Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elektrlik_zh_1199_yeler_zh_1241_ne_toraptar_O.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Лекция 3. Кернеуі 1000 в дейінгі тораптарда электр энергиясын тарату

1000 В-тан жоғары және 1000 В-қа дейінгі кернеулерде күштік қоректендіру жүктемелері қолданылады үлкен қуатты үш фазалы электрдвигательдерде қуаты 400-500 кВт жоғары және арнайы электрқабылдағыштарда үлкен қуатты қолдану тиімді (мысалы: үлкен жиілікті пештерде) және 1000 В-ты кернеулерде қолданылатын қондырғылар.

Кернеуі 380/220 В үлкен тереңдікте жерлендірген нейтральды трансформатор халық шаруашылық өндірісінде көбіне қолдану тиімді және өнеркәсіп өндірісіндегі электрлік қабылдағыштар үшін де тиімді. Қазіргі уақытта ГОСТ-пен енгізілген, электр қондырғыларда кернеуі 660 В қолдану типіне байланысты табу керек, кейбір халық шаруашылық салалар, мысалы көмір және мұнай өнеркәсібінде, қуатты электрдвигательдер қолданылады, олар подстанциядан үлкен арақашықтықта орналасқан.

Күштік электр қабылдағыш қоректенуі және электрқондырғыларының жүктеме жарықтандыруы балллллл трансформатор арқылы қолдануы күштік немесе жалпы трансформатор келесі артықшылықтарға ие:

  1. бірдей электр жүктемелерде қажетті трансформаторлар саны төмендейді, осының салдарынан подстанцияларды соғу шығындары азаяды.

  2. Подстанцияның электр сұлбасы қарапайымдайды, габариттері кішірееді және соғылу және электрмонтажды жұмыстары арзандайды.

Сонымен қатар жалпы трансформаторлардан қоректенетін күштің және жарықтандыру жүктемелердің кейбір кемшіліктері бар:

1. Қуат коэффициентінде бірліктері кем болғандықтан, жарықтандыру күштік жүктемелерді қоректендіру бірге жүреді, бұл тораптағы кернеу бөлек қоректендіруге қарағанда шамамен 1,5 – 3% төмен, осының әсерінен жүктеменің қуат коэффициенті төмендеген сайын трансформатор реактивті кедергісі азаяды. Сондықтан қиылысуы қоректендіру тоқтарды және жарықтандыру тораптар топтарын ұлғайту керек болады.

2. 380/220 В екілік кернеуі жалпы трансформаторлардан қоректенген кезде 220 В қыздыру лампалары қолданылады, оларда кернеуі 127 В шамдарға қарағанда жарықты 10 – 12% төмен береді. Осыған сәйкес жарықтандыру үшін электр энергиясының шығыны 10 – 12% өседі.

    1. Қуатты электрдвигательдерді іске қосқан кезде іске қосу тоғының үлкендігінен трансформаторда қоректендіру торабында да кернеу жоғалады. Бұл электр қабылдағыштарды кернеудің төмендеуіне әкеп соғады. Бұл тораптағы кернеудің күрт өзгеруі электр шамдарындағы жарық ағынының өзгеруімен жалпы өшуіне әкеп соғады, ол адам көзіне зиянды әсер тигізеді. Бұны тойтару үшін, электр қондырғыларының ережелер (ЭҚЭ) жұмыс істеп тұрған шамдардағы жарықтандыру кернеулерінің үлкендігімен жиілігінің күрт өзгеруін талап етеді. ГОСТ 13109-67 сәйкес радио құрылғының жарықтандыру шамдарының кернеуінің ауытқуы (Vt в %) жиілігінің қайталауына сәйкес мына формуламен анықталады:

Мұндағы: n – сағатына ауытқу саны;

Δt – екі ауытқудың ортасында орташа сағат интервалы, минут.

4. Күштік электр қондырғыларды және электр жарықтандыруды бір уақытта қоректендіру кезінде кернеудің деңгейін берілген шектеулерде кіші жүктеме кезінде де (мысалы, демалыс күндері, түнде және т.б.), максимал жүктеме кезінде де ұстап тұру қиын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]