7.Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай: «Екіншілік іріңді менингиттің диагностикасы және ауруханаға дейінгі кезеңде науқасты жүргізу тактикасы»
Ситуациялық есеп: сіз – кезекші дәрігерсіз. ЖМКА-ның қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас жеткізілді.
Тапсырма:
Анамнез жинаңыз және науқасты қарап, ауырлық дәрежесін бағалаңыз
Болжама диагноз қойыңыз, зерттеу жоспарын және диф диагностикасын жасаңыз
Лабораторлы-инструментальды зерттеу мәліметтеріне талдау жасаңыз
Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз, ем тағайындаңыз
Қорытынды нәтиже (outcomes)
Екінщілік іріңді менингитпен ауыратын науқасқа сауалнама және неврологиялық тексеру жүргізу
Екінщілік іріңді менингиттің клиникалық диагностикасы
Лабораторлы инструментальды зерттеуді және клиникалық мәліметтерді жүргізу, талдау
Екінщілік іріңді менингитпен науқасты жүргізу тактикасы
Науқаспен тиімді қарым қатынас орнату және қауіпін сейілдіру
Бағалау парағы (check-list)
клиникалық жағдайды
«Екіншілік іріңді менингиттің диагностикасы және ауруханаға дейінгі кезеңде науқасты
жүргізу тактикасы»
№ |
Қадамдарды бағалау критериі |
Баллмен бағалау |
||
Толық жауап берді |
қателіктер бар |
Орында мады |
||
1 |
Анамнез жинау. Сұрақтар толық қойылды ма? |
2,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Аурудың ауырлық критериі анықталдыма? |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Науқасты ағзалар мен жүйелер бойынша дұрыс зерттеу жүргіздіме? |
2,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Жүйке жүйесін зерттеуді дұрыс жүргізу |
2,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Клиникалық симптомдарды анықтау және бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Болжама диагноз |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Зерттеу жоспарын құру |
2,0 |
0,5 |
0 |
8 |
Дифференциалды диагностикасының жоспары |
2,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Екінщілік іріңді менингиттің диагностикалық критериін қолдану |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
Болжамалы диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Емдеу тактикасын анықтау |
2,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Емдеу тиімділігін бақылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Науқаспен тиімді қарым қатынас орнату және қауіпін сейілдіру |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Қорытынды балл |
20 10 |
||
Максимальды балл- 20
Стандартталған актердің (науқасты) сценариінің мәтіні және оның ролі
Шағымдары: қатты керіп бас ауруына, бас аурумен жүретін құсуға, дене температурасының жоғарлауына, жарықтан қорқуға, оң құлақтағы бөлінділер және ауру сезіміне
Сұрақтың мағынасы |
Актерға сұрақтың құрастырылуы |
Жауап
|
Сипаты, бас аурудың ұзақтылығы |
Бас ауруы қалай басталды? |
Керіп бас ауру сезімі кеше кешке басталды |
Бас ауруының пайда болу себебі |
Бас ауруын немен байланыстырасыз? |
Дене температурасының жоғарлауымен |
Құсудың сипаты мен ұзақтығы |
Құсу қашан пайда болды? |
Көпреттік құсу. Қатты бас ауруымен бірге |
Температура |
Науқастың дене қызуы көтерілдіме? |
Дене қызуы кеше кешкісін котерілді |
Анамнезінде созылмалы инфекциялық ошақтың болуы |
Алдында құлақтағы ауру сезімі, қақырырқты жөтел болдыма? |
Құлақтағы ауру сезімі бірнеше жыл бойы мазалайды. Қақырықты жөтел болмаған |
Емі |
Бұрын ем тағайындалғанба? |
Ем қабылдамады |
Анамнез morbi: Құлақтағы ауру сезімі периодты түрде бірнеше жыл бойы мазалайды. Бас ауруы, құсу, дене қызуының жоғарлауы кеше кешкісін басталған. Бұрын тексерілмеген.
Анамнез vitae: Туберкулез, гепатит, тері-венерологиялық, аллергиялық аурлары жоқ. Тұқымқуалайтын аурулар жоқ.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. АҚҚ-120/80 мм с.б.б. температура -38,4 С. Терісі гиперемияланған. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақ көлемінде, Кернинг және Брудзинский белгілері екі жағынан оң. Беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен. Аяқ-қол бұлшықеттерінің күші мен тонусы өзгермеген. Рефлекстері біркелкі күшейген. Координациялық, сезімталдық бұзылыстары және патологиялық белгілері жоқ
Болжама диагноз:
Біріншілік іріңді менингит
Екіншілік іріңді менингит
Серозды менингит
Субарахноидалды қан құйылу
Зерттеу жоспары:
ЖҚА
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
Неврологтың консультациясы
ЛОР консультациясы
Бас ми КТ
Люмбальды пункция
Жалпы қан анализі: лейкоцит 12,0, ЭТЖ –24 , эритроцит– 4,0х1012
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы-өзгеріссіз
Бас ми КТ: менингит кезіндегі ошақты өзгерістер жоқ
Бас миының КТ: базальды цистернаның қатты тығыздануы, қарыншаларға қанның ағуы
Консультация ЛОР. Диагноз: оңжақтық ортаңғы іріңді отит
Церебро –спиналдық сұйықтық : басішілік қысымы -300 мм су бағанасы, лайлы, сарғыш-сұр түсті, плеоцитоз, нейтрофилдар-570к.а, белок -0,99г/л, глюкоза -1,80ммоль/л.
