8.Медициналық симуляция сценарийі
Клиникалық жағдай: «Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы».
Жағдайлық есеп: Сіз – терапия бөлімінің кезекші дәрігерісіз. Сізді вирусты (гриппозды) пневмониямен ем алып жатқан 19 жасар науқастың дұрыс емес іс-әрекетіне байланысты жедел бөлімшеге шақырды.
Медициналық қызметкерден бақылаудағы науқас жағдайы туралы мәліметтерді жинаңыз;
Психикалық және соматикалық жағдайын анықтау мақсатында науқасты қарап тексеріңіз;
Синдромалдық диагноз құрастырыңыз;
Емдеу жоспарын және науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Науқасты қарап тексеру, сұрау және физикалық зерттеу;
Науқастың психикалық жағдайын клиникалық (синдромалдық) бағалау;
Клиникопсихопатологиялық мәліметтерді талдау;
Синдром құрылымының айқындылығына байланысты көмек көрсету;
Ауыр ағымды тұмаумен асқынған делириймен науқасты жүргізу тактикасы.
Бағалау парағы (check-list)
«Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай
№ |
Қадамдарды бағалау критерийі
|
Баға балл бойынша |
||
Дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындаған жоқ |
||
1 |
Науқастың жүріс-тұрысын бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Аурудың басталуын нақтылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Спонтанды баяндауларды интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
Психикалық жағдайды синдромалды бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
10
|
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Ажырату диагностикасы |
1,0 |
0,5 |
0 |
14 |
Мүмкін болатын асқынулар |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
16 |
Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу |
2,0 |
1,0 |
0 |
17 |
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау |
1,0 |
1,0 |
0 |
18 |
Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы |
2,0 |
1,0 |
0 |
БАРЛЫҒЫ БАЛЛ |
|
|
|
|
Максималды балл - 20
Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы
Сұрақтың мәні |
Әртіске арналған сұрақ құрастыру |
Жауап |
Психикалық сферада өзгерістер пайда болғанға дейінгі науқастың физикалық жағдайы нашарлауының басталуын нақтылау |
Дене температурасы нешеге дейін жоғарылады және физикалық жағдайында өзгеріс байқалды ма? |
40-410С дейін, ұйқысы бұзылды, тұмау |
Психикалық жағдай өзгерісінің басталуын нақтылау |
Психикалық жағдай өзгерісі қандай бұзылыстардан басталды? |
Шағымдары әлсіздік, бас айналуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық, ұйқының бұзылысы, қорқынышты түстер көру, кешкі уақытта пайда болатын белгісіз үрей. |
Симптомдарды анықтау |
Науқастың психопатологиялық жағдайы қалай көрініс берді? |
Кешкеқарай науқастың психикалық жағдайы күрт өзгерді, мазасызданып, күшті қорқынышты сезді, үнемі қалпын өзгертеді, бірдеңеге ұмтылады, үстінен бірдеңелерді қағады, біреуді итергендей болады, қорғанады, тұруға тырысады, біресе отырады, біресе бетін жабады. Дәрігер сұрақтарына: «жылан», «адамдар», «аңдар», «тістемеңдер», «жақындамаңдар» деген жауаптар береді. Науқас тез шаршайды, қорқыныш абдыраумен алмасады, бірақ психомоторлық қозу тез жаңарады. |
Науқаспен байланыстың болуы |
Делириозды тип бойынша сананың қарауытуы туралы не айтады? |
Назарын аудару қиындық туғызады және «саған не болды», «атың кім», «сен не көресің», «сен не істейсің» деген қысқа сұрақтардан кейін өзінің тегін,атын айтады, бірақ қайда отқанын, бүгін қай күн екенін, кіммен сөйлесіп отқанын түсінбейді. Содан кейін көрінбейтін, қорқынышты образдарға, көрінбейтін әңгімелесушісіне қорқынышпен жауап бере бастайды. Қысқа жауаптарынан науқастың оған шабуыл жасайтын қорқынышты адамдар, аңдар көретінін түсінуге болады. |
Делирийдің психопатологиялық көріністері немен жойылады. |
Психомоторлық қозу және галлюцинаторлық симптоматика қандай препараттармен жойылады? |
Реланиум, тизерцин, галоперидол, ұйықтататын дәрілер тағайындаумен. |
Делирийдің тез жойылуына не ықпал етеді? |
Делирийді психофармакологиялық емес заттармен емдеудің негізгі жолдары |
Негізгі ауруды интенсивті емдеу, дезинтоксикациялық терапия, ноотроптардың С және В топтарының үлкен дозасын тағайындау. |
Анамнезінде: Психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық асқынбаған. Аллергиялық реакцияларға бейім болған. Аталған аурумен ауырғанға дейін физикалық сау болған, психикалық сфера жағынан ауытқулар байқалмады. Психика жағынан өзгерістің алғашқы көріністері соматикалық жағдай нашарлауы, ұйқының бұзылуы, температураның жоғарылауы фонында байқала бастады.
Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны
«Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай.
№ |
|
Жауап эталоны |
|
|
Науқастың жүріс-тұрысын бағалау |
Төсекте болған кездегі науқастың жүріс-тұрысын бағалау және оның дәрігер кіргендегі реакциясы (қорқыныш күшейеді, үрей, қорғану). |
|
|
Аурудың басталуын нақтылау |
Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі дене температурасы жоғарылауымен және психомоторлы қозу пайда болуымен сәйкес келеді. |
|
|
Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау |
Психопатологиялық бұзылысы бар науқастың жүріс-тұрысын нақтылау (үрей, қорқыныш сезімі, дене қалпын үнемі ауыстрады, бір жаққа ұмтылады, үстінен бірдеңелерді алып тастайды, біреуден қорғанады). |
|
|
Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау |
Сұрақты қайталау жолымен, қайда отырғанын, кіммен сөйлесіп отырғанын, бүгін қандай күн екенін анықтау мақсатында науқаспен сөздік байланысқа түсу (науқас қайда отырғанын, қандай күн екенін, кіммен сөйлесіп отырғанын білмейді, өзінің аты-жөнін айтпайды). |
|
|
АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау |
Бұл ем-шаралар диагнозды нақтылау үшін ғана емес, дұрыс емдеу үшін де маңызды. |
|
|
Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу |
Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру) |
|
|
Спонтанды баяндауларды интерпретациялау |
Спонтанды баяндауларды интерпретациялау: «жылан», «аңдар», «адамдар», «жібермеңдер» және оның уайымын нақтылау әрекетіне реакциясы («міне олар өрмелейді, шабуылдайды», үрейді сезінеді). |
|
|
Психикалық жағдайды синдромалды бағалау |
Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, психомоторлы қозу, галлюцинациялық бұзылыстар ерекшеліктерін, сананың қарауытуы және оның түрлері болуын бағалау керек. |
|
|
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Психотикалық бұзылыстармен соматикалық аурулар фонында алғашқы көріністер басталуы. |
|
|
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Жоғары температура фонында делирий түріндегі психомоторлы қозу және сананың бұзылысы. |
|
|
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Тұлғалық бағдары сақталуы кезіндегі, орынға, уақытқа дезориентировка |
|
|
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
Делирий критерийлерін атау. Бағалау: Қорқынышты көру галлюцинациясының басымдығы және оларға белсенді реакция. |
|
|
Ажырату диагностикасы |
Делирийдің сананың қарауытуынан және вербальды галлюциноздан айырмашылығын көрсете отырып, делирий белгілерін толық көлемде атап шықты. |
|
|
Мүмкін болатын асқынулар |
Әлеуметтік-қауіпті әрекеттер жасау. |
|
|
Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау |
Емдеу тактикасын тағайындады:
|
|
|
Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу |
Соматикалық жағдайдың ауырлығын, психопатологиялық көріністер айқындылығын, сананың бұзылысы түрін бағалады. Оценив общее состояние больной и выраженность психомоторного возбуждения в результате делириозного помрачения сознания |
|
|
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау |
|
|
|
Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы |
Психофармакологиялық және психофармакологиялық емес заттармен психикалық бұзылысты емдеудің адекватты тактикасын анықтады. |
9.Медициналық симуляция сценарийі
Клиникалық жағдай: «МҚЖБ (ми қан айналымының жедел бұзылысы) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы».
