Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elektrlik_zh_1199_yeler_zh_1241_ne_toraptar_O.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Лекциялық материалдардың қысқаша мазмұны Лекция 1. Электр жүйелері туралы ұғымдар

Электэнергиясын үлкен қашықтыққа тасымалдау жоғары кернеу арқылы орындау экономика жағынан тиімді. Сондықтан 10-15, 75 кВ дейінгі кернеу бар станциялардағы генераторлармен өндіріліп шыққан электрэнергия жабық тарату құрылғысының шиналарына беріледі, ал олардан ашық жоғарылатушы трансформаторлық подстанцияларға беріледі, ол станцияларда генератодың кернеуі 35, 110, 220 кВ-қа дейін және жоғары болады. Подстанцияның таратушы құрылғысының жинамалы шиналарынан ЭТЛ электр тарату линияларынан электрлік энергиясы тұтынушылардың зоналарында орналасқан, 6 – 10 кВ қайталанбалы кернеуі бар аудандық төмендеткіш подстанцияларға берілді. Аудандық темендеткіш қосалқыстанциялардан электрлік энергия қалалық ТП жарату пунктарына беріледі, оларды тұтынушылардың жанында орналасқан төмендеткіш қосалқыстанциялардың арасында бөлінеді. Содан кейін кабель немесе 220/127 В болып энергия электр қабылдағыштарға беріледі. Кейде төмендеткіш трансформаторлық қосалқыстанциялар аудандық қосалқыстанция шиналарынан алады. Қуатты электр станциялар көп жағдайларда жоғары кернеу ЭТЛ-дің көмегімен жалпы тарату торабына параллель жұмыс істейтін бір энергожүйеге бірігеді. Электр станциялардың мұндай бірігуі тұтынушыларды және халық шаруашылығына үлкен пайда беруіне сенімді етеді. Электрлік станциялардың, электр тарату сызықтарының, қосалқыстанциялардың және жылу тораптарының жалпы режим арқылы біртұтас болуының және өндіріс процессінің үздіксіздігінің және жылулық электрлік энергияны таратудың жиынтығы энерго жүйе деп аталады.

1 суретте энергожүйенің схемасы көрсетілген, онда жылулық аудандық станция және қуатты гидростанция біріктірілген, ЖЭС және электр энергия тұтыну ауданынан үлкен арақашықтықта жатыр, аудандық өнеркәсіп орталығында орналасқан.

1-сурет. Электрлік жүйе сызбасы

Лекция 2. Кернеуі 1000 в жоғары тораптарда электр энергиясын тарату

Электрлік желілердің жоғары кернеуінің қандайда бір жүйесін қабылдау үшін тұтынушылардың қуатын, санын ескеру қажет, олардың өзара орналасуының сыммен қоректендіру орталығын (электр станциясы немесе БҚП басты қоректендіруші қосалқы станция), сонымен қатар электрмен қамтамасыздандыруды және сиымдылықтың қажетті деңгейін ескеру қажет. Соңғы шарт (қоректендіру сиымдылығы) тұтынушылардың категориясымен анықталады және көп жағдайда торап сұлбасын таңдағанда шешуші әсер тигізеді.

Электр қондырғылардың (ПУЭ) барлық электр қабылдағыштар электрмен қамтамасыздандыру сенімділігіне байланысты үш категорияға бөлінеді:

1) 1-ші категория электр қондырғылар, адам өміріне қауіп тудыратын электрмен қоректендірудің істен шығуын құрылғылардың бұзылуына байланысты халық шаруашылығына келтіретін зияны өнімнің жалпы бүлінуі немесе күрделі және қиынқалпына келтірілмелі технологиялық үрдістердің істен шығуы, сонымен қатар қалалық шаруашылықтың маңызды элементтерінің жұмысының істен шығуы.

Қалалық электрлік тораптарда 1-ші категориялы электр қабылдағыштардың келесі түрлері жатады:

а) театрлар, кино, клубтар, үлкен стадиондар, универмагтар және т.б. жасалынбалы жұмыс істейтін көп адамдары бар ғимараттар (600-ден жоғары);

б) ауруханалардың ерекше бөлімшелері (операциялық ауруханалар, перзентханалар, жедел жәрдем пункті және т.б.);

в) Биік ғимараттар (16 қабаттан жоғары) маңызды техникалық және күштік құрылғылары (лифттер, апаттық жарықтандырылулары, өрт сөндіру сорғылары, радио байланыс түйіндері, телеграф, сым тетік станциялары, өртке қарсы сорғылар, су құлбырлық және канализация станциялары т.б.);

г) жүктемесі 10 000 кВА-ден жоғары қалалық тұтынушылар тобы.

2) 2-ші категория – электр қабылдағыштар, электр жабдықтау үзілгенде өзінің артынан жалпы өнімнің шығарылмауына әкеп соғуы, жай жұмысшы, жабдық және өндіріс көлігі сонымен қатар қала тұрғындарының көп бөлігінің өкілетті өмірінің бұзылуы.

Бұл категорияға мынадай электр қабылдағыштар жатады:

а) 5 – этаждан жоғары барлық ғимараттар, сонымен қатар администрациялық қауым, ауруханалар, балабақшалар, мектептер және т.б. білім мекемелері;

б) электрмен қамтамасыздандыруды үзуге рұқсат беретін күштік қондырғылар, мысалы: кварталды пештер, орталық жылу беру пунктары т.б.

в) жүктемесі 300-ден – 10 000 кВА-ге дейінгі қалалық тұтынушылар топтары – кабельдік жүйе үшін және 1000 кВА-ден бастап жоғары әуелік желілер үшін.

3) 3-ші категория – электр қабылдағыштар бірінші және екінші категорияға жатпайтындар, мысалы: кішігірім өнеркәсіптегі электрқабылдағыштар және көмекші цехтағы, кішкентай ауылдардағы электр қабылдағыштар және т.б.

1-ші категориялы электр қабылдағыштар тәуелсіз екі қоректендіру көзімен қамтамасыздандыруы керек. Бұл кезде үзіліс автоматты өшіру резерв уақытысында рұқсат етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]