Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға стоматологиялық көмектің көрсету ерекшелігі
Туберкулезбен ауыратын науқастарға стоматологиялық көмек көрсету қатаң санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіппен жүргізіледі. Туберкулездың активт і формасы бар науқастардың ауыз қыусын қарау үшін , оны фтизиатр жолдау керек, және де науқастың симптомдары азайып, температурасы қалыпты болуы тиіс. Жоспар бойынша науқастарды қарау спецификалық химиотерапияны бастағаннан кейінгі 2-4 айдан кейін, қақырықта МТ теріс болғанда жүргізуге болады.
Өкпе туберкулезінің белсенді түрінде адам ағзасы резистентті болғандықтан , ең алдымен емді ауыз қуысының сонациясынан бастайды. Пародонтитке және периодонтке қабынуға қарсы ем жүгізу, профилактикалық антибактериальды шараларды жасау.
Коплексті терапияға кіретін науқаспен және дәрігердің келісімі бойынша эндодонтикалық ем жүргізіледі.
Емге қарсы көрсеткіш болып: созылмалы пародонтит, тістің қозғалуының ІІ-ІІІ дәрежесі, периодонтта деструктивті процесстердің болуы, тіс маңындағы туберкуледы және де басқа зақымдардың болуы. Туберкулезды периодонты бар тістерді алып тастайды.
Профилактика. Жақ – бет туберкулезының бірдер бір профилактикасы болып, өкпе туберкулезын уақытында емдеу болып табылады. Уақытында ті жегісін, оның асқынуын, тіс айналасындағы шырышты қабаттарын уақытылы емдеу керек.
Стоматологтың инфекцияға қарсы іс шаралары
Көп жағдайларда стоматологилық қарануға имунитеттері әлсіреген, тек туберкулезбен емес , сонымен қатар басқа да жұқпалы аурулармен ауратын науқастар келеді.
Антибиотиктердің және химиопрепараттардың бақылаусыз қолданылуы себебінен микробтардың оларға резистенттілігі жоғарлады, Сондықтан аурухана ортасында кеңінен жайылып , тек ауруларға емес , персоналға да қауып төндіреді.
