- •13.Экономикалық өсудің көрсеткіштерін, факторларын сипаттаңыз.
- •14.Бюрократизмнің көріну формаларын сипаттаңыз.
- •15.Кәсіпкерліктің қандай ұйымдық-құқықтық нысандары бар және олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •21.Экономиканы мемлекеттік басқару органдарын көрсетіңіз және олардың негізгі функцияларын сипаттаңыз.
- •22. Қр Президенті н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың мәні неде?
- •23. Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын сипаттаңыз.
- •25. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытудың мәнін сипаттаңыз.
- •26. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды сипаттаңыз.
25. Қр Президенті н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытудың мәнін сипаттаңыз.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.
Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.
26. Экономикалық өсуді тежейтін факторларды сипаттаңыз.
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған. Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы. Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді. Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік. Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады. Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады. Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар: - тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы; - бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру; - халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру; - басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою; - өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту; - жаңа технологиялар игеру. Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар: - халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы; - адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі; - әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы; - адам капиталына инвестицияны өсіру; - адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау; - еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
27. Шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңызын сипаттаңыз. Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар: - мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік: толық жауапкершілікпен; аралас жауапкершілікпен; шектеулі жауапкершілікпен; - акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі) Бүгінде Қазақстанда шағын кәсіпорындарда азаматтар, мемлекеттік ұжымда біріккен кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары органдар құрылған. Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін 3 факторды ескере отырып, дамуын қамтамасыз етуіміз керек: Біріншіден, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе құру қажет. Екіншіден, тексеруші органдардың санын азайту арқылы бюрократиялық тосқауылдарды азайту. Үшіншіден, рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Шағын және орта кәсіпорындарда күрделі мәселелерінің бірі несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Айталық, кәсіпкерлер банктен несие алудан бес түрлі себеппен бас тартады: пайыздық өсімнің жоғары болуы; кепілдік талаптың тым қатаң болуы; ақпараттың жетіспеушілігі; несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы және банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алшақтығы. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңыздылығы арта түсуде. Республикамызда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу қажет:- салық салу базасын жетілдіру керек;- салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;- қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салық төлеуді жетілдіру;- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық маңызы зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларын төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;- шағын бизнесті несиелендіру тетіктерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсыну қажет.
|
28 Қазақстан аймақтарындағы бизнестің даму ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. Жоғарыда аталған заңда (Жеке кәсіпкерлік туралы) алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп комуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және бизнес субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Индустриялық аймақтар жеке бизнесті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке бизнесті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрлымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады. Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын бизнесті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 2001-2002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж.) қабылданып, жүзеге асырылды.Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады. Бағдарлама мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін барынша жандандыруға бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Жалпы алғанда елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде барлық мемлекеттік мәселелерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 серпінді бағытының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл деп аталады. Мұнда шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша мынадай алты мәселе атап көрсетіледі: Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрлымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының бизнестің дамуын толығымен ынталандыруы, сондай-ақ бизнестің «қалтарыстан» шығуына жәрдемдесуі үшін одан әрі жетілдіре түсу қажет. Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу. Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды құрылымсыздандыру мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекомуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбырлары көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын реттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек. Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру барысын жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесінің шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күнде тіркете алатындай жағдай туғызу керек. Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызудың негізі ретінде мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз керек. Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялық конкурстық негізде дамыту үші арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар, яғни жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Қазына» қоры арқылы шешілуі тиіс.Ал, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп аталатын 2008 жылғы жолдауында Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруы тиіс, дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі деп атап көрсеткен. Кәсіпкерлік қызметті жузеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай -ақ осы қызметтпен айнальюуға патент алған кезде бастап құқығы. Патент бір мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады. Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында ;мердігерлік шарт және өзге де азаматтық құқықтық шарттар неізінде бір жолғы жұмыс атқаратын;көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген , өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерді немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар : жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін (коммөрциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер,(командиттік) сенім серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестер, өндірістік кооперативтер жатады. Сонымен ҚР-дағы кәсіпкерлік екіге бөлінөді деп айта аламыз.Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді.Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар құқықтық негізі болып табылады. |
29. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық және әлеуметтік маңызын сипаттаңыз. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi: адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру; Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу; экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезең-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу; биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі.1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекететтік мониторингі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырылды және онда:1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ оларға антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілетін бақылау;2) аталған бақылау обьектілерінің жай-күйін бақылау;3) олардағы өзгерістерді болжау қамтылады. 30.Шағын және орта бизнесті қолдаудың қандай әдістері бар? Оларды сипаттаңыз. Мемлекет орта және шағын бизнестің қалыптасуына және дамуына үлкен зейінді салып отыр. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және жандандыру мақсаттарында Қазақстан Республикасы Президентімен 1997 жылдың наурызында жарлық шығарылған болатын, ол «Шағын кәсіпкерліктің даму Қоры» АҚ құрылуы үшін негіз болды. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту Қоры» - ҚР Заңнамасымен тыйым салынған қызметтер түрлерін алып тастағанда, сауда, өндіріс, қызметтер және басқалар аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ҚР заңнамасына сәйкес орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері шеңберінде қаржыландыру жүзеге асырылатын, бағдарлама.Қордың негізгі функциялары болып табылады: - шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға және жасап шығаруға қатысу; - жекелеген аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері мен тауарлар мен қызметтер нарығындағы жағдайлардың тоғысуы, шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарынан өз бетімен шыға келе, заңды тұлғаны құрмай жеке кәсіпкерлікті қоса, шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелендіру;- шағын кәсіпкерлік аясында және өзін-өзі жұмыспен қамту аясында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу; Кәсіпкерлерді өндірістік бөлмелермен қамтамасыз ету үшін мүліктік қолдау мақсатында мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын және бос тұрған объектілерін сенімді басқару және ақысыз жалға беру жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылда сеніммен басқаруға 4 объект, 1 меншікке берілді.Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мақсатында 566 жер учаскілері ұсынылды, бөлмелерді қайта жоспарлауға 84 рұқсат берілді.Шағын бизнес кәсіпорындарынан тауарлар мен қызметтерді сатып алу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша облыста жүргізілетін конкурстарға шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің қатысуы қамтамасыз серия ЭКОНОМИЧЕСКАЯ 51етіледі, субъектілердің берілген категориясында олардың көлемі 11,3 млрд. теңгені немесе оның жалпы көлемінен 41,2 % құрады. Төменге қарай шағын және орта бизнесті қолдау әдістері келтірілген. Бизнес-инкубаторлар – бизнеспен бірлесіп жүретін, қызметтер мен кеңселік қызмет көрсету, шаруашылық қызметті жүргізу үшін өндірістік, кеңселік және басқадай үйлерді ұсыну жолымен жаңа ғана жұмыс бастап келе жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталатын, ұйымдастырылған шаруашылық кешендердің формаларының бірі (орталықтандырылған бухгалтерия, шағын кәсіпкерліктің адвокатурасы, кәсіпкерлер үшін білікті кадрларды даярлау).Бизнес-инкубаторлар технопарктер құрамында, сол сияқты техноорталықтардың және басқалардың құрамында тәуелсіз құрылымдар ретінде әрекет ете алады.Өнеркәсіптік аймақтар өзімен, көптеген бөлшектенген шағын кәсіпорындардың біртұтас өндірістік аймақта орналасуы мен жұмыс атқаруын көрсетеді («бір шатыр астында»). Өнеркәсіптік аймақтардың негізгі мақсаттары – бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын және отандық тауар өндірісінің дамуын активтендіру, кәсіпкерлерге көмек көрсету және қолдау, әсіресе олардың қызметінің алғашқы кезендерінде. Өнеркәсіптік аймақты ұйымдастыру заңды бизнесті құруға мүмкіндік береді,олардың тұрақты жұмыс атқаруы үшін экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарды құрады.Өнеркәсіптік аймақтардың міндеттері: - әрекет ететін шағын кәсіпкерліктердің санын ұлғайту; - тұрғындардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық денгейін төмендету; - бәсекеге қабілетті импортты ауыстырушы өнімді өндіру; - өнеркәсіптік аймақтың бүкіл кешені қызметімен және ұйымдастырылуымен байланысты басқа да сұрақтарды шешу, онда орналасқан ШОК-жалға алушыларының табысты жұмыс атқаруы үшін қолайлы жағдайларды құру. Технопарктер – бұл технопарк территориясында орналасып жатқан шағын инновациялық кәсіпорындарды дамыту және құру арқылы жасалып шығырылған технологияларды коммерциялизация үшін осы ЖОМ әлеуетін пайдалану мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының базасында немесе негізінен жоғары оқу орындарының базасында құрылатын, құрылымдар. Көбінесе технопарктер ірі университеттік орталықтарда құрылады. |
31. Қазақстандағы көлеңкелі экономика қандай деңгейде және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары қандай? Жалпы, адамзат тарихында сыбайлас жемқорлық пен экономиканың «көлеңкелі» тұсынан тұла бойы адаланып, толығымен құтыла алған мемлекет кем де кем. Тіпті ондай ел жоқ, әлемде! Дегенмен, мұндай кері құбылыстың деңгейінің артуы экономиканы табандатып қана қоймай, оның түбіне жетіп, тұқыртуы да ықтимал. Экономиканың «көлеңкелі» тұсы артса, қоғамның дамуы да тұралайды, тұрақтылыққа да зор қатер төнеді. Яғни, мемлекет өзінің бойындағы дертті дөп басып, онымен ұдайы күресті жүзеге асырып отыруы шарт. Сондықтан да, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкіметке «көлеңкесі» арқылы жұмысын жандандыратын салаларды анықтауды, сосын ондай секторды барынша жарыққа шығару тетігін қарауды жүктеген болатын. Әлемдік тәжірибемен салыстырмалы түрде қарағанда, 2012 жылы «көлеңкелі» экономиканың ең жоғары деңгейі Шығыс Еуропа елдерінде тіркелген. Атап айтқанда, Болгарияда бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімге 31,9 пайызды, Румынияда – 29,1, Литвада – 28,5, Эстонияда – 28,2 пайызды құраған. Дамыған елдерде «көлеңкелі» экономика үлесі 10-12 пайыз аралығында тербеледі. Бұл қауіпсіздігі төмен деңгей деп саналады. Қазақстандағы жағдайға келсек, 2012 жылы еліміздегі «көлеңкелі» экономика жалпы ішкі өнімге 19,2 пайызды құраған. Тоқтала кететін жайт, жоғарыда келтіргеніміздей әлемдік тәжірибеде мұндай құбылыс экономиканың 10 пайызынан аспауы керектігі құпталады. Яғни, «көлеңкелі» экономика деңгейі 10 пайызға дейін болса, мұны қатардағы қылмыстар ретінде қарауға да болады. Ендеше, Қазақстанның көрсеткіші ондай «қызыл сызықтан» екі есеге дейін артып кеткен. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, «көлеңкелі» экономиканың басым бөлігін бейресми жолмен өндірілетін тауарлар мен заңсыз көрсетілетін қызметтер құрайды, ал қалған бөлігі «жасырын» қызметтерге тиесілі. Сонымен қатар, Қазақстандағы «көлеңкелі» экономиканың ең үлкен үлесі саудада – 22,9 пайыз, ауыл шаруашылығында – 15,6 пайыз, көлік саласында – 14,1 пайыз, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларда – 12 пайызды құрап отыр. «Ашық-шашық базарлардан бөлек, біздің еліміздегі басты проблемалардың бірі заңсыз жүзеге асып жатқан жабайы сауда орындарының көптігі. Осыған орай, біз заманауи коммуналдық сауда алаңдарын арттыра отырып, көшедегі жабайы сауда үшін әкімшілік жауапкершілікті қатайту мәселесін ұсынамыз», - дейді Ерболат Досаев. Сөйтіп, министр мырза жабайы сауданың соңында жүргендерге жаңа базарлардан орын ұсынып, оларды заманауи сауда алаңдарына қарай қуып тықпақ. Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген 60 шарадан тұратын 2014-2015 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары таныстырылды. Негізгі баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың атап өтуінше, еліміздегі көлеңкелі экономика құрылымының жартысынан көбін бейресми қызметтер арқылы жүргізілетін тауарлар мен қызметтері өндірісі алып отыр. Ал оның 22,9 пайызы сауда-саттыққа, 15,6 пайызы ауыл шаруашылығына, 14,1 пайызы көлікке, 12 пайызы жылжымайтын мүлік операцияларына тиесілі. |
32. Қазақстандағы бюрократизммен күресудің жолдарын ашып көрсетіңіз. Француз сөзінен шыққан «бюрократия» ұғымы дәлме-дәл «кеңсенің үстемдігі» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның ең қарапайым мағынасы бойынша белгілі-бір ұйымның атқару органдары оның өзінен қол үзеді. Бюрократия әрдайым болған. Бюрократияның өміршеңдігі оның тамырларын, өмірлік күшін табуға мүмкіндік береді. Ең қарапайым шешім – бюрократияның мемлекетпен теңдестірілуі – кей жағдайда ғана дұрыс болып келеді. Бір жағынан, бюрократизмнің пайда болуы биліктің пайда болуымен байланысты. Алайда, екінші жағынан, бюрократия – бұл мемлекеттік аппараттың оның қоғамдық өмірді ұйымдастыру бойынша нақты қызметтерінен қол үзген бөлігі болып табылады. Бұл - мемлекеттік аппараттың ішіндегі өз үстемшілігін қолдауға тікелей көзделген басшы каста. Алайда, бюрократияның билігіне бүкіл мемлекеттік аппараттың қызметі бағынатындықтан, бюрократиялық әдістер мемлекеттің барлық органдарының қызметінің өзегінен бара-бара өтіп бара жатыр. Бюрократтар бар болғаны ерекше билігі жоқ қызметкерлер ғана. Бюрократ- бұл бар болғаны «бұрама» секілді үлкен кескінсіз машинаның жекелеген өкілі. Бюрократияны жатырқауық қатынастар деп атауға болады, яғни қоғамдық қатынастар адамға жат болып қалады, оған үстемдік жасайды және мақсатқа сәйкес өзгеріске ұшырамайды. Социализм заманындағы бюрократизмнің табиғатына тағы бір көзқарастың перспективасы жоғарырақ болып табылады: бюрократизмнің негізіне бір бөлігі социализмнің дамуындағы кемшіліктермен және өзгерістермен ғана емес, сонымен бірге оның нақты мәндік қасиеттерімен де байланысты экономикалық, ұйымдастырушылық, саяси-идеологиялық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық тамырлар жатқызылған.Екі пікірлердің арасындағы негізгі айырмашылық мынада: бірінші тұрғыдан, бюрократизмді бар кемшіліктерді түзей отырып жоюға болатын еді; екінші көзқарасты алатын болсақ, бюрократизмді толық жою мүмкін емес, және онымен жүргізілетіни күрес бюрократиялық үрдістерді қайта жаңғыртатын негіздер аймағын едәуір қысқартуға бағытталу керек. Бюрократизмнің тамырлары – бұл үстемшіл әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың мәндік сипаттамаларынан, қоғамның әлеуметтік құрылымынан бастау алған себептер. Жалпы парақорлық, протекционизм, қазына мүлкін ұрлаушылық, көзбояушылық – бюрократтық белгілердің тікелей әкімшілік пайдакүнемдік тәжірибесімен байланысты таралатын типтік бұтағы болып табылады. Жоғарғы инстанцияға көмескі бағыну, бағынышты және оның лауазымды мүмкіндіктеріне тәуелді адамдардың әкімшілік озбырлығы – бұл аталған басқару жүйесінің өзіне тән қасиеті. Бюрократизм ғасырлар бойы өзінің дәстүрлі формаларында байқалып жүрген: формализм, созбұйда, консерватизм, әлеуметтік сатысы төмен тұрғандарды кемсіту және лауазымы жоғары тұрғандарды құрметтеу. Бюрократияның себептері: келісулердің аса көп болуы (бұл арада сөз мемлекеттік аппарат туралы болып отыр);мақсаттар мен оларға қол жеткізу үшін қажетті ресурстардың арасындағы теңсіздік;басқару техникасы мен технологиясының артта қалғандығы.
|
