- •Зоология
- •6. Шаянтәрізділердің құрылысы мен биологиясының ерекшеліктері.
- •7. Насекомдардың сипаттамасы, негізгі отрядтары.
- •8. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен биологиясы
- •10.Сәулеқанатты балықтар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •11.Қосмекенділер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •12.Рептилиялар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •13. Құстар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •14.Сүтқоректілер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
10.Сәулеқанатты балықтар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
Ашық торсылдақ – оңешпен өмір бойы байланысын сақтайтын жүзу торсылдақтары.
Гемоцеркальды құйрық қанаты – тең қалақшалы дара құйрық қанаты.
Гистилия – жақ доғасының ми сауытына гиомандибуляре арқылы байланысуы.
Желбезек қақпақшалары – желбезек саңылауларын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпақшалар.
Жүзу торсылдағы – сүйекті балықтарға тән іші газға толы қапшықтар.
Клейтрум – иық белдеуінің құрамына кіретін сүйек.
Ктеноидты қабыршақ – үстіңгі беттері иректеліп тісше тәрізді өсінділер жасайтын қабыршақ.
Парасфеноид – ми сауытының түбін қалыптастыратын элемент.
Хондральды сүйектер – шеміршектің орнында пайда болатын сүйектер.
Циклоидты қабыршақ – домалақ пішінді жартылай мөлдір қабыршақтар.
Қазіргі кездегі балықтарды 90% - ке жуығы сүйекті балықтар класына жатады. Денелерінің сырты циклоидты немесе ктеноидты қабыршықтармен қапталады. Құйрық жүзбе қанаттары тең қалақшалы, яғни гомоцеркальді. Аузы басының ұшында орналасқан шеміршекті балықтардағыдай тұмсық өсінділері – рострумдары болмайды. Қаңқасы сүйектен тұрады, жүзу торсылдақтары бар.
Бұл класқа жататын өкілдер: мұхиттар мен теңіздерде, ақпайтын көлдер мен тоғандарда, ағынды өзендерде тіршілік ететін, денесінің тұрақты температурасы болмайтын салқынқанды жануарлар, басым көпшілігі сырттай ұрықтанады.
Денесінің тірегі тұлға және құйрық бөліктерінен тұратын омыртқа жотасы. Омыртқа жотасын жеке-жеке омыртқа денелері құрайды. Олардан үстіңгі және астыңғы доғалар өздерінің басын алады. Омыртқа жотасының тұлға бөліміндегі омыртқа денелерінің үстіңгі доғалары бірігіп, жұлын өтетін өзек түзеді, астыңғы доғалары бірікпей, оларға қабырғалар жалғасады.
Асқорыту жүйесі – ауыз қуысынан басталып, қабырғасында желбезек саңылаулары орналасқан – жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке ашылады. Өңеш қарынға – қарын аш ішекке, ол тоқ ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігімен сыртқа ашылады. Асқорыту бездеріне бауыр мен ұйқы бездері жатады. Бауырдың өт жолы мен мен ұйқы безінің сөл жүретін жолы аш ішекке ашылып, қорек қорытылады да, кенеулі заттар ішек қабырғалары арқылы қанға өтіп, бүкіл денеге таратылады.
Сүйекті балықтарға асқорыту жүйесінің өскіні, жіңішке түтікше арқылы өңешпен байланысқан екі бөліктен тұратын іші ауаға толы қалта тәрізді – торсылдақ тән. Сүйекті балықтарды ашық торсылдақты және жабық торсылдақты деп екіге бөледі. Ашық торсылдақты балықтарда торсылдақ өмір бойы өңешпен байланысын сақтайды, ал жабық торсылдақты балықтарда торсылдақ өңешпен байланыспай, оның сыртын қылтамырлар (капиллярлар) торлайды. Сол қылтамырлар арқылы торсылдақ ішіндегі ауа мөлшері өзгеріске ұшырайды. Егер торсылдақ ішіндегі ауа мөлшері артса, балық салмағы жеңілдеп, су бетіне көтеріледі. Егер ауа мөлшері кемісе балықтың меншікті салмағы артып, су түбіне қарай батады.Сүйекті балықтардың денесінде бір шеңберлі тұйық қанайналым жүйесі бар. Жүректері екі камералы бір құлақшадан және бір қарыншадан тұрады. Қарынша қабырғасы қалың, құлақшынікі – жұқа. Жүрекке көмір қышқыл газына қаныққан қан әкелетін тамыр – көктамыр, ал жүректен оттегіне қаныққан қан шығаратын тамыр салатамыр деп аталады. Жүректің қүлақшасы жиырылған кезде көктамыр қаны қарыншаға өтіп, ал қарынша жиырылған кезде – құрсақ қолқасына өтеді. Құрсақ қолқасындағы көктамыр қаны желбезектерге көмір қышқыл газын беріп – оттегіне қаныққан салатамыр қаны арқа қолқасына жинақталып денедегі әртүрлі мүшелерге кішірек салатамырлар арқылы таралады. Салатамырлардағы оттегі және кенеулі заттар қылтамырлардың қабырғасы арқылы ұлпаға сіңіп, ұлпадағы көмірқышқыл газ бен тіршілік әрекетінің өнімдері қылтамырлардағы қанға түседі де, сөйтіп көктамыр қаны жүректің құлақшасына құяды.