Клиникалық жағдайлар бойынша жауаптар эталоны
«Екіншілік іріңді менингиттің диагностикасы және қабылдау бөлімшесі этабында науқасты жүргізу тактикасы»
№ |
Қадамдарды бағалау критериі |
Жауаптар эталоны |
1 |
Анамнез жинау. Сұрақтар толық қойылды ма? |
Тәртіп пен жүйелі өткізілді. Барлық шағымы негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды. Салыстыру диагностикасы мақсатында анамнезді нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды. |
2 |
Аурудың ауырлық критериі анықталдыма? |
Иә. Жалпы инфекциялық, жалпы милық, менингиальды симптомдар (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы,құсу, Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг және Брудзинский белгілері) анықталды. |
3 |
Науқасты жалпы қараудың дұрыстығы |
Науқасты жалпы қарау және неврологиялық статусын тексеру техникасын бақылау |
4 |
Неврологиялық статусты тексеру дұрыстығы |
Менингеалды синдром оң: Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг және Брудзинский белгілері екі жағынан оң |
5 |
Неврологиялық статусты тексеру дұрыстығы |
Менингеалды синдромды, бас-ми жұп нервтерін, рефлекстерді, координация мен сезімталдықты тексеру |
6 |
Клиникалық симптомдарды анықтау және оны бағалау |
Менингеалды синдром оң: Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг және Брудзинский белгілері екі жағынан оң |
7 |
Болжамалы диагноз |
Екіншілік іріңді менингит. |
8
|
Тексеру жоспарын тағайындау |
ЖҚА Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
|
9 |
Диагнозды нақтылау үшін арнайы зерттеулерді тағайындау жоспары |
ЛОР кеңесі Невролог кеңесі Бас ми КТ Люмбальды пункция |
10 |
Дифференциалды диагностика жоспары |
Біріншілік іріңді менингит Екіншілік іріңді менингит Серозды менингит Субарахноидалды қан құйылу |
11 |
Жалпы клиникалық анализдерді интерпретациялау |
Жоғары лейкоцитоз (12000), ЭТЖ жылдамдауы (24 мм/сағ) Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
|
12 |
Арнайы анализдер интерпретациясы |
ЛОР кеңесі: Оң жақтық созылмалы іріңді отит Жұлын-ми сұйықтығы: бас ішілік қысым 300мм су.бағ; түсі сарғыш-сұр, бұлыңғыр, плеоцитоз-570 нейтрофиль көру алаңы, белок-0,99 г/л, глюкоза – 1,8 ммоль/л Бас ми КТ: патология жоқ |
13 |
Екіншілік іріңді менингитке диагностикалық критерилерді қолдану |
Екіншілік іріңді менингит: керіп бас ауру сезімі, құсу, гипертермия, менингеалды синдром, ошақты симптомдардың болмауы, ЖМС: басішілік қысымның жоғарлауы, сарғыш сұр түсте, лайлы, нейтрофильді плеоцитоз, жасушалық-ақуызды диссоциация, қанттың төмендеуі, біріншілік ошақтық инфекцияның болуы.
|
14 |
Біріншілік іріңді менингит негізінде қысқартылды |
Біріншілік іріңді менингит: бас ауруы, құсу, жоғары температура, менингеалды синдром, жиі терідегі және шырышты қабатағы герпестік бөртпелер ЖМС: басішілік қысымның жоғарлауы, сарғыш сұр түсте, лайлы, нейтрофильді плеоцитоз, жасушалық-ақуызды диссоциация, қанттың төмендеуі
|
15 |
Серозды менингит негізінде қысқартылды |
Серозды менингит : қатты бас ауруы, көпреттік құсу, жоғарғы температура, менингеалды синдром ЖМС: басішілік қысымның жоғарлауы, түссіз, лимфоцитарлы плеоцитоз, жасушалық-ақуызды диссоциация, қант өзгеріссіз.
|
16 |
Субарахноидальды қан құйылу негізінде қысқартылды |
Субарахноидальды қан құйылу: «бас соққысы» тәрізді бастағы ауру сезімі, құсу, менингеалды синдром, ошақты симптомдардың болмауы ЖМС: басішілік қысымның жоғарлауы, «ет жуындысы» түстес, көп мөлшерде «ескіріп сілтісізденген» эритроциттердің болуы. Бас миының КТ: базальды цистернаның қатты тығыздануы, қарыншаларға қанның ағуы |
17 |
Болжама диагнозды негіздеу |
Екіншілік іріңді менингит. Синдромдар: жалпы милық және менингеалды, біріншілік инфекциялық ошақтың ьолуы – ортаңғы отит. |
18 |
Емдеу тактикасын анықтады ма? |
Иә, анықтады. Цефтриаксон 1,0г х 2 рет к/т тамшылатып 100,0 физ ерітіндіде, L-лизина эсцинат 10,0 к/т тамшылатып 100,0 физ ерітіндіде, кетонал 2,0 к/м |
19 |
Емдеу тиімділігін бақылау |
Емдеу тиімділігі аурудың себебін анықтауға, науқастың ауырлық дәрежесіне, адекватты емге байланысты |
20 |
Коммуникативті дағдылар |
Науқаспен тиімді қарым қатынас орнату және қауіпін сейілдіру |
