- •9.Орталықтан сығылған элементтер есебi
- •11.Металл конструкциялары қосылыстарының түрлерi.Дәнекерлік қосылыстар.Жіктер мен қосылыстар түрлері.
- •16.Кәдімгі жәңе жоғарылатылған берiктiктi болтты қосылыстар есебi
- •17.Жоғары берiктiктi болтты қосылыстар есебі.
- •22.Құрама арқалықтың жалпы орнықтылығы.
- •26.Арқалық қимасының ұзындық бойынша өзгеруі
- •27.Арқалықтардың ұстындарға тiрелулерi.
- •28.Ұстындар. Ұстындарды топтау.
- •30.Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар есебi
- •29.Орталықтан сығылған ұстындар. Тұтас және қуысты ұстындар түрлері
- •32.Қуысты ұстындар жапсырмалары және көлбеулері есебі
- •33. Орталықтан сығылған тұтас қималы ұстындар базалары.
- •34. Орталықтан сығылған қуысты ұстындар базалары.
- •35.Фермалар. Фермалардың түрлері және қолдану салалары.
- •36.Фермалардың бас өлшемдері.Фермалар торлары жүйелері.
- •37.Фермаларды есептеу. Фермалар стержендерінін есептік ұзындықтары.
27.Арқалықтардың ұстындарға тiрелулерi.
А
рқалықтың
ұстындарға тірелулері олардың
ұстындарға
үстiнен немесе жанынан қойылуы арқылы
iске асырылады
(61, 62-суреттер).
Мұндай байланыс тек тірек реакциясын
жеткізетін – топсалы немесе тірек
реакциясынан басқа арқалықтың ұстынға
бекітілу моментін де жеткізетін –
қатты байланысты болуы мүмкін.
Арқалықтар шеттерiн ұстынға тiрелетiн жерінде, тiрек қабырғалары арқылы бекiтiп, тірек реакциясы арқалықтан ұстынға осы қаттылық қабырғалары арқылы беріледі деп есептеледі. Тірек реакциясын жеткізу үшін қаттылық қабырғалары арқалық қабырғасына дәнекерлік жіктермен сенімді бекітіледі, болат ұстынға тірек қысымын тікелей жеткізу үшін, қаттылық қабырғасының шетін сүргілеп (61а-сурет) немесе қаттылық қабырғасы шеттері арқалықтың төменгі белдеуіне тығыз жанастырылады (61б-сурет).
Тiрек
қабырғасының
өлшемi оның
шетінің жаншылуға
есебі арқылы анықталады:
,
мұндағы
F–
арқалықтың
тiрек реакциясы;
–
тiрек
қабырғасының
жаншылатын ауданы;
– болаттың
жаншылуға
есептiк кедергiсi.
Арқалықтың тiрек бөлiгiнiң орнықтылығын төмендегі формуламен тексередi:
,
мұндағы
,
иілгіштігі
болатын бағананың бойлық
иiлу коэффициентi,
ол
қаттылығы
аз, арқалықтың профильдік өсі бойынша
анықталады.
Тірек қабырғасын жаншылуға тексеруден
басқа арқалықтың тірек бөлігін арқалық
жазықтығынан тыс жазықтықтағы шартты
стержень ретінде орнықтылыққа тексереді.
Оған тірек қабырғасының арқалық
қабырғасынан екі жаққа ені
болатын және ұзындығы арқалық қабырғасы
биіктігіне тең есептік ауданы кіреді
(бұл аудан 61-суретте бояумен көрсетілген).
Қабырғаның шығыңқы бөлігінің ені оның
жергілікті орнықтылық шарты бойынша
болуы тиіс. Тірек қабырғасының төменгі
шығыңқы жері
(61а-сурет) және әдетте 15–20мм
етіп қабылданады.
Тірек қабырғаларын арқалық қабырғасына бекітуші дәнекерлік жіктердің жұмысшы ұзындықтары арқалықтың толық тірек реакциясы әсеріне есептеледі. Арқалықтардың ұстындарға жанынан топсалы бекітілуінің (62-сурет) конструктивтік орындалуы, жұмысы және есебі бойынша жоғарыдағыдан еш айырмашылығы жоқ.
28.Ұстындар. Ұстындарды топтау.
Өзiнен жоғарыда жатқан конструкциялардың сығу күштерiн қабылдайтын және оны iргетасқа немесе өзiнен төмен орналасқан конструкцияларға жеткiзетiн тiк стерженьдердi ұстындар деп атайды. Ұстындар негiзгi үш бөлiктен тұрады: 1 – бас бөлiк, оған көтерiлетiн конструкция тiреледi; 2 – стержень, ол күштi қабылдайтын негiзгi бөлiк; 3 – табаны, күштi ұстыннан төмен орналасқан конструкцияға немесе iргетасқа жеткiзетiн бөлiк (11.1-сурет)
Ұ
стындарды
топтау.
Ұстындар
жүктеменiң
орналасу жағдайына
байланысты орталықтан сығылған
және орталықтан
тыс сығылған
деп бөлiнедi.
Орталықтан сығылған ұстындарда бойлық күш ұстынның бойлық өсімен бағытталады да, қиманың біркелкі сығылуын тудырады. Орталықтан тыс сығылған ұстындарда сығылу қима бойынша біркелкі болмайды, сондықтан мұндай ұстындар бойлық күш пен иілу моментінің біріккен әсерін қабылдайды.
Көлденең қимасының түрiне қарай тұтас немесе саңылаулы болып бөлiнедi. Тұтас қималы ұстындар прокатты қоставр, сақина түріндегі немесе түрлiше құрастырылып iстелген прокатты қималардан тұрады (11.2-сурет).
Тұтас қималы ұстындардың дайындалуы саңылаулыларға қарағанда жеңіл, дегенмен өте үлкен биіктікте және күштерде саңылаулы қималар өте тиімді болып есептеледі.
Саңылаулы ұстындар екi немесе төрт тармақты бөлек-бөлек прокатты қималарды жапсырмалар немесе торлармен қосу арқылы жасалады.
Орталықтан
сығылған
ұстындар үшiн
оның
көлденең қимасының
және
басты инерция өстерiне байланысты
орнықтылығы қамтамасыз
етiлуi керек. Мұндай талапты орындауда
белдеуі енді қоставр, дәнекерленген
қоставр және сақина тәрізді қималар
қолданылады.
Сонымен қатар, крест тәрiздi қима
да екі өс бойынша орнықты
болып есептеледi.
Конструктивтiк пiшiнiне байланысты ұстындар биiктiгi бойынша тұрақты көлденең қималы, өзгермелi және сатылы көлденең қималы болып бөлiнедi.