Зәр шығару мүшесі – омыртқа жотасының астында орналасқан екі таспа пішіндес созылып жатқан тұлға бүйректері, олардан кеткен түтікшелер несеп ағарлар. Зәр олардан қуыққа өтіп, аналь тесігінің артқы жағында орналасқан тесік арқылы қуықтан сыртқа шығарылады.Жүйке жүйесі – орталық және перифериялық (шеткі жүйке жүйесі) деп екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесіне бас миы және жұлын жатады. Бас миы бес бөліктен тұрады: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Сүйекті балықтардың көру орталығы орналасқан ортаңғы миы мен күрделі қозғалысты, яғни қимыл-әрекетін басқаратын мишығы жақсы дамыған.Сезім мүшелері – көздері, ішкі құлағы, дәм, иіс, сипап сезу мүшелері, бүйір сызығы.Балықтардың басым көпшілігі – дара жыныстылар, жынысты жолмен көбейеді, ұрықтануы сырттай. Дамуы айналмалы жолмен жүреді, дернәсілі – шабақ деп аталады.Сүйекті балықтар класы екі класс тармағына жіктеледі: қалаққанатты балықтар және сәулеқанатты балықтар. Қалаққанатты балықтар класс тармағына саусақ қанатты және қостынысты балықтар жатады. Саусаққанатты балқтардың өкілі – латимерия. Бұл балық девон және карбон дәуірінде кеңінен таралып, бор дәуірінің соңына қарай мүлде жойылып кетті деп есептелген. Латимерия палеозой заманының тұщы су қоймаларында оттегі аз болған жағдайда тіршілік етуге бейімделген жыртқыш балық. Олардың жұп жүзбеқанаттарында жерге таяныш болып, денені көтеретіндей бұлшық еттердің болуы құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ құрылысына өте ұқсас. Су қоймаларында оттегі жетіспеген жағдайда олар су бетіне көтеріліп өкпелері арқылы тыныс алатын қос тынысты балықтарға жақын және олармен бір түбірден шықты деп есептеледі. Өліп біткен саусаққанатты балықтардан өздерінің басын қосмекенділер алуы мүмкін деп есептейді.Қостынысты балықтарға неоцератод, лепидосирен балықтары жатады.Сәулеқанатты балықтар класс тармағына келесідей отрядтар біріктіріледі: бекіретәрізділер, майшабақтәрізділер, албырттәрізділер, шортантәрізділер, жыланбалықтәрізділер, тұқытәрізділер, нәлімтәрізділер, алабұғатәрізділер, камбалатәрізділер.Бекіретәрізділер отряды. Бұл отрядқа шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері бар, өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқан балықтар жатады. Бекіре балығының аузы бастың тұмсық тәрізді созылған бөлігінің астыңғы жағында орналасады. Бұл бөлік рострум немесе тұмсық деп аталады. Сол тұмсығының көмегімен балықтар тұнба астындағы жемін қазып табады. Құйрық жүзбеқанаты акула балығынікі сияқты гетероцеркальді немесе теңқалақшалы емес. Денесінің тірегі сыртынан дәнекер ұлпасынан тұратын қалың қабықшамен қапталған хордасы. Омыртқа денелері қалыптаспаған, бірақ олардың үстіңгі және астыңғы доғалары бар. Ішегігің ішінде спиральды клапан, жүрегінде артериальды конус бар.Желбезек саңылауларын сыртынан жауып тұратын сүйекті желбезек қақпағы, ішекпен байланысқан жүзу торсылдағы бар. Ұрықтануы сырттай, уылдырық саны өте көп. Өкілдері Қара теңіз бен Каспий теңізінде таралған орыс бекіресімен шоқыр балық, Амур өзенінде таралған Қиыр Шығыстың қортпа балығы. Қортпа – салмағы 1 000 кг жететін, 100 жыл өмір сүретін ірі балық. Бекіре тәрізділердің көпшілігі теңіздерде жыныстық жағынан пісіп жетіліп, уылдырық шашу үшін өзендерге өтетін өрістегіш балықтар. Бұл отрядқа жататын балықтардың еті дәмді, уылдырықтары құнды қара уылдырық.
Майшабақтәрізділер отряды.
Бұл отрядқа жататын өкілдердің басым көпшіліктері теңіздерде мекендейді. Кейбір түрлері уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Жүзу торсылдақтары өмір бойы өңешпен байланысқан, денесін циклоидты қабыршақтар қаптаған, қарапайым балықтар. Мұхит майшабағы Ақ теңізбен Баренцов теңіздерінен Қиыр Шығыс теңіздеріне дейін таралған. Уылдырық саны 40 мыңнан 280 мыңға дейін. Уылдырықтарын жағаға таяу таз жерлерге салады. Каспий мен Қара теңіздерде еділ майшабағы мен қаражонды майшабық кездеседі. Майшабақтың бұл екі түрі де өрістегіш балықтар, яғни уылдырықтарын шашу үшін өзендерге шығатын. Қиыр Шығыста сардин балығы, Балтық және Қара теңіздерде килька балығы кездеседі.