33. Кәсіпкерліктің тиімді дамуына қолайлы жағдайлар туғызу дегенді қалай түсінесіз? Қазақстанда осы бағытта қандай шаралар жүргізіліп жатқандығын сипаттаңыз. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр. Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар кәсіпкерлер нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр. Олар өз еріктерімен тауар нарығындағы сұраныс және ұсыныс мәселелерін зерттей отырып, жаңа өнімнің қоғамға қажетті түрлері бойынша үлгілерін жобалап ұйымдастырады, сатылатын өнім ассортименттерін жаңартып басқада түрлерін қалыптастырады, өндірісті жаңа техникалық жабдықтармен қамтиды, өзгеде қатынас субъектілерімен қарым қатынастарға түсу арқылы байланыстар құрады, пайда табу мақсатында өзгеде нарық талаптарын қанағаттандыратын әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың табатын табыстары өндірістерін қаржыландыратын негізгі қайнар көз болып табылады. Егерде кәсіпорындар қаржы тапшылығы мәселелеріне жолығатын жағдайда қаржыландырудың өзгеде қайнар көздерімен қатынастар қалыптастырады, мәселен банктар, қорлар өзара несиелендіру қоғамдары және т.б. Бұлармен қатар кәсіпкерліктің ең ұтымды ерекшеліктерінің бірі ретінде олардың еріктілігін айта кетуге болады, мәселен ертедегі жоспарлық экономикамен салыстырар болсақ ғылыми – техникалық, стратегиялық саясаттарымен бағдарламаларын өздері қалыптастыру арқылы, нарықтың тікелей бәсекелестік заңнамасына бағына отырып қоғамның шынайы қажеттілігін қанағаттыратын бірден – бір қолайлы да, қолды құрал болып отыр. Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы өз алдына қоғамдағы көптеген экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын жақтартуда орасан зор орын алады. Бұл қатынастар елдің сыртқы экономикалық іс — әрекеттерін дамыта отырып өздеріне және тұтынушы қоғамға, қолайлы да тиімді шетелдік нарықтардың шығаратын тауарларын ұсына отырып, отандық өндірісте шығатын тауарларды өткізу нарығының жаңа белестеріне жол ашады. Ал бұл өз алдына отандық тауарларды өндіруші кәсіпкер тұлғалардың кәсіпкерлік қатынастарын дамытуға, шетелдік тұлғалармен қарымқатынастарға түсе отырып қоғамдағы кәсіпкерлік қатынастардың молайуы мен күрделенуіне бірден – бір қолайлы жағдай туғызады. Қазақта мынадай бір нақыл сөз бар: “Бай байымай, кедей жарымайды”- демекші, еліміздің экономикасының кілтін осы кәсіпкерлерге ұстату, халықтың ішінен нақты осы кәсіпкерлікке лайықты тұлғаларға нарықтың тізгінін ұсыну арқылы, қазіргі зымырап дамып бара жатқан қоғамның қажеттілігі мен шынайы сұранысын нақты қанағаттандыратын жүйе ретінде осы кәсіпкерлікті қарастырып, осы саладағы қатынастардың кейбір ерекшеліктері мен мәселелерін осы жұмыс аясында зерделеуді жөн көрдік. Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы мемлекет дамуына аса үлкен септігін тигізетіні хақ. Себебі кәсіпкерлік қатынас ең алдымен жеке тұлға мүддесін басшылыққа ала отырып оның дамуына және материалдық қалыптасуына атсалысу арқылы, елдің де көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз. “Өзім дегенде өгіздей күшім бар” – демекші егер кәсіпкер тұлға алдымен өзінің жағдайын жақсатуға бар күші мен мүмкіндігін сарп ететін болса, осымен қатар ол елдің де әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жағдайын жақсартуға кең мүмкіндік туғызады. Яғни өзіне түсетін пайда жағдайын ұйымдастыра отырып ол өнім шығару мақсатында, жаңа жұмыс орындарын өмірге келтіру арқылы қоғамды жұмыспен қамти отырып біраз тиімді жағдайлар қалыптастырады. Айтар болсақ қазіргі таңның өзінде еліміздің нарықтық қатынастарға белшемізден батқанымызға он жылдан астам уақыт өтседе, бұл салада әліде шешілмей отырған мәселелердің шегі әлі де аз емес. Кәсіпкер тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады. Жұмыстың басты мақсаты болып Қазақстан Республикасында қалыптасып отырған кәсіпкерлік қатынастарды зерделеу арқылы, қазіргі таңда туып отырған кейбір маңызды мәселелерін талқылап, оларға қазіргі таңдағы мамандар мен ғалымдардың беріп отырған біраз пікірлерін саралау арқылы өзіндік қорытындылар мен көзқарастарды ортаға салу болып табылады. 34 Бизнестің дамуына бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою бағытында Қазақстанда қандай шаралар жүзеге асырылып жатқандығын сипаттаңыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасынан үзінді келтірген себебімен дәл осы құжаттың «Бизнес ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдан» тармағында төмендегі мақсаттарға жету көзделген: «Кәсіпкерліктің тиімді дамуына заңнамалық және институционалдық қолайлы жағдайлар туғызу».Бұл көрсеткіштерге жету жолы ретінде мемлекеттік органдардың алдында тұрган нақты максаттар айқындалды: Бизнестің дамуына бөгет жасайтын әкімшілік кедергілерді жою. Бизнес ахуалын жақсарту. Шағын және орта бизнестің мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастығына талпыныстар жасау.Бизнесті жургізуіндегі әкімшілік кедергілерді жою қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында айрықша атап көрсетілген. Мәселелерді шешуде «Бизнес-мемлекет» деп аталатын ақпараттық аймақта нақты бағдарға жүйелі ықпал ету арқылы нәтижелерге жетуге болады. Біз басқарушылар ретінде өз әрекетіміздің соңғы әрі аралық мақсаттарын көрсетіп отыруымыз қажет. Кәсіпкерлікке тән әкімшілік кедергілер-бизнесті ашу сатысында немесе әрекеті барысында рұқсат құжаттарын алуда пайда болатын әкімшілік бөгеттер. Мысалы, үдеріс өте көп сатылы, қиын, өте қымбат, түсініксіз, логика бойынша жүйесіз немесе тіпті қайшылықты болып келеді, Кедергілер өзінен-өзі пайда болмайды, қазіргі заманда мемлекеттік қызметтер деп аталытн әкімшілік үрдістерінде қолданылады. Мемлекеттік қызмет дегеніміз мемелекеттік органдардың азаматтарға, бизнеске және басқа да мемелекеттік органдаға көрсетілетін белгілі мөлшердегі нормативті қызмет. Мұнда қарапайым қызметтер де, соның ішінде азаматтардың, бизнестің, баска да ведомоствалардың сұрауымен, бір және бірнеше ведомствалармен өзара қатынасы аясында болатын және жүзеге асатын қызметтер де бар. Мемлекеттік қызмет түсінігі берне түсінігіне өте жақын. Негізі ерекшелік- қызмет –тұтынушының мемлекетпен өзара қатынасына сырткы көзқарасы,ал берне-мемлекет пен ведомсваның іші көзқарасы. Бұл туралы терең қабылдауым, қатардағы азаматтарды айтпағанда, көптеген мемлекеттік шенеуніктерде аппарат ұғымы жайлы нақты түсініктің болмауын көрсетеді. Мемелекеттік қызметтердің иегерлерін де атап көрсету жөн. Олар-Қазақстан Республикасының азаматтары,бизнес-құрылымдар,мемлекеттік органдар (белгілі бір мемлекеттік ведомствасының ішкі және сыртқы органдары.) «Электрондық үкіметті» жүзеге асыру қарқыны мемлекеттік қызметті тұтынатын ерекше категория – шетелдік мемлекеттердің азаматтарын мүшеліктен шыгарып отыр. Елбасы Қазақстан кәсіпкерлерін ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге шақырды Кеңесті ашардағы сөзінде Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ өзінің кәсіпкерліктің дамуына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқандығын атап көрсетті. Соның нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын көптеген әкімшілік кедергілер алынды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасып келеді. Осы жылдардың ішінде Қазақстанға 300 млрд. доллардың инвестициясы тартылса, мұның 124 млрд. долларын еліміздің ішкі инвестициялары құрайды. Қалғаны шетелдік тікелей инвестициялар. Еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы әлемдегі ең дамыған 30 елдің ішіне кіру міндетін алға қойып отыр. Әрине, бұған қол жеткізу үшін кәсіпкерлік қозғалыс одан әрі жандана түсуі қажет. Қойылып отырған мерзімнің ішінде экономикадағы орта және шағын кәсіпкерліктің үлесі 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Сондықтан да, «Қазақстан-2050» Стратегиясында кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше мән берілген. Өз сөзінде Елбасы жуық арада елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілетіндігін атап өтті. Бұл өте маңызды мәселе болып табылады. Аталған шаруа тиімділік беруі үшін бизнестің белсенділігі кластерлік экономиканы құруға қарай бағытталуы керек. Біз алдымызға кең көлемді мақсат – әлемнің неғұрлым дамыған 30 экономикасының қатарына қосылу мақсатын қойдық. Қуатты экономика дегеніміз, бұл – күшті кәсіпкерлік, отандық кәсіпорындардың бәсекеге барынша қабілеттілігі мен олардың кооперациясы. Сондықтан да, мен отандық бизнеске қолдау көрсетуді жаңа саяси бағытымыздың екінші маңызды міндеті етіп қойдым, деген Елбасы бүгінгі басқосуда осы мәселенің талқыланатындығын көлденең тартты. Елбасы отырысты ашып берген соң сөз кезегі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевқа берілді. Б.Сағынтаев бүгінде қазақстандық бизнестің дамуы елдің бәсекелестік деңгейін арттырудың басты факторына айналғанын айта отырып, қазіргі таңда кәсіпкерлік саланы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Кәсіпкерлік пен мемлекеттің арасында жүйелі байланыс қалыптасып, бұл салада көптеген мәселе шешімін тапқанын айтты. Елімізде бизнес ашамын деген азаматқа барлық жағдай бар екенін алға тарта отырып, бұл бағытта жасалып жатқан шаруалардың бірсыпырасына тоқталып өтті. Бірінші вице-премьердің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 17,8 пайызды құрады. Ал шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2,5 млн. адамға жеткен. Сондай-ақ, олардың ішіндегі белсенді субъектілер саны 760 мыңнан астам адамды құрайды. Ал олардың шығарған өнімі 8,0 трлн. теңге болып отыр. Кәсіпкерлердің өткен жылғы басқосуында және халыққа Жолдауында Елбасы Үкіметке кәсіпкерлікті дамыту бағытында 31 тапсырма жүктеген екен. Бүгінде оның 20-сы орындалып, 11-і орындалу үстінде екендігі хабарланды. Бұдан әрі Б.Сағынтаев Үкіметтің елдегі бизнес-ахуалды жақсарту бағытында атқарған жұмыстарын баяндады. Сіз бизнестегі қоғамдық ұйымдарды институттандыру ісін күшейтуді тапсырғансыз. Біз «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, бизнестің «Атамекен» ұлттық палатасына мүше болуын міндеттейтін заң жобасын әзірледік. Қазір заң жобасы тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Келісу аяқталғаннан соң заң жобасын Парламентке енгіземіз, деді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, заң жобасы шағын кәсіпкерлерге 54 қызмет түрін бекітіп береді. Қазір ол қызметтердің біразын мемлекеттік органдар атқарып отыр. Сондай-ақ, ол қызметтер арасында шағын және орта кәсіпкерлікке қызмет көрсету, экспортты қолдау бағдарламасының операциялары бар. |
