- •Өлшеу құралдарын тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
- •Өлшеу құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау.
- •Өлшеу құралдар түсінігі. Өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамалары.
- •Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi
- •Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар түрлері
- •Техникалық құжаттарды метрологиялық бақылау
- •Тауарларды жіктеу және штрих кодтау
- •Сапа мәні. Сапа жүйесіне iso стандарттары
- •Сапа менеджмент жүйесі. Принциптері.
- •Қазақстан Республикасындағы сертификаттауға қатысушылар. Олардың құқықтары мен функциялары.
- •Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау.
- •Сәйкестік сертификаты және сәйкестік белгісі.
- •Стандарттау әдістері.
- •Сәйкестікті растау сызбалары және оларды таңдау критерийлері.
- •Сертификаттау бойынша аккредиттеу органдары және сынақ зертханаларын (орталықтарын) мемлекеттік бақылау.
Тауарларды жіктеу және штрих кодтау
Тауар – заттың пайдалы қасиеттерінің жиынтығы. Сондықтан да ол тұтынушы қажеттілігін максималды қанағаттандыру үшін қажетті барлық құрастырушы элементтерді автоматты түрде қосады да, соңында сол тауарды сатып алуға әсерін тигізеді. Бұл түсі, жабдықталуы, сыртқы түрінің эстетикасы (дизайн), эргономикалық ерекшеліктері (пайдаланудағы қолайлылық, күтімі, жөндеу), қосымша құжаттары (сипаттамасы, қолдану бойынша нұсқау және т.б.).
Тауарды құру барысында кәсіпкерге оның қасиеттерінің үш деңгейін ажырату керек. 1. Негізгісі тауардың түпкі ой деңгейі болып табылады. Түпкі ой – тауар тұтастығының орталығы. Тұтынушы тауарды сатып алуын емес, өзі пайдаланатын игіліктерді алатынын есте сақтауы тиіс. Кез-келген тауар оның мәселелерін шешуге қызмет етеді. 2. Өңдеу процесі барысында ол шынайы орындалатын тауарға айналады. Шынайы орындалатын тауар бес сипаттамаға ие болады: сапасы, қасиеттер жиынтығы, безендіру ерекшелігі, маркалы атауы, ерекше жабдықталуы (упаковка). 3. Өңдеуші қосымша қызметтер мен пайданы беруін қарастыруы мүмкін, оларды тауар бекітуімен жиынтығында көрсетеді. Мысалы, «ІВМ» корпорациясының шынайы орындалатын тауардың – компьютерлер ақылды бекітілуімен түсіндіріледі. Мұнда тұтынушыларды машинаның өзі емес, оның мәселелерді өзіндік шешуі қызықтырады.
Әдетте, тауарларды тұтынушылық (жеке қолдану) және өндірістік міндет жүктелген деп бөледі. Осы топтардың әрқайсысы тауарларын тұтыну сипаты әр түрлі және оларды өңдеу барысында ескерілуі тиіс.
Өмірлік дәрежесі немесе материалдық сезгіштігі бойынша жеке қолданыстағы барлық тауарларды үш топқа бөліп ажыратуға болады:
1) ұзақ мерзімді пайдалану тауарлары – әдетте бірнеше рет (көптеп) қолданылатын материалдық бұйымдар. Мысалы тоңазытқыш, шаңсорғыш, түрлі станоктар, киімдер;
2) қысқа мерзімді пайдалану тауарлары – бір рет толығымен тұтынылатын немесе бірнеше циклде қолданылатын материалдық бұйымдар, мысалы сабын, тұз, қағаз сүлгілері;
3) қызметтер – әрекет ету немесе пайда әкелу түріндегі сатылатын объекттер, мысалы шаштаразда шаш алу, жөндеу жұмыстары.
Қызметтер мен қысқа мерзімді пайдалану тауарлары сатушы мен сатып алушы арасындағы жиі қатынас нәтижесінде өндіруші үшін маңызды ерекшелікпен сипатталады, яғни сатып алушы бір фирманың өндірген тауар сапасына қанағаттанып, соның тұрақты клиенті болады. Егер қызмет көрсету мен қысқа мерзімді пайдалану тауарлары дұрыс, әрі жақсы ұйымдастырылса, онда ол сатып алушыдан ерекше күштерді талап етпейді. Марка жолын ұстап тұру феномені жылдам пайда болады және оны ұстап тұру үшін салыстырмалы маңызды емес күштерді талап етеді. Ал керісінше, ұзақ мерзімді пайдалану тауарлары сатуды ұйымдастыруда және тұтынушының марканы ұстап қалу жолын қалыптастыруда үлкен күштерді талап етеді.
