

E) «Соғыстан қайтқан солдаттар».

19. Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасында сөз болатын оркестрді табыңыз.

A) Ұлттық музыка академиясының ұлт аспаптары оркестрі.

B) Мемлекеттік камералық оркестр.

C) «Отырар сазы» ұлт аспаптары оркестрі.

D) Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі.

E) Мемлекеттік симфониялық оркестр.

20. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.

A) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп».

B) «Құйрық атып құлия».

C) «Замандастар».

D) «Дүние мен өмір».

E) «Тұрмысқа».

21. Ж.Аймауытовтың «Шернияз» драмасы қай ақынға арналғанын анықтаңыз.

A) М.Дулатов.

B) М.Жұмабаев.

C) С.Сейфуллин.

D) І.Жансүгіров.

E) С.Торайғыров.

22. «Құлагер» поэмасындағы Құлагердің мерт болуы суреттелетін тарауды табыңыз.

A) “Егес”.

B) “Ат шаңы”.

C) “Жалғыз қазық”.

D) “Ат қайтқанда”.

E) “Ас”.

23. М.Әуезов он бір жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болғанын табыңыз.

A) Атасы Әуездің.

B) Әкесі Омарханның.

C) Нағашыларының.

D) Оқу орындарының тәрбиесі.

E) Немере ағасы Қасымбектің.

24. Мойыны иірілген аққу сынды,

Тамағы торғындай боп тартты күнді.

Қан-қызыл, жұқа ерін, оймақ ауыз,

Қиылып құмырсқадай белі үзілді, - деген кімнің портреті, табыңыз.

A) Қамар сұлу.

B) Сұлушаш.

C) Ботагөз.

D) Құралай сұлу.

E) Баян сұлу.

25. Д.Исабековтің Дермене повесі атауының мағынасын анықтаңыз.

A) Жусанның дәрі жасайтын бір түрі.

B) Дәрінің аты.

C) Зоршылдық, өктемдік деген сөз.

D) Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш.

E) Қурайдың аты.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]