Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсавой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

1.7 Пойыздардың жақындағандығы туралы ақпарат

Станса жұмысын шұғыл жоспарлау пойыздардың жақындағандығы туралы дер кезінде ақпарат беруге негізделген. Станса екі түрлі ақпарат алады: алдын ала және дәл. Алдын ала ақпаратты жол бөлімшесінен тапсырмамен бірге кезекті ауысымға жібереді. Ол әр бағыттан ауысым ішінде стансаға келетін пойыздар туралы деректерден, оның ішінде қайта өңдеуге келіп түсетіндер, осы стансаға түсіруге келе жатқан вагондар туралы деректерден тұрады. Әрбір 4-6 сағаттан кейін жол бөлімшесі стансаға әрбір пойызд туралы келесі деректермен түзетілген ақпаратты жіберіп отырады: нөмірі, индексі, болжанатын келу уақыты, вагондардың жалпы саны және олардың массасы, құру жоспарының міндеттері бойынша вагондардың саны (қайта өңделетін пойыздар үшін), және де осы

стансаға жүк түсіру үшін вагондар саны.

Толық немесе жартылай қайта өңдеуге келіп түсетін барлық пойыздарға (құрамалардан басқа) станса жеделхат – натура парақтары түрінде дәл ақпарат алу қажет. Оны пойыздарды жөнелту шамасына қарай (жөнелткеннен кейін 10 мин. кешіктірмей) орнатылған жол нұсқауларымен, құру стансасынан немесе ақпарат жіберу стансасынан береді. құру стансасынан тарату стансасына дейін жүріс уақыты аз пойыздарда жеделехат – мәліметтер жібереді, онда пойыздың нөмірін, индексін, белгіленген жөнелту уақытын, санын, тарату стансасының міндеттері бойынша вагондар топтарының шартты ұзындығы мен массасын көрсетеді. Жеделхат – мәлімет құраманы құру аяқталған соң, 10 мин. кешіктірілмей берілу керек.

Тасымалдау процесін шұғыл басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің даму шамасы бойынша ақпарат алмасу өзара әрекеттесетін жол және тораптық есептеуіш орталықтардың ЭЕМ байланысының жанасқан каналдары арқылы қамтамасыз етіледі. ЭЕМ-нің осы деректерінің негізінде пойыздардың келу уақытын болжайды, байланыс каналдары бойынша пайдаланушыларға қажет деректерді қалыптастырады және жібереді. Станса жұмысының тәуліктік жоспар-графигінің мәні.

Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі

Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі деп станция жұмысының графиктік нұсқасы: пойыздарды қабылдау, паркте және жөнелтілудегі өңделуі жоспар кестесінде жергілікті вагондарды өңдеу, жіберу және жөндеу, тиеу және түсіру, контейнерлерді сұрыптау бейнеленеді. Тәуліктік жоспар- кестесінің мақсаты: парктерде түсіру және тиеу жұмыстарын жүргізу, жолдар, маневрлік локомотивтердің станция жолдарында әртүрлі вагондардың тұруын есептеу. Жоспар-кестеде «тар» орындар айқын көрінеді, ол операция аралық интервалдар; пойыздардың қалыпты келмеуінен тұрып қалуы, жол ддамуының жетіспеушілігі, маневрлік локомотив саны және т.б. Жоспар-кесте бір тәулікке жоспарланады. Онда масштаб бойынша келесі белгілер белгіленеді:

  • пойыздардың график бойынша станцияға енген бағыттардың бәрінде қозғалысы;

  • белгіленген қабылдау уақытында пойыздың келу паркінде болуы;

  • сұрыптау жолдарында вагондардың жинақталуы, оның қалыптастыру жұмыстарынан кейін қалып қоймауы;

  • тарту жолдарының қалыптасуы;

  • маневрлік локомотивтермен жергілікті вагондарды жөнелті және жөндеу;

  • жүк аудандарының жұмысы ;

  • пойыздың жөнелту паркінде тұру уақыты;

  • пойыздардың график бойынша жөнелтілуі.

Жоспар-кестені құру үшін нормативті есептеулер қолданылады. Олар

станцияның технологиялық жұмысын анықтайды:

  • станция кестесі жіне жүк аудандары;

  • парктер мен жолдардың мамандандырылуы;

  • техникалық-басқарушылық акт;

  • жанасу аймағында пойыздар қозғалысының кестесі;

  • пойыз қалыптасуының кестесі және маршрутының жоспары.

Әр станцияда технологиялық процесс бойынша құрамалармен, вагондармен жеке операциялар жүргізу үшін техникалық процесс және құрамаларды әр паркте сұрыптау уақыты анықталады. Олармен қоса тиеу және түсіру, пойыздарды қабылдау және жөнелту уақыты вагондарды өңдеуді тездету, еңбек өнімділігінің қорытындысын есепке алу керек.

Әр жаңа күнде өткен жұмыстар қайталанбайды. Келген пойыздардың құрамы мен саны өзгеріп отырады. Станцияда қалыптастыру жұмыстары натурлық қағаз бен маневрлік диспетчер жоспарының өткен жылдың 1 декадасына арналып жоспарланады.