Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туб-з ЧЛО каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆

Бадамшалар және жұтқыншақ туберкулезы.

Бұндай туберкулез түрі бір-бірінен жекеленіп өте сирек жүреді, көбінесе өкпенің диссеминирленген немесе фиброзды-кавернозды туберкулезымен қосарланып жүреді.

Патогенез және патоморфология. Бадамшалар мен жұтқыншақтың зақымдалуы МБТ-ң ағзаға лимфагенді немесе гематогенді жолмен түсуі нәтижесінде дамиды. Негізгі түрі инфильтрат және ойық-жара. Бадамшалар мен жұтқыншақтың туберкулезді жегі өте сирек кездеседі көбінесе терінің туберкулезды жегісінің асқынуы болып саналады. Жегігіе инфильтративты-түйінді түр және тыртықтану тән.

Клиникалық көрініс: Негізгі симптомдар- мұрын арқылы дем алудың қиындауы, жұтыну кезінде ауырсыну, дисфагия, шашалып қалумен асқынғыан. Қарап тексергенде бадамшалардың үлкейгендігі анықталады көбінесе бір жақты және крипталарда бөліністер болады. Жұтқыншақтын артқы қабырғасының туберкулезды абцессі кезінде жұтынудың ауырсынуы жәнне стенотикалық тыныс еытіледі.

Инфильтративты түрі кезінде шырышты қабат қалындаған, фолликулалары гипертрофияланған. Жұтқыншақтың лимфоидты фолликуласы деструкцияға және ыдырауға бейім емес.

Көбінесе процеске мойын лимфа түйіндері қатысады олар ұлғаяды және ауырсынбайды. Жұтқыншақтың туберкулезды жегі ауруы ауырсынусыз, ұзақ ағымды, сауығуға-тыртықтануға бейім болады.

Диагноз. Анамнезге, клиникалық мәліметтерге, өкпенің рентгенологиялық нәтижелеріне, туберкулин сынамаларының қорытындысына баға беріп диагностика жасаймыз. Гистологиялық және бактериологиялық зерттеу нәтижелері нақты диагноз қоюға ықпалың тигізеді.

Бет сүйектерінің және бындарының

туберкулезы.

Берілген сүйек-буын туберкулезына төменгі, жоғарғы жақ, маңдай , самай сүйектерінің спецификалық зақымдалуы жатады.

Патогенез және патоморфология. Спецификалық зақымдану МБТ-ң гематогенды, лимфагенды жолмен еңуіне байланысты. Туберкулезды оститтің біріншілік ошағы ұзақ уақып симптомсыз өтуі мүмкін ал егер ағзаға жағымсыз фактор әсер етсе аурудың өрші басталады. Туберкулезды оститтің ошғында эпителиоидты тіңдермен Пирогов-Лангханстың гигантты клеткасы жиналады. Уақыт өте ошақ дәнекер тіңмен қоршалады да ірімшікті некрозды ыдырауға ұшырайды, соның салдарынан сүйек десирукциясы және сүйек кавернасы дамиды. Ірімшікті некроз ыдырап туберкулезды абцесс дамиды.

Самай-төменгі жақ буындарының зақымдалуы төменгі жақ туберкулезының өршу салдарынан болады. Буындағы деструктивты өзгерістер буын функциясының бұзылысына, тыртықты бітісулерге әкеледі.

Созылмалы периодонтид көрінісі: Зат алмасу процессінің бұзылысы салдарынан тіс түбірінің сүйекті тіңнің деструкциясы дамып тістер мен сүйектердің декальцинациясына әкеледі. Туберкулезды периодонтид кезінде процесті сүектерге жібермей шктету мүмкін емес.

Маңдай сүйектерінің туберкулезы. Ішкі пластинканың зақымдалуымен және шектелген немесе жайылмалы деструкциямен көрінеді. Сырқаттанудың басында ауысыну болмайды. Процестің ағымы баяу бірақ өршуі тез. Уақыт өте келе науқастар бастағы үнемі ауыруына шағымданады және бас сүйегіне басқанда қатты ауырсыну сезімі пайда болатының айтады. Бірітіндеп басында флуктуациялық ісіңу пайда болады. Егер ірің тері астына өтіп кетсе жұмсақ, болбыр жеңіл қозғалмалы түзіліс қолга сезіледі. Кей-кездері абсцесс орнында үлкен емес ойық сезіледі. Пайда болған свищты зондтау кезінде зонд сүйекке немесе секвестрға тіреледі. Егер перфорация дамыса зонд қаңқа ішіне еңіп кетуі мүмкін.

Асқынбаған жағдайларда науқастың жалпы жағдайы жақсы болады.

Дәрігерге науқастар ауырсыну мазалағандықтан емес басында бір немесе бірнеше кішкентай түзіліс болғандықтан қаралыда.

Сирек жағдайларда бас сүйегіндегі процесс туберкулезлды менингит клиникасына ұқсас болады. Секвестр жоқ болса менингит белгілері жоғалады.

Рентгенологиялық көрініс Әртүрлі пішінді, көлемді шеттері тегіс емес деструкция ошақтары көрінеді. Секветр және сүйектің тесілуін де көруге болады.