Жағдайлық есеп: Сіз – көпсалалы аурухананың кезекші дәрігерісіз. сізді МҚЖБ байланысты ем алып жатқан жасар науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты неврологиялық бөлімшеге жедел шақырды.
Медициналық қызметкерден бақылаудағы науқас жағдайының өзгерісі туралы барлық мәліметтерді жинаңыз;
Оның психикалық, неврологиялық және соматикалық жағдайын анықтау мақсатында науқасты қарап тексеру жүргізіңіз;
Синдромалдық диагноз құрастырыңыз;
Емдеу жоспарын және науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Науқасты қарап тексеру, сұрау және физикалық тексеру жүргізу;
Науқас психикалық жағдайын клиникалық бағалау (синдромалдық);
Синдром құрылымының айқындылығына қарай көмек көрсету;
МҚЖБ кейінгі депрессивті жағдаймен науқасты жүргізу тактикасы.
Бағалау парағы (check-list)
«МҚЖБ (бас миының инфарктынан) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы» клиникалық жағдайы бойынша.
№ |
Қадамдарды бағалау критерийі
|
Баға балл бойынша |
||
Дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындаған жоқ |
||
1 |
Анамнез жинау |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Ауру басталуын нақтылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Аурудың ауырлық критерийін анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Психикалық жағдайын синдромалды бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы) |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы) |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы) |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау) |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау) |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Ажырату диагностикасы |
1,0 |
0,5 |
0 |
14 |
Мүмкін болатын асқынулар |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
МҚЖБ кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстың емдеу тактикасын анықтау. |
1,0 |
0,5 |
0 |
16 |
Тағайындалған препараттарды негіздеу |
2,0 |
1,0 |
0 |
17 |
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
18 |
Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау |
2,0 |
1,0 |
0 |
БАРЛЫҒЫ БАЛЛ |
|
|
|
|
Максималды балл - 20
Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы
Шағымы: көңіл-күйінің төмендеуі, үрей, ұйқысыздық, өзінің «керек еместігі» туралы ойлар, өмір сүргісі келмеу туралы тұрақты ойлар.
Сұрақтың мәні |
Әртіске арналған сұрақтың құрастырылуы |
Жауап |
Аурудың басталуын нақтылау |
Сіз ауырғанға дейін мінез-құлық бойынша қандай болдыңыз? |
Психикалық жағдайының өзгеруіне дейін науқас ақ жарқын, тез тілтабысқыш болған, ешқандай шағым болмаған. |
Симптомдарды анықтау |
Сіздің жағдайыңыз қашан өзгерді? |
МҚЖБ кейін үш аптадан кейін науқасың психикалық жағдайы өзгерді – көңіл-күйі төмендеді, ұйқысыздық, жылауықтық, әлсіздік, тітіркенгіш. Жазылатынына күмәнмен қарай бастады, жақындары масыл боламын деген ойлар пайда болды. |
Симптомдарды және синдромдарды анықтау |
Қазіргі уақытта сізді не мазалайды? |
Сырт келбеті көңілсіз, жабырқаңқы. Көзінде жас, қайғылы. Нашар көңіл-күйге, ұйқысыздыққа, жылауықтыққа, әлсіздік және тітіркенгіштікке, бас ауруына шағымданады. Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады. |
Анамнезінде: психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық асқынбаған. Науқастың анасы МҚЖБ кейін 62 жасында ұзақ уақыт төсек тартып жатқан, өз-өзіне қарай алмаған, күтімді қажет еткен. Ауырғанға дейін белсенді, тіл табысқыш, мақсатқа ұмтылғыш болған, бірақ үрейлі-күмәнді мінездері байқалған. Бас есепші болып жұмыс істеген, ажырасқан, екі ересек балалары бар.
