- •13.Экономикалық өсудің көрсеткіштерін, факторларын сипаттаңыз.
- •14.Бюрократизмнің көріну формаларын сипаттаңыз.
- •15.Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық-құқықтық нысандары бар және олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •21.Экономиканы мемлекеттік басқару органдарын көрсетіңіз және олардың негізгі функцияларын сипаттаңыз.
- •22. Қр Президенті н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың мәні неде?
- •23. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын сипаттаңыз.
- •25. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытудың мәнін сипаттаңыз.
- •26. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды сипаттаңыз.
14.Бюрократизмнің көріну формаларын сипаттаңыз.
15.Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық-құқықтық нысандары бар және олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
21.Экономиканы мемлекеттік басқару органдарын көрсетіңіз және олардың негізгі функцияларын сипаттаңыз.
Қазақстанда әлеуметтік экономикалық дамуды өзіндік басқаруда дербестікпен, тәуелсіздік алу басты саяси алғы шарт болып табылады. 80 жылдардағы дағдарыс пен тұрақсыздық, одан кейін кеңестер одағының күйреуі осыған негіз болады. Экономика – бұл шынайы базис, оның үстінде саяси қондырмасы бар және оған қоғамдық сананың белгілі-бір формалары сәйкес келеді. Мемлекеттік басқару органдарына заңды түрде билік өкілеттіктері берілген және олар белгілі-бір құзіреттерге ие. Мемлекеттік билік органдары олардың қызметінің аумақтық масштабына, құзыретінің сипатына, ведомствоға қарасты мәселелерді құру және шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Аумақтық қызмет ету масштабы бойынша мемлекеттік билік органдары мемлекеттің бүкіл аумағында қызмет ететін жоғарғы; белгілі –бір әкімшілік-аумақтық құрылыс (облыс, аудан, қала, ауыл) шегінде қызмет істейтін жергілікті болып бөлінеді.
Құзіретінің сипатына қарай мемлекеттік билік органдары былай бөлінеді: жалпы құзыреттегі – бұл органдардық қызметі өздерінің құзыретіне жатқызылған барлық мәселелер бойынша бағыныштылардың барлығына қолданылады; салалық құзыреттегі – нақты салалар (министрліктер) басшылық жасайды; арнайы құзыреттегі – басқару органдарының қызметі арнайы мәселелермен шектелген.
Мемлекеттік басқару органдарын бір жағынан мемлекеттік билік органдары, екінші жағынан – басқару органдарының өзі құрайды. ҚР Президентінің 1993 ж. 9 маусымындағы жарлығымен үздіксіз түзетіліп отыратын орталық басқару органдарының тізімі белгіленген және Қазақстанның экономикасын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы жетілдіріліп жатыр. Әкімшіліктер 14 облыстың облыстық мемлекеттік басқару органдарын, жалпыұлттық маңызы бар 3 қаланы (Астана, Алматы) және 220 қалалық аймақтар мен 83 елді мекендердің аудандық мемлекеттік басқару органдарын басқарады. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары – бұл Конституцияның, ҚР президенті мен үкіметінің заңдары мен актілерінің қолданылауын қамтамасыз ететін жер-жерлердегі атқару органдары. Аумақтық деңгейде әрқайсысы өзінің жеке ережелері бойынша әрекет ететін мемлекеттік басқару органының екі типі бар:
а) аумақтық бөлімдер аумақтық әкімшіліктер басшыларының әкімшілік бағынысында, және тиісті жоғары салалық басқару органының функционалдық бағынысында болады; оларды тиісті деңгейдегі құзыреттің меншіктік бюджеті қаржыландырады;
б) жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жергілікті бөлімшелерінің қызметі жоғарғы деңгейдегі билік органдарының әкімшілік және функционалдық билігінің астында болады; олар тиісті жоғарғы деңгей бюджетінен қаржыландырылады. Тағы бір міндеті жергілікті өзін өзі басқару саяси органдарының нақты анықталуы болып табылады.
22. Қр Президенті н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың мәні неде?
Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі - 15 пайыз. Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань.
Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты - Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.
Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.
Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу- және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.