Сонымен қатар тауарларды жіктеудің басқа да тәсілдері бар, бірақ олардың негізі қажеттіліктерді қанағаттандыру қызметі болып қала береді.Тұтыну дағдысы негізінде тауарларды топқа ажырату ыңғайлы болып саналады. Бұл белгі бойынша жалпы тауарларды күнделікті сұраныс тауарлары, алдын-ала таңдау тауарлары, ерекше сұраныс тауарлары, пассивті сұраныс тауарлары деп бөледі.
Күнделікті сұраныс тауарлары – бұл көп ойландырмайтын және оларды өзара салыстыруда минималды күштермен жиі сатып алынатын тауарлар (газет-журналдар, сабын, нан т.б.).
Алдын-ала таңдау тауарлары – бұл тұтынушы сатып алу барысында ереже бойынша жарамдылығы, сапасы, бағасы, сыртқы безендірілуі сияқты көрсеткіштермен өзара салыстыратын тауарлар (жиһаздар, киімдер, электр тұрмыстық тауарлары).
Ерекше сұраныс тауарлары – ол әмбебап сипаттағы тауарлар, оны сатып алу үшін қосымша қызметтерді шығындауға дайын тұтынушылардың маңызды бөлігі. Оған нақты маркалар мен сәнді тауарлар түрлері мысал бола алады (автокөліктер, киімдер, фотоқұрылғылары, ұялы телефондар).
Пассивті сұраныс тауарлары – тұтынушы білмейтін немесе оларды сатып алуға ойланбайтын тауарлар түрлері. Мысалы барлығына белгілі, бірақ ерекше сұраныс тудырмайтын тауарларға мыналар қызмет етеді: өмірді сақтандыру, қабір участогы және т.б.
Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және автоматтандырылған сәйкестендіру үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі.
Штрих кодты енгізу қажеттілігі өндіріс және сауда саласына ЕЭМ-нің кең енуі мен информациялық технологияның дамуымен байланысты туындады. Нәтижесінде тауарлардың түсуін, оларды тиеу және сатуды есепке алуды автоматтандыру есебінен тауар қозғалысын тездетуге және оның әртүрлі кезеңдерінде құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік туды. Құжаттарды қолмен толтыру, қоймада қажетті тауарды табу көп уақыт пен еңбекті қажет етеді және ол операцияларды орындағанда қателіктер пайда болады.
Штрих кодтар екі түрге бөлінеді: европалық - ЕАN және америкалық -UРС. UРС кодының ЕАN кодынан сыртқы айырмашылығы UРС кодында алдыңғы және соңғы цифрлары қалғандарына қарағанда кішірек, сонымен катар соңғысы шетте "зебрадан" тыс орналасқан. Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет кодын білдіреді.Штрих кодтағы мемлекет коды тауарды шығаратын мемлекет кодымен сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне құқығы бар.
Әрбір мемлекетте ЕАN ассоциациясы орталықтандырып код диапазонын береді. Кодтар әдетте екі орынды (Франция - 30-37, АҚШ пен Канада -00-09, Жапония - 45-49), бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД - 460-469) болады.
Өндірушіге кодты (келесі 3-5 цифр) ЮНИКСАН ассоциациясы тағайындайды, ол ЕАN Халықаралық ассоциациясында өз мүшелерін
қолдайды.
ЕАN-8 және ЕАN-13 кодтарының келесі цифрлары тауар туралы мәлімет береді, оны өндіруші ұйым немесе сатушының өзі өзінің кәсіпорны шегінде тіркеу нөмірі ретінде белгілейді.
Осы цифрлар көмегімен сәйкестендіру үшін қажет тауар туралы мәліметтер кодталады: аталуы, сорты, салмағы және т.б. мәліметтер. Тауарға енгізілетін және сәйкестендіруге әсер ететін кез-келген өзгерістер штрих кодты қайта кодтауды талап етеді. Тек бағаның өзгеруі штрих кодтың өзгеруіне ықпал етпейді.
ЕАN-14 кодындағы 9-дан 13-ке дейінгі цифрлар тауар қаптамасы жайлы мәлімет береді.
Соңғы код (8,13 немесе 14) - бақылау саны, штрих кодты сканер көмегімен ЕАN алгоритмінде оқуға арналған.
