- •Зоология
- •6. Шаянтәрізділердің құрылысы мен биологиясының ерекшеліктері.
- •7. Насекомдардың сипаттамасы, негізгі отрядтары.
- •8. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен биологиясы
- •10.Сәулеқанатты балықтар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •11.Қосмекенділер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •12.Рептилиялар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •13. Құстар: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
- •14.Сүтқоректілер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
14.Сүтқоректілер: жалпы құрылымы, биологиясы, органдар жүйесінің құрылыс ерекшеліктері, систематикасы және таралуы.
Автотомия – ағзалардың өздерін-өзі жарақаттандыруы.
Балғашық, төсше – ортаңғы құлақ ішінде орналасқан сүйекшелер.
Безді алаң – дененің құрсағында орналасқан сүт бездері тесіктер арқылы ашылатын жазықтық.
Вибрисстер - сезімтал талшықтар.
Диафрагма – көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын бұлшық-ет.
Жалған қабырғалар – төс сүйегіне дейін жетпейтін немесе кеуде қуысын қалыптастыруға қатыспайтын қабырғалар.
Жауырын, бұғана, коракоид – иық белдеуін қалыптастыратын сүйектер.
Мальпиги қабаты – тірі жасушалардан тұратын өсу қабілеті бар эпидермистің астыңғы қабаты.
Менискілер – омыртқа денелерінің екі жақ беттерінде орналасқан шеміршекті дискілер.
Платицельді омыртқалылар – екі жақ беттері бірдей тегіс омыртқа денелері.
Плацента – жатырдың қабырғасында орналасқан бала орны немесе қағанақ.
Птиамин – көмірсуларға әсер ететін сілекей бездерінің ферменттері.
Түлеу – жануарлардың жыл маусымына байланысты түк жабындарын алмастыру.
Ұйқы безі – ас қорыту ферменттерін бөліп шығаратын без.
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың жылықанды, дене температурасы тұрақты, орталық жүйке жүйесі күшті дамыған, ең жоғары сатылы тобы.Қазіргі кезде олардың төрт мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қоректендіретіндіктен, класс сүтқоректілер деп аталады.
Сүтқоректілердің дене мөлшері мен пішіні алуан түрлі, ол көбінесе тіршілік әрекеті мен мекендейтін орта жағдайларына байланысты болады. Мекендейтін орта жағдайларына байланысты оларды келесідей экологиялық топтарға жіктейді: жербеті, жерасты, орманда, суда, ұшып жүріп тіршілік ететін топтар.
Сүтқоректілердің көпшілігінің түкті жамылғысы бар, олардың құрамына жуандау және ұзын түк қылшық, қысқа жұмсақ түк-мамық кіреді (мамық немесе түбіт) ол денедегі жылуды сақтайды. Бегемот, керік, кит, морж тәрізді сүтқоректілердің денесінде түк жамылғы болмайды.
Сүтқоректілердің терісі екі қабаттан тұрады: үстіңгі қабаты эпидермис, астыңғы қабаты – кутис немесе нағыз тері. Эпидермис эпителий ұлпасынан түзіліп көпқабатты болып келеді. Үстіңгі эпителий жасушалары ядросыз, жалпайған, олар бірте-бірте мүйізденіп қайызғақ түрінде теріден түсіп қалады. Олардың астында орналасқан цилиндр пішінді эпителий жасушалары ядролы үнемі митоз жолымен бөліну арқылы көбейіп үстіңгі өлі мүйізденген жасушаларды ығыстырып шығарады. Астыңғы тірі жасушалар орналасқан эпидермис қабаты - өсу немесе мальпиги қабаты деп аталады. Эпидермис келесідей түзілістер жасайды: түктер, тырнақтар, тұяқ, мүйіз, қабыршақ және әртүрлі бездер.
Тері бездерінің түрлері: тер, май, иіс шығаратын, сүт бездері. Сүт бездерін түрі өзгерген түтік тәрізді тер бездері жасайды. Төменгі сатылы алғашқы аңдарда сүт бездері дененің құрсақ жағында орналасқан түкпен жабылмаған безді алаңға ашылып, балалары ол сүтті жалап қоректенеді. Қалталылар мен қағанақты аңдарда сүт бездері емшекке ашылады.
Сүтқоректілерде кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын көкет немесе диафрагма болады. Көкет кеуде қуысына күмбездене еніп, өкпеге жанасып тыныс алған кезде кеуде қуысының көлемін өзгертуге қатысады.
