- •1. Жобаланатын өндірістің қуаттылығын негіздеу
- •Жұмысшылар санын есептеу
- •Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •Өнімнің өзіндіқ құнын есептеу
- •Жобаланатын технологияның экономикалық тиімділігін негіздеу
- •Өндіріс шығындарының қондырғылардың өндірістік қуаттылығын пайдалану дәрежесіне байланысын зерттеу
Өндіріс шығындарының қондырғылардың өндірістік қуаттылығын пайдалану дәрежесіне байланысын зерттеу
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын үнемі сыртқы ортаның ахуалына қарай таңдау алдында тұрады. Берілген жұмыстың осы бөлімінде өндіріс шығындарының шығарылатын өнімнің көлеміне тәуелділігі және соған байланысты нарықта қалыптасқан нақты бағалары жағдайында және өндіріс шығындарының берілген деңгейінде өнімнің оңтайлы көлемін таңдау әдістері зерттеледі.
Қысқа мерзім ішінде кәсіпорын өнімнің көлемін өзгеру керектігіне байланысты өндіріс шығындарының бір бөлігін (айнымалы шығындарын) ғана өзгерте алады. Күрделі қаржылар және басқа тұрақты шығындарды қысқа мерзім ішінде шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерту мүмкін емес.
Шығарылатын өнімнің түрлі көлемдерінде шығындық коэффициенттер шығарылатын өнім көлеміне еш тәуелді емес деп есептей отырып шартты-айнымалы шығындарды бірдей деп қабылдайды.
Шығарылатын өнімнің түрлі көлемдеріндегі шартты-тұрақты шығындардың орташа мағыналарын төменгі формула бойынша есептеуге болады:
Иi = ∑ Иg / Qi (6.1)
Мұнда: Иi – шартты-тұрақты шығындардың әр түрі бойынша сомалық шығындар; Qi – өндіріс көлемінің қабылданатын мағыналары.
Өнім бірлігіне есептегенде айнымалы шығындар мөлшері.
Ипер = 189,70 + (- 43,86) + 111,52 = 257,36 (6.2)
Өнім бірлігіне есептегенде тұрақты шығындар мөлшерін табу мысалы.
Ипост = (1805916,9 + 469300 + 57084151,9 + 21857710 + 5474300) \ \190000 = 456,27 (6.3)
11 –кесте. Әлсіз азот қышқылын өндірудің үлестік шығындары
Шығарылатын өнімнің көлемі, т |
39000 |
65000 |
78000 |
104000 |
190000 |
Өндіріс шығындары, руб |
|||||
Орташа-тұрақты |
2039.75 |
1223.85 |
1019.88 |
764.91 |
456,27 |
Орташа айнымалы |
567,78 |
567,78 |
567,78 |
567,78 |
567,78 |
Орташа жалпы |
2297.11 |
1481.21 |
1277.24 |
1022.27 |
869.5 |
Кестеде келтірілген деректер негізінде өндіріс шығындарының шығарылатын өнім көлеміне тәуелділік графигін сызамыз.
азот қышқылының жобалық бағасы 1130,35 руб тең деп қабылдағанда Qк 791000 т тең болады. Q тең 117 т деп қабылдаймыз, псонда өнімні ңөзіндік құны 990 руб, таза табыс 140,35 руб тең болады. Өндірістің рентабельділігі:
Р = Ц – С \ С * 100% = 1130,35 – 990 \ 990 * 100 = 14% (6.4)
Сонымен, жүргізілген зерттеулерден шығатын қорытынды - өндіріс көлемі 91000 жоғары болғанда рентабельділік де жақсы болады.
Мысалы, нарықтағы баға 1400 руб. дейін көтерілді деп есептейміз. Мұндай жағдайда Qк тең болады 71500 т. Q 76050 т тең болады деп қабылдаймыз, сонда өнімнің өзіндік құны1290 руб, таза табыс 110 руб шамасында болуы тиіс.
Рентабельділік тең болады:
Р = 1400 – 1290 \ 1290 * 100 = 8,5%
Q тең 91000 т деп аламыз, сонда өзіндік құны 1200 руб, табыс 200 руб шамасында болады.
Рентабельділік тең болады:
Р = 1400 – 1200 \ 1200 * 100 = 17%
Бағалар жоғары көтерілгенде өнімнің көлемі аз мөлшерде көбейсе де табыс және рентабельділік көрсеткіштері күрт жоғарылайды.
Мысалы, нарықтағы баға жобалық бағадан төмендеп 950 руб. болды деп қабылдайық, сонда Qк тең 123200 т. Q = 190000 тең болады деп есептейміз; өзіндік құны 869,5; таза пайда = 80,5.
Р = 850 – 869,5 \ 869,5 * 100 = 9,26%
Өнімнің бағасы төмендеп кеткенннің өзінде рентабельділік жоғары деңгейде қала береді.
Қорытынды. Негізгі техника- экономикалық көрсеткіштер
Келтірілген есептер қондырғылардың қуаттылығын толығымен пайдаланғанда жұмыс істеп жатқан өндіріс орнының нақты деректерімен салыстырғанда жобаланатын технологияның тиімділігі төменболатыны анықталды.
Одан әрі жобаланатын және жұмыс істеп жатқан өндірістің көрсеткіштері салыстырылады.
Кесте 12 –Негізгі техника- экономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Шамасы
|
Тауардың жылдық көлемі |
Т |
190 000 |
Жұмысшылар саны |
Чел. |
49 |
Жұмысшылардың өнімділігі |
Т \ чел. |
3847,71 |
Өнім бірлігінің толық өзіндік құны |
Руб. |
869,5 |
Кәсіпорынның бағасы |
Руб. |
1130,35 |
Жылдық табыс көлемі |
Руб. |
37666740 |
Абсолютті экономикалық тиімділік |
|
0,36 |
Өнімнің рентабельділігі |
% |
30 |
Өндіріс қорларының рентабельділігі |
% |
17,53 |
Қорлар қайтарымы |
|
1,58 |
Пайдаланған ақпарат көздері
Грузинов В.П. Экономика предприятия – М: изд. МИК
Зайцев И.Л. Экономика промышленного предприятия – М, Цифра, 2002
Сафронов И.А. Экономика организации - М: 2003
Сергеев И.В. Экономика предприятия – М: 1996
«Экономика предприятия» под редакцией Н.А. Сафронова – М: Юрист 1999
«Экономика предприятия» под редакцией А.С. Пелиха – М: ИКЦ Март, 2004
«Экономика отросли» под редакцией А.С. Пелиха – Ростов-на-Дону: Феникс
Методические указания по выполнению курсовой работы по дисциплине «Экономика отросли» для студентов специальности 240301 «Технология неорганических веществ», 2007
Отчет по экономике и производственной практике, 2008
