Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РИТОРИКА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123 Кб
Скачать
☆

6.Троптар мен фигуралар теориясы, олардың шешен сөйлеудегі ролі

Көпшілік алдындағы шешендік сөздің қолданылуы сөйлеуші сөзінің бейнелілігімен, әсемдігімен байланысты.Бұл қасиеттер баяндаманың аудиторияға беретін әсерін күшейте түседі. «Әсерлі сөз тыңдаушылардың ынтасын өсіріп, қызығушылығын арттырады». Шешен сөздің айқындығын айғақтайтын негізгі факторлар: айтушының ой өрісінің дербестігі, қозғалған тақырыпқа шығармашылықпен қарай білу;шешеннің айтылып отырған мәселеге қызығушылықпен қарауы; аудиторияға өзінің ықыласын білдіре білу; тілдің көркемдік мүмкіндіктерін жете қолдана білу; сөйлеу машықтарын жүйелі түрдде жаттықтыру; тілдің түрлі стильдерін пайдалана білу; өз сөзін қадағалай білу; шешеннің көркем сөйлеуге саналы түрде баруы. Сөзге образдылық пен эмоционалдықты арнайы көркемдік тәсілдер береді. Сөз бейнелілігін арттыратын көркемдік құралдарға:Біріншіден, төл сөз- айтушының сөзіне кірістірілген біреудің айтқан сөзі. Ол сөйлеушінің сөзін күшейтіп, эмоционалды әсер береді; Екіншіден, төлеу сөз-синтаксистік құрмалас сөйлем түрінде берілген сөзді айту формасы. Ол тыңдаушыларға шешен сөздің әсерін арттырады. Шешен сөздің тартымдылығын арттыру мақсатында кейде төл сөзбен төлеу сөздер де қолданылады. Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен.

7.Мнемотехника, оның көпшілік алдында сөз құрылымындағы ролі.

Есте сақтау қабілетін дамытып жаттықтыру –шешен сөйлеу өнерін игерудің басты шарты. Жазылған конспектілерді пайдаланбай, цитата,афоризм, анекдотты орынды қолдана әдемі, анық сөйлей білу –сөйлеуші туралы жақсы пікір туғызып қана қоймай, оның аудиториямен байланысын күшейтеді. Сондықтан да риторикада есте сақтау қабілетін дамыту және жаттықтыру мәселесіне зор ынта қойылады. Мнемотехника (грекше есті жаттықтыру) Ежелгі Грекияда пайда болған. Оның мақсат міндеттеріне сөйлеушінің есінде сақталған ақпаратты тез және уақытылы қолдану мүмкіндіктерін арттыру. Мнемотехника –материалды есте сақтау тәсілдерінің жиынтығы.Қазіргі риторикада шешеннің есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталған арнайы әдістемелер жасалған. Дене қимылдары бірнеше топқа бөлінеді: Бірінші-сөйлеушінің сөз ырғағын, оның бәсеңдеуін, жылдамдауын, кідірісін, логикалық екпіндерін көрсететін ырғақты дене қимылдары (мысалы, сөз ырғағына сәйкес қолдың қимылдауы); Екінші-адамның сезімін білдіретін эмоционалды дене қимылдары (мысалы, столды жұдырықпен ұрып қалу); Үшінші-айтылған сөздің мағынасын аша түсетін сілтеме дене қимылдары (мысалы, көп терезелі бөлмеде «Мына терезені ашып қойыңызшы » деген фразаны айтқанда, қай терезені ашуды қолмен көрсету);Төртінші- сөзге көрнекілік реңк беретін бейнелеу дене қимылдары; Бесінші –белгілі бір мағына білдіретін символикалық дене қимылдары (мысалы, жұртшылыққа иілу арқылы өзінің ризашылығын білдіру).  

8. Вербалды емес қарым – қатынас құралдары.Вербалды емес қарым-қатынас  - «дене тілі», «ым-ишара  тілі» деген ұғымдармен байланысты.  Бұл қарым-қатынас  құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.

Біздің вербалды емес қарым-қатынас  жайлы түсінігіміз көптеген фразеологиялық айналым арқылы аңғарылады. Мысалы, бақытты адамдар жайлы біз кейде «бақыттан жадырап кетіпті» немесе «жайнап жүр»  деп айтамыз. Ал қорыққан адам жайлы «тастай қатып қалыпты», сондай-ақ ашуланған адам жайлы «жарылып кететіндей» деп айтылып жатады.

Ыммен, ишаратпен сөйлеу — өте-мөте өзіндік құбылыс. Ол шешеннің ой-сезім толқындарымен етене байланысты. Сәлемдесуді білдіретін ым-ишараттар және символикалық ым-ишараттар жүйесі бар. Олар мінез-құлық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Және де шешен сөзі социолингвистикамен, әлеуметтік психологиямен астасады. Шынайы шешен — жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мәнері, кескін келбеті, рухы, тәжірибесі, ішкі мәдениеті, білім өресі, дүниетанымы, талант табиғаты, жан мен тән қуаты, мінбедегі тәртібі, ым-ишараттары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды. Ым-ишарат және дене қимылдарынан басқа, экспрессивтік қимыл-қозғалыстар бар. Мұны шешеннің өзі аңғармағанымен аудитория жіті сезінеді. Мәселен, өлшеусіз жоғары, өтімді немесе дірілі бар дауыс сейлеушінің мазасыз күйге түскенін көрсетеді. Сөйлеу жылдамдығы мен ырғағының өзгеруі, психологиялық және логикалық паузалардың дұрыс жүйеленбеуі, дыбыстардың анық естілмеуі, сөздің күңгірттенуі — оның көңіл-күйінің дегбірсіздікке ұшырағанын байқатады.

Әрбір ым-ишарат пен дене қимылы белгілі бір интонациялық тұтастық табады. Шын мәнісінде, шешеннің сөйлеу процесіндегі лингвистикалық, интонациялық және кинетикалық құралар бір-бірін нығайтып толықтырады, аудиторияның түсінуі мен қабылдауын жеңілдетеді, оған тегеурінді ықпалын тигізеді.