35.Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторлары және Қазақстан осы индикаторлар бойынша 2013 жылы қандай орындарға ие болды? Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан кәсіпкерлікті дамыту бойынша 183 мемлекеттің ішінде 49-орын алады. Бұл, әрине, елімізде кәсіпкерліктің даму деңгейі жоғары екендігін көрсетеді. Бірақ еліміз өңірлерінде бизнес саласының дамуы әртүрлі деңгейде. Сондықтан әрбір өңірдің «іскерлік ахуалын» бағалау мақсатында біз ұлттық рейтинг әзірледік. Бұл әр өңірдің бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын және қай өңір бизнеске қолайлы екендігін анықтайды, дей келе, Б.Сағынтаев Елбасына осы жылдың аяғында бұл рейтингтің қорытындысын хабарлайтынын айтты. Елбасы бұдан әрі сөз кезегін «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовке берді. А.Мырзахметов бұл Елбасының кәсіпкерлермен өткізіп отырған екінші ірі басқосуы екендігін еске сала келіп, Мемлекет басшысына бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, іскерлік ахуалды жақсарту жөнінде Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарған жұмыс туралы хабардар етті. Ол «Атамекен» міндетті мүшелікке өту институтын енгізу жөнінде Германияның, Австрияның озық тәжірибесін зерделегенін атап өтті. Шағын және орта бизнестің, сондай-ақ, қауымдастықтың қатысуымен біз шамамен барлық облыс орталықтарында, кейбір шағын қалаларда да осы идеяны талқыладық. Содан кейін біз барлық ірі белсенді салалық өңірлік қауымдастықтармен бірнеше рет кездестік. Тұжырымдамалық үлгі әзірленіп, Сіздің тарапыңыздан мақұлданды. Жолдауда бірінші тоқсанда «Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы» заң әзірлеу жөнінде нақты міндет қойылған, деді А.Мырзахметов. Жиында сондай-ақ құрылыс саласындағы кәсіпкерлер атынан «Базис А» компаниясының төрағасы Александр Белович сөз сөйлеп, өз саласы бойынша бизнестің даму жайын, ахуалын баяндады. Сөз арасында А.Белович құрылыс саласында мамандар жетіспеушілігін алға тартты. Бұл ретте мамандарды оқыту ісін жолға қою үшін мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін айтып өтті. Бұл ұсыныстарға орай Елбасы қазіргі күні мұндай мамандарды дайындауға кәсіпкерлер атсалысуы керек деген пікірін білдірді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияны меңгерген мамандар дайындау үшін кәсіптік оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс істеу қажет. Бұл жөнінде ойласу керек, маман жоқ деп мемлекетке ауыз аша бергеннен гөрі, кәсіпкерлер оның жолдарын өздері табулары керек, деді Елбасы. Президент бүгінде құрылыс сапасына қатысты да мәселе аз еместігін көлденең тартты. Мәселен, қазіргі күні құрылысқа қойылатын талаптар ескі. Тіпті Кеңес Одағы кезіндегі нормативтік талаптар бүгінге дейін өзгермеген. Президент осыны сынға ала отырып, Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлеуді тапсырды. Жиында Қазақстан фермерлері атынан «Ақ сүт» ЖШС директоры Нелля Салиханова сөз алды. Бизнесімді осыдан 14 жыл бұрын жалғыз сиырдан бастадым деген фермер қазіргі күні шаруасының өрістеп келе жатқандығымен бөлісті. Кәсіпкер өзінің шаруа қожалығында қазіргі күні 85 сиыр, оның ішінде 60-сы сауын сиыр, ұстап отыр екен. Ал сүт өнімінің 12 түрін шығарады. «Бизнесті дамытуға елімізде барлық жағдай жасалған. Соның арқасында біз өсіп, кеңейіп келеміз», деді Н.Салиханова. Фермер қазіргі таңда жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлердің бірлесе жұмыс істегені дұрыс деп есептейді. Себебі, шағын немесе мүмкіншілігі аз, ісін жаңа бастағандар үшін банктерден несие алуда да қиындық туындайтыны анық. Бұл жағдайда кәсіпкерлер «Атамекен» палатасына біріккені дұрыс. Елбасы фермердің баяндамасынан соң ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір түйінді мәселелерге тоқталып өтті. Қазіргі күні еліміздің агроөнеркәсіп саласына аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Қазақстан 3 млрд. долларға жуық қаржыны тікелей ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында субсидияға бөледі. Оған қоса. лизингтік компаниялар, тағы басқалар бөлетін қаржы көздері бар. Салық тұрғысынан алғанда, ауыл шаруашылығы тіпті ештеңе төлеп жатқан жоқ десе де болады, дей келіп, бірақ бұл салада біздің ел әлі де бәсекеге қабілетті бола алмай отырғанына қынжылыс білдірді. Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің жерлерді иемденіп алып, жұмыс істемей отырғанын сынға алды. Біз азаматтарға жерді жұмыс істеу үшін бердік. Ең сорақысы, ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін берілген жерлер енді құрылыс немесе басқа да мақсаттарға ресімделуде, деді Президент осы орайда. Орталықта және жергілікті жерлерде бұл проблемаға көз жұма қарау алаңдататындығын қадап айтты. Президент ауылдардың жағдайына да тоқталды. Қазақстанда қазір 7232 ауыл бар. Оның 3750-інің жағдайы жақсы, қауқарлы. Қалған 2500-і демеуді қажет ететін ахуалы орташалар болса, 1000-нан астам ауылдың болашағы бұлыңғыр. Бұл ретте Елбасы 40-50 түтіннен құралатын осындай ауылдарды жаңа нысандармен жаңғыртудың қажеті жоқтығын атап өтті. Бізге алдағы уақытта ауылды түлетуге қатысты арнайы бағдарлама қабылдауды ойластыру қажет. Ауылдарда мәдениет үйлері, демалыс орындары, жаңа баспаналар қамтылғаны игі. Негізінен мұны арнайы жаңа бағдарлама ретінде, болмаса дағдарыс кезіндегі секілді «Жол картасы» аясында атқарған дұрыс. Жалпы, бізге осындай бағдарлама керек, деді Н.Назарбаев. Жиын барысында сондай-ақ «Astana Group» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов және Қазақстан Машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішенбаев сөз сөйлеп, еліміздегі машина жасау саласының жайын баяндады. Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы аталған мәселе өзінің ұзақ мерзімдік бағытында бірқатар жүйелі шараларды қарастыратындығын атап көрсетті. Біріншіден, Қазақстан кәсіпкерлігі ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Ондағы шағын және орта бизнестің үлесін кемінде екі есе арттыру керек. Екіншіден, жекешелендірудің кең көлемді екінші толқынын жүргізу міндеті алға қойылып отыр. Жұмыс істеуге қабілетті және тиімді Қазақстан кәсіпкерлері оның субъектісіне айналуы тиіс. Үшіншіден, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің жеделдетіп орта деңгейге көтерілуін ынталандыратын шараларды жедел әзірлеп, жүзеге асыру қажет. Төртіншіден, бизнестің, әсіресе, өңірлік деңгейдегі бизнестің кооперациялануына қолайлы жағдайлар туғызылуы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті түрде қатысуы моделінің жобасын талқылаудың да маңызы зор. Бесіншіден, жаңа саяси бағытқа мемлекеттің жаңа экономикалық қызметті реттеу мәселелеріне қатысу қағидаттары сәйкес келуі тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдауының сапалық деңгейі туралы болып отыр. Қазақстан Президенті өз сөзінде мемлекеттің стратегиялық мақсатына сәйкес кәсіпкерлікті қолдау жаңа серпінге ие болатынын айтып өтті. |
36.«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының кәсіпкерліктің дамуына ықпалын Қазақстан аймақтарының нақты деректері негізінде сипаттаңыз. Бизнестің жол картасына сәйкес, 3 мыңға жуық кәсіпкерлік жоба субсидиялануда. 409 кәсіпорынға инженерлік инфрақұрылымдар жүргізілді. Бұл жұмыстардың құны 78 млрд. теңгені құрады. Олардың бастапқы жұмыс істеген 3 жылында тексеру жүргізуге заң тыйымы әрекет етеді. Қазақстан бизнесті ашу мен жүргізу үшін жағдайларды жеңілдету жөніндегі реформа жүргізудің жетекшісі болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы ретте өзінің тапсырмасы бойынша құқық қорғау жүйесінде бизнеске қатысты жүйелі жұмыс жүріп жатқандығын айтып өтті. Бүгінгі күні біздің елімізде кез келген ынталы адам бір күннің ішінде, тіпті үйінен шықпай-ақ онлайн режімінде өз бизнесін аша алады. Жеке кәсіпкерлер үшін салыққа есеп берудің мерзімділігі қысқартылды, есеп жүргізу жеңілдетілді. Заңға электрондық шот-фактураларды енгізуге ықпал ететін өзгерістер енгізілді. Тек осы бір жаңалықтың өзі ғана қазақстандық бизнестің әр жыл сайын кемінде 5 млрд. теңгені үнемдеуіне мүмкіндік береді. Енді ішкі инвестициялардың әлеуетін дамыту қажет. Бұл міндет қазіргі күні Үкіметте әзірленіп жатқан Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізіне айналуы тиіс. Мемлекет барлығын және барлық жерде бақылауға алудың әбден ескірген дәстүрлерінен біржолата бас тартуы керек. Мемлекет тарапынан бақылау жүргізу, бәлкім, түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі, осы бағыттағы заңдық нормаларды сақтау үшін де қажет болар. Мемлекеттің негізгі міндеті – тауарлар мен қызметтердің сапа стандарттарын, техникалық индикаторлар мен қауіпсіздік регламенттерін әзірлеу мен қалыптастыру. Сонымен бірге, мемлекеттің кәсіпкерлікті реттеудегі тағы бір маңызды қыры рұқсат беру жүйесінің жағдайына тұрақты түрде талдау жүргізіп отыру, деп атап көрсетті Елбасы. Осыған байланысты Үкіметке үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін құрылыс саласындағы нормативтік базаларды реформалау жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, 2014 жылдың соңына дейін әрбір мемлекеттік органды мемлекеттік қызметтер көрсеткен кездегі бизнес-үдерістердің нормативтік анықтамалығымен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің табиғи монополистермен қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің мәселелері де жүйелі шешім қажет етіп отырғандығын айтты. Әрбір монополист өз қызметіне қолжетімділікті өзінің ішкі құжаттарымен реттейтін болып алды. Оның үстіне барлығы да бизнес үшін қосымша қаржылық және басқа да шығындар шығатындай жағдай қалыптастыруға ұмтылуда. Мен бұл жерден бизнестің дамуына елеулі кедергілерді көріп отырмын. Біздегі Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бұл мәселелермен айналысып отыр ма? Мәселен, Жылу қуатын пайдалану ережесін және Электр қуатын пайдалану ережесін алып қарайық. Бұлар 2005 жылы бекітілген. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға немесе цехқа олардың иесі ауысқан кезде инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарын қайтадан алып қажеті қанша? Осыны, қане, кім түсіндіріп береді? Әлде бұл өз кәсіпорнын жаңғыртқан немесе оған үнемді технологияларды енгізген кәсіпкерді монополистің алдында тізерлетудің тағы бір жолы ма? Өздерің-ақ ойлап көріңдерші? Бұл – қажетсіз, ойдан шығарылған процедура. Бұл – қуат үнемдеу және жаңа технологияларды енгізу ісіне көлденең тұрып, оның орнына аталған мәселеде әрекетсіз отырғандарды ынталандыру дегенді білдірмей ме? – деді отырғандарға Мемлекет басшысы. Осы ретте Үкіметтің кезінде қуатқа қосылу төлемін жойғандығын тағы бір еске салып өтті. Қазір табиғи монополистер, олардың өз уәждерін нақты келтіре кетейін, «Жаңа тұтынушының пайда болуына байланысты қолданыстағы желіні нығайту жөніндегі негізгі талап» деп аталатынды көлденең тартатын болып жүр. Ашығын айтқанда, өздерінің шаруашылық жүргізудегі қырсыздықтарын жабу үшін бизнестен алым алудың жаңа тәсілін ойлап тапқан. Үкіметке «Атамекен» одағымен» бірлесе отырып бір айдың ішінде бұл мәселені нақты зерттеп, аталған жәйттерді анықтап, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын, деді Мемлекет басшысы. Біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында және Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу қарсаңында алдымызда тұрған маңызды мәселелердің бірі отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. БЭК-ке және болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыдан пайдалы екендігіне сөз жоқ. Өз кезінде мен барлығына ашық және талай рет біздің отандық бизнес үшін Кеден одағы мен БЭК ең алдымен біздің өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі болып табылатындығын атап көрсеткен және сақтандырған болатынмын. Үкіметке «Атамекен» одағымен» бірлесіп, біздің өндірісшілеріміздің мүддесін БЭК аясында қорғау мен оларды ілгерілетудің бірлескен жоспарын қабылдауды тапсырамын, деді Қазақстан Президенті. «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасына Үкіметпен бірлесе отырып «Іскерлік ахуалдың» жаңа рейтингін жасаған жөн болады. Осы арқылы орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын бағалап, олардың нәтижесін БАҚ-тарда жариялау қажет, деді Президент. Сонымен қоса, Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың соңына дейін Үкіметке «Электронды сауда туралы» заң жобасын, сондай-ақ 5 жылдық мерзімге арналған Қазақстандағы Интернет-сауданы дамытудың салалық перспективалық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге қажетті интерактивті қолдау көрсету, олардың ақпараттандырылуын кеңейту жұмыстың тағы бір маңызды бағыты болып табылатындығын айтып өтті. Өз бизнесін ашқысы келетін әрбір адам кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қандай құралдары бар екендігін алдын ала білуі тиіс. Елбасы жаңа жекешелендіру «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген тапсырмалардың бірі екендігін еске салып өтті. Үкімет жекешелендіру нысандары мен тетіктерінің тізімін әзірлеуде. Қазақстан кәсіпкерлеріне білім беру, медицина, ақпараттандыру, әлеуметтік қызмет көрсету салаларында өздерін көрсетудің жаңа мүмкіндіктері ашылатын болады. Жекешелендіруді жүргізген кезде Үкімет пен жергілікті билік органдары мынадай қағидаттарды қалыптастыруы тиіс. Біріншіден, жекешелендірудің өте ашық та мөлдір жүргізілуі. Екіншіден, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің әртүрлі тетіктерін пайдалану қажет. Нысандардың барлығын бірден тұтас күйінде сатып жібермей, басқа да формаларды пайдаланған, мәселен, кейіннен сатып алатындай етіп жалға беру, ақысын төлеу мерзімін шегере тұру, тегін беру секілді тәсілдерді де қолданған жөн. Үшіншіден, жекешелендіретін әлеуметтік нысан өзінің қызмет бағытын өзгертпеуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанда жекеменшікке құқықтық кепілдік беруі жүйесін дамытудың да маңызы зор. Осы мәселелерді айта келе Елбасы: «Мен кейбір жекелеген орталарда «меншікті қайта бөлудің» әртүрлі мүмкіндіктері туралы әңгімелер сүйікті тақырыпқа айналатындығын білемін. Мұндай талқылаулар табиғатын түп-тамырымен жою қажет. Мұның болмайтындығын бәрі де білуі тиіс. Мұндағы жол біреу ғана. Ол – заңды дамыту, жеке бизнесті қорғау тетіктерінің әрекетін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке бизнесті заң тұрғысынан қорғау мәселелерін електен өткізіп, 2 ай мерзім ішінде оны нығайту жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын. Тағы да қайталаймын: жекешелендіруді жеке әкім, министр немесе әлдебір мекеме емес, мемлекет жүзеге асырады», – деді. Осы ретте Елбасы Қазақстан кәсіпкерлерінің патриоттық борышы шетелдерден жылжымайтын мүлік сатып алу емес, ұлттық экономиканы инвестициялау екендігін атап көрсетті. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселесі. Үдемелі индустрияландыру, жекешелендіру, мемлекет қолдауы осыған кең көлемді жағдай туғызады. Бізде өңірлердегі мыңдаған нысандар қаржы құюды қажет етуде. Тек соңғы жылдардың өзінде ғана біздің кәсіпкерлер қаншама мешіттер мен храмдар салды. Бірақ өз қаржыларының есебінен ауылдағы мәдениет үйлерін салған немесе жөндеуден өткізген, жаңа өлкелік мұражайлар, аула клубтарын немесе жастар үшін спорт алаңдарын салған оқиғалар өте сирек кездеседі. Біз осындай қызметтерді ынталандыруға тиістіміз, деген Елбасы кәсіпкерлердің ұлттық палатасын құру мәселесіне жеке тоқталып өтті. Палатаға міндетті қатысушылық ең алдымен жеке кәсіпкердің өзіне пайдалы болуы тиіс. Ол өзін неғұрлым қорғалған сезініп, бұл құрылымның өз бизнесін дамытудың сенімді тірегі екендігіне көз жеткізуі керек. Палата ашық жұмыс істейтін болуы шарт. Әрбір кәсіпкер, мейлі ол ауылдық немесе қалалық болсын, оның тең жағдайдағы қатысушысы. Кәсіпкерлер палатасы ұлттық бизнесті дамытудың басты әдіскеріне айналуы қажет. Сонымен бір уақытта, ол Үкіметтің сенімді де білікті әріптесі, мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде оның ұжымдық кеңесшісі. Үкімет Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы заңды әзірлеген кезінде осы маңызды қырлардың барлығын ескеруі тиіс. Елбасы осылай дей келе, қазақстандық бизнесті дамытудың жаңа кезеңі басталатындығын мәлімдеді. Оның басты мазмұны – отандық кәсіпкерлердің ұлттық экономиканың тұрақты өсімі үшін жауапкершілігін арттыру. «Қазақстан-2050» Стратегиясында біз ұлттық бизнесті ішкі инвестициялардың өсуінің негізгі көзі ретінде қарастырдық. Соған сәйкес біздің Кеңесіміздің де мәртебесі мен рөлін арттыру маңызды деп есептеймін. Мен оны Ұлттық инвесторлар кеңесі ретінде қайта құру жөнінде шешім қабылдадым. Осы жаңа мәртебе аясында мемлекеттік органдар басшылары мен бизнес өкілдері арасынан тең төрағалар басшылық жасайтын тұрақты жұмыс топтары құрылатын болады. Өңірлік даму министрлігін Кеңестің жұмысшы органы ретінде бекітемін. Үкіметке бір айдың ішінде жаңа регламент жобасы мен Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырамын, -деді Мемлекет басшысы. Сөзінің соңына таман Елбасы ел мен халық алдындағы жауапкершілік мәселесіне көбірек көңіл бөлді. Мемлекет болашағы үшін ішкі жалпы өнім көлемін арттыру ерекше маңызды міндеттердің бірі болып табылғанымен, халықтың әлеуметтік тұрмысы, адамдардың өсіп-өркендеген жақсы жағдайда бақуатты өмір сүруі бұдан да маңызды екендігін айтып өтті. Осыған сәйкес адамдардың тұрмыстық деңгейі туралы бірқатар әлеуметтік зерттеу көрсеткіштерін алға тарта отырып, елімізде қанша кедей адамдардың бар екендігіне үнемі назар аударып отыру қажеттігін тағы бір еске салды. Осы ретте адамдардың білімімен қатар кәсіптік шеберлігін арттыру ісі тек мемлекеттің ғана емес, кәсіпкерлердің де ортақ міндеті екендігін, олардың кәсіптік оқуларды ұйымдастыру ісіне қатысулары орынды болатындықтарын, мұндай жақсы тәжірибелер дамыған елдерде бұрыннан жолға қойылғандығын айта келе, мектепті бітірген әрбір түлектің назарда болып, жоғары оқу орнына түсе алмай немесе жұмысқа орналаса алмай қалған жағдайда оларды белгілі бір пайдалы бағдарламаларға тартуды жолға қою қажеттігін атап көрсетті. Яғни, әрбір түлек назардан тыс қалмауы керек. Елбасы сөзінің соңында Қазақстан кәсіпкерлері мемлекет қолға алған жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, экономика мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосады деген сенімін білдірді.
|
37 Басқа меншік нысандарымен салыстырғанда мемлекеттік меншік негізінде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың қандай артықшылығы бар? |
38 Экономикалық жүйе тиімді қызмет етуі үшін мемлекеттік және жеке меншіктің үлестері қанша болу керек деп ойлайсыз, оны анықтайтын қандай факторлар? |
39. Қазақстанда меншіктің қандай түрлері бар? Сипаттама беріңіз. Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік етуқұқығы. ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады. Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма” жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты. |
40 ҚР жағдайында қандай меншік формасының экономикалық тиімділігі жоғары? Мемлекеттік меншік экономикада белгілі бір қызметтер атқарады. Қоғамдық игіліктер өндірісін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның әскер,полиция және т.б қолдайтын саяси билікті жүзеге асыруымен тікелей байланысты.Мемлекеттік меншік иерархияық принцп бойынша құрылған алуан түрлі және өзара байланысты қарым-қатынастарды қамтиды.Біріншіден бұл мемлекет иелігіндегі меншіктің иемдену,пайдалану және билік етумен,мемлекеттік бюджетті бекіту және толтырумен байланысты мемлекеттік билік және басқару органдарының ішіндегі қатынастар: екіншіден,билік пен басқарудың орталық және ар жергілікті органдар арасындағы, үшіншіден мемлекет аппараты және нақты тауар өндіруші және шынайы кәсіпкерлер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы қатынастар. Ал жеке меншік мемлекеттік меншікпен салыстырғанда қарапайымдылау категория. Ол меншік обьектісіне тек бір адам, ғана билік етуін білдіреді.Жалпы Қазақстандағы меншіктің екі түрі де дамыған себебі мемлекеттік меншік өз алдына бір жүйе ретінде дамыған,яғни оның аясында саяси билікті жүргізу осы мәнде жүзеге асыру. Ал жеке меншік сан алуан түрлі мемлекеттің меншігіндегіні иелену болып табылады.
