- •1. Жобаланатын өндірістің қуаттылығын негіздеу
- •Жұмысшылар санын есептеу
- •Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •Өнімнің өзіндіқ құнын есептеу
- •Жобаланатын технологияның экономикалық тиімділігін негіздеу
- •Өндіріс шығындарының қондырғылардың өндірістік қуаттылығын пайдалану дәрежесіне байланысын зерттеу
Жобаланатын технологияның экономикалық тиімділігін негіздеу
Өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер алуан түрлі және олардың әрқайсысының белгілі мағынасы және міндеттері болады. Жаңа технологияны жобалау процесіндегі маңызды көрсеткіштер: күрделі шығындарды жұмсаудың экономикалық тиімділігі, олардың белсенділік мерзімі, өнімнің жобаланатын бағасы, өнімнің және өндірістің рентабельділігі және сол сияқты бірқатар негізгі көрсеткіштер.
Көрсеткіштерді есептеуді өнімнің жобаланатын бағасынан бастаған дұрыс. Баға еңбектік қоғамдық қажеттілігін, өнімді сату барысында сұнаныс пен ұсынымның өзара әрекеттесуінде нарықта қандай баға қалыптасатынын нақты бейнелейді. Өнідірсті жоспарлағанда, әсіресе жаңа өндіріс ошағын жобалағанда кәсіпорын өзіне жеткілікті табысты қамтамасыз ететін тауар бағасын тағайындайды. Өнімнің бағасын анықтаудың көптеген тәсілдері бар, оның ішінде ең кең тарағаны және қолданылатыны шығындық әдіс болып саналады. Оның мәні өнімдішығарыға жұмсалатын шығындарды есептеумен қатар нормативті ктабысты да есепке алады. Бұл жұмыста өндіріс шығындарының бағаларын қалыптастыру әдісі қолданылады және баға төменгі тәртіп бойынша есептеледі:
Ц = С + П (5.1)
П = С * %П \ 100% (5.2)
Мұнда: Ц – кәсіпорынның, көтерме бағасы
С – өнімнің толық өзіндік құны,
%П – рентабельділік нормасы, жобалау кезінде 20 - 35% аралығында болады деп қабылданады.
Табысты есептеу.
П = 869,5 * 30% \ 100% = 260,85 руб.
ПГ = П * МГ = 260,85 * 190000 = 49561500 руб. (5.3)
Мұнда: ПГ – өндіріс қуаттылығын толығымен пайдаланғанда алынатын табыстың жобалануы.
Өнімнің бірлігінің бағасы тең болады:
Ц = 869,5 + 260,85 = 1130,35 руб.
Абсолюттік экономикалық тиімділік:
Е = Э \ К = 49561500 \ 135865743,6 = 0,36 (5.4)
Мұнда: Е – абсолюттік экономикалық тиімділіктің көрсеткіш коэффициенті, оның нормативтік шамасы 0,16.
Э – күрделі қаражаттарды пайдалану тиімділігі, бұл жерде – жылдық табыс.
Күрделі қаражаттардың салынуының өтелу мерзімі:
Т = К \ Э = 135865743,6 \ 49561500 = 2,7 года (5.5)
Мұнда: Т – өзін өзі өтеу мерзімі, нормативтік шама 6,25 жыл.
Абсолюттік экономикалық тиімділіктің есептік көрсеткіштері және өзін өзі өтеу мерзімдері нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болғандықтан, жобаланатын технология тиімді деген қорытынды шығаруға болады.
Өнімнің рентабельділігі
Берілген есептерде өнімнің рентабельділігі 30% шамасында болады.
Р = 1130,35 – 869,5 \ 869,5 * 100% = 30%
Өнімні сатқан кезде нақты баға басқа болуы мүмкін.
Өндіріс қорларының рентабельділігі
Р = ПВ \ ПФ * 100% (5.6)
Мұнда: ПВ – бүкіл немесе баланстық табыс, оның құрамына өнімді сатқаннан түсетін пайда, басқа мүліктің артық негізгі қорларын сатқаннан түсетін табыс, сатудан басқа операциялар бойынша түсетін табыс есептеледі, бұл жерде біз оны жылдық табысқа тең болады деп қабылдаймыз.
ПФ – өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, ол негізгі қорлар және айналымдық қорлардың орташа жылдық құндарынан қалыптасады. Химия өнеркәсібінде жобалау процесінде айналымдық қорлрадың құнын негізгі қорлар құнының 20% деп қабылдайды.
ПФ = 135865743,6 * 1,25 = 169832179,5 (5.7)
Р = 49561500 \ 169832179,5 * 100% = 29%
Негізгі өндіріс қорларының рентабельділігі
Р = Пв \ Фосн * 100% = 49561500 \ 135865743,6 * 100 = 36% (5.8)
Жалпы табыс
Р = Пв \ Vреал * 100% (5.9)
Мұнда: Vреал – сатылған өнімнің көлемі немесе сату көлемі.
Vреал = Ц * Мг = 1130,35 * 190000 = 214766500 (5.10)
Р = 49561500 \ 214766500 * 100% = 23%
Таза табыс нормасы:
Р = Пч\ Vреал * 100% (5.11)
Пч = Пг – Н (5.12)
Мұнда: Пч – таза табыс;
Н – табысқа есептелетін салық, ол салық салынатын табыстың 24% құрайды.
Берілген есепте салық төлеу жағынан жеңілдіктер қарастырылмаған, сондықтан салық салынатын табысқа табыстың жылдық сомасы жатқызылады.
П = Пв – Пв * 24% \ 100% = 49561500 – 49561500 * 24\ 100 =37666740 (5.13)
Р = 37666740 \ 214766500 * 100 = 17,53%
Өндірістің өнімділігін қорлар қайтарымы көрсеткішімен есептеледі.
Фотд = Vреал \ Фосн = 214766500 \ 135865743,6 = 1,58 (5.14)
Өндірістің тиімдліігіне сипаттама жасау үшін еңбек өнімділігі көрсеткіштерін пайдалануға болады.
Натуралды көрсеткіштермен есептегенде бір жұмысшыға шығарылатын жылдық өнім мөлшері.
Птр = Мг \ SорСП = 190000 / 27,36 = 6944,44 т (5.15)
Бір жұмысшыға есептегенде шығарылатын жылдық өнім мөлшері.
Птр = Мг \ SрСП = 190000 \ 49,38 = 3847,71 т (5.16)
Өнімнің рентабельділігі және қорлардың қайтарымы
Өнімнің рентабельділігі және қорлардың қайтарымы көрсеткіштері де өндірістің тиімділігін растайды.
