Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Мырзаханова А..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

1. 2 Оқушылардың химиялық білімін жетілдірудің дидактикалық негізі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай, интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындығы дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыстың сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастыра білсе маңызы зор[9].

Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім берумен айналысты.[2]

М.И.Ломоносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш зертхана ұйымдастырып, химияны үйретудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды[2].

Д.И.Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттілігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық материалдар енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. Ол ой-өрісі кең, ғылымды жетік білетін және жақсы көретін ұстаз ғана шәкірттердің жүрегіне жол табады деп мұғалімнің ролін жоғары бағалады[2].

А.М.Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп, түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды[2].

Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру. Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Қазіргі таңда ғылымның қарқындап дамуына байланысты білім беруді жетілдірудің әдістері өте көп. Мысалы, деңгейлеп оқыту, интерактивті оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік оқыту, диалогтық оқыту әдісі, проблемалық оқыту т.с.с әдістер. Жоғарыда аталған әдістердің барлығы оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталған.

Деңгейлеп оқыту. Қазіргі таңда қолданылып жүрген түрлі әдістердің дамуы оқушының білім, білік дағдысын қалыптастыруда үлкен әсер етеді. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының элементтерін пайдалану жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде тигізетін пайдасы мол. Себебі, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар таңдау құқығына ие бола алады, танымдық белсенділігі жоғарылап өзінің білім деңгейіне сәйкес тапсырманы орындауға мүмкіндігі туады, қабілетті оқушыларды ізденіске жетелейді. 8 – сынып оқулығындағы «Химиялық элементтердің валенттілігі» тақырыбынан оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында сабақта төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды беруге болады.

I деңгей тапсырмалары:

1. Белгісіз элементті анықтаңыз: а) Mr(?)=32+16*3=80; ә) Mr(?)=40.

2. Формулалары HF, PbO, Na2S болатын заттар құрамындағы элементтердің оқылуына мән беріп, валенттіліктерін көрсетіңіз.

3. Бірнеше химиялық формула берілген: 2NaNO3, K2CO3, 3H2SO4 коэффиценттер мен индекстерді анықтаңыздар.

II деңгей тапсырмалары:

1. Мына жазбадан нені көреміз:

а) 6H2, 3H2, NH3, 5NH3.

ә) Na2O, Ca. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

2. Формула бойынша элементтердің массалық үлестерін есепте:

а) Na2O – натрий оксиді;

ә) H2СO3 – көмір қышқылы.

3. NaOH натрий гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасын тап.

III деңгей тапсырмалары:

1. Мына көрсетілген мәлімет бойынша элементтердің оксидінің формуласын құрастырыңдар:

а) Pb – 86,6% ә) S – 50,0%

2. Дидактикалық материалдармен жұмыс жасап білімдерді қорытындылаңдар.

а) ішкі дискіні айналдыра отырып, элементтердің салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңыз.

Қазіргі уақытта негізгі әдістемелік инновацияны қолдану интерактивті оқыту әдістеріне байланысты. Интерактивті («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекеттесу) дегеніміз біреулермен диалогқа түсу немесе әңгімелесу режимінде болу, өзара әрекеттесу болып табылады.

Химия пәнін оқыту үдерісінде интерактивті оқытуды енгізу оқушылар мен студентер арасында химия ғылымын кеңінен танылуын, адам өмірінің әртүрлі салалары мен оны қоршаған орта үшін маңыздылығын көрсететін арнаулы формасы және бағыты болып табылады.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне өтуге дайындалуда [45]. Интерактивті оқыту әдісі нақты және болжамды мынадай мақсаттарды ескереді: оқушылардың интеллектуальды қабілеттерін және өзіндік ойлауды дамыту және оқу материалын берік сіңіруде жылдамдыққа жету, ақыл мен ойды қолданып зерттелетін құбылыстарға тереңдеу, шығармашылық әлеуетті немесе болатын мәселелерді «көре білуді» арттыру, икемділік, диалектілік, шығармашылық идеяларды генерациялау, өзіндік іздеу әрекетіне қабілеттілік, біліктілік пен машықтықтың тиімділігін көрсетуді.

Іскерлік ойынды қолдану кезінде негізгі құзырлықты алу оқушы белсенділігіне тәуелді және оқушы әрекет нысанынан өзара әрекет субъектісіне айналады, өмірлік жағдайларды модельдеу қарастырылады, оқу үдерісі кезінде белсенді қатысып өзінің жеке маршрутымен жүруіне мүмкіндігі болады. Бірігіп әрекеттесу дегеніміз, әркім өзінің ерекше салымын енгізеді, жұмыс барысында біліммен, идеялармен және әрекет тәсілдерімен алмасу жүреді, мәселелер бірігіп шешіледі.