|
|
41.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Бизнес Кеңесші» Бағдарламасын жүзеге асырудың мақсатын ашып көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы (Комиссия) кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерiмен шұғылданатын үйлестiрушi-кеңесшi орган болып табылады.Міндеттері: Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтау;Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен iс-шараларды жыл сайын нақтылап отыру; -кәсiпкерлiк қызметтi жандандырудың практикалық шараларын жүзеге асыру жөнiндегi заң актiлерi мен үкiмет шешiмдерiнiң жобалары; -министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердiң, жергiлiктi әкiмдер мен кәсiпкерлiк құрылымдардың кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi күшейту; -кәсiпкерлiктi дамытуға қолайлы жағдай туғызу; -экономиканы дамытудың басым бағыттарына сәйкес кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға жұмсалатын ақша қаражатын бөлу; Моңғолияның астанасы Уланбатыр қаласында «Қазақтардың даму қоры» құрылды. Ұйымның басты мақсаты жаһанданудың қарқын алған шағында жергілікті қазақ ұлтының өзгелермен тең дәрежеде ақпараттық-технология көшіне ілесуін қамтамасыз етіп, ұлттық болмысы, тілі мен дінін қаймағын бұзбай сақтау болып табылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) даму ахуалы мен проблемалары жайындағы кешенді зерттеудің қорытындыларын жариялайды. Осымен екінші рет жүргізілген зертеу 2010 жылдың қазан - желтоқсан айларында іске асырылған. Бірінші жобаны Даму Қоры 2009 жылы жүзеге асырып нәтижелерін жариялаған болатын.Әдіснамалық және мағыналы сабақтастық арқасында, 2010 жылғы зерттеудің басты көрсеткіштері алдыңғы жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелерімен салыстыруға тұрарлық. Сонымен қатар 2010 ж. зерттеу жобасында мейлінше үлкен және әртүрлі әдіснамалық арсенал қолданылды. Онда сандық тұрғыдағы әдістермен қатар (ШОБ институционалдық және салалық құрылымын бейнелейтін жұмыс істеп жүрген 2000 кәсіпкерге таңдау жолымен сауалнама жүргізу, 2010 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсына қатысқан әлеуетті және ісін жаңадан бастаған 1500 бизнесмен-тыңдаушылар арасында сауалнама, 2009 ж. Кәсіпкерліктің жедел курсы тыңдаушыларының «тренингтен кейінгі» кәсіпкерлік қызметтеріне таңдамалы түрде мониторингтік зерттеу жүргізу, Даму Қорының қаржылық бағдарламалары қатысушыларына сауалнама жүргізу) сапалық тұрғыдағы әдістер де (әртүрлі санаттағы қалалық және ауылдық кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, бизнесін әртүрлі себептермен тоқтатуға мәжбүр болған бұрынғы кәсіпкерлерден құрылған фокус-топтар, жаңа жобаларды немесе бизнестің жаңа бағыттарын меңгерген кәсіпкерлермен көкейтесті сұхбаттасу) қолданылды.
|
|
|
|
42.«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басты мақсаты мен жүзеге асыру кезеңдерін талдаңыз. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы – Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.
Қордың жүзеге асыратын бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету сияқты функциялар мен міндеттерді атқарды. Бағдарламаның іске асырылуы: 1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау; 2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру; 3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
|
|
|
|
43.Кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады? Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден : 1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау; 2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру; 3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту; 4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету; 5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады. Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі: 1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау; 2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру; 3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар. Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған . Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:
|
|
|
|
44. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау жөніндегі шаралардың мәнін ашып көрсетіңіз. Президентіміз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді және біледі. Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтілгендей, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталып өтеді Н.Ә.Назарбаев «Стратегия-2050»-де атап өткендей, халықаралық тәжірибені талдау кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы - экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес - мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асады. Жаңадан құрылып жатқан Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіби-техникалық білім беру, шағын бизнеске, әсіресе ауылдық жерлер мен шағын қалаларда, сыртқы экономикалық қызметте, кешенді сервистік қолдау салаларында мемлекеттік органдардың өкілеттілігі мен қызметтеріне кеңінен құқық беретін болады. Біз Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді әрі құзіретті әріптесіне айналады деп күтеміз. Мемлекет бүгінде кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асырылуына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Міне, аз жылда республикамыз бойынша шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істеуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылып үлгерді. Сонымен қатар, «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты да талапты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бір емес, бес бірдей бағдарлама жасалып, кәсіпкерлерімізге мемлекет тарапынан үлкен басымдықтар берілген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде. Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет: Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау. Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту. Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру. Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау. Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеугебағытталған өзгерістер енгізуі керек. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз. Президент Н.Ә.Назарбаев Үкіметке 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыруды тапсырды. Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді. Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты. Үкімет «АТАМЕКЕН» Одағымен бірлесіп, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық моделін әзірледі. Аталған модель кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады. Үшіншіден, мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет.Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам. Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық ІРО» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл – ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі. «ҚазТрансОйл» компаниясы тарапынан 28 миллиард теңгені орналастыру туралы хабарланды және қазірдің өзінде тапсырыстар ұсыныстан екі есе асып кетті,- деді ел басшысы. ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы болып саналатын шағын және орта бизнесті дамыту арқылы Қазақстанның дамуы да орнықты болады. Ел басшы атап көрсеткендей, инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін арттыру мақсатында мемлекетіміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау керек. Елбасының кәсіпкерлерге деген қамқорлығының негізінде, 2013 жылдың 2 сәуірден бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жөнінде жариялаған мәлімдемесі, осы салада жұмыс атқарып жүрген халықтың көңілін жандандырып, болашаққа деген сенімін оятты. Аталған мораторий Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды жүктеді. Ендігі жерде жоспарлы тексеріс тәжірибесінен бас тартылып, жаңа «Мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігімен келісе отырып, объективті, әлемдік талаптарға сай тексерістерді анықтау жүйесі» әзірленеді. Осы жүйе бойынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек шын мәнінде заңды бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлер тексерілетін болады. Жаңа жүйеге сәйкес, кәсіпкер заңның барлық талаптарын орындаған жағдайда, тексеруші органдар оған мүлдем бармауға тиіс! Сондай-ақ, тексерісті жүргізу форматы кәсіпкерлерге қойылатын барлық артық талаптарды алып тастайтындай етіп, түбегейлі қайта қаралады. Елбасы жариялаған мораторий шағын және орта бизнестің дамуына жаңа қарқын бергені анық.
|
|
|
|
45. ҚР мемлекеттік меншіктің аймақтық және салалық құрылымына сипаттама беріңіз. Меншік – бұл адамның затқа деген көзқарасы ғана емес, бұл адамдар арасынлағы заттарға қатысты қатынасы. Кеңес әдебиетінде тек К.Маркс қана меншік категориясын адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ашқан деп саналады. Алайда П.Ж.Прудонның анықтамасы бойынша («меншік – бұл ұрлық» танымал сөзі) меншік – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас, себебі тек бір адам екіншісінен ұрлауы мүмкін. Мемлекеттік меншік – бұл қоғамдық меншіктің синонимі емес, себебі мемлекет – бұл бүкіл қоғам емес, оның бір бөлігі ғана. Оның үстіне, шенеуніктер мен мемлекеттік бюрократияның көбінесе қоғамның мүдделеріне сәйкес келмейтін өз мүддесі барМемлекеттік кәсіпкерлікті мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға тікелей әсер етуі деп түсінуге болады. Мемлекеттік экономика секторына қатысты (Ресейді мысал ретінде алсақ) мыналарды бөліп шығаруға болады: - мемлекеттік және муниципалды біртұтас кәсіпорындар; - 100-пайыздық мемлекеттік капиталы бар акционерлік қоғамдар; мемлекеттің үлесіне акциялардың бақылау пакеті немесе «алтын» акция жататын акционерлік қоғамдар; - мемлекеттік акциялар пакеті бақылаушы болып табылмайтын акционерлік қоғамдар. Бекітілген мүлікті меншіктену құқығына ие емес коммерциялық ұйым біртұтас кәсіпорын болып табылады. Біртұтас кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар бойынша, оның ішінде кәсіпорынның жұмыскерлері арасында үйлестірілуі мүмкін емес. Қазыналық (жедел басқару құқығына негізделген) біртұтас кәсіпорындар – қазыналық фабрикалар, зауыттар, қазыналық шаруашылықтар. Қазыналық зауыт кәсіпорынды өндіріс, бағалар саясаты, қаржылар, қызметкерлерді материалдық қаржыландыру мәселелері бойынша тікелей басқаратын атқөару билігі органының қарамағында болады. Мемлекет зауыттың жедел басқаруындағы артық, қолданылмайтын, немесе мақсаты бойынша қолданылмайтын мүлікті қолданылудан алып тастауға және оны өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл орган қазыналық зауыттың жарғысын бекітеді, басшыны тағайындайды және қызметінен босатады. Қазақстанда меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және жұмсау құқығы бар деген түсінік қалыптасқан (ҚР Азаматтық кодексі). Меншік құқығының осындай үш түрі бар. Бірінші құқық – бұл мүлікті нақты иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Екіншісі – бұл пайдалы қасиеттерін алу, сондай-ақ одан пайда табу мүмкіндігі. Үшіншісі, бұл мүліктің заңды күшін анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мешік құқықтары мен экономикалық тиімділіктің арасында нақты байланыс бар. Мына төрт ең маңызды әсерлерін бөліп шығаруға болады: Ынталандырушы әсер, капитал жинау әсері, иілгіштік және мақтаныш әсері. Заңдар жүйесі меншікті барынша өнімді пайдалану ынталарын қамтамасыз ету керек. Меншік толық деңгейде қорғалған жағдайда табыстардың белгілі-бір бөлігі міндетіт түрде жинау мақсаттарына бағытталатын болады. Мүдделеріне барынша сәйкес келетін ресурстар жинағын пайдаланудағы иілгіштік. Мешікті иелену мен жұмсау мүмкіндігі меншік иесінің өз жетістіктері, өз кәсіпкерлік қызметінің тиімділігі үшін мақтаныш сезімін туындатады.
|
|
|
|
46. Экономикалық жүйе және оның негізгі белгілерін ашып көрсетіңіз. Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардыңнысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда“әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады
|
|
|
|
47.ҚР аймақтарын бизнестің даму жағдайы мен халықтың өмір сүру деңгейі бойынша топтастырып, сипаттама беріңіз. Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды. Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады. «Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. 2009 жылдың 1қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар — 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған. Кедейлік бейiнi – кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды.Кедейлiк — бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарынiске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс. Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары, сонымен қатар Қарағанды облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің маңызды болжамы әлемдік экономикадағы жағдай есебімен Ортамерзімдік жоспарда анықталған.. Жалпы ҚР әр аймағында өмір сүру деңгей әр түрлі,мәселен бұл көрсеткіште Астана және Алматы қалаларының ацмағы көш бастап тұр.
