- •«Риторика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •6.Троптар мен фигуралар теориясы, олардың шешен сөйлеудегі ролі
- •7.Мнемотехника, оның көпшілік алдында сөз құрылымындағы ролі.
- •9. Көпшілік алдындағы сөз мәдениеті.
- •10. Шешендік сөздер түрлері
- •11. Іскер қарым-қатынас ерекшеліктері
- •12. Академиялық шешендік
- •13. Пікірсайыс тәсілдері
- •14. Пікірсайыс мәдениеті
- •15. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
- •32. Аристотельдің шешен сөздегі тілдің біріншілігі туралы пайымдауы.
- •33. . Сот шешендігіне тән белгілер. Солон заңы
10. Шешендік сөздер түрлері
Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.
11. Іскер қарым-қатынас ерекшеліктері
Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.
Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді»
Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.
Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.
Ауызекі сөйлеу тілі
1)- баяндау;
- есеп беру;
- талқылау;
- хабарлау;
- өз ойын жеткізу
2)- маңызды ақпарат;
- жұмыстың нәтижелі жолдарын қарастыру;
- өзге пікірлермен санасу;
- мағыналы сөйлеу
3) - қарастырылатын мәселеге қатысты пікірлерді айқындау;
- нақты қорытынды жасау;
- сөйлеу мәдениетін сақтау