Мысалы: N – елді мекенінде орналасқан химиялық өнім шығаратын (алтын - күмісті немесе мұнай – газды т.б. өңдеп адам игілігіне қажетті өнім алады) кәсіпорынның жағдайын қарастырсақ. Бұл кәсіпорын 30-40 жыл жұмыс істейді, бірақ әртүрлі жағдайларға (саяси, экономиялық т.б.) байланысты онда техникалық - технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген немесе жабдықтары тозып, сүзу-тазарту қондырғылары ескірген. Осының нәтежесінде төңірегінде отырған тұрғылықты халыққа біршама қолайсыздықтар тудырып отыр.

Осы химиялық кәсіпорында қалыптасқан ахуалды шешуге қатысушы оқушылар мынадай бірнеше командалық топтарға бөлінеді:

1. «Халық» (4 - 10 адам).

2. «Журналистер» (2 - 3 адам).

3. «Инвесторлер» (2-3 студенттер).

4. «Жасылдар» немесе халықаралық гринпис мүшелері (3-4 адам) және жүргізуші – модератор оқытушы.

Жоғарыда аталған ойынды бірнеше интерактивті әдіспен жүргізуге болады. Соның бірі Кейс – әдіс (case study) ағылшынша case – нақты ахуалдың жазбасын көрсететін техникалық оқыту (немесе ахуалдарды талдау). Жоғарыдағы мысал нақты дәйекті материалдарға негізделген. Оқушылар нақты ахуалды талдаулары және мәселелердің мәніне жетіп, мүмкін шешімдер қабылдап, олардың ең дұрысын таңдаулары қажет.

Бұл жағдайда бiлiм беретiн қарым-қатынастың ортасы қалыптасады, ол өзінің ашықтығымен, қатысушылардың өзара қимыл әрекетімен, олардың айғақтарының теңдігімен, бірлескен білімнің қорлануымен, өзара бағалау мен бақылаудың мүмкіндігімен сипатталады.

Жүргізуші (оқытушы модератор) қатысушыларды дербес ізденуге үйретеді, оның негізгі міндеті қатысушылардың бастамаларына жағдай жасау болып табылады және оқытушы ақпараттың бір көзі ретінде оларға көмекші болады. Интерактивті оқытудағы оқытушының орны оқушылардың қимыл әрекеттерін сабақтың мақсаттарына жеткізу болып табылады. Аталған диспутқа сонымен қатар, интерактивті әдістердің «миға шабуыл», «ой генерациясы» (не, қашан, қайда) түрлерін де қолдануға болады[46].

Мысалы, «миға шабуыл» әдісінде «халық» командасы елді мекендегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын туралы мынадай өз ойларын айтады «кәсіпорынның жұмысы әсерінен бау - бақшадағы еккен егін, егіс ерте солып, өнімдер алынбай қалды, өзіміз бен балаларымызда ауру етек алып жатыр, жұмыс істейтіндердің арасында жарамсыздық туралы ауруханадан анықтамалар алғандар көбейді, мал жайылымдары жарамсыз болуда, ал кәсіпорын қожайындары мен жанұялары басқа жақта тұрады, оларға бәрі бір». Бұл жерде ойлар әртүрлі, оның ішінде ұшқыр ойлар да бар.

«Ой генерациясы» әдісінде командалар мәселені талқылайды. Талқылау 10 минут болуы мүмкін. Команданың сұрақ – жауаптары шектеулі болуы мүмкін. Ойын бір академиялық сағатта бітуі тиіс.

Мысалы: «журналистер» командасының талдауы «халықтан түскен хабарлар негізінде тәуелсіз зерттеулер жүргізілді. Ол зерттеулердің нәтежесі мынадай: кәсіпорыннның технологиясы материалдық және моралдық ескіруге ұшыраған, құрал - жабдықтары оның ішінде сүзу - тазарту құрылғылары тозған. Осының әсерінен химиялық зиянды, улы заттардың лақтырындылары әуе кеңістігіне, су қоймаларына тасталған. Өндіріс қалдықтарының қоймалары талапқа сай емес, сондықтан егін, мал жайылымдары, денсаулық туралы халықтың айтқан шағымдары орынды».