|
|
|
|
48. Қазіргі уақытта Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуда қандай әкімшілік кедергілер бар? Олардың мемлекет үшін және бизнес үшін салдары қандай? Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін ғана қамтып қоймай, басқару аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруды көздейтін әкімшілік реформа жүргізілуде, ол мемлекетке тән емес функциялар мен активтерді бәсекелестік ортаға тапсыру жолымен кәсіпкерлік қызметтің әкімшілік тосқауылдарына кедергі болу мақсатын жүзеге асырады. Осы тұжырымдамалық ережелер «Қазақстан-2030» стратегиясында, кейіннен әкімшілік тосқауылдарға жалпы, сонымен қатар нақты бағдар беретін, сондай-ақ оларды жеңудің мүмкін болар жолдарын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында көрініс тапты. Сонымен, қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызметке әкімшілік жүктемені төмендетуді мемлекет үш бағытта жүзеге асырады: бірінші бағыт жеке кәсіпкерлік субьектісін (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, тәртіп бойынша ЖШС, ШҚ және т.б.) – тіркеу, лицензиялау, аккредитациялау. Екіншісі – кәсіпорынның өнім нарығына қол жетімділікті ұйымдастыруға байланысты (сай келуін дәлелдеу, сертификаттау). Үшінші бағыт – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне және нарықтағы өнім айналымын бақылау жасау . Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айланысуға лицензия берумен (тоқтата тұру, алып қою) және лицензия беретін органдардың кәсіпкерлердің лицензияланған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде тиісті лицензиялық талаптарды және жағдайларды сақтауын бақылауға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі кәсіпкерлік қызметті лицензиялау болып табылады. «Лицензиялау туралы» ҚРЗ лицензияланатын қызметтің 100 түрі және 249 қосалқы түрі анықталған. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына байланысты 2010 жылға дейін олардың санын үш есе азайту көзделіп отыр . Бұрын қолданыста болған 1995 жылғы «Лицензиялау туралы» заңға бірнеше рет өзгертулер енгізілгенін атап өту қажет, бірақ ол қойылған стратегиялық міндеттерге толықтай жауап берген жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа басылымда шешім жүйелерін ары қарай жетілдіру, кәсіпкерлік жүргізу тәртіптемелерін оңайлату жөнінде лицензиялау туралы заң қабылданған болатын.
|
|
|
|
49. Шаруашылық, сауда және еңбек құқығының мәнін ашып көрсетіңіз. Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығы:
Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқЕ. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды Шаруашылық жүргізу құқығы Мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспенжәне өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы |
|
|
|
50.Мемлекет тарапынан жүргізілетін табиғат қорғау шараларының жүзеге асу барысын сипаттаңыз. Қоршаған ортаны қорғау сферасындағы реформалар және табиғи ресурстарды рационалы қолдану.Қазақстанда сумен қамтамасыздандыру мәселесі.Қалалармен тұрғын пунктерінде қоршаған орта жағдайы.Басты мемлекеттік приоритет ретінде мемлекеттің экологиялық денсаулықтандыру.Экономиканың қазіргі этаптарында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарды орынды пайдалану маңызды факторларға айналып отыр,ол ұлттық экономиканың тұрақты дамуын анықтайды. Табиғатты қорғау қызметі министрліктің барлық бөлімдерінде таралған және заңда нақты орынды алады. Жалпы мемлекет тарапынан табиғатты қорғау шаралары өте қарқынды түрде жүргізіліп жатыр,себебі шаруашылық жүргізуде болсын су ,ауаны қоргау шараларының көпшілік барысы мемлекет тарапынан болып жатыр.Мысалы ол «Жасыл ел» бағдарламасын айтуға болады. Шаруашылықта топырақты қорғауда негізгі атқарылатын жұмыстар жел және су эрозиясынан қорғау шаралары болып есептеледі. Жел эрозиясы қалаған өсімдіктер сирек алқаптарда болуы мүмкін. Сонымен бірге қатарда ауыл шаруашылығы егіндері енді пайда болған алқаптарда жел эрозиясы қауіпті болып саналады. Жел эрозиясына қарсы бірінші шаралардың бірі алқаптарды желден қорғау. Екіншіден топырақтың ылғалдығын сақтау. Бұл мәселелерді шешуде орман жолақтарын құру, жоғары қалың сабақты өсімдіктер (жүгері,күнбағыс) егіп топырақты сақтау және басқада орман мелиоратив жұмыстары атқарылды. Су көздерін қорғау. Су суармалы жерлерде өнімділікті асыру факторының бірі. Суды үлкеннен – кіші барлығымыз қорғауымыз тиістіміз. Сондай-ақ судан тиімді пайдаланып өзен су қоймаларын таза ұстап ластанудан сақтау қажет. Ластанған сулар адам және жануарларға үлкен зиянын тигізеді. Соның үшін пайдаланатын сулар қорғауды талап етеді. Ішімдік және ағынды сулардың биологиялық және бактериялық жағдайы барлық уақыт қадағалау қорғау жұмыстары жақсы қойылды. Атмосфера ауаны қорғау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері, орман, қала және қала сырты көгалдандыру үлкен зиянын тигізетін нәрсе өндірістік шығындылар есептеледі. Ауаны ластандыруда көбірек таралған және өте улы зат бірі күкіртті газ. Сондай-ақ фтор, көмірхлорид т.б Олардың өсімдіктерге зияны төмендеуге көптеген ғылыми мәліметтер бар. Ауыл шаруашылығында тракторлар, комбайн және дизельді двигательдер атмосфераға зиянды компонентерді тастайды. Атмосфера ауасы тазалағын сақтау үшін ормандарды көбейту олардың өнімділігін арттыру, ормандарды өрттен сақтау, өсімдіктерді түрлі зиянкестер аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Табиғатта жануарлар және өсімдіктер өте тығыз байланыста болады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ауаға көмірқышқыл газын шығарады, сонымен бірге топырақты құнарландырады. Соның үшін жануарлар және өсімдіктерді пайдалануда тиімді жұмысқа асыру ауаны қорғаудың бір түрі. Соның үшін жануарлардан тек сүт, ет, жүн терісі үшін емес табиғатты қорғау үшінде мал шаруашылығын өркендету керек. Табиғатты қорғаудағы шаралар. Қауыпты шығындылар көзінен пайдалануда зиянды заттарды кемітетін жаңа технологиялардан пайдалану. Жанармайлардың құрамын жақсылау, аппараттардан техникалардан атмосфера және суларға түсетін зиянды заттардың алдын алу. Зиянды шығындыларды ауаға тастайтын өндірістік зоналарды орман, көгалдандыру жолымен түрлі шығындылардан сақтау. Ормандардан тиімді пайдалану олардың аралық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиядан пайдаланып орман өнімін арттырумен орманды қорғау. Өсімдік және жануарлардың өнімділігін асыру және оларды тиімді пайдаланумен олардың санын сапасын жақсарту.
|
|
|
|
51. Лаг және оның құрылымдық элементтерін сипаттаңыз. «Лаг» - кешігу әсері,уақыт аралығы. Экономикалық процестер бірден жүзеге аса қоймайды,белгілі бір ресурстар шығының талап етеді. Лагтың 5 құрылымдық элементі бар:
Мойындау лагы мемлекеттік араласудың бар проблемасын мойындау және бағалау үшін қажетті уақыт шығындарын сипаттайды; шешім лагы – мемлекеттік араласу бойынша шешім қабылдау үшін; аралық лагы – мемлекеттік араласу құралдарының тәртібімен және ұйымдастырылуымен анықталады; әсер ету лагы – мемлекеттік араласу құралдарының мақсатқа әсер етуі бойынша. Тұрақтандыру саясаты лагының екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі лаг – бұл экономикалық есеңгіреу сәті мен экономикалық саясаттың жауап шараларын қабылдау сәтінің арасындағы уақыт аралығы. Сыртқы лаг – бұл экономикалық саясат шараларын қабылдау сәті мен олардың нәтиже беретін сәті арасындағы уақыт аралығы. Экономикаға мемлекеттік араласудың ұйымдастыру негізін заң шығарушы, сот және атқару билігі болып бөлінетін билік органдары құрайды. Бірыңғай мемлекеттік билік барлық тармақтардың тең құқықтығына негізделеді.
|
|
|
|
52. Лагтың ішкі және сыртқы түрлерін сипаттаңыз. «Лаг» - кешігу әсері,уақыт аралығы. Экономикалық процестер бірден жүзеге аса қоймайды,белгілі бір ресурстар шығының талап етеді. Лагтың 2 түрі бар: 1)Ішкі лаг дегеніміз-экономикалық дағдарыс соған сәйкес саясат тарапынан қарсы шаралар қабылдау арасындағы уақыт кезеңі.2)Сыртқы лаг-экономикалық шара қабылданғаннан кейін,олардың нәтиже беру арасындағы уақыт кезеңі. Мойындау лагы мемлекеттік араласудың бар проблемасын мойындау және бағалау үшін қажетті уақыт шығындарын сипаттайды; шешім лагы – мемлекеттік араласу бойынша шешім қабылдау үшін; аралық лагы – мемлекеттік араласу құралдарының тәртібімен және ұйымдастырылуымен анықталады; әсер ету лагы – мемлекеттік араласу құралдарының мақсатқа әсер етуі бойынша. Тұрақтандыру саясаты лагының екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі лаг – бұл экономикалық есеңгіреу сәті мен экономикалық саясаттың жауап шараларын қабылдау сәтінің арасындағы уақыт аралығы. Сыртқы лаг – бұл экономикалық саясат шараларын қабылдау сәті мен олардың нәтиже беретін сәті арасындағы уақыт аралығы. Экономикаға мемлекеттік араласудың ұйымдастыру негізін заң шығарушы, сот және атқару билігі болып бөлінетін билік органдары құрайды. Бірыңғай мемлекеттік билік барлық тармақтардың тең құқықтығына негізделеді.
|
|
|
|
53. Мақсат функциясының мәнін ашып көрсетіңіз.
|
|
|
|
54.Экономиканы мемлекеттік басқарудағы мультипликатор ұғымына сипаттама беріңіз. Экономиканы мемлекеттік басқарудың 3 негізгі әдісі бар. Әлеуметтік экономикалық негіз мемлекет нені басқаратынын белгілейді Методологиялық негіз,қалай басқаруды білдіреді Ұйымдастырушылық негіз. Мультипликатор- бір фактордың әсерінен, екінші бір өзгерісін сипаттайтын коэффицент.
