1.2 Қазақстандағы ең кең тараған спутникті байланыс түрлері
Қазақстанда ұтқыр спутникті байланысты пайдалануға болатынын, әдетте, біз айдалада, елсіз жерде қалған, шұғыл түрде телефон соғуымыз керек болған жағдайда ғана есімізге түседі. Үйде жүрген кезде бұл жөнінде мүлдем ойға алмаймыз. Бұл түсінікті жағдай – спутникті байланыс қай жағынан алып қарасақ та қымбатқа түседі. Оның тарифін өзімізге үйреншікті, кәдімгі пайдаланып жүрген ұялы телефонның тарифімен салыстыруға мүлдем болмайды.
Сурет 3.1. Ғарыштық аппараттар түрлері
Бұл жағдай Қазақстанда спутникті байланысты ешкім пайдаланбайды деген пікірді білдірмейді. Кең-байтақ елсіз жерлердің ұялы байланыспен қамтылмаған тұстары бар екені белгілі. Айдалада жекелеген турист-экстремалдарды және пойызды немесе ұшақты қол көрмей өзінің көлігімен жорыққа шыққан саяхатшыларды кездестіруге болады. Бірақ Қазақстандағы спутникті ұялы байланыстың басты абоненттері – мұнай-газ, геологиялық-барлау салаларының өкілдері, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен GSM немесе CDMA-ның таяудағы қамтитын базасы жоқ аймақта қызмет бабы бойынша жүрген әскери қызметшілер екені даусыз. Кейде бұл қатарға кинематографистер де қосылады.
Thuraya
Қазақстандағы бүгінгі күні ең кең тараған спутникті байланыс Thuraya болып табылады. Компанияның өзі Араб Әмірлігінде тіркелген және авторлық дилерлер арқылы қызметтерін ұсынады (Қазақстанда «Орбита плюс» ЖШС). Оның қамту аймағында 120 ел бар (барлық Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан түбегі). Бүгінгі күні «Турайдың» бүкіл әлем бойынша 250 мыңнан астам абоненті бар. Олардың ішінде 5000-нан астам пайдаланушыны қазақстандықтар құрайды.
Егер «Турайдың» бағасына күнделікті пайдалану көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, кісіні үркітетіні рас. Тек телефонның өзіне ғана 140 мың теңге төлеуге тура келеді, оған бастапқы пакет (SIM-карта + шоттағы 1900 теңге) – 22 400 теңгені қосыңыз. Желі ішінде бір минуттық сөйлесу 95 теңге, қазақстандық нөмірге қоңырау шалу – 167,2 теңге болады. Нөмірге қоңырау шалу – бағытына тәуелді 121,6-дан 247-ге дейінгі аралықтағы теңгені құрайды.
Байланыстың бұл түрін қалтасы көтеретін тұрақты пайдаланушылар одан қол үзбек емес, ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер үшін оның бағасы онша қымбатқа түспейді. Елсіз жерлерде анда-санда ғана болатын кәдімгі пайдаланушыларға келетін болсақ, олардың «турайлық» телефонды жалға алуларына болады. Әрине, алдымен сақтандыру жарнасын төлеуге тура келеді. Егер трубканы ұқыпты ұстаған болса, оны тапсыру кезінде өткізген ақшаны толық көлемде қайтарып алады.
Мына оқиға әлі ел есінде. Бір топ альпинистер тауға шығу кезінде олардың бірі құздан құлап екі аяғын мертіктіріп алады. Командада «Турай» телефоны болғандықтан, олар базалық лагермен байланыс жасап, орналасқан жерлерін хабарлайды, жарақаттанған жолдастарын құтқарып қалады.
Одан басқа, «Турай» терминалы бар болғандықтан қыста қар басқан трассада өз автомобильдерімен кептеліп қалған адамдардың өмірін құтқарып қалған бірнеше оқиғалар да белгілі.
Спутникті телефонның түрлерін алуан түрлі етіп шығарғанмен, одан жағдай өзгермейді. Мысалы, «Турай» бүгінгі күні өз клиенттеріне бар болғаны екі трубканы ғана ұсынып отыр. Шынында да, олар барынша қолайлы, қалтаға салып алып жүруге ыңғайлы. GSM-терминалдарының көптеген үйреншікті функциялары, атап айтқанда: SMS және MMS жөнелту, java-қосымшаларға қосылу, әуендерді жазып алу, ішіне орнатылған фотокамера (әзірге, небәрі 1,3 мегапиксель рұқсат етілген), Bluetooth, инфрақызыл порт және компьютерге USB-қосылғыш, сондай-ақ, ішіне орнатылған GPS-қабылдағыш бар (осының арқасында кез келген сәтте қай жерде тұрғаныңды анықтауға болады).
Thuraya қазақстандық телекоммуникация рыногында әйтеуір бар дейтін болсақ, спутникті байланыс жүйесінің мынадай: GlobalStar, Inmarsat немесе Iridium түрлері жақында ғана ұсынылды. “Иридиумға” қатысты барлық жағдайдың түсінікті екенін айта кеткен орынды.
