- •5В010300 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне арналған
- •5В010300 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне арналған
- •Құрылымдық-тақырыптық жоспар
- •4.Тақырып . Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.
- •6.Тақырып Дүнитаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.
- •8. Тақырып Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы.
- •9.Тақырып Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы.
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған бақылау тапсырмалары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтылуы:
- •Кеңес беру кестесі:
- •«Жаңа білім беру технологиялары» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •«Жаңа білім беру технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік және дидактикалық қамтылу картасы
- •Дәрістік кешен
- •1Тақырып. Педагогикалық технологиялар.
- •Білім беру мекемелерінің оқу пәндерінің негізінде оқыту технологияларына сипаттама.
- •Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негіздері.
- •Оқытудың дәстүрлі технологиясы
- •Дамыта оқыту технологиялары.
- •Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі технологиялар.
- •Модульдік оқыту технологиясы
- •Ойын технологиясы
- •Саралап оқыту технологиясы
- •Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
- •Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
- •«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің мәліметтер кестесі:
- •Проблемалық оқыту технологиясы.
- •Ақпараттық технологиялар.
- •Кредиттік оқыту технологиясы.
- •Біртұтас педагогикалық процесс технологиясы.
- •Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негіздері
- •Педагогикалық технологиялар
- •Білім беру мекемелерінің оқу пәндерінің негізінде оқыту технологияларына сипаттама.
- •Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негіздері
- •Оқытудың дәстүрлі технологиясы
- •Дамыта оқыту технологиялары
- •Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі технологиялар
- •Модульді оқыту технологиясы
- •Ойын технологиясы
- •Саралап оқыту технологиясы
- •Деңгейлеп оқыту технологиясы
- •Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
- •Проблемалық оқыту технологиясы
- •Ақпараттық технологиялар
- •Кредиттік оқыту технологиясы
- •Біртұтас педагогикалық процесс технологиясы
- •Мәнжазбалық жұмыстардың тақырыптары
- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •12.Б.Т.Лихачев ұсынған «технология» ұғымына анықтамасын көрсетіңіз.
- •13.Педагогикалық технологияларда кездесетін негізгі философиялық бағыттардың бірін атаңыз.
- •15.Педагогикалық технологиялар классификациясының топтамасын жасаған ғалымдарды атаңыз.
- •19.Зерттеушілік оқыту идеясы қайда және қашан дамыды?
- •30.Модульдік технология дегеніміз не?
- •Глоссарий
Дәрістік кешен
Дәріс № 1
1Тақырып. Педагогикалық технологиялар.
Дәріс жоспары
1. «Педагогикалық технология» ұғымы.
2.«Педагогикалық технология» категориясының генезесі.
3.Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы.
«Педагогикалық технология» ұғымы. «Педагогикалық технология» категориясының генезесі және оған берілген анықтамалар.
Технологиялық кесте және технологиялық карта.
Терминологиялық аппараты, педагогикалық технологияның түрлері. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы. Педагогикалық технологиялардың нег ізгі алгоритмдері.
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.
Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында, өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларда іске асып отырады.
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді.
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады
«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:
оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады;
сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс;
оқудың негізгі бірлігі-сабақ;
сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;
сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді;
оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;
оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.
Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді:
білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;
ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;
әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;
адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;
ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы адамдарды тәрбиелеу;
Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті,дағдыны меңгеруге бағытталған.
Қазіргі жалпы мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді-идеологизация жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды, өнегелі тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі мақсаттардың міндеті алдын ала жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды.
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып саналады. Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына оқушылардың танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы. Қазіргі педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді.
«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды.
Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғы шарты деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістерітәсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің әдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде.Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді:
-оқыту мақсаты;
-оқыту мағынасы;
-педагогикалық өзара қатынас құралдары;
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушы, мұғалім ;
-іс-қимыл нәтижесі.
Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып келген көптеген анықтамалар бар.
Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы( орыс тілінің түсіндірме сөздігі).
Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту(В.М.Шепель)
- Оқыту технологиясы-дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі (М.Чашанов)
- Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын анықтайтын психо-педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады( Б.Т.Лихачев)
- Педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы ( В.П.Беспалко).
-Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу ( И.П.Волков).
-Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған моделі ( В.М.Монфсьв).
- Педагогикалы технология- білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды есепке ала отырып,өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану,құру тәсілдерінің жүйесі ( ЮНЕСКО).
-Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу ( М.В.Кларин).
- Педагогикалық технология- алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортындысы ( Г.К.Селевко).
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:
-ғылыми;
-іс-жүргізу,суреттеу;
-ықпалды іс жүргізу.
Сонымен, педагогикалы технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны болып таблады.
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет.
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған нәрселерден тұрады.
Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді.
Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне, оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне, сыныптағы психологиялық ақуалға көңіл бөлу керек. Бір технологияны қолданған әр түрлі педагогтардың жеткен нәтижесі де әртүрлі болады, бірақ осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын болады.
Яғни, педагогикалық технология жеке тұлғаның қасиеттерімен орташаланады,бірақ онымен анықталмайды.
«Педагогикалық технология» деген түсінік «оқыту әдісінен» кеңірек.
Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуне қалай жету керек деген сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші.
Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады.
Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-қимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Питюков В.Ю. Основы педагогической технологии. – М., 2001
2.Буланова-Топоркова М.В., Духавнева А.В., Кукушкин В.С., Сучков Г.В. Педагогические технологии. – Ростов н/Д, 2003.
3.Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологии. – СПб, 2002.
4.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под.ред. Е.С.Полат – М., 2002. Гачев Г. Д. Книга удивлений, или Естествознание глазами гуманитария, или Образы в науке. М.: Педагогика, 1991.- 270 с.
5.Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе активизации, интесификации и эффективного управления УВП. М., 2005.
6.Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе информационно-коммуникационных средст. – М., 2005
7.Шамова Т.И., Давыденко Т.М. Управление образовательным процессом в адаптивной школе. – М.: «Педагогической поиск», 2001.
Дәріс № 2