«Жасылдар» немесе халықаралық гринпис мүшелері командасы халықтың айтқандары мен журналистердің жазғанына орай, өздерінің зерттеулерін жүргізіп, мынадай тұжырымға келеді: «қазіргі уақытта әлемде техногенді апаттар көбеюде, мысалы мұнай өндіру кезінде Мексика шығанағында ВР компанисының салғырттығынан мұхитқа үлкен көлемде зардап келген, яғни онда балықтар қырылып, балдырлар жойылған, тек экономикалық шығындар 20 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ал Үндістанда химиялық кәсіпорындағы жарылыстан қоршаған орта ластанып, сондайақ адамдар шығынына алып келген. Жоғарыдағылардың негізінде, аталған химиялық кәсірорын жабылуы тиіс».

«Инвесторлер» командасы аталған талаптарды талдап, мынадай шешім түрлерін ұсынады: «Бұл кәсіпорын жақында сатып алынды, ол кезде кәсіпорын жұмысын тоқтатқан, халық игілігіне арналған өнімдердің аздығы әлемдік нарықта тапшылыққа соқтырған. Кәсіпорынды жұмысқа жіберу сол елді мекенде әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берген, яғни осында тұратын адамдардың көпшілігін жұмысқа тартуға мүмкіншілік берген. Оның үстіне, жергілікті футбол командасына, домбырашылар ансамбліне демеушілік жасалған, елді мекен ішінде жолдарды жөндеуге көмек берілген. Кәсіпорынды жөндеу - жаңғырту жұмыстарына қаржы өте көп мөлшерде қажет. Оны шетелдік банктерден қарыз-несие түрінде алуға шешім шығарылған. Сонымен қатар, жабдықтарды жобалау, тапрырыс беру, дайындау, жеткізілуі зауыттарда белгілі уақытты атап айтқанда екі-үш жыл көлемін алады. Осы уақыт аралығында мектеп балаларын бір мезгіл тегін сүтпен қамтамасыз етіліп, емхана қайта жабдықталады. Қосымша уақыт берілуі сұралады». Ойынның келесі сатысында «Инвесторлер», «Технологтар», «Конструкторлар» командалары құрылады. Дискуссиялар мен талқылаулар жалғасын табады. Аталған кәсіпорын бойынша симпозиум болып, жоғарыдағы фокус – таптар талқылауларға қатысады. Симпозиум спикері «Инвесторлер» командасына сөз береді, олар өз кезегінде болған жайтты айтып, уақыт тапшылығынан мәселелерді оперативті түрде шешу жолдарының мүмкін әртүрлі нұсқаларын қарастырып беруді сұрайды.

«Технологтар» командасы «біздің аталған мәселелер бойынша тәжірибеміз бар, технологиямыз бар, ауаға суға шығарылатын лақтырындылардан қосымша өнім алып, пайда табуға болады мысалы әуе бассейніне шығарылып жатқан газ (күкірт диоксиді, көміртегі диоксиді т.б.) және шаңдарды тазартып, өңдеу арқылы күкірт қышқылын, карбамид тыңайтқышын және сирек металдарды алуға болады. Өз кезегінде кәсіпорынға бұрынғыдан 2-3 есе көп пайда әкеледі. Ол үшін кәсіпорын жағдайында өндірістік сынақ жүргізуге қаржы қажет». «Конструкторлар» командасы «Біз технологтармен бірге жаңа технологиялық жабдықтарды, сүзу-тазарту қондырғыларды сынақтан өткізудеміз, олардың пайдалы жұмыс коэффициенттері 99,99 % тең, әлемдік стандартарға сәйкес келеді, оны өндірістік сынақтардан өткізуге қаржы қажет». «Инвесторлер» командасы «өндірісте қолданылуы мүмкін сәтті идеялардың болғанына қуаныштымыз, сараптау-талдау топтарымызға тәуекелділікті анықтап, халыққа хабарлауды ұсынамыз». Спикер барлығына ризашылығын білдіріп симпозиум жұмысын жабық деп жариялайды.

Оқу үдерісіне оқытудың интетактивті әдістерін енгізу мынадай дидактикалық тәрбиелік талаптарды шешуге мүмкіндік береді:

- оқу материалдарын тиімді сіңіру;

- оқушылардың өзара іс қимылдары, командалық принциппен жұмыс істеу, кез келген пікірге шыдамдылық; әркімнің еркін пікірін силау, қадір қасиетті силау;

- оқушылардың шешім нұсқаларын өзіндік іздеуі, пәнге деген қызығушылығы, өз пікірлері мен қатынастарының қалыптасуы т.б.[47].

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.