Бет сүйегінің туберкулезы Клиникасы жоғарғы және төменгі қабақтың ісіңіп, қызаруымен сипатталады. Ошақ орнында абцесс дамиды уақыт өте келе абесс өздігінен ашылып орнында жыланкөз пайда болады. Процесс қабақты көтеріп, айландырып тұратын сүйекпен бітіскен тыртықтын пайда болуымен аяқталады.

Рентгенологиялық көрінісі Бет сүйегінің туберкулезы кезінде секвестр көлеңкесімен бір немесе бірнеше ұсақ ошақтар көрінеді.

Жақ туберкулезы өте сирек кездеседі Клиникалық көріністі көбінесе төмегі жақ туберкулезы береді, ол екі түрге бөлінеді:

  • Альвеолярлы түрі МБТ зақымдалған тістің түбірлік каналынан немесе пародантальды қалташадан еңгенде дамиды.

  • Орталық түрі төменгі жақтың бұрышында дамиды осы жерден процесс буынға таралады. Сонымен қоса инфекция ортанғы құлаққа самай сүйегіне таралуы мүмкін.

Төменгі жақтың зақымдалуы баяу ағыммен және бірітіндеп күшеетін ауырсынумен ерекшеленеді. Жақтың бір аймағы қалындайды сонынан «суық» абсцесс дамиды. Бұл кезде науқастарда шайнау қабылеті бұзылады, ауызын физиологиялық өлшемдерге дейін аша алмайды. Шайнау бұлшық еттерінің қабынған контрактурасы дамиды. Егер абсцесс самай сүйегінің деңгейінде роналасса ауыз ашу қабылеті күрт төмендейді. Төменгі жақ туберкулезының тұрақты белгісі: жыланкөзден бөліністің болуы, грануляциялық түзілістер, секвестрлер. Қабыну самай-төменгі жақ буынына өтуі процестің екінші фазасына өтті дегенді білдіреді. Буындардың бұзылысымен бірге реактивты синовит дамиды.

Үдемелі артрит - туберкулезды процестің буындардан синовиальды қабатқа өтуі. Буындардың ісіңу байқалады, рентгенологияда деструкция ошақтары анықталады(көбінесе біреуден. Туберкулезды артриттің өршуі кезінде буындарда қабыну және деструктивты белгілер, қатты ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, контрактура дамиды. Жыланкөзбен, абцесс пайда болуы мүмкін.

Созылмалы деструктивті артрит - деформация және контрактурамен көрінетін буын беткейлерінің тотальды және субтотальды буындардың ауыр зақымдалуы. Туберкулез процессі басылған кезде қабыну азайып, тыртықтану дамиды, метатуберкулезды артрозға айналым дегенеративті сипаты жоғарлайды, буын функциясы төмендейді.

Туберкулез кезіндегі жақ рентгенографиясы полиморфты болып келеді. Жиі жағдайларды остеопароз, сүйек деструкциясы , секвестр пайда болады . Самай – төменгі жақ буындарының зақымдалуы кезінде буын өзегінің тарылуы көрінеді, буын беткейінің кедір бұдыр, сүйек ұштарының терең диструкциясы анықталады.

Перидонт тіндерінің туберкулезы. Тіс маңындағы зақымдалу туберкулезды этиология болғанда патологиялық процесс қызыл иекті , пародонт, периодонт, сүйек альвеолалар қоса алады. Тіс түбірін қоршаған тіндердің қабынуы пародонтит деп аталады.

Сүйек – буын және өкпе туберкулезі ауруымен ауырған науқастарды жиі жағдайларда тісжегісі және пародонтит анықталады. Тіс маңындағы тіндердің зақымдалуы туберкулездың клиникалық ағымына және ұзықтығына байланысты. Тіс жегісі көбееді. Тіс пульпасының зақымдануы өкпе туберкулезы бар науқастарда созылмалы түрде өтеді. Созылмалы апикальды периодонтит кезінде гранулемалар басым болады. 90% жағдайларда туберкулезды периодонтит симптомсыз жағдайда өтеді, сондықтан МВТ токсиндер әсерінен жүйке талшықтары деструкциясы болады.

Туберкулезды этиологилы апикальды гранулемалар көрінбей өтеді, тек ауыз қуысы сонациясы кезінде анықталады. 2% жағдайларда периодонтит одонтогенды абсцесспен асқынады. Бұл жағдайда науқасты тістің, бастың ауырсынуы, әсіресе тістеген жағдайда, температура жоғарлауы, өзін жайсыз сезінуі мазалайды. Шырышты қабаттың ісінуі, регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаю байқалады.Абсцесстер ұзақ, белсенді емес ағыммен сипатталады.

Қараған кезде себебі абсцесс болған зақымдалу орныныда ісіну және сол тіннің көгеріп тұруы көрінеді. Абсцесс үстіне жыланкөз немесе тыртық орналасады.

Зақымданған тіс маңайын басқан кезде уақытша сол жерде ойық пайда болады, бұл қымданудың дәлелдемесі болуы мүмкін. Тістер зақымдалу себебінен күш түсіруге шыдамай, бұзылады.

Рентгенологиялық көрініс

Түбіршектердің ұштарындағы тіс маңында үлкен(0,5см) және орташа (0,2-0,4см)тегіс емес ошақтардың болуы прогрессирлеуші ағымды растайды. Созылмалы одонтогенді қабыну туберкулезбен ауыратын науқастың жалпы жағдайын нашарлатады.