- •2 Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқулықтары мен бағдарламасының анықтауымен химияның пропедевтикалық білім мен біліктері
- •2.1 IV сыныптың дүниетану курсы мазмұнындағы пропедевтикалық білім мен біліктер
- •2.2 VI сыныптың биология курсында қалыптасатын пропедевтикалық білімдер мен біліктер
- •2.3 VII сыныптың физика курсы мазмұнындағы пропедевтикалық білім мен біліктер
- •3. Пропедевтикалық білімдерді пайдалана отырып, өткізілетін химия сабақтарының әдістемесі
- •3.1 Қалыптасқан білімдерді қолдана отырып өткізілетін химия сабақтарының әдістемесі
- •Жартылыстану бағытындағы пәндерде оттек туралы ұғымның қалыптасуының негізгі кезеңдері
- •3.2 Пропедевтикалық білімдерді қолдана отырып, химия курсында заттар құрылысын оқыту
- •I кезең – «Бой сергіту»
- •3.3 Пропедевтикалық білімдерді пайдалана отырып, химия курсында заттар қасиетін қарастыру
3.3 Пропедевтикалық білімдерді пайдалана отырып, химия курсында заттар қасиетін қарастыру
IV-VII сыныптардың жаратылыстану пәндерінен қалыптасқан нақты заттардың қасиеттерімен ғана шектеліп қойылады. Соған сәйкес, қалыптасқан білімдер химия курсында одан әрі шыңдала түседі, атом – молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Заттардың қасиеттері туралы пропедевтикалық білімнің химия курсын оқу барысында оның жетілу жағдайлары мен шарттарын бірнеше сабақ мысалдарымен көрсетуге болады.
«Заттар және олардың қасиеттері» тақырыбында оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйретеді. Алғашқы сабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті мұғалім төмендегі сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі
.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен байланысты.
.3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.
Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіру керек:
а/ денелер деп нені айтады?
ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?
Мұғалім заттың алуын түрлілігіне, жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен ұқсастығына тоқталады. Сонан соң заттрдың касиеттеріне қарай әр түрлі болатындығын түсіндіреді, яғни оқушыларды бір заттың басқа затпен салыстырғанда ұқсастығы мен ерекшелігі неде екенін ажырата білуге үйретеді. Сол сияқты оқушыларды зат және физикалық дене ұғымдарын ажырата білуге үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу білігін қалыптастыру үшін төмендегі тапсырманы орындатамыз.
«Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында сынып оқушыларын топтарға бөліп, топ бастаушысына ортақ бағалау парағын тарату. Ойынның жоспарымен таныстыру (тақтада ойын жоспары алдын ала жазылып қойылған).
I кезең – «Бой сергіту»
Әр топқа 6 сұрақтан қойылады, сұрақтардың дұрыс жауаптарын әділ – қазылар мүшелері ортақ бағалау парағына белгілеп отырады.
«Су тамшысы» тобының сұрақтары:
1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
2. Су молекуласының құрамы қандай?
3. Ерітінділер деген не?
4. Негіздер қандай топтарға бөлінеді?
5. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?
6.Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?
«Ерігіштік» тобының сұрақтары:
1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?
2. Дистилденген суды қалай алады?
3.Негіздер деген не?
4.Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
5.Ерітіндінің пайыздық концентрациясын қалай есептейді?
6. Ерітінділерді қолдану салаларын атаңдар?
«Негіздер» тобының сұрақтары:
1. Ауыз су қалай тазаланады?
2. Судың ластануының қандай түрлері бар?
3. Неліктен мұз суда жүзеді?
4. Бейтараптану реакциясы деген не?
5. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?
6.Негіздерді қолдану салаларын атаңдар?
Оқытушы бұрын өткен тақырыптармен химияның жаңа мәліметтерін ұштастыра отырып, сұрақ – жауап арқылы оқушының қалыптасқан білімдерін тексере ғана қоймай, оның химияға деген қызығушылығын арттырады.
Сонымен, VIII сыныптың химия курсында оқушылар заттардың қасиеттері туралы мағлұматтарды тереңірек қарастырылап қамтылады.
