Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпор.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66 Кб
Скачать
☆

Стандарттау әдістері.

Стандарттау әдістері – стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын жекелеген тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы

Стандарттау объектілерін тәртіпке келтіру әдісі:

  • Тәртіпке келтіру бойынша жұмыстардың нәтижесі жіктеуіштер, типтік құрылымдар, үрдістер, ережелер және құжаттар

  • Тәртіпке келтіру стандарттау объектілерін жүйелеу, типтеу, селекциялау, симплификациялау және оптимизациялау жолымен жүргізіледі

  • Жүйелеу біртекті және бір-бірімен байланысты стандарттау объектілерінің бірізділігін анықтау

  • Типтеу стандарттау объектілерінің типтік құрылымдарын жасауға бағытталған іс-әрекет

  • Селекциялау әрі қарай өңдіруге жарамды деп танылған нақты стандартау объектілерін таңдау

  • Симплификациялау селекцияның қарама-қарсысы, яғни әрі қарай өңдіруге жарамсыз деп танылған стандарттау объектілерін таңдау

  • Оптимизациялау стандарттау объектілерінің ең қолайлысын таңдау

Параметрлік стандарттау әдісі:

  • Өнімнің маңызды параметрлеріне оны қолдану шарттары мен мақсатын анықтайтын сипаттамалары жатады:

  • - өлшемдік параметрлер (киімнің өлшемі, ыдыстың сыйымдылығы);

  • - салмақтық параметрлер (сорттық жабдық түрлерінің салмағы);

  • - машина және құралдардың өңдірістілігін сипаттайтын параметрлер;

  • - энергетикалық параметрлер және т.б.

Сәйкестікті растау сызбалары және оларды таңдау критерийлері.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері. Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі:

  1. келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне;

  2. өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;

  3. өнімнің күрделілік деңгейіне.

Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдікпринципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек. Елімізде техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:

  • ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі - декларациялау ғана қолданылса, ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында оған қоса растаудың екінші түрі - міндетті сертификаттау енгізілген;

  • «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.