Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прпед. метод.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81 Кб
Скачать
☆

Жартылыстану бағытындағы пәндерде оттек туралы ұғымның қалыптасуының негізгі кезеңдері

7- кесте

I кезең

Дүниетану

4 – сынып

II кезең

Биология

5 - сынып

III кезең

Химия

8 - сынып

IV кезең

Химия

9-10 cн

V кезең

Химия

11- сынып

Бұл кестеде оттек туралы ұғымның қалыптасу кезеңдері көрсетілген. I кезеңде, яғни 4 – сыныпта оттегінің қасиеттері, оның қолданылуы, физикалық қасиеттері, жануды қолдайтын қасиетін, көмірді және болат сымының жануына жалпы шолу жасайды. Ал қолдану аясында оның медицинада, металдарды кесу, дәнекелеуде қолдануын атап кетеді. II кезеңде, биология курсында адам өмірінде және табиғатта жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің демалу процесі. Бұдан шығатындар: тұқымдардың демалған кезде оттегіні сіңіруі, жапырақтары демалған кезде оттегіні сіңіруі, тамыр демалған кезде оттегіні сіңіріуін қарастырады. Жарық кезінде өсімдіктерің оттегіні бөліп шығаруы туралы оқиды. III кезеңде оттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін, онымен қоса калий перманганатынан және сутек асқын тотығынан алуын оқиды. IV кезеңде оттегінің қосылыстары олардың қасиеттері туралы қарастырылады. V кезеңде оттегі бар органикалық қосылыстардың негізгі кластарын қамтиды.

Сонымен, пропедевтикалық білімдер мен біліктерді қолдану өзіне бірнеше әдістер мен тәсілдерді енгізеді. Бұндай тәсілдерді қолданудың маңызды сәттері де бар, мысалы актуализация, нақтылау, еске түсіру және өткен тақырыптарды еске түсіре отырып , жаңа тақырыптардың негізгі мәселелеріне жауап табу, оқытылған құбылыстар мен ұғымдар арасындағы логикалық байланысты орнату, бұл құбылыстар мен ұғымдардың жалпы және өздеріне ғана тән ерекшеліктерін белгілеу, жаңа білім мен біліктің және дағдының қалыптасуы және бекітілуі.

3.2 Пропедевтикалық білімдерді қолдана отырып, химия курсында заттар құрылысын оқыту

8-кесте

Тақырып атауы

Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер

Әдістемелік тәсілдер

Алғашқы химиялық заттар туралы түсінік

Дене, зат туралы түсінік. Заттардың молекулалық құрылысы.

Актуализациялау

Таза және қоспалар

Заттардың молекулалық құрылысы. Таза заттардың құрылысы

Еске түсіру және нақтылау

Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар

Атомдар мен молекулар туралы түсінік. Таза заттардың құрылысы. Ауаның құрамы

Актуализациялау

Қоспалар және химиялық қосылыстар

Қоспалар туралы түсінік (ауа, сүт, теңіз суы, гранит)

Нақтылау

Атом молекулалық ілім

Диффузия туралы түсінік және оны атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіру

Актуализациялау

Нақтылау

Оттек. Оксидтер. Жану. Ауаның құрамы

Ауаның құрамы оның құрамдас бөліктері

Еске түсіру және нақтылау

Су. Ерітінділер. Негіздер. Судың құрамы

Судың құрамы

Еске түсіру және актуализациялау

Кестеде көріп тұрғанымыздай, химияны оқып білудің алғашқы кезеңдерінен – ақ зат және оның құрылысы туралы білімдер қоры жетіле бастайды. Дегенімен, жоғарыда қарастырылып өткен әдістемелік тәсілдерді, яғни оқушылардан қалыптасқан білімдерін белгілеу арқылы қолданып отыр.

«Таза зат және қоспа» тақырыбында оқытушы жетінші сыныптан оқып кеткен «зат» және «дене» ұғымдарын атом – молекулалық ілім тұрғысынан жаңаша түсіндіріледі. Сабақ барсында мұғалім заттың алуын  түрлілігіне,  жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен  ұқсастығына тоқталады. Сонан соң  заттардың касиеттеріне  қарай әр түрлі болатындығын түсіндіреді, яғни  оқушыларды  бір заттың басқа затпен салыстырғанда  ұқсастығы мен ерекшелігі неде  екенін ажырата білуге үйретеді.  Сол сияқты  оқушыларды зат және физикалық  дене  ұғымдарын ажырата білуге  үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу  білігін  қалыптастыру  үшін  әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен  танысу ережесін  еске түсіреді, әсіресе  сандық айырмашылығына  баса көңіл аударады.Себебі, химия  пәні  дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен (ареометр,термометр) таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді. Оқулықтағы  сипаттау тапсырмаларын алғаш мұғалім жасап көрсетеді кейін оқушылар ондай тапсырманы өздігінен  орындауы керек. 

«Атомдар және молекулалар» тақырыбынан бір мысал келтірейік, жаңа материалды оқыту: Оқушыларға  сұрақ қоя отырып,  физика  курсынан  атом және молекула  туралы алған  білімін  жаңғыртамыз.

1. Температура өзгерген кезде  дененің көлемі неліктен ұлғаяды немесе кішірейеді?

2.Заттарды құрайтын  бөлшектер  қалай аталады ?

Оқушылар осы  сұрақтарға жауап бере отырып,  заттардың белгілі  бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене  көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын  дененің көлемі  ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы  жақындаған  сайын дененің көлемі кішірейеді.

Екінші сұраққа жауап бере  отырып,  оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және  молекулалар  атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.

Оқушыларға оқулықтан  атомның анықтамасын  табуды және   сөздікке жазуды ұсынамыз. Мұғалім атомдардың белгілі  бір саны бар  екендігін  түсіндіреді. Айналамыздағы  өлі және тірі табиғат   атомның азғана санды  түрлерінен  тұратындығын  түсіндіреді. Атомдар бір-бірімен әр түрлі болып қосыласады.. Алфавиттегі әріптердің жүз мындаған сөздерді құрайтындығы сияқты  атомдардан әр түрлі молекулалар немесе күрделі заттардың кристалдары құралады. Химиялық реакция атомдардың нақты бар екенінің дәлелдемесі болады. Онда бастапқы заттар құрамына  кіретін  атомдардан жаңа заттарды дәл сондай  атомдары түзіледі. Мұғалім  атомдардың бір ғана түрінен жай, ал әр түрлі атомдардан күрделі заттар түзілетіндігін  түсіндіреді (H2, O2,  және су молекулаларының  үлгілері мысалында) және суды  электр тоғымен айыру тәжірибесін көрсетеді. Содан соң  оқушыларға тапсырма беріледі. Оқулықтағы тексті  пайдалана отырып, жай және күрделі заттың  анықтамасын табу және қайталап оқу.