Омыртқа жотасы бес бөліктен тұрады: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан. Мойын омыртқаларының саны 7, арқа омыртқаларының саны 12-15; Алдыңғы арқа омыртқаларына бекінген қабырғалардың екінші ұшы төс сүйегіне барып бекініп кеуде қуысын жасайды, ал қалған қысқарақ омыртқалардың ұштары төс сүйегіне бекімей – жалған қабырғалар деп аталады. Ауада ұшатын жарқанаттар мен жер астында тіршілік ететін сүтқоректілердің алдыңғы аяқтары ұшуға, қазуға бейімделген, төс сүйегінде қырлы өсінді бар. Оған бұлшықеттер бекініп алдыңғы аяқты қозғалысқа келтіреді.
Бел омыртқаларының саны 2-9-ға дейін, сегізкөз омыртқаларының саны төртеу, құйрық омыртқаларының саны 3-49-ға дейін (гиббонда – үшеу, ұзынқұйрық кесіртте – 49).Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысына түскен қорек тістердің көмегімен ұнтақталып, сілекей бездерінің сөліндегі фермент птиалиннің әсерінен күрделі көмірсу - крахмал қарапайым көмірсулар декстрин мен мальтозаға (дисахарид) ыдырайды.Сүтқоректілердің тістері жақ сүйектерінің ойықтарында орналасып, 4 топқа: күрек тістер, иттіс, кіші азу тістер, азу тістер деп жіктеледі. Әртүрлі отрядтарға жататын сүтқоректілердің тістерінің құрылысы түрліше. Ас қорыту жүйесі жұтқыншаққа, өңешке, қарынға, аш ішекке, тоқ ішекке, тік ішекке жіктелген. Тік ішек аналь тесігімен сыртқа ашылады. Аш ішек пен тоқ ішектің арасында соқыр ішек орналасады. Күйіс қайыратын жұптұяқтылардың қарынының құрылысы күрделі, ол 4 бөліктен тұрады (тазқарын, жұмыршақ, жалбырщақ, ұлтабар). Бұл жануарларда өсімдіктекті қорек өңештен қарынның үлкен бөлігі – тазқарында сілекей мен бактериялардың әрекетінен ашиды да қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа жылжып, ол жиырылған кезде қайтадан ауыз қуысына келіп ұнтақталып, сілекейге шыланып қоймалжың зат түрінде қайтадан жұтылып, өңештің жіңішке өзегі арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді. Аш ішектің басталған жері (ұзындығы 15 сантиметрдей) – онекі елі ішек деп аталады, оған бауыр мен ұйқы бездері ашылады.
Кенеулі еттекті қорекпен қоректенетін сүтқоректілердің ішегі дене тұрқынан 4-5 есе ғана ұзын, ал өсімдікқоректі сүтқоректілердің ішегі дене тұрқынан 20 есе ұзын болуы мүмкін.Тыныс алу жүйесі танау тесіктерінен басталып, ауа олардан кеңсірік қуысына, одан көмекейге өтеді. Көмекейдің қабырғасында орналасқан шеміршектер көмекей саңылауының қабыспай ашық тұруын қамтамасыз етеді. Көмекейден қабырғасы шеміршекті жарты сақиналардан тұратын кеңірдек басталып, ол екі ауа тамырларына тармақтанады. Ауа тамырлары өкпеде тармақталып, жіңішкеріп ауа көпіршектеріне ашылады. Ауа көпіршектерінің жұқа қабырғалары қылтамырлар (капиллярлар) торымен шырмалған. Ауа көпіршіктерінде газ алмасу үрдісі жүреді.
Қанайналым жүйесі. Сүтқоректілердің жүрегі екі құлақша және екі қарыншадан тұрады. Қан денеде екі қанайналым шеңбері бойынша ағады, салатамыр қаны көктамыр қанымен араласпайды. Жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе салатамыры басталып, ол көктамыр қанын өкпеге апарып, онда газ алмасып, салатамыр қаны өкпенің көктамыры арқылы сол жақ құлақшаға құйылады. Бұл қанайналымының өкпе арқылы өтетін кіші шеңбері. Жүректің сол жақ қарыншасынан қолқаның сол жақ доғасы салатамыр қанын алып шығып өзінен дененің бас бөлігіне ұйқы салатамырларын, алдыңғы аяққа бұғана асты салатамырларын тармақтандырып, жүректі иіп арқа қолқасы түрінде өзінен ішкі мүшелерге, бұлшықеттерге салатамыр қанын таратады. Денедегі ұлпаларды оттегімен, кенеулі заттармен қамтамасыз етеді де, ұлпа жасушаларын ыдырау өнімдерінен тазартады. Тұлғаның алдыңғы жағынан (бастан, алдыңғы аяқтардан) шыққан көк тамыр қаны алдыңғы қуыс көктамырлар арқылы, дененің артқы жағынан шыққан көктамыр қаны артқы қуыс көктамырлар арқылы жүректің оң жақ құлақшасына құйылады. Бұл үлкен қанайналым шеңбері. Дене температурасы тұрақты жылы қанды – гомойотермді жануарлар.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Орталық жүйке жүйесі бас миы мен жұлыннан тұрады. Шеткі немесе перифериялық жүйке жүйесі 12 жұп бас сүйек нервтерінен және жұлын нервтерінен тұрады. Бас миының бес бөлігі де жақсы жетілген, әсіресе алдыңғы ми қыртысы дамыған. Көпшілік сүтқоректілердің ми қыртысында көптеген иірімдер бар. Ми қыртысы жүйке жүйесінің, бүкіл ағзаның қызметін басқарады. Ортаңғы мида көру, есту томпақтары бар. Екі сыңарлардан тұратын мишық жақсы дамып, қозғалысты, тепе-теңдікті реттейді. Күрделі инстинктермен қатар сүтқоректілерде шартты рефлекстер қалыптасады.
