Тексеру жоспары.
Жалпы қан анализі;
Жалпы зәр анализі;
биохимиялық қан анализі
Рентгенограмма;
ЭКГ;
Лабораториялық және инструментальды тексерулер.
Жалпы қан анализі.
Нв-135г/л;
Түсті көрсеткіш - 0,9;
Эритроциттер - 4,8* 1012 /л;
Лейкоциттер - 5,0* 109/л;
ЭТЖ-10мм/сағ.
Қанның ұюы - З'.
Жалпы зәр анализі.
Түсі- сары;
Тұнықтығы - мөлдір;
Тығыздығы - 1020;
Реакция - қышқыл;
Белок - жоқ;
ЭКГ: синустық ырғақ, ЖСЖ 75рет минутына. Жүректің электр өстері қалыпты орналасқан.
Биохимиялық қан анализі:
Жалпы белок-70г/л;
Глюкоза-4ммоль/л;
Ж. Билирубин-14ммоль/л;
Т.билирубин-15ммоль/л;
Қалдық азот-24,2;
Мочевина-8,4ммоль/л;
R-грамма 1
Сол жақ иық сүйегінің 2 проекциясында да тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінің жарықшақты, ығысқан, жабық сынығы.
R-грамма 2
Сол жақ иық сүйегінің 2 проекциясында да тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінің жарықшақты, ығысқан, жабық сынығы.
Клиникалық диагнозды негіздеу.
Шағымдары негізінде.
Сол жақ иық аймағының ауруына, иық сүйегінің төменгі бөлігінің ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, бетіндегі сызаттарға.
Anamnesis morbi негізінде.
Науқастың айтуы бойынша 04.04.13 күні сағат кешкі 9:00-де жол көлік апатына ұшыраған. Оқиға болған жерден жедел-жәрдем көлігімен Медициналық Жедел Жәрдем Ауруханасына қабылдау бөліміне әкелінді. Клиника – рентгендік зерттеуден, хирург, травматолог қарауынан кейін, травматология бөлімшесіне жатқызылды.
Anamnesis vitае негізінде.
Жасына сай дамып - жетілген. Ана сүтімен қоректенген. 11 кластық мектепті бітірген.
Дене бітімі мен сана-сезімі, ойлау қабілеті бойынша өз жасына сәйкес. Үйленген. Тамақтану тәртібі, әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Шылым шегеді.
Боткин, туберкулез, тері - венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз.
Status praesens communis негізінде.
Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Санасы ашық, адекватты. Дене бітімі - нормостеникалық. Тері жамылғысы таза, ылғалды. Пигментация, жаралар, қасыған іздер, бөртпелер байқалмайды. Тері асты шел - май қабаты орташа дамыған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпесінде везукула тынысы, сырыл жоқ. ТАЖ 18 рет минутына.
Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. Пульс 75рет. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б
Іші жұмсақ,ауырсынусыз. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
Status localis негізінде.
Қараған кезде: жамбас аймағының терісі қалыпты түсті,таза. Оң жақ аяғы тізе буынында бүгілген. Оң жақ жамбас-сан буынында қозғалыс шектелген, ауырсынуға байланысты. Жамбас сүйектеріне осьтік жүктеме ауырсынуды күшейтеді. «прилепшая пятка» симптомы оң мәнді. Оң жақ қасаға, пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Нейроциркуляторлық бұзылыстар жоқ.
R – граммада алдыңғы жамбас сақинасының үздксіздігінің бұзылуымен симфиз ажырауы.
Лабораториялық және инструментальды тексерулер негізінде.
Жалпы қан анализі.
Нв-135г/л;
Түсті көрсеткіш - 0,9;
Эритроциттер - 3,8* 1012 /л;
Лейкоциттер - 5,0* 109/л;
ЭТЖ-10мм/сағ.
Қанның ұюы - З'.
Жалпы зәр анализі.
Түсі- сары;
Түнықтығы - лайлы;
Тығыздығы - 1020;
Реакция - қышқыл;
Белок - жоқ;
ЭКГ: синустық ырғақ, ЖСЖ 75рет минутына. Жүректің электір өстері қалыпты орналасқан.
Биохимиялық қан анализі:
Жалпы белок-70г/л;
Глюкоза-4ммоль/л;
Ж. Билирубин-14ммоль/л;
Т.билирубин-15ммоль/л;
Қалдық азот-24,2;
Мочевина-8,4ммоль/л;
R-грамма 1
Жамбас сүйектерін жамбас-сан буынын қоса алған тікелей проекция суретінде жамбас сақинасының деформациясынмен симфиз ажырауы.
R-грамма 2
Жамбас сүйектерін жамбас-сан буынын қоса алған бақылау суретінде симфиз ығысуы азайған.
Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, клиникалық диагноз қойылды.
Диагноз: Жамбас сүйектерінің жабық жарақаты. Алдыңғы жамбас сақинасының үздіксіздігінің бұзылуымен симфиз ажырауы.
Байлап-таңу жағдайында, Sol. Novocaini 2% -10мл ертіндісімен сынық орнына блокада жасалды.
Науқас Волкович қалпында қалқанға жатқызылды.
