- •Қызметкерлерді басқару-менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •Қызметкерлерді дұрыс дайындаудың мәні
- •Қызметкерлерді бсқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •Нарықтық жүйеге көшу шартында қызметкерлерді басқару тұжырымдамасы
- •Қызметкерлерді басқару үрдістерінің кезеңдері
- •Кадрлық жоспарлаудың мәні
- •Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •Қызметкерлермен жұмыс істеудің оперативті жоспары
- •Жұмысқа қабылдау-қызметкерлерді басқарудың қажетті бөлігі ретінде
- •Қызметкерлерді жинау көздері
- •Қызметкерлерге қажеттілікті жоспарлау
- •Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •Радиода бос жұмыс орындарын жарнамалау
- •Қызметкерлерді іріктеудің негізгі мақсаты
- •Қызметкерлерді іріктеу кезіндегі жасалтын шешімдерге әсер ететін факторлар
- •Қызметкерлерді іріктеу бойынша шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •Алдын-ала іріктеудегі әңгімелесу
- •Жұмыс орнын бағалау
- •Жұмыс орнына қойылатын талаптар
- •Еңбекақы мөлшерін анықтау
- •Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •Қызметкерлерге білім беру мен оларды дайындаудың өзар байланысы
- •Оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептер
- •Тренинг
- •Қызмет бабымен жоғарылау
- •Қызметкерлерді жұмыстан босату
- •Қызметкерлерді қысқарту
- •Өндірістік соттар
- •Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы
- •Қызметкерлерді таңдау
- •Жұмысқа қабылдау
- •Біліктілікті жоғарлатудың фирмалық курстары
- •Менеджерлерді даярлау жүйесі
- •Еңбекақы төлеу жүйесі
- •Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату
- •Қызметкерлерді басқару жүйесінің мінездемесі
- •Жұмысшыларды өмір бойы жалдау жүйесі
- •Фирмалық оқыту жүйесінің табыстылық себептері
- •Жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпарация мүддесіне берілуі
- •Белсенді қарым-қатынас
- •Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
Қызметкерлерді қысқарту
Қысқарту жалпы жұмыс, не істелінетін жұмыстар тоқтағанда орын алады. Сіз қысқартуға түсуді күтетін болсаңыз, онда сіз барлық заңды және адами міндеттердің барлығын орындағаныңызға сенімді бола беріңіз. Жұмыскерлерді, әсіресе ұзақ уақыт жұмыс істеген жұмыскерлерді қысқарту шарасы оларға өте ауыр тиеді. Сіз бұны ескергеніңіз жөн. Төмендегіні орындаңыз:
1. Басқа жолды іздестіріп көріңіз.
2. Қысқартуға түсетін жұмыскерлерді әділ таңдаңыз.
3. Алдын ала ескертіңіз.
4. Кәсіби кеңеспен ақылдасыңыз.
5. Еңбек бөлімін ескертіңіз.
6. Жұмыскер жаңа орын таба алатындай оған төленетін демалыс беріңіз.
7. Жаңа жұмысты табуға көмектесіңіз.
8. Оған тиісілі барлық ақшаны төлеңіз.
9. Артығымен төленген ақшаның қайтарылуын талап етіңіз.
Мүмкін бағдамаларды қарастырыңыз. Оған басқа жұмыс таба аласыз ба? Басқа бөлемге ауыстыра аласыз ба? Сізде зейнеткерлік жастағы жұмыскерлер бар ма, бар болса оларды зейнетке шығуға үгіттеңіз, әлде сізде өз еркімен кетемін дейтіндер бар болар.
Қысқартуға үміткер таңдау. Таңдауыңыз әділ болу керек. Мүмкін болса критерийлерді қысқартылатын адам өкілдерімен сәйкестендіріңіз.
Жұмыстан босатылу жайындағы хабарлама. Жұмыскерлер басқа жұмыс таба алатындай неғұрлым көп уақыт беріңіз. Ол әсіресе 50-ден кейінгі адамдарға қиынға соғады.
Кәсіби кеңеспен ақылдасу. Қысқарту себептерін, қысқартылғандар санын, нақты адамдар мен себептерді сөз қылыңыз. Заң бойынша егер сіз 10 не одан да көп адамды қысқартатын болсаңыз, онда кәсіби кеңес ол жайында аз дегенде 30 күн бұрын ескертілуі қажет.
Еңбек бөліміне ескерту. 10 не одан көп адам қысқартылатын болса, онда сіз еңбек бөліміне хабар беруіңін қажет және 30 күннің ішінде кәсіби кеңеске берілген барлық ақпаратты еңбек бөліміне де ұсынуыңаз қажет.
Жаңа жұмыс табудағы көмек. Заң бойынша жұмыскерлер жаңа жұмыс орнын табу үшін төленетін демалыс алуға құқылы. Жұмыскерлерге демалысты ондай құққа ие ме жоқ па, оған қарамай беру дұрыс болар еді.
Қысқарту төлемақысы. Аптасына 16 сағаттан екі жыл немесе аптасына 8 ден 16 сағатқа дейін бес жыл жұмыс істеген көптеген жұмыскерлер қысқартуға байланысты төлемдерді талап етулері заңды. Төлемақы көлемі жұмыскер жасына, апталық табысы мен еңбек тәжірибесіне байланысты. 18-ден 21 жасқа дейін жұмыскер әрбір аяқталған жыл үшін апталық табыстың жартысына құқы бар және келесі әрбір жыл сайын толық апталық табысқа 22-ден 40-қа дейін құқы бар. 41-ден 65 жасқа дейінгі жұмыскерлер әрбір жыл үшін бір жарым апталық табысты төлемақыға ие болады.
Өндірістік соттар
Шетелдік тәжірибеде өндірістік соттар – көптеген еңбек мәселесіне қатысты сұрақтарды тез арада шешуге негізделген тәуелсіз сот органдары. Оны өндірістік соттардың орталық басқармасы басқарады.
Құрамында төрағасы мен екі мүшесі бар өндірістік сотта жұмыскерлердің төмендегі заңды құқтарына қатысты өтініш, шағымдар мен қақтығыстар қарастырылады:
- жұмысқа жалдаудың негізгі шарттарын дәлелдейтін жазбаша негіздеме;
- төлемдер жайындағы толық ақпарат беру;
- жалақыдан негізсіз қаржы ұстамау;
- басқалармен тең еңбек жағдайы мен еңбек ақысы;
- төленетін босануға дейінгі (әйелдерге) демалыс;
- анаға берілетін төлемақы;
- бала тапқаннан кейін жұмысқа оралу;
- кемсітудің кез келген түрінің болмауы;
- қоғамдық міндеттерді орындауға берілетін жұмыстан босатулар;
- кәсіби кеңестердің жүктеген міндеттерін орындау мақсатында берілетін төленетін босатулар;
- кәсіби кеңестік шараларға бағышталатын бос уақыт;
- қысқарту төлемақысын алу;
- қысқарту жағдайында жаңа жұмыс іздеуге берілген демалыс;
- жұмыстан әділетсіз шығарылу;
- жұмыстан шығарылудың себептерін жазбаша көрсету.
Өндірістік соттарда қарастырылатын істердің көбісі ол – әділетсіз жұмыстан шығарулар жайындағы істер. Қысқарту төлемақысы, бірдей жалақы және кемсіту жайындағы істер қалған жағдайлардың басым бөлігін құрайды.
Жұмыстан әділетсіз шығаруға қатысты істерде сот жұмыскердің сол қызметке қайта тағайындалуын талап етуі немесе сәйкесті жұмыс тауып берулерін талап етуі мүмкін. Балама ретінде сот жұмыскерге қаржылай төлем төлеуін талап етуі мүмкін. Яғни, жұмыстан әділетсіз шығару жұмыс ұсынушыға қымбатқа тиюі әбден мүмкін. Кейде сотқа шағым жіберуге болады, онда іс қайта қаралып, шешім өзгертілуе де мүмкін, егер:
- сот қателік жіберіп, қате шешім қабылдаса;
- екі жақтың бірі сот тыңдауының басталғандығы туралы хабарламаны алмаған болса;
- екі жақтың бірі немесе маңызды куәгер жоқ болса;
- жақтар қосымша маңызды құжаттарды ұсынып жатса;
- әділдік жолында істі қайта қарау қажет болса.