Объективті: Есі анық. Бағдары дұрыс. Дәрігермен ықыласты әңгімелеседі. Сырт келбеті көңілсіз, қайғылы, жылағыш. Әңгімелесу басында жауаптар бір буынды, қысқа, бірақ әңгімелесу барысында тынышталады, жылауын тоқтатып, өз жағдайы туралы ықыласпен және толық айтады. Оны нашар көңіл-күй, ішкі мұңаю, жылауықтық, ұйқысыздық, тітіркенгіштік және әлсіздік, бас ауруы, емделмейтіні, еңбекке қабілетсіз, күтімді қажет ететін болу туралы ойлар мазалайды. Осыған байланысты өмір сүргісі келмеу туралы ойлар пайда болады.
Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны
«МҚЖБ (бас миының инфарктынан) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы».
№ |
|
Жауап эталоны |
|
|
Анамнез жинау |
Субъективті анамнестикалық мәліметтерін жинау. |
|
|
Ауру басталуын нақтылау |
Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі неврологиялық симптомдар пайда болуымен сәйкес келеді. |
|
|
Аурудың ауырлық критерийін анықтау |
Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады. |
|
|
Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау |
Науқастың жүріс-тұрысын, қойылған сұрақтарға реакциясы, орынға, уақытқа, тұлғалық бағдарын бақылау Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру). |
|
|
Психикалық жағдайын синдромалды бағалау |
Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, мимикасын, сөйлеуін бағалау керек |
|
|
Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау |
Шағымдарын және жазылатынына, аурудың қолайлы ағымына күмәнданатын әңгімелерін тыңдау. |
|
|
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы) |
Бағалады: МҚЖБ кейінгі психикалық бұзылыстар өзгеруінің және сомато-неврологиялық жағдайының нашарлауының алғашқы белгілерінің басталуы. |
|
|
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы) |
Бағалады: Өзгерген соматикалық және неврологиялық синдром фонында депрессивті синдром айқындылығы, оның ерекшеліктері (жылауықтық, әлсіздік, бас ауруы, гиперестезия). |
|
|
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу |
Бағалады: Көңіл күйі және жалпы жағдайы өзгерген науқасты түсіну дәрежесі, дәрігердің аурудың болжамы оң болатынына көндіруіне реакциясы. |
|
|
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы) |
Бағалады: Депрессия құрылымындағы астеникалық бұзылыс басымдығы, МҚЖБ тығыз байланысы. |
|
|
Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау) |
Науқастың көңіл-күйінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысыздық түріндегі психикалық жағдайының өзгеруі туралы медициналық қызметкердің обьективті мәліметтерін талдай отырып. |
|
|
Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау) |
Жалпы қарау мәліметтерін, науқастың қарым-қатынасқа түсуін, мимикасын, көңіл-күйін, көңілсіздік, жылауықтық, тітіркенгіштік, әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, депрессивті ойлар, өзінің физикалық жағдайына көңіл аударғандығын бағалай отырып синдромалдық диагноз қойылады. |
|
|
Ажырату диагностикасы |
Органикалық депрессивті бұзылыс және көңіл-күйдің аффективті бұзылыстары кезіндегі депрессивті эпизод түрлерімен (МДП) ажырату диагностикасы жүргізіледі. |
|
|
Мүмкін болатын асқынулар |
Суицидальды ойлардың болуына байланысты суицидальды әрекеттер болуы мүмкін |
|
|
МҚЖБ кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстың емдеу тактикасын анықтау. |
Емдеу тактикасы:
|
|
|
Тағайындалған препараттарды негіздеу |
Науқастың жалпы жағдайын және МҚЖБ кейін дамыған астено-депрессивті синдром айқындылығын бағалай отырып. |
|
|
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау |
|
|
|
Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау |
1. Ұйқысыздық және айқын үрей кезінде түнде реланиум ер-сін 2мл б/і енгізу 2. Антидепрессанттар қабылдау 3. Негізгі ауруды белсенді емдеу 4. Психиатр кеңесі 5. Невропатолог кеңесі 6. Психотерапевт кеңесі |