Албырттәрізділер немесе лососьтәрізділер отряды. Бұл отрядқа қоңыржай және солтүстік ендіктерде таралған орта және ірі көлемді балықтар жатады. Бұл отрядқа жататын балықтарға тән белгі, арқа жүзбе қанаты мен құйрық жүзбе қанатының арасында орналасқан майлы жүзбеқанатының болуы. Лосось балықтарының басым көпшілігі көшпелі немесе өрістегіш балықтар. Жыныстық жағынан теңіздерде пісіп жетіліп, уылдырық шашу үшін өзендерге өтетін. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері (Охот, Жапон, Беринг) бай. Бұл теңіздерде кездесетін балықтар: кета, горьбуша, нерка. Олардан қызыл уылдырық алынады. Бұл балықтар 3-4 жасқа дейін теңіздерде пісіп жетіліп, Амур өзеніне 2000-4000 км жерді басып өтіп, ағысы баяу таяз жерлерге шұңқыр қазып уылдырығын салады. Уылдырық салғаннан кейін өлімге ұшырайды, яғни өмірінде бір рет көбейетін моноциклді балықтар қатарына жатады.
Шортантәрізділер отряды.
Бұл отрядқа алға қарай созылған жақ сүйектерінде орналасқан үшкір тістері бар жыртқыш балықтардың аздаған тобы жатады. Біздің көлдер мен өзендерде және Оңтүстік теңіздерінің өзендер келіп құятын жерлерінде кәдімгі шортан кездеседі. Көктемде жағаға жақын таяз жерлерге уылдырық шашады. Қорегі балықтар, бақалар, құс балапандары. Су асты өсімдіктері арасында тіршілік етеді.
Жыланбалықтәрізділер отряды.
Бұл отряд өкілдерінің денелері ұзын жылан тәрізді, құрсақ жүзбеқанаттары жоқ кейде тіпті көкірек жүзбеқанаттары да жойылған. Аналь, құйрық, арқа жүзбеқанаттары бірімен-бірі бірігіп кеткен. Жүзу торсылдағы ішекпен байланысқан. Балтық теңізінің алабында кездесетін өзен жыланбалығы уылдырық шащу үшін өзеннен шығып Атлант мұхитында үлкен терңдікте уылдырық шашады.
Тұқытәрізділер отряды.
Басым көпшілік өкілдері тұщы суларды мекендейді, тау өзендерінен бастап батпақтанған тоған суларына дейін. Кейбір түрлері көбею кезінде орын ауыстырады (таран, қаракөзбалық). Ал басқа түрлері отырықты (қарабалық, табан балық, плотва). Бұл отрядқа жататын тұқы тұқымдасының өкілдерінің жақ сүйектерінде тістері жоқ. Ақырғы желбезек доғасында орналасқан «жұтқыншақ тістері» бар. Олардың көмегімен қорегінің хитинді жабынын ұнтақтайды.
Нәлімтәрізділер отряды.
Бұл отрядқа кәсіптік маңызы бар балықтар жатады. Треска, сайқа балығы, сайда балығы, нәлім. Сайқа, сайда және треска балықтары теңіздерде кездеседі, нәлім ғана тұщы су балығы. Треска балығы Балтық, Ақ, Баренцов теңіздерінде кездеседі, 2,5 миллионнан 10 млн-ға дейін уылдырық шашады. Бұл балықтардың етін ғана емес, Д-дәруменіне бай бауырынан алынатын майы да емдік үшін пайдаланылады.
Алабұғатәрізділер отряды.
Бұл отряд 6 000-ға жуық түрлерді біріктіреді. Жүзу торсылдағы ішекпен байланысын үзген. Құрсақ жүзбеқанаттары көкірек жүзбеқанаттарының астына таман, кейде тіпті алдында да орналасқан. Жүзбеқанаттарының кейбір тармақтары үшкір тікендерге айналған. Бұл отрядтың кәсіптік маңызы бар түріне көксерке жатады, ол Қара және Каспий теңіздерінің алаптарында кездеседі. салмағы 10 және 12 килограмм. Өзендер мен көлдерде дене тұрқы 50 сантиметрге жететін, салмағы 1 килограмға жуық алабұға кеңінен таралған. Келесі өкілі таутан балық, оның кәсіптік маңызы жоқ.
Камбалатәрізділер отряды.
Бұл отрядқа жататын балықтардың денесі екі жақ бүйірінен қысыңқы. Көздері басының бүйірлерінде орналаспай, бір жағына қарай ығысқан. Жүзу торсылдағы жоқ, теңіз түбін мекендейтін балықтар. Каспий және Арал теңіздерінен басқа теңіздердің барлығында кездеседі. Бір жерден екінші жерге аздап қана орын ауыстырады, 100-200 км қашықтыққа. Теңіз түбіндегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Орын ауыстыру себебі, уылдырық шашуға қолайлы жер іздеу, уылдырық шашқаннан кейін қорегі мол жерге ауысу, қыстап шығатын жер іздеу.