Қорытынды
Жоғарыда аталған курстарда қалыптасқан пропедевтикалық біліктер мен білімдер былайша топтарға жіктелген:
1.Есептеу біліктері - пропорция, теңдеулерді құрастыру, оларды шешу, проценттік шағу және өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеу дағдылары;
2.Химиялық ыдыс пен құрылғыларды пайдалану біліктері;
3.Тәжірибе кезінде заттарды қолдана білу білігі.
IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері 9 – кестеде келтірілген.
9 – кесте
Тақырып атауы |
Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер |
Әдістемелік тәсілдер |
Заттардың бастапқы химиялық түсінігі |
Бақылау жүргізу, термометрмен және ареометрмен жұмыс жүргізу |
Оқытылған курстарағы практикалық біліктерді тасымалдау |
Зертханалық жабдықпен танысу |
-- |
Зертханалық жабдықпен жұмыс жүргізудің практикалық білігін тасымалдау |
Физикалық және химиялық құбылыстар |
Заттардың қасиеттерін, құбылыстпрын бақылау |
-- |
Химиялық формула |
Пропорцияларды құру және олардвы шеше білу |
Есептеу білігін тасымалдау |
Зат массасының сақталу заңы |
Заттың массасын өлшей білу |
Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау |
Химиялық реакциялардың типтері |
Бақылау білігі. Тәжірибе көрсету |
Практикалық біліктерді тасымалдау |
Оттек. Оксидтер. Жану |
-- |
-- |
Валенттілік |
Есептеу білігі |
Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау |
Сутек. Қышқылдар. Тұздар |
Бақылау білігі. Тәжірибе қою |
Практикалық біліктерді тасымалдау |
Судың химиялық қасиеттері |
Бақылау, тәжірибе қою, ыдыстармен жұмыс жасау біліктері |
Практикалық біліктерді тасымалдау |
Су. Ерітінділер. Негіздер |
Бақылау білігі. Салыстыру, сәйкестендіру, қорытынды жасау |
Практикалық біліктерді тасымалдау |
Авогадро саны. Молярлық масса, т.б |
Зат массасын және көлемін оның тығыздығы бойынша есептеу |
Практикалық біліктер мен есептерді шыгару білігін тасымалдау |
IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері, одан әрі химия курсын оқу барысында дамып жетіле түседі.
Балалардың ерте жастан химияға баулуына жаратылыстану бағытындағы пәндер үлкен септігін тигізеді. Өйткені химия курсының алғашқы кезеңдерінде оқушылардың қалыптасқан пропедевтикалық білім мен біліктерін негіз етіп алып, оны әрі қарай жаңа бағытта дамытады. Сондықтан, дүниетану, биология және физика пәндерінің оқытушылары оқушылырға химияға қажетті түсініктерді дұрыс әрі нақты беруі қажет. Жоғарыда келтірілген кестеде, оқушылардың қалыптасқан пропедевтикалық біліктері химия курсын оқытудың алғашқы кезеңдерінде үлкен үлес қосады.
Сонымен, химия курсын оқып тану барысында пропедевтикалық білімдерге сүйене отырып оқыту, оның дамуымен жетілуіне әкелсе, сонымен қоса оқушылардың жаңа білім мен біліктерін терең меңгеруінің дәрежесінің өсуіне үлес қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сарманова К.А. Методика использования пропедевтических знаний и умений в курсе химий. – «Мектеп», 1987
Сарманова К.А. Межпредметные связи – важный резерв повышения эффективности обучения школьников. – Химия в школе, 1978
Минченков Е.Е. Межпредметные в преподавания физики и химии. Просвещение, 1980
Сорокин Н.А. Дидактическое значение межпредметных связей.- Советская педогогика, 1971
Махмутов М.И. Современный урок. Педагогика, 1985
Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты,Маманова Салтанат Қажмұратқызы. « Химияны ерте жастан бастап оқытудың мүмкіндіктері мен тиімділігі» мақаласы
U-s.-kz
Tak-to- ent.net
Bilimder.kz
Collegy.ucoz
