Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_4673.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501 Кб
Скачать
☆

1.3 Қазақстанның спутниктері

1.3.1 Қазақстандағы спутникті байланыс саласындағы жобалар

Қазақ телевизиясы DVB-S2 стандартына негізделген заманауи озық үлгіге қол жеткізіп отыр. Енді күллі республика жұртшылығы отандық спутниктің көмегімен республикалық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болады.

Сурет 4.1. Жердегі телеорталықтардың спутник сигналдарын ретрансляциалауы

Жаңадан іске қосылған спутниктік сандық теле-радио таратылым желісінің қамту аумағы ел аумағының 100 пайызын құрайды. Спутниктік сандық телевизияны іске қосу, бұл ұлттық теле-радио тараты­лы­мын жаңа технологияға көшірудің алғашқы кезеңі болып есептеледі. Бұл жоба Прези­дент­тің тапсырмасы бойынша ел аумағының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сай жүзеге асырылып отырғанын айту керек. Ең бастысы, шалғайда жатқан елді мекен тұрғындары ақпаратқа қол жеткізіп отыр. «Елімізде алғаш рет спутниктік сан­дық теле-радио таратылымы іске қосы­лып жатыр. Біз бұл мәселені бұған дейін де қа­растырған болатынбыз. Ақыры іске асы­рылды. Енді республикамыздың барлық тұр­ғындары, оның ішінде шекараға жақын ау­мақта орналасқан елді мекен тұрғындары спут­никтік байланыс арқылы 37 респуб­ли­калық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болды.

Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта сынақтық режимде көрсетіліп жатқан тегін топтамаға 18 республикалық, 14 облыстық телеарна мен үш радио желісі енгізілген. «Сонымен қатар абоненттер ақылы топта­ма негізінде 50 шетелдік телеарналарды да көре алады. Бұл үшін Алматы, Астана және Орал қалаларындағы қабылдап-таратқыш үш стансыны заман талаптарына сай толықтай жаңартып шықтық. Сондай-ақ «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-ның спутниктік желісі жаңа DVB-S2 MPEG4, 8PSK стандарттарына көшірілді», – дейді Байланыс және ақпарат ми­нистрі. Отандық теле-радио жүйесін жаңа форматқа көшіру арқылы спутниктік ресурстарды оңтайландыру, стандартты арналардың санын арттыру, облыстық телеарналарды тәулігіне 14 сағат бойы (бұрын 1 сағат) хабар тарата алатын НD форматындағы жүйемен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз. Енді бағдарламаларды жаңа стандартта көру үшін «Кателко плюс» спутниктік желісінің абоненттері жаңа қабылдағыштар алулары керек болады. Жаңадан қосылатын або­нент­тер дилер компаниялардың көмегіне жүгіне отырып, арнайы қабылдағыш қон­дыр­ғылар арқылы жаңа форматтағы эфир жүйесіне қол жеткізе алады. Ал басқа спутник арқылы ақпарат алып отырған абоненттер сигнал қабылдағыш табағына қосымша DVB-S2 MPEG4, 8PSK стандар­тындағы жаңа қабылдағыш орнатып, оны Intelsat 904 спутнигіне бағыштаса жеткілікті. Яғни, ел азаматтары арнайы құрал-жабдықтар сатып алулары қажет. Мұндай құралдың бағасы 22 мың теңге шамасында болады екен. «Қымбат емес, сонымен қатар біз әкімдіктермен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отба­сылар­ға құрал-жабдықтарды тегін беру тура­лы келісімге келдік», – дейді министр. Сол себепті, Мемлекет басшысы телеарнаға қажетті соңғы буын жабдықта­рын өзімізде өндіру керек деген тапсырма берді. «Қажетті жабдықтарды енді өз елімізде өндіру керек. Танымал өндіруші компаниялармен тығыз жұмыс жасау қажет. Бұл, ең алдымен, елге керек. Қазақ­станның түкпір-түкпірінде, алыс жерлерде орналасқан халқымыз еліміздің телеар­наларының хабарларын көре алмайтын. Енді осының барлығы қазір қолжетімді болды. Бұны үлкен жетістік деп санай­мын»,– деді Президент.  Бұл үлкен жобаның бастамасы ғана болса керек. Асқар Қуанышұлы сөз арасында Ұлттық теле-радио таратылым желісінің келесі кезеңінде аналогтық желідегі эфирлік хабар таратуды DVB/T2 стандартындағы сандық стандартқа ауыстыру міндеті тұрғанын айтып өтті. «Бұл жоба – 2011-2014 жылдар аралығында шешілетін шаруа», – деді министр мырза.