|
|
|
|
55. Шағын және орта бизнестің жұмыссыздық денгейіне және кедейшілік деңгейіне әсері қандай екендігін ашып көрсетіңіз. Президент Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті. Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда. Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылыстарды сипаттайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік саланы дамытудағы мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі диссертациялық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
|
|
|
|
56. Экономикалық өсу экологияға қалай әсер ететіндігін сипаттаңыз. Экономикалық өсудің мәні оның негізгі мақсатынан көрінеді – халықтың материалдық жағдайын жоғарылату және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Материалдық жағдайды жақсарту келесідей міндеттерді қояды:халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғарлауы,бос уақыттың көбею,халық арасындағы ұлттық табыстың бөлінуін жақсарту,шығарылатын тауарлар мен қызыметтердің әр түрлілігі сапалылығы Макроэкономикада экономикалық өсуді көрсететін негізгі көрсеткіштерге: - Мемлекеттің экономикалық әлеуеті.Ол өндірістік өнімділік пен мамандандырылған еңбек ресурсы қатынастары. - Мемлекеттің экономикалық қуаты.Материалдық құңдылықтарды өндірудің нақты абсолютті көлемі. -Мемлекеттің экономикалық даму деңгейі.Жан басына шаққандағы өндірілетін материалдық құндылықтар мөлшерімен есептеленеді. Экономикалық өсу тиімділігі ретінде «өндірістік тиімділік» түсінігін құрайтын бар құрайтын барлық көрсеткіштердің жақсаруы. Экономикалық өсу экологияға да айтарлықтай әсер етеді, себебі ел экономикасын өсіру арқылы , экологиямызды жақсарту үшін бюджеттен көп қаржы бөліп экологиялық мәселелерді шешуге болады.Экологияны сақтау шараларын алғышарттар негізінде, ал экологияның таза,және ластанбауы үшін айналамызды көгалдандыру қажетпіз.
|
|
|
|
57. Лобби ұғымы және лоббирлеу әдістерін сипаттаңыз. Лоббидің экономикаға әсерін зерттеу үшін бұл сөздің мағынасы мен оның пайда болуын ұғынып алу керек.Лобби,лоббизм (ағылш.Лобби-кулуарлар)АҚШ-тың заң шығару органдарының жанындағы ірі монополиялар мүдделерінде заң қабылдау,үкімет тапсырыстарын орналастыру кезіңде белгілі бір шешімнің пайдасына заі шығарушыларға және мемлекеттік шенеуніктерге әсер ететін сол монополиялардың кеңселері мен агенттерінің жүйесі.Лобби тек АҚШ-та бар деп саналады.Алайда бұл қате пікір,себебі лоббизм кез келген мемлекетке тән. Лоббизм- бұл социалистік шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде бұрыннан танымал құбылыс.Ұжымдық әрекеттер уақыт пен күштің көптеген жұмсалуын талар етеді. Лоббизм бұл саяси мәні мен құқықтық дәлелі бар және демократикалық саяси жүйенің интегралыды элементі болып табылатын жоғары білікті қызмет. Лобби,лоббизм- бұл әртүрлі азаматтық топтар мүдделерін мемлекеттік органдардың заң шығарушы және әкімшілік қызметіне ұйымдасып әсер ету арқылы іске асыру жүйесі мен тәжірбиесі болып табылады.Лоббирлеу әдістерінің ішінде ықпалды адамдармен жеке байланыс арналарын пайдалану басты орын алады (80%). Ол үшін өз мүдделерін табыспен лобирлеу үшін негізгі қызметтерді Лобби, лоббизм (ағыл. Лобби - кулуарлар) – АҚШ-ң заң шығару органдарының жанындағы ірі монополиялар мүдделерінде заң қабылдау, үкімет тапсырыстарын орналастыру кезінде белгілі-бір шешімнің пайдасына заң шығарушыларға және мемлекеттік шенеуніктерге әсер ететін сол монополиялардың кеңселері мен агенттерінің жүйесі. Лобби тек АҚШ-та бар деп саналады. Алайда бұл қате пікір, себебі лоббизм кез-келген мемлекетке тән. Оны әр мемлекетте белгілі-бір компанияларға қолдау көрсететін экономиканың қуатты субъектілері немесе әсерлі саяси топтар бар деп түсіндіруге болады. Соңғы уақытта лоббистер мемлекеттік билік иерархиясындағы тиісті құрылымдарға қысым жасаудың өркениетті әдістерін пайдалана бастады, бұл лоббизмнің шетелде тұрақты түрде дамуының нәтижесіне айналды. Шын мәнінде лоббизм –бұл мемлекеттің билік жасаушы құрылымдарына жасалатын қысым болып табылады. Осыдан қысымның әсерінен қөабылданатын шешімдер тар тұлғалар топтарының мүдделерін қорғайтыны анық болып отыр. Үкімет көбінесе жалпы қоғамға зиян келтіретін ерекше мүдделерді білдіретін саны аз топтардың мақсаттарын қолдайды. Экономикадағы мұндай құбылыс ерекше мүдделер әсері деп аталатын болды. Лоббирленген бағдарламаларды немесе саяси бағыттарды іске асырудың нәтижесінде шағын топтар мүшелері саны көп топтардың арқасында ірі пайда алады. Бұған лоббирлеу процесінің даму деңгейі жағдай жасайды. Қажетті заңнаманы немесе басқа да үкіметтік шараларды қабылдау арқылы лоббирлеудің тәсілдері көп. Олар тиімділігі мен әділдігі жағынан өзін-өзі ақтай алмады және атап айтсақ: шетел тауарларына бәсекелестікті шектейтін және тұтынушылар үшін бағаларды қымбаттататын тариф енгізу; байларға ғана пайда әкелетін салықтық амалдарды белгілеу; әкелетін пайдасына қарағанда қымбаттау болып келетін қоғамдық жұмыстар бағдарламаларын жүзеге асыру; клиенттерді қорғау үшін қажетті нормадан асатын белгілі-бір мамандықтар өкілдеріне лицензия беру; салық төлеушілердің есебінен фермерлерге ірі субсидия беру. Лоббизмнің саяси мәні мынада: 1. Лоббистік топтар азаматтар мен мемлекеттің арасында делдалдық қызметін атқарады. Делдалдық ең алдымен ақпарат алмасу саласында орын алады. 2. Лоббизм қоғамдық мүдделер плюрализмінің қызметін атқарады. Лоббирлеу процестерін әрдайым адамдар тобы орындайды, бірақ лоббирлеу нәтижелерінің салдары елеулі болады және жекелеген жағдайларда мемлекеттің қалың топтарына әсерін тигізеді. 3. Лоббизм басқа мүмкіндіктері жоқ топтарға саяси шешімдерді қабылдау мен іске асыруға қатысуға мүмкіндік бере отырып, демократиялық өкілдіктің конституциялық жүйесін толықтырады.
|
|
|
|
58.Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды ашып көрсетіңіз. Экономикалық өсу-бұл қоғамдық өнімнің және өндіріс факторларының сандық және сапалық тұрғыдан жетілдірілуі.Экономикалық өсу негізгі (ЖІӨ,ЖҰӨ,ҰТ)белгілі бір уақыт мерзім ішінде өсу қарқыны мен сипатталады.Экономикалық өсудің мәні оның негізгі мақсатынан көрінеді – халықтың материалдық жағдайын жоғарылату және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Материалдық жағдайды жақсарту келесідей міндеттерді қояды:халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғарлауы,бос уақыттың көбею,халық арасындағы ұлттық табыстың бөлінуін жақсарту,шығарылатын тауарлар мен қызыметтердің әр түрлілігі сапалылығы Макроэкономикада экономикалық өсуді көрсететін негізгі көрсеткіштерге: - Мемлекеттің экономикалық әлеуеті.Ол өндірістік өнімділік пен мамандандырылған еңбек ресурсы қатынастары. - Мемлекеттің экономикалық қуаты.Материалдық құңдылықтарды өндірудің нақты абсолютті көлемі. -Мемлекеттің экономикалық даму деңгейі.Жан басына шаққандағы өндірілетін материалдық құндылықтар мөлшерімен есептеленеді. Кез келген елдің экономикалық өсу 6 негізгі фактормен анықталады.Бұлар 1) табиғи ресурстардың саны және сапасы. 2)еңбек ресурстардың саны және сапасы. 3)негізгі капитал көлемі.4)технология экономикалық өсудің осы 4 факторын ұсыныс факторлары деген атпен біріктіруге болады. Экономикалық өсу дегеніміз қоғамдық өнімнің және өндіріс факторларының сандық және сапалық тұрғыдан жетілдірілуі. Экономикалық өсудің көрсеткіштері: Статикалық экономикалық көрсеткіш. Сипаттайды: әртүрлі процестердің қалыптасқан тепе-теңдік жағдайын Көрсетеді: экономикалық дамудың бастапқы негізін Қолданылады: өндірістің даму деңгейін салыстыру үшін Сандық және сапалық көрсеткіш Сипаттайды: физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктермен Анықталады: жан басына шаққандағы өндірілген жалпы ұлттық өнім көлемімен Динамикалық көрсеткіш Сипаттайды: белгілі бір уақыт кезеңінде өндірістің өсу қарқынын Көрсетеді: өндірістің кеңею, ұлғаю жылдамдығын Анықтайды: Елдің өндірістік мүмкіндіктерінің әлеуетін
|
|
|
|
59. Қазақстанның қай аймағында өмір сүру деңгейі жоғары және қай аймағында төмен екендігінің себебін ашып көрсетіңіз.
|
|
|
|
60. Мемлекеттік кәсіпорындардың формаларына салыстырмалы сипаттама беріңіз. |
|
|
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй – коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.Меншік формаларының дамуы кооператив, акционерлік қоғам, фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындары туғызады. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті.Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан формалары - республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың сан алуан формалары шығуына жеткізеді. Коммерциялық шаруашылық есептердің дамуы, аймақтардың біршама дербестік алуы бұл процесті тереңдете тұседі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым – қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін – өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда.
