Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тіл тарихы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
262 Кб
Скачать
☆

3.Ареалдық лингвистика зерттеу нысаны

Ареалды лингвистика( лат. Area — аудан , кеңістік )—лингвистикалық географияның көмегімен зерттелетін, тілдік құбылыстарды тіларалық кеңістікке тарататын тіл білімінің бөлімі. Диалектілік фактілерді ареалдық тұрғыдан анықтау үшін негізгі анықтауыш болып фронтальды қамту қызмет етеді. Ареалдық лингвистиканың негізгі мақсаты тілден жасалатын ерекшеліктердің территориялық таратуы мен изоглоссалардың интерпретациясы болып табылады. «Ареалдық лингвистика » терминін алғашқы рет 1943 жылы Дж. М. Бартоли мен Дж. Видосси енгізген. Бірақ оның негізгі принципін 1925 жылы Бартоли дамытқан болатын. Ареалдық лингвистика лингвистикалық географиямен және диалектологиямен тығыз байланысты. Ареалдық лингвистика тіл құбылыстары сәйкестігін, бағытын және тілдер шоғырындағы таралу ареалдарын зерттейді, ал диалектология жеке дара тілдің территориялық нұсқадағықұрылымын анықтайды. Ареал термины тілдің және тілдер шоғырының таралу аймағының шекарасын белгілеу үшін де қолданылады. Лингвистикалық географияның және ареалдық лингвистиканың пайда болуы А. Пиктенің (1859) лингвистикалық үздіксіздіктің концепциясымен байланысты болды. Ареалдық лингвистика дамуына неміс және француз тілдерінің ұлттық диалектілік атласының жасалуы елеулі өзгерістер әкелді. Үндіеуропа дилектлогиясының негізін қалаушы А. Мейе ареалдық зерттеулер теориясына үлес қосты.

4.Ат қою теориясының танымдық үлгісі

Ат қою – қазақтарда, кең көлемде – түркі халықтарында өте тереңде

жатқан мәні бар дүние. Жалқы есімдер тарихи жағдайларда тарихшыларға,

әдебиетшілер, этнографтар мен мәдениеттанушыларға құнды ақпарат

көзі де бола алатыны белгілі. Өйткені, олар белгілі тарихи тұлғаны

белгілеумен қатар, ұлттық дүниетанымнан да хабар береді. Түркі (қазақ)

антропонимдердің генезисін зерттеген Т. Жанұзақов V-VІІІ ғасырлардағы

кісі аттарына қатысты, «Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың,

табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі

аты ретінде қойылып отырған» деген тұжырым жасайды [1, 27 б]. Осыған

дәлел ретінде мысал келтірсек, қазақтың кісі атауларында

Итбай, Ақмарал,Ақтоты, Аюбай, Қоянбай, Қасқырбай, Бұғыбай, Лашын, Бүркіт, Гаухар,Алтын, Алтынбек, Күмісбек, Күмісгүл, Айкүміс

және т.б. есімдердікездестіреміз.Қыз балаға қоятын кеңінен таралған есімдерде гүлдер, өсімдіктер мен бағалытастар атауларына этимологиялық байланыста болатын салыстырмалы жаңаекі топты антропонимдер ағылшын антропонимикасында да кездеседі, мыс.:Blossom – түс, рең; гүлдену; Buttercup – сарғалдақ; Clover – жоңышқа, беде; Daf-fodil – сұрғылт сары нарцисс; Ivy – шырмауық гүлі; Liliac – сирень гүлі; Amber– янтарь; Beryl – берилл (меруерт тастың бір түрі); Pearl – інжу; Ruby – лағыл.Ағылшын жеке есімдері тарихи дамудағы ағылшын тілі мен ағылшынхалқының тарихымен үздіксіз байланысының ұзақ жолынан өтті. Бір-біріненқұрылымдық және семантикалық жағынан айырмашылығы бар, ескі және

жаңа ежелгі ағылшын есімдерінен құралған, кірме, дәстүрлі және ойлап

табылған ағылшын жеке аттарының номенклатурасы өзгешелігімен, аса таң

қаларлық өрнектерімен ұсынылады.

Еуропа мен Американы мекен ететін халықтардың көбісінде, соның

ішінде ағылшындар мен американдықтарда – жеке есім және тегі деп

саналатын тарихи екі ат қою антропонимикалық жүйесі қалыптасты

[3, с.6]. Ал, ағылшындардың балаға ат қою рәсімінде төрт аттан қосымша есімберу болмайтынын ескерсек, мыс.,Charles Philip Arthur George, Andrew

Albert Christian Edward, Edward Antony Richard Louise, Anne Elisabeth

Alice Louise.The Oxford Companion to English Literature кітабында: “Бірінші

есімі (first-Christian name) – бұл туылған кезде берілетін христиандық есім,

орта (second-middle name) – бұл қосымша мінездеме беретін есім, бұған қоса,

(maiden name) шешесінің қыз кезіндегі тегін, әкесінің тегі жөнін де, және де

жақын туыстарының аттарын да қосуға болады, сонымен ең соңғысы, (surnameor last name) – тегі” [4 р.316] деп нақты түсініктеме берілген.

Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанып, мал шаруашылығымен

айналысқандықтан төрт түлікті киелі санаған, олардың әрқайсысының

иесі, желеп-жебеушісі, қамқоршысы бар деп сенген, сондықтан да төрт

түлік пірлеріне сыйынып отырған. Бұған дәлел келесі есімдердің қойылу

уәжділігінде:Қозыбақ, Қойбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Ақнар,Қойшыбай

және т.б.Аузыма құдай салған шығар... қазақтың нардан қасиетті, нардан күшті,нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар? (Ғ.Мүсірепов ”Ұлпан”).

Түйені түлік төресі, ұлық малы деп есептеген ата-бабаларымызда «Түйе

– байлық, жылқы – сәндік» деген қалыптасқан тіркес те бар. Адам есімін:

Тайшық, Жамантай, Тайжандеп жылқымен байланыстырып қою жиі

кездесетін құбылыс. Оның мәні жылқыны киелі, қасиетті деп санаудан

туған. Сонымен бірге жылқы – байлықтың, сән-салтанаттың белгісі. Ал,

құлын – сұлулықтың, еркеліктің символы. Халқымыз әдемі әйелді “құлын

мүшелі”, “құлын мүшесі бұзылмаған” деп сипаттайды. Адам есімін жылқыға

байланыстырып қоюдың сырлары осында.Түрік ономастикасын зерттеуші В.У.Махпиров атап көрсеткендей:“Формирование и развитие антропонимической системы любого языка

базируется, во-первых, на древнейших традициях и обычаях имянаречения,

связанных с первобытными культами, представлениями и традициями, в

силу которых антропонимическая система и сохраняет древнейшие имена;

во-вторых, на различных этнокультурных процессах, имевших место в

истории народа, таких как принятие религии, политическое и культурное

вляние других народов, приводяших порой к фронтальному заимствованию и

усвоению иноязычных имен” [5 с.29-30]. Ат қою дәстүрінен де халықтың салт-санасы, арман-мүддесі, эстетикалық талғамы, этномәдени, әлеуметтік сипатыкөрінеді. Тарихи мұралардың көпшілігінде оғыз дәстүріндегі ат қою дәстүріне үнемі қобызшы жырау Қорқыт ата қатысып отырған, үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған “құтты аяқ” құдайы қонақтарға ат қойғызатын дәстүріде болған. Әдетте ат қою құрметіне ауылдың ақсақалы немесе көрші ауылдың шежіреші қариясы ие болады.