Жобаның жүзеге асуы үшін қолданылатын құрылғылар

Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған қарапайым электрліквибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.

Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.

Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары

Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.

Сурет 5.1. Қабылдаушы офсетті антенналар

Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 – 100 км және онан да алыс) ионосферадан бір немесе бірнеше рет шағылысып, қайтқан радиотолқын арқылы жүзеге асады. Қысқа толқынды алысқа таратқанда байланыс желілеріне БӘК-і жоғары антенна қолданылады. Мұндай антеннаға симметриялы вибраторлардан тұратын жазық торлы синфазалық (бірнеше антенналардан тұратын жүйе) антенна жатады. Тарату аясы кең болу үшін антенналар жерден 100 – 300 м және онан да биік діңгек немесе мұнараға орнатылады.

Қазақстандағы антенналар

Қазақстандағы ең биік теледидарлық мұнара (теңіз деңгейінен 1000 м, мұнарасының биіктігі 372 м) Алматыдағы Көктөбе беткейіне тұрғызылған. Теледидарлық хабар жеке үй шатырына немесе биік сырықтарға бекітілетін симметриялық вибратор, «толқынды каналы», т.б. осы типтегі антенналар, ал көп пәтерлі үйлерде жоғары жиілікті күшейткіш пен одан шығатын жоғары жиілік энергиясын теледидарларға тарататын фидерлер жүйесінен тұратын ұжымдық антенналармен қабылданады. Аса жоғары жиілікті толқындарда (дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік) жұмыс жасайтын синфазалық антенналар радиорелелі байланыс жүйесінде, радиолокацияда, ғарыштық байланыс желісінде, радиоастрономияда, т.б. қолданылады. Жұмыс принципі жағынан синфазалық антенналар көп вибраторлы торға ұқсайды. Мұндай антенналардың басқа антенналардан басты ерекшелігі – оларда дискретті таратқыш элементтер (вибраторлар) болмайтындығы. Аса жоғары жиілікті диапазонда рупорлы антенна, линзалы антенна, қос айналы антенна, саңылаулы антенна, сондай-ақ жүгірме толқынды антенна, спиральді антенна, «толқынды канал» типіндегі антенна, диэлектрлік антенна, т.б. қолданылады. Антенналар техниканың сан-саласында (автомобильдерде, ұшақтарда, ғарыш кемелерінде, қалта радиоқабылдағыштарында, радиотелефондарда, техникалық модельдерде, т.б.) басты қызмет атқарады. Үлкен радиотелескоптардың (мысалы, РАТАН-600) антенналары – алюминий айналары мен табақтары. Ондай антенналар арқылы алыс галактикалардан радиодабылдар қабылданады.[1]

Антенна — радиотаратқыштан шыққан электромагниттік тербелістің радиотолқыны ретінде эфирге таралуын, сондай-ақ радиоқабылдағыштың эфирден радиотолқынды қабылдауын қамтамасыз ететін құрылғы. Антеннаның түрлері көп. Олар бірбірінен тарататын (қабылдайтын) толқын ұзындықтарымен, жиілік диапазонымен (жиіліктік тәуелсіздікті, кең жолақты және тар жолақты), толқынды тарату (қабылдау) бағыттылығымен, әрекет ету және құрылымдық түрімен (сым кесіндісі, металл айна, рупор, спираль, рама, дипольдер жиынтығы, саңылау, диэлектрлік өзек түрінде және т.б.) ерекшеленеді. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әрекет ету коэффициенті, бағытталғандық диаграммасы, тиімділік алаңы (бірден бірнеше мың шаршы км-ге дейін), сәуле шығару кедергісі (көбіне 100 Ом шамасында), толқынды поляризациялау түрі (жазық, дөңгелек, эллипстік).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]