Сипап сезу қызметін – тері және сезімтал талшықтар (вибрисстер), дәм сезуді – тіл, иіс сезуді – танау қуысында орналасқан рецепторлар, көруді – көз, естуді – ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтар атқарады. Ортаңғы құлақта үш есту сүйекшелері (үзеңгі, төсше, балғашық) орналасқан, сыртқы құлақ - құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құралған. Кейбір сүтқоректілерге (дельфин, жарқанат) өте жоғары толқынды дыбыстар арқылы айналаны бағдарлау, яғни эхолокация тән.
Сүтқоректілер дара жыныстылар, жыныс бездері жұп, ұрықтануы іштей. Жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолы түтігінде ұрықтанып жатырға түседі. Ұрық жатырда дамиды. Ұрықтың сыртқы қабықшасы жатырдың сілемейлі қабырғасына тығыз жанасып баланың орны немесе қағанақ түзеді. Қағанақ тек жоғары сатылы қағанақты сүтқоректілерге ғана тән. Төменгі сатылы аңдар жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Ұрық қағанаққа кіндік арқылы жалғасады. Қағанақ арқылы ұрық қоректенеді және тыныс алады. Қағанақта ұрық қабықшасының қан тамырлары жатырдың қан тамырларына тығыз жанасып, ана ағзасынан ұрыққа оттегі мен кенеулі заттар қан тамырларының қабырғалары арқылы осмос жолымен түседі. Ұрық сыртынан іші сұйыққа толы амнион деп аталатын ұрықтық қабықшамен қоршалған.
Ұрықтың жатырда даму ұзақтығы әртүрлі, сүтқоректілердің ірі түрлерінде бір жылға таяу, тышқандарда екі жұма. Балалар саны 1-20-ға дейін. Туған балаларын аналығы сүтпен қоректендіреді.
Сүтқоректілер класы 2 класс тармағын біріктіреді: біріншісі – жұмыртқасалушылар немесе алғашқы аңдар; екіншісі – ңағыз аңдар, бұл класс тармағы қалталылар және қағанақтылар деген екі инфракласқа бөлінеді.
Алғашқы аңдар немесе клоакалы сүтқоректілер, ең қарапайым құрылысты Австралияны, Жаңа Гвинея мен Тасмания аралдарын ғана мекендейтін, үйректұмсықтар мен түрпілер деп аталатын екі тұқымдасқа жататын сүтқоректілер.
Үйректұмсық дене тұрқы 60 сантиметрдей суда жақсы жүзіп, сүңги алатын, тұмсығы үйрекке ұқсас, сол арқылы су түбіндегі тұнбадағы бунақденелілермен, шаянтәрізділермен, құрттармен қоректенетін аң. Үйректұмсықтың қоңыр түсті түктеріне су жұқпайды, саусақтарының арасында жүзу жарғақтары бар.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы аналығының жыныс жолында 10-15 тәулік сақталып онда ұрық жартылай дамып шығады. Жұмыртқасын өзі қазған індегі ұяға салып 10 күндей ғана басады.
Түрпі – құрлықта ғана тіршілік етіп, ін қазбай, жауынан денесіндегі ұзын сояутікенектер арқылы қорғанатын аң. Бұл аң үйректұмсық сияқты жұмыртқа салу арқылы көбейеді, жұмыртқасын арнаулы қалтасына сақтау арқылы ұрпағын өсіреді.Бұлардың бас миы нашар дамыған, дене температурасы тұрақты емес 220-370 С шамасында ауытқып тұрады, ас қорыту жүйесі клоакамен аяқталады.Қалталы сүтқоректілер.Бұларға тән белгі қағанақтың өте нашар дамуынан кішкені әлсіз балаларын тірідей туып, арнаулы қалтада өсіруі. Бұлар Австралия және оған жақын орналасқан аралдарды, кейбір түрлері Оңтүстік Американы мекендейді. Өкілдері қалталы көртышқан, қалталы егеуқұйрық, кенгуру, қалталы тиін, қалталы аю.Бұлардың миының құрылысы қарапайым, алдыңғы ми сыңарлары қыртысында иірімдер болмайды, бунақденелілермен, өсімдікпен қоректенеді.Кенгурудің дене тұрқы 2 метрдей, жаңа туған баласының тұрқы 2 сантиметрдей. Баласын қалтасына 6-8 ай сақтап өсіреді, емшегі қалтасына ашылады.
15.Омыртқалы жануарларды Anamnia және Amniota топтарына бөлудің морфофизиологиялық негіздемелері. Анамниялар мен амниоталардың бір –бірінен айырмашылықтары жұмыртқаларының құрылысында, эмбриональдық даму сипаты мен ересектернің құрылысындағы көптеген ерекшеліктерінде байқалады. Анамниялардың тіршілігі азды-көпті болса да сумен байланысты. Онда өмір бойы не дамудың алғашқы кезеңі жұмыртқалық және личинканың сатыларын өткізеді. Жұмыртқада ұрықтың дамуына жететін сары уыздың біршама қоры болса да, ол тіршілікке қажетті оттек пен суды сырттан алады, ал алмасу өнімдерін тұрақты түрде сыртқы ортаға шығарады. Алмасудың мұндай типі жұмыртқа жолының қабырғалары бөліп шығаруынан пайда болатын және жұмыртқаны қоршап жататын үшінші қабықтың біршама өткізгіштігінің арқасында қамтамасыз етіледі. Демек, анамниялар алғашқы су жануарлары болып табылады. Амниоталар керісінше нағыз құрлық жануарлары, олардың барлық құрылымдары құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Балықтар мен қосмекенділердің жұмсақ, іркілдек қабықпен қапталған уылдырықтарына қарама-қарсы амниоталар құрылысы біршама күрделенген үшінші қабықпен жабылған жұмыртқаларға ие. Бауырмен жорғалаушылар мен құстардың жұмыртқаларында белоктық, қаыбқ асты және сыртқы қабықтар қабаты болады. Белок қабаты дамып келе жатқан ұрыққа қажетті су мен қоректік заттардың қоры болып табылады. Қабық асты және сыртқы қабық қабаттары жұмыртқаға белгілі бір пішін береді және атмосферада құрғап кетуден сақтайды. Сыртқы қабық жұмсақ немесе қатты да болуы мүмкін: қабықтың қаттылығы онда известь түйіршіктерінің болуымен қамтамасыз етіледі. Амниоталар жұмыртқалары үшінші қабығының ерекшелігі сол құрлықта ұрықтың дамуына жағдай жасайтын газдарды жақсы өткізу және суды нашар өткізу қасиеттеріне ие. Алғашқыда кезде екі топтың да ұрығы жұмыртқа қабықтарымен қоршалып, жұмыртқада еркін жатып дамиды. Анамнияларда дамып келе жатқан жұмыртқа клеткасы бірдей емес толықтай бөлшектенуге ұшырайды және қалыптасқан дернәсілі жұмыртқа қабықтарын жарып шығып суға түседі, жұмыртқаның саруызымен қоректеніп және желбезектер арқылы тыныс алып суды ары қарай дамиды. Амниоталардың жұмыртқа клеткасы сарыуызға батып жатады және бөліну тек анимальды полюсінде жүреді. Қабықтардың қалыптасуы жұмыртқаның сарыуызында еркін жатқан үшқабатты ұрық сатысынан басталады. Ары қарай сарыуызды пайдалану мөлшеріне байланысты ұрық жұмыртқаға тереңдей түседі және оның айналасында эктодерма мен жұмыртқаға тереңдей түседі және оның айналасында эктодерма мен мезодермадан тұратын сақина тәрізді қатпар қалыптасады. Сақина тәрізді қатпардың шеттері қосылады және ұрықтың үстінде қабат-қабат болып тұтасып, екі қабат: сыртқы-сероза, ішкі-амнион қабаттарын түзейді. Бұл қабаттар жаңа пайда болған екі қуыспен шектеді. Ересек анамниялар мен амниоталардың арасныда да өте үлкен айырмашылықтар бар. Анамниялардың шырышты терісінде көп бірклеткалы безде бар және терінің дерма қабаты тері қаңқасын түзуге бейімді. Амниоталар терсі шырышсыз , құрғақ себебі эпирдермис клеткаларында мүйізді заттардың жиналуына байланысты оның үстіңгі қабаты мүйізденеді. Амниоталар үшін эпидермистің мүйізді туындылары – мүйізді қабыршақтар,қауырсындар,түктер.
