Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
по УМК Тулеуов 2010.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Мб
Скачать
☆

1.5.3.2 P,V; t,s және h,s диаграммаларындағы булану процестер.

судың және будың меншікті көлемдерінің қысымға графикалық тәуелді фазалық жүйенің p,v диаграммасы.

1.16-суретте бейнеленген.

1.16-суреттегі құрғақ қаныққан будың меншікті көлемінің v″ қысымға тәуелділігін көрсететін кв сызығын будың шекаралық сызығы дейді. бұл кезде ылғалдық дәреже х=1. ал, қайнаған сұйықтың меншікті көлеменің v′ қысымға тәуелділігін көрсететін ак сызығын сұйықтың шекаралық сызығы деп атайды. бұл жағдайда ылғалдық дәреже х=0. ак және кв сызықтары диаграмманы үш бөлікке бөледі. шекаралық ак сызығынан солға қарай нольдік изотермаға дейін қайнамаған бір фазалы сұйық аймағы орналасқан, ал кв сызығынан оңға қарай – аса қыздырылған бу аймағы жатыр. ак және кв сызықтар аралығы ылғалды қаныққан будың күйіне сәйкес келеді. ак және кв сызықтары бір нүктеде к-да үйлеседі, және ол нүктені (к) сындық нүкте деп атайды. сындық нүкте к соңғы фазалық ауыспалы нүкте сұйықтың буға толық ауысуындағы. «к» нүктесінен жоғары бу бір фазалық аса қыздырылған немесе газ тәріздес күйінде болады.

СУ БУЫНЫҢ TS – ДИАГРАММАСЫ.

t, s – диаграммасында (1.17-сурет) графикалық түрде тұрақты қысымда сұйықтың, ысу, булану және аса қыздырылған бу процестері a, a′1, b″1, d1, сызығымен бейнеленген.

1.17-сурет

t,s – диаграммасы су буы кестелерінде келтірілген параметрлердің сандарын салу арқылы тұрғызылады. шекаралық қисық сызықтар ак және кв диаграмманы үш бөлікке бөледі: ак-дан солға қарай қайнамаған бір фазалы сұйық аймағы орналасқан, кв-қисық сызығынан оңға қарай және к нүктесінен жоғары – аса қыздырылған бу. ак және кв сызықтарының аралығында ылғалды қаныққан бу аймағы орналасқан. сұйық аймағында суды 00с (к)-дан қайнау температурасына дейін жүргізу ааа"1 изобарасы бойынша өтеді, сосын ол шекаралық сызықпен үйлеседі. диаграммаға изобаралар және тұрақты меншікті көлемдердің сызықтары салынады, ал ылғалды бу аймағына – бірдей сызықты ылғалдық дәрежелер; бұл аймақта изобаралар түзу сызықты абцисстік осіне паралельді болады, ал қыздырылған бу аймағында – қисық сызық вд түрінде болады.

үштік нүктедегі (s0=0, t0=273,16 к) судың күйі диаграммада а′ нүктесімен белгіленеді.

су буының hs – диаграммасы

hs – диаграммасын тұрғызыларда, ординат осі бойынша меншікті энтальпияны h, ал абцисс осі бойынша меншікті энтропияны s салады (1.18-сурет). су буының кестелерін пайдалана отырып h,s – диаграммасына сындық нүктеде к-да үйлесетін шекаралық судың қисығын ак және будың қисығын кв салады. ылғалды будың қос фазалы аймағында изобаралар түзулердің шашырайтын бумасын құрайды. ылғалды будың аймағында изобара изотермамен сәйкес келеді. аса қыздырылған бу аймағында изобаралар қисық сызықтары дөңес төменге қарағанда. ылғалды бу аймағында будың тұрақты құрғақтық дәрежесінің (x=idem) торлы сызықтары салынады сындық түктеде к-да қиылысатын. ылғалды бу аймағында изотермалар изобаралармен дәл келеді. ал аса қыздырылған бу аймағында олар тарайды: изобаралар жоғары көтеріледі, ал изотермалардың қисық сызықтарының дөңестері жоғары қараған. су буының hs – диаграммасында, сонымен қатар изобарадан тік орналасқан изохоралық (v=idem) сызықтары орналасқан. диаграммада қайтымды адиабаталық процестер тік түзу сызықтармен бейнеленеді.

1